Көлденең қайталама кестені кірістіру

Пайдаланушылар кестеге қосымша бағандар қоса алатын болсын десеңіз, Microsoft Office InfoPath пішін үлгісінде көлденең қайталама кестені пайдалануыңызға болады.

Осы мақалада

Көлденең қайталама кестені қашан пайдалану керек

Пайдаланушы тәжірибесі

Сыйымдылық талдаулары

Көлденең қайталама кестені кірістіру

Орналасу кеңестері

Көлденең қайталама кестені қашан пайдалану керек

Деректер кестелік пішімге енгізілуін немесе онда көрсетілуін қаласаңыз және (егер қажет болса) пайдаланушылар қосымша дерек бағанын қоса алуын қаласаңыз, көлденең қайталама кестені пайдаланыңыз. Мысалы, әр тоқсанда сатылған тауарлар туралы деректерді жинау үшін көлденең қайталама кестені пайдалансаңыз болады. Егер сіздің пішін үлгіңіз дерекқорымен байланыстырылған болса, ондағы ақпаратты көру үшін немесе олармен жұмыс істеу үшін көлденең қайталама кестені пайдалансаңыз болады.

Көлденең қайталама кестенің орналасу кестесі ішінде қайталанатын бөлім бар. Қайталама бөлімде кестедегі бағанды бейнелейтін Көлденең қайталау параметрі іске қосылған.

Төмендегі мысалда егер пайдаланушылар басқа тоқсандар бойынша сатылым деректерін жазуды қаласа, кестеге қосымша бағандар қоса алады.

Пішіндегі көлденең қайталама кестеге енгізілген сатылым деректері

Көлденең қайталама кесте екі бөліктен тұрады:

  • Үстіңгі деректеме бағаны    Көлденең қайталама кестені жаңа, бос пішін үлгісіе кірістірген кезде, үстіңгі деректеме бағаны әдепкі бойынша пайда болады. Әдетте бұл баған кестенің төменгі оң жағында пайда болатын жазбаны енгізу үшін пайдаланылады. Егер бұл жазбалар керек болмаса, бағанның ішінде екі рет шертіңіз, мәтінмәндік мәзірде жүгіргіні Жою әмірінің үстіне қойып, Бағандар тармағын таңдаңы.

  • Дерек бағаны    Дерек бағаны бұл пішінде қанша керек болса сонша рет "қайталанатын" баған. Осы пішін үлгісінің жасаушысы ретінде құрастыру тәртібі Көлденең қайталама кестені енгізіп жатқаныңызда әдетте бір бағанды ғана көресіз. Алайда пайдаланушы сіздің пішін үлгіңізге негізделген пішінді толтырып жатқанда CTRL+ENTERді басу арқылы, мәтімәндік мәзірде әмірлерды шерту арқылы немесе сіз баптай алатын пішіннің нұсқаулық мәтініндегі Элементты енгізуді басу арқылы бірнеше бағанларды қоса алады.

Сабақтас басқару элементтері

InfoPathдың құрамында көлденең қайталама кестеге ