Көрмеге сөзбен сүйемелдеуді қосу

Сөзбен сүйемелдеу веб-негізіндегі көрмелерді, не дербес көрмелерді жетілдіреді. Сөзбен сүйемелдеуді жиналысты мұрағаттауға қолдансаңыз, көрмені көрсетушілер, не оған қатыса алмағандар көрмені кейінірек қарап шығып, және көрме барысында жасалған аңғартпаларды тыңдай алады.

Бұл мақалада

Көрмедегі сөзбен сүйемелдеу туралы

Ескертулерді көрмеден бұрын жазу

Ескертулерді алдын ала қарау

Ескертулердің қайта жазылатын бөлігі

Ескертулерді көрмені көрсету барысында жазу

Аңғартпаларды слайдтарға жазу

Слайд уақытын қолмен белгілеy

Слайд уақытын ажыратып қою

Көрмедегі сөзбен сүйемелдеу туралы

Сіз не, ескертпелерді көрмені көрсетуден бұрын жазып, не ескертпелерді көрмені көрсету барысында жазып, қатысушылардың аңғартпаларын да жазу барысында қосуыңызға болады. Егер ескертулердің, көрменің басынан аяғына дейін жазылғанын қаламасаңыз,ескертулерді таңдалған слайдтарға ғана жазуды таңдап,неескертулерді өшіріп қою арқылы оны қалаған уақытыңызда ғана қоса аласыз

Сөзбен сүйемелдеуді слайдқа қосқан кезде, дыбыс белгішесі Белгіше суреті слайд үстінен көрінеді. Кез келген дыбыстардағыдай, белгішені басып кіріп, дыбысты ойнатып, не оны автоматты түрде ойнату баптауын орната аласыз.Дыбыспен сүйемелдеу, басқа дыбыстардан бұрын қосылады, және көрме барысында бір уақытта тек бір ғана дыбыс қосылып тұрады. Нәтижесінде, көрме барысында автоматты түрде ойнатылу үшін бапталған басқа дыбыстар сөзбен сүйемелдеуге орын беріп, ойналмайды. Дегенмен, шерткен кезде қосылатын баптаулы дыбыстар, шерткен кезде ойнай бермек.

Ескерпелерді жазып, тыңдау үшін компьютеріңіз дыбыстауыш тақта, микрофон, үндеткішпен жабдықталған болу керек.

Слайд уақытын автоматты түрде белгілеу және сөзбен сүйемелдеу

Ескертпелерді жазу барысында, Microsoft Office PowerPoint 2007 автоматты түрде әрбір слайдқа кететін уақытты жазып отырады. Слайдтарға кететін бұл уақытты ескертулермен қатар сақтау керек пе сұрағанда, сақтасаңыз болады, неслайд уақытын қолмен белгілеуге де болады. Слайд уақыты, әсіресе көрмені автоматты түрде өз ескертулеріңізбен қатар көрсетілгенін қалаған жағдайда аса тиімді. Сонымен қатар, көрменің уақытты қолданғанын қаламасаңыз, уақытты ажыратып коюға болады.

Сөзбен сүйемелдеуді ендіру, не оған сілтеме құру

Сөзбен сүйемелдеудіендірілген нысан, не оған сілтеме құруыңызға болады.

  • Сөзбен сүйемелдеуді ендірген кезде, оның дыбыс файлы көрменің бір бөлігіне айналып, көрмемен бірге жүріп отырады, нәтижесінде көрме файлының көлемі артады.

  • Егер сөзбен сүйемелдеуді сілтеме арқылы қоссаңыз, дыбыс файлы көрмеден тыс жерде сақталғандықтан көрме аз орын иеленеді. Сөзбен сүйемелдеудің алатын орнын тұрғылықты дискіңізде белгілесеңіз, дыбыс көрмемен қатар естіліп тұрады. Егер көрмені басқа компьютерден көрсетер болсаңыз, онда сілтеменің нысаны болып табылатын дыбыс файлы да сол компьютерге көшірілуге тиіс.Көрмені барлық сілтемелерімен қоса көшірудің ең тиімді жолы ықшам дискіге жазу үшін жинақтау мүмкіндігін қолдану. Не, көрмені көрсетпес бұрын, екінші компьютердегі сілтемелерді ескертпелерді жойып, содан кейін,ескерпелердің дыбыс файлын қайта қосу арқылы қолмен жаңарта аласыз.

    Бұған қоса, ескерпелерді сілтеме арқылы қосқан кезде, дыбысты өңдейтін бағдарламаны қолдана отырып, дыбыс файлдарын кейінірек қайта түзетуіңізге болады.

