Көрмелерді тексеру арқылы жасырын деректер мен жеке мәліметтерді жою

Егер Microsoft PowerPoint көрмесінің электрондық көшірмесін ортақтастыруды немесе көрмені Интернетте жариялауды жоспарласаңыз, көрменің өзінде немесе құжат сипаттарында (метадеректер) сақталатын жасырын деректер мен жеке мәліметтің көрмеде бар не жоғын тексерген жөн. Себебі, жасырын мәлімет ұйымыңыз туралы мәліметтерді немесе көпшілікпен ортақтасқыңыз келмейтін құжатты көрсетуі мүмкін, көрмені басқа адамдармен ортақтасудан бұрын бұл жасырын мәліметті жойғыңыз келуі мүмкін.

Бұл мақала PowerPoint бағдарламасындағы құжат инспекторы мүмкіндігі көрмеңіздегі жасырын деректер мен жеке мәліметті тауып және жоюға қалай көмектесетінін түсіндіреді.

Бұл мақалада

Жасырын деректер мен жеке мәліметтерді табу және жою

Көрсетілім жазбаларын жою

Жасырын деректер мен жеке мәліметтердің түрлері

Құжат инспекторы табатын және жоятын мәліметтер

Жасырын деректер мен жеке мәліметтерді табу және жою

Құжат инспекторын PowerPoint және оның ертеректегі нұсқалары арқылы жасалған PowerPoint көрмелеріндегі жасырын деректер мен жеке мәліметтеріңізді табу және жою үшін пайдалануға болады. Құжат инспекторын электрондық пошта тіркелгісі немесе интернетте жариялау арқылы сияқты жолдармен көрменің электрондық көшірмесін ортақ пайдалаунға ұсынбастан бұрын пайдаланған жөн.

  1. Жасырын деректер мен жеке мәлімет бар немесе жоқ болуын тексеру қажет көрмені ашыңыз.

  2. Түпнұсқа көрменің көшірмесін сақтау үшін Файл қойындысын басып, Басқаша сақтау пәрменін таңдаңыз, содан кейін Файл атауы өрісіне атауды енгізіңіз.

    Маңызды : Құжат инспекторын түпнұсқа көрменің көшірмесінде пайдаланған жөн, өйткені құжат инспекторы жойған деректерді қалпына келтіру әрқашан мүмкін бола бермейді.

  3. Түпнұсқа көрменің көшірмесінде Файл қойындысын басып, содан кейін Ақпарат пәрменін таңдаңыз.

  4. Ортақ пайдалануға дайындау астында Ақауларды іздеу пәрменін, содан кейін Құжаттар инспекторы пәрменін таңдаңыз.

  5. Тексерілуін қалайтын жасырын мазмұн түрлерін таңдау үшін Құжат инспекторы диалогтық терезесінен құсбелгілерді таңдаңыз. Жеке инспекторлар бойынша қосымша мәлімет алу үшін Құжат инспекторы көрмелерде табатын және жоятын мәліметтер бөлімін қараңыз

  6. Тексеру пәрменін таңдаңыз.

  7. Тексеру нәтижелерін Құжат инспекторы диалогтық терезесінен қарап шығыңыз.

  8. Құжаттан жою қажет жасырын мазмұн түрлерінің тексеру нәтижелерін тексеру жанынан Барлығын жою пәрменін таңдаңыз.

    Маңызды : 

    • Егер көрмеден жасырын мазмұнды жойсаңыз, оны Болдырмау пәрменін таңдау арқылы қалпына келтіру мүмкін емес болуы ықтимал.

    • Егер OpenDocument көрсетілімі (.odp) пішімінде сақтайтын көрмелерден жасырын деректер мен жеке мәліметтерді жойғыңыз келсе, көрмені осы пішімде әр сақтағанда құжат инспекторын іске қосу керек.

Беттің жоғарғы жағы

Көрсетілім жазбаларын жою

  1. Тексергіңіз және көрсетілім жазбаларын жойғыңыз келетін көрмені ашыңыз.

