Көрмедегі бейнеге «Ойнату» параметрлерін орнату

Бейнеге Ойнату параметрлерін белгілемес бұрын, алдымен көрмедегі бейнені ендіру немесе онымен байланыстыру керек.

Бұл мақалада

Бейнені автоматты түрде ойнату немесе басылғанда

Бейнені толық бейнебетте ойнату

Бейнені алдын ала қарау

Бейненің дыбысын дұрыстау

Бейне ойнап тұрмаған кезде оны жасыру

Бейнені тұйықтау

Бейнені ойнатқан соң кері айналдыру

Мультимедиалық басқару элементтерін көрсету

Бейнені автоматты түрде ойнату немесе басылғанда

Кеңес : Анимацияларды немесе триггерлерді бейнеге қоспас бұрын осы параметрді белгілеңіз. Бұл параметрді өзгерту арқылы бейнемен байланысты анимацияларды жоясыз.

  1. Қалыпты көріністе слайдтағы бейне жақтауын басыңыз.

    Бейне параметрлері

    Көрме кезінде бейнені қалай бастағыңыз келетінін көрсетіңіз

  2. Бейне құралдарыастында Ойнату қойындысының Бейне параметрлері тобындағы Бастау тізімінде түмендегі әрекеттердің біреуін орындаңыз:

    • Слайд (бейнемен бірге) Слайдтарды көрсету көрінісінде пайда болғанда бейнені ойнату үшін, Автоматты пәрменін таңдаңыз.

    • Тышқанды басып тұрып бейнені қосқыңыз келген уақытта бақылау үшін Нұқу бойынша пәрменін таңдаңыз. Содан кейін, бейнені ойнатуға дайын болған кезіңіздеСлайдтарды көрсету көрінісінде жәй ғана бейне жақтауын басыңыз.

      Кеңес : Бейне ойналып тұрғанда оны басу арқылы уақытша тоқтатып қоюыңызға болады. Бейненің ойналуын жалғастыру үшін оны қайта басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Бейнені толық бейнебетте ойнату

Көрмеді жеткізу кезінде бейнені толық слайдта (бейнебетте) көрсететіндей етіп ойнатуыңызға болады. Бейне файлыңыздың бастапқы нұсқасының ажыратылымдылығына байланысты оны ұлғайту кезінде бүлінуі мүмкін. Әрқашан бейнені көрмеге қосу бұрын алдын ала қарап алыңыз, бұл егерде бейнеңіз бүлінген және анық емес болған жағдайда толық бейнебет параметрін болдырмауға көмектеседі.

Ескерту : Егерде бейнені толық бейнебетте көрсететін етіп орнатсаңыз және автоматты түрде қосу орнатылса, бейне жақтауы слайдта көрінбеуі үшін және бейне толық бейнебетте көрінуден бұрын жарқылдамау үшін оны слайдтан шығарып, аралық аймаққа апарыңыз.

  1. Қалыпты көріністе слайдтағы толық бейнебетте ойнатқыңыз келген бейне жақтауын басыңыз.

  2. Бейне құралдары астында Ойнату қойындысының Бейне параметрлері тобында Толық бейнебетте ойнату параметріне құсбелгі қойыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Бейнені алдын ала қарау

  • Қалыпты көріністе бейне жақтауын басыңыз.

  • Ойнату пәрменін таңдаңыз.

    Ескерту : Сондай-ақ,Бейне құралдары астында Пішім және Ойнату қойындыларының екеуіндегі Алдын ала қарап алу тобында Ойнату параметрі бар.

Беттің жоғарғы жағы

Бейненің дыбысын дұрыстау

Кеңес : Сондай-ақ, ойнатуды басқару жолағындағы үнділік жүгірткісі арқылы үнділігін орнатуға болады.

  • Бейне құралдары астындағы Ойнату қойындысының Бейне параметрлері тобында Үнділік пәрменін таңдап, төмендегі әрекеттердің біреуін таңдаңыз:

    • Төмен

    • Орташа

    • Жоғары

    • Дыбысты өшіру

Беттің жоғарғы жағы

Бейне ойнап тұрмаған кезде оны жасыру

Көрмеді жеткізу кезінде бейнені ойнатуға дайын болғанша оны жасырып қоюға болады. Алайда, ойнатуды орындау үшін автоматты немесе күтулі анимацияны жасау қажет, әйтпесе слайд көрсетілімі кезінде бейне ойнауын ешқашан көрмейсіз. Автоматты немесе күтулі анимацияны жасау туралы қосымша ақпаратты Мәтін мен нысандарды қозғалмалы ету бөлімін қараңыз.

  • Бейне құралдары астындағы Ойнату қойындысының Бейне параметрлері тобында Ойнатылмаған кезде жасыру параметріне құсбелгі қойыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Бейнені тұйықтау

Көрме кезінде бейнені қайталап және үздіксіз ойнату үшін тұйықтау мүмкіндігін қолдана аласыз.

  • Бейне құралдары астындағы Ойнату қойындысының Бейне параметрлері тобында Үздіксіз тұйық параметріне құсбелгі қойыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Бейнені ойнатқан соң кері айналдыру

Көрме кезінде бейнені ойнатқан соң кері айналдыру үшін келесіні орындаңыз:

  • Бейне құралдары астындағы Ойнату қойындысының Бейне параметрлері тобында Ойнатқан соң кері айналдыру параметріне құсбелгі қойыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Мультимедиалық басқару элементтерін көрсету

Көрме кезінде мультимедиалық басқару элементтерін көрсету үшін келесіні орындаңыз:

  • Слайдтарды көрсету қойындысындағы Теңшеу тобында Мультимедиалық басқару элементтерін көрсету құсбелгісін қойыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×