Кеңес : Сөзбен сүйемелдеудіслайдтағы ескерімдеріменқостау. Өйткені, тыңдаушылардың әртүрлі қажеттілігі мен компьютер жабдықтары болуы мүмкін, сондықатн да сөзбен сүйемелдеуді ескерімдермен қостау есіңізде болсын. Ескерімдер құлағының мүкісі бар, немесе компьютерінде дыбыстауыш тақтасы жоқ кез келген адам үшін қолайлы. Егер көрмеңізді веб-бет (.htm) файлы ретінде сақтасаңыз, ескерімдер слайд көрінген кезде әрбір слайдтың астыңғы жағынан көрінеді. Егер көрмені көрме файлы (.pptx) ретінде көрінсе, тыңдаушылар ескерімдерді басып шығара алады, не болмаса, сіз олар үшін ескерімдерді басып шығара аласыз.

Беттің жоғарғы жағы

Ескертулерді көрмеден бұрын жазу

Ескертулерді жазған кезде, көрмені көрсете отырып, оның әрбір слайдқа жаза аласыз. Жазуды кідіртіп, не қайта жалғастыруға болады.

  1. Қалыпты көріністе ескерімдерді жаза бастағыңыз келген слайдты таңдап алыңыз.

  2. Орнату тобындағы Слайдтарды көрсету қойындысынанСөзбен сүйемелдеу жазбасы батырмасын басыңыз. Түймешік кескіні .

    Слайдтарды көрсету қойындысының суреті

  3. Микрофон деңгейін орнату батырмасын басып, микрофон деңгейін орнатуға арналған нұсқауларды орындай отырып, содан кейінЖарайды батырмасын шертіңіз.

  4. Төмендегінің бірін орындаңыз:

    • Сөзбен сүйемелдеуді ендірілген нысан үшін Жарайды батырмасын басыңыз.

    • Ескертулерге сілтемелер құру үшін Сөзбен сүйемелдеуге сілтеу құсбелгі көзін таңдап, Шолу батырмасын басыңыз, содан кейін тізімдегі қалтаны басып, Таңдау батырмасын басыңыз.

      Кеңес : Орын алуы мүмкін ақаулықтардың алдын алу үшін, көрмеңіз сақталған қалтаны қолданыңыз.

  5. Егер ескертулерді жазуды бірінші слайдтан бастағыңыз келсе, 6-шы қадамға барыңыз.

    Егер жазуды басқа слайдтан бастағыңыз келсе, Сөзбен сүйемелдеу жазбасы тілқатысу терезесі ашылады. Төмендегінің бірін орындаңыз:

    • Ескертулерді жазуды бірінші слайдтан бастау үшінБірінші слайд батырмасын басыңыз.

    • Ескертулерді жазуды ағымдық таңдалған слайдтан бастау үшінАғымдық слайдбатырмасын басыңыз..

  6. Слайдты көрсету көрінісінде, микрофон арқылы ескерту мәтінін жазып, содан кейін, слайдты шертіп келесі слайдқа өтесіз. Бұл іс реті, әрбір слайдқа ескертуді қосқыңыз келген кезде жүзеге асырылуы тиіс.

    Кеңес : Ескертуді кідірту, не қайта жалғастыру үшін, слайдты оң жақ батырмамен шертіп, содан кейін, контекстік мәзір не Сүйемелдеуді тоқтата тұру немесе Сүйемелдеуді жалғастыру батырмасын бсасыз.

  7. Қара реңкті шығу бейнебетін шертіңіз.

  8. Ескертулер автоматты түрде сақталады, және көрме үшін уақытты сақтағыңыз келетін, келмейтініңізді сұрайтын хабар көрінеді. Төмендегінің бірін орындаңыз:

    • Уақытты сақтау үшін Сақтау батырмасын басыңыз. Слайдтарыңыз слайд сұрыптаушы көрінісінен, әрбір слайдтың астыңғы жағында сақталған уақытпен қатар көрінеді.

    • Уақытты ажыратып қою үшін, Сақтамау батырмасын басыңыз. (Сонымен қатар,уақытты жеке жазуға болады.)

Ескерту : Дыбысты ескертулер басқа дыбыстарға қарағанда бірінші орындалады, және көрмені көрсету барысында бір уақытта тек бір ғана дыбыс қосылып тұрады. Нәтижесінде, автоматты түрде қосылу үшін бапталған дыбыстар ескертулерге орын береді, әрі қосылмайды. Дегенмен, шерткен кезде қосылуға тиіс дыбыстар, шерткен уақытта қосыла береді.