  2. Түпнұсқа көрменің көшірмесін сақтау үшін Файл қойындысын басып, Басқаша сақтау пәрменін таңдаңыз, содан кейін Файл атауы өрісіне атауды енгізіңіз.

    Маңызды : Құжат инспекторын түпнұсқа көрменің көшірмесінде пайдаланған жөн, өйткені құжат инспекторы жойған деректерді қалпына келтіру әрқашан мүмкін бола бермейді.

  3. Түпнұсқа көрменің көшірмесінде Файл қойындысын басып, содан кейін Ақпарат пәрменін таңдаңыз.

  4. Ортақ пайдалануға дайындау астында Ақауларды іздеу пәрменін, содан кейін Құжаттар инспекторы пәрменін таңдаңыз.

  5. Құжат инспекторы диалогтық терезесінде Көрсетілім жазбалары ұяшығана құсбелгісі қойыңыз. Жеке инспекторлар бойынша қосымша мәлімет алу үшін Құжат инспекторы көрмелерде табатын және жоятын мәліметтер бөлімін қараңыз

  6. Тексеру пәрменін таңдаңыз.

  7. Тексерудің нәтижелерін Құжат инспекторы диалогтық терезесінде қарап шығыңыз.

  8. Барлық көрсетілім жазбаларын жою үшін тексеру нәтижелерінің жанында Барлығын жою пәрменін таңдаңыз.

    Маңызды : 

    • Көрмеден жасырын мазмұнды жойсаңыз Болдырмау пәрменін таңдау арқылы оны қалпына келтіру алмауыңыз мүмкін.

    • Егер OpenDocument көрсетілімі (.odp) пішімінде сақтайтын көрмелерден жасырын деректер мен жеке мәліметтерді жойғыңыз келсе, көрмені осы пішімде әр сақтағанда құжат инспекторын іске қосу керек.

Беттің жоғарғы жағы

Жасырын деректер мен жеке мәліметтердің түрлері

PowerPoint көрмесінде жасырын деректер мен жеке мәліметтердің бірнеше түрі сақталына алады. Бұл мәліметтер көрмені PowerPoint бағдарламасында немесе слайд көрсету ретінде қараған кезде бірден көрінбейді, бірақ ол басқа адамдар үшін көрмеден мәліметті көруге немесе шығарып алуға мүмкіндік бере алады.

Жасырын мәлімет ішінде PowerPoint бағдарламасы басқа адамдармен көрме жасау үшін бірлесуге мүмкіндік беру үшін көрмеге қосатын деректерді қамтуы мүмкін. Ол, сонымен қатар, әдейі жасырын деп белгілеген мәліметіңізді де қамти алады.

PowerPoint көрмелері төмендегі жасырын деректер мен жеке мәліметті қамти алады:

  • Түсініктемелер және қолжазбалық аңғартпалар.     Егер көрмені басқа адамдармен бірігіп жасаған болсаңыз, көрмеңізде түсініктеме немесе қолжазбалық түсініктемелер қамтылуы мүмкін. Бұл мәлімет көрмемен жұмыс істеген кісілер аттарын, рецензенттер түсініктемелерін және көрмеге енгізілген өзгертулерді басқаларға көрсетуді мүмкіндік береді.

  • Құжат сипаттары және жеке мәліметтер     Құжат сипаттары, сондай-ақ, метадеректер деген атпен де белгілі және автор, пән және тақырып сияқты көрме туралы мәліметті қамтиды. Құжат сипаттары Office бағдарламалары автоматты түрде сақтайтын мәліметті де қамтиды, мысалы, құжатты ең соңғы рет сақтаған адам аты және құжат сақталған мерзім. Егер арнайы мүмкіндіктер қолданған болсаңыз, құжатыңыз веб-беттерін жариялау үшін электрондық пошта үстіңгі деректемесі, қарап шығуға жіберу мәліметі, жол нұсқау парақтары және файл жолы сияқты жеке анықталатын деректер (PII)қосымша түрлерін қамти алады.