Беттің жоғарғы жағы

Ескертулерді алдын ала қарау

  1. Слайдтағы дыбыс тақтасын басыңыз Белгіше суреті .

  2. Көрсетілу тобындағы Параметрлер қойындысындағы Дыбыс құралдары тармағынан Алдын ала қарап алу батырмасын басыңыз немесе дыбыс белгішесін екі рет шертіңіз.

    Дыбыс құралдары параметрлері қойындысының суреті

Беттің жоғарғы жағы

Ескертулердің қайта жазылатын бөлігі

  1. Қалыпты көріністе ескертулерді қайтадан жазғыңыз келген слайдты таңдап алыңыз.

  2. Орнату тобындағы Слайдтарды көрсету қойындысынан Сөзбен сүйемелдеу жазбасы батырмасын басыңыз. Түймешік кескіні .

    Слайдтарды көрсету қойындысының суреті

  3. Төмендегінің бірін орындаңыз:

    • Егер микрофоныңызды тексеріп алған болсаңыз, Жарайды батырмасын басыңыз.

    • Микрофонды тексеру үшін Микрофон деңгейін орнату батырмасын басып, микрофон деңгейін орнатуға арналған нұсқауларды орындай отырып, содан кейінЖарайды батырмасын шертіңіз.

  4. Егер ескертулерді жазуды қайтадан бірінші слайдтан бастағыңыз келсе, 5-шы қадамға барыңыз.

    Егер қайта жазуды басқа слайдтан бастағыңыз келсе Сөзбен сүйемелдеу жазбасы тілқатысу терезесі ашылады. Төмендегінің бірін орындаңыз:

    • Ескертулерді жазуды бірінші слайдтан бастау үшінБірінші слайд батырмасын басыңыз.

    • Ескертулерді жазуды ағымдық таңдалған слайдтан бастау үшінАғымдық слайдбатырмасын басыңыз..

  5. Слайдты көрсету көрінісінде ескертулерді слайдқа жазып, төмендегілердің бірін орындаңыз:

    • Қайта жазуды тоқтату үшін ESC батырмасын басыңыз.

    • Қайта жазуды жалғастыру үшін тінтуірді басып келесі слайдқа өтіп, слайдқа арналған ескерту мәтінін айтып болғаннан кейін, келесі слайдты шертіп, қайта жазуды жалғастыра аласыз.

    • Барлық слайдтарды көрсетіп болмас бұрын қайта жазуды аяқтау үшін ESC батырмасын басыңыз.

    • Ескертуді барлық слайдтарға жазу үшін қара реңкті шығу бейнебетіне қайта оралған кезде оны шертіңіз.

  6. Ескертулер автоматты түрде сақталады, және слайдтар үшін уақытты сақтағыңыз келетін, келмейтініңізді сұрайтын хабар көрінеді. Төмендегінің бірін орындаңыз:

    • Уақытты сақтау үшін Сақтау батырмасын басыңыз.

    • Уақытты ажыратып қою үшін, Сақтамау батырмасын басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Ескертулерді көрмені көрсету барысында жазу

Өз аңғартпаңызды, сонымен қатар тыңдаушылардың аңғартпасын, немесе көрмені көрсету барысында екеуін де қатар жазып алғыңыз келсе, көрмені бастамас бұрын ескертуді қосып қойыңыз.

  1. Қалыпты көріністе ескертулерді жаза бастағыңыз келген слайдты таңдап алыңыз.

  2. Орнату тобындағы Слайдтарды көрсету қойындысынанСөзбен сүйемелдеу жазбасы батырмасын басыңыз. Түймешік кескіні .

    Слайдтарды көрсету қойындысының суреті

  3. Микрофон деңгейін орнату батырмасын басып, микрофон деңгейін орнатуға арналған нұсқауларды орындай отырып, содан кейін Жарайды батырмасын шертіңіз.

  4. Төмендегінің бірін орындаңыз:

    • Сөзбен сүйемелдеуді ендірілген нысан үшін Жарайды батырмасын басыңыз.

    • Сөзбен сүйемелдеуге сілтемелер құру үшін Сөзбен сүйемелдеуге сілтеу құсбелгі көзін таңдап, Шолу батырмасын басыңыз, содан кейін тізімдегі қалтаны басып, Таңдау батырмасын басыңыз.

  5. Егер ескертулерді жазуды бірінші слайдтан бастағыңыз келсе, 6-шы қадамға өтіңіз.

    Егер жазуды басқа слайдтан бастағыңыз келсе Сөзбен сүйемелдеу жазбасы тілқатысу терезесі ашылады. Төмендегінің бірін орындаңыз:

    • Ескертулерді жазуды бірінші слайдтан бастау үшінБірінші слайд батырмасын басыңыз.

    • Ескертулерді жазуды ағымдық таңдалған слайдтан бастау үшінАғымдық слайдбатырмасын басыңыз..

  6. Слайдты көрсету көрінісінде, сөйлеушінің аңғартпасын, тыңдаушының аңғартпасымен қоса жазып, содан кейін, слайдты шертіп келесі слайдқа өтесіз. Бұл үрдіс көрмеңіздегі әрбір слайдта жүзеге асырылуы тиіс.

    Кеңес : Ескертуді кідірту, не қайта жалғастыру үшін, слайдты оң жақ батырмамен шертіп, содан кейін, контекстік мәзір не Сүйемелдеуді тоқтата тұру немесе Сүйемелдеуді жалғастыру батырмасын бсасыз.

  7. Қара реңкті шығу бейнебетін шертіңіз.

  8. Ескертулер автоматты түрде сақталады, және көрме үшін уақытты сақтағыңыз келетін, келмейтініңізді сұрайтын хабар көрінеді. Төмендегінің бірін орындаңыз:

    • Уақытты сақтау үшін Сақтау батырмасын басыңыз. Слайдтарыңыз слайд сұрыптаушы көрінісінен, әрбір слайдтың астыңғы жағында сақталған уақытпен қатар көрінеді.

    • Уақытты ажыратып қою үшін, Сақтамау батырмасын басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Аңғартпаларды слайдтарға жазу

  1. Қалыпты көріністе аңғарпаларды қосқыңыз келген слайдты таңдап алыңыз.

  2. Мультимедиа клиптері тобындағы Кірістіру қойындысындағы Дыбыс астындағы көрсеткіні басып, содан кейін Дыбысты жазу батырмасын басыңыз.

    Кірістіру қойындысы суреті

  3. Аңғартпаны жазу үшін Жазу батырмасын басып сөйлей бастаңыз.

  4. Жазуды аяқтаған кездеТоқтату батырмасын басыңыз.

  5. Атауы атты жолаққа дыбыстың атауын жазып, содан кейін Жарайды батырмасын басыңыз.

    Слайдта дыбыс белгішесі Белгіше суреті пайда болады.

Беттің жоғарғы жағы

Слайд уақытын қолмен белгілеy

Office PowerPoint 2007 ескертуді қосқан кезде автоматты түрде слайдыңыздың уақытын жаза бастайды, не ескертулер уақытын қолмен орнатуыңызға болады.

  1. Қалыпты көріністе уақытты орнатқыңыз келген слайдты шертіңіз.

  2. Осы слайдқа өту тобындағы Жан бітірім қойындысындағы Слайд ауысуы тармағында орналасқан Өздіктік құсбелгі көзін таңдап, одан кейін, слайдты қанша секунд бойы бейнебетте көрініп тұрғанын қаласаңыз, сонша секунд мәнін көрсетіңіз.

    Жан бітірім қойындысының суреті

    Бұл іс реті, уақытты қосқыңыз келген әрбір слайдта жүзеге асырылуы тиіс.

Кеңес : Егер келесі слайдты тінтуірмен шерткенде, не болмаса өзіңіз көрсеткен секундтар өткеннен кейін автоматты түрде көрінгенін қаласаңыз, — қайбіреуі бұрын келуі мүмкін — екеуін де, Тінтуірмен шерткенде және Кейін автоматты түрде құсбелгі көздерін қатар таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Слайд уақытын ажыратып қою

Слайд уақытын ажыратып қою оларды жоймайды. Уақытты, кез келген уақытта қайта құрып жатпай-ақ қайтадан қосуға болады. Дегенмен, слайд уақыты ажыратылып тұрған кезде, ескертуді жазу барысында слайдтарыңыз автоматты түрде ауысып отырмайды, сондықтан да қолмен ауыстырып отыру керек.

  1. Қалыпты көріністе Орнату тобындағы Слайдтарды көрсету қойындысынан Слайдтарды көрсетуді орнату батырмасын басыңыз.

    Слайдтарды көрсету қойындысының суреті

  2. Слайдтар ауысымы тармағында орналасқан Қолмен батырмасын басыңыз.

Кеңес : Уақытты қайта қосып қою үшін Слайдтар ауысымы тармағында орналасқан Уақыт бойынша батырмасын басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×