  • Көрінбейтін слайд мазмұны.     Көрінбейтін етіп пішімделгендіктен көрмеңізде көрінбейтін нысандар қамтылуы мүмкін.

  • Слайд сырты мазмұны.     PowerPoint көрмелері дереу көрінбейтін элементтерден тұрады, себебі олар слайд аумағының сыртына апарылды. Бұл слайд сырты мазмұны мәтін ұяларынан, суреттен, сызбалық нысандардан және кестелерден тұруы мүмкін.

  • Көрме ескерімдері.     PowerPoint көрмесінің "Ескерімдер" бөлімі жалпыға ортақтасқыңыз келмейтін мәтінді қамтиды, бұл әсіресе егер ескерімдер тек көрме жүргізетін кісінің пайдалануы үшін жазылған жағдайда орын алады.

  • Құжат серверінің сипаттары.     Егер көрмеңіз құжаттар жұмыс кеңістігінің торабына немесе Microsoft Windows SharePoint Services нұсқасына негізделген кітапхана сияқты құжатты басқару серверіне сақталса, көрмеде қосымша құжат сипаттары немесе осы сервердегі орынға қатысты мәліметтер болуы мүмкін.

  • Реттелетін XML деректері    Көрмелер құжатта берілмейтін өзгертпелі XML деректерін қамтиды. Құжат инспекторы бұл XML деректерін тауып, жоя алады.

Беттің жоғарғы жағы

Құжат инспекторы табатын және жоятын мәліметтер

PowerPoint бағдарламасында құжат инспекторы PowerPoint көрмелеріне тән жасырын деректер мен жеке мәліметтерді табу және жою мүмкіндігін беретін бірнеше әр түрлі инспекторды бейнелейді. Құжат инспекторы көрмелерден таба және жоя алатын жасырын деректер мен жеке мәліметтердің бірнеше түрлерінің тізімін көру үшін төмендегі кестені қарап шығыңыз.

Ескерту : Егер ұйымыңыз инспектор модульдерін қосу арқылы құжат инспекторын ыңғайласа, көрмелеріңізде қосымша мәлімет түрлері бар-жоғын тексере аласыз.

Инспектор аты

Табу мен жою

Түсініктемелер мен аннотациялар

  • Түсініктемелер

  • Қолжазбалық түсініктемелер

Құжат сипаттары және жеке мәліметтер

  • Құжат сипаттары, ол Жиынтық, Статистика және Реттелетін қойындыларынан Құжат сипаттары диалогтық терезесінен ақпарат қамтиды

  • Электрондық поштаның үстіңгі деректемелері

  • Жол нұсқау парақтары

  • Қарап шығуға жіберу мәліметі

  • Құжат серверінің сипаттары

  • Құжатты басқару саясатының мәліметі

  • Мазмұн түрінің мәліметі

  • Веб-беттерін жариялаудың файл жолы

Көрінбейтін слайд мазмұны

  • Көрінбейтін ретінде пішімделген көрінбейтін элементтер

    Ескерту : Бұл инспектор басқа элементтермен қамтылған элементтерді анықтамайды.

Слайд сырты мазмұны

  • Слайд аумағы сыртында орналасқан көрмеде дереу көрінбейтін мазмұн не элементтер, оның ішінде:

    • Сурет

    • Мәтін ұялары

    • Сызбалық нысандар

    • Кестелер

      Ескерту : Құжат инспекторы жан бітірім пәрмендері бар слайд сырты элементтерін анықтамайды не жоймайды.

Көрсетілім жазбалары

  • Көрменің "Ескерімдер" бөліміне қосылған мәтін

Ескерту : Құжат инспекторы көрменің "Ескерімдер" бөліміне қосылған суреттерді жоймайды.

Реттелетін XML деректері

  • Көрме ішінде сақталатын реттелетін XML деректері

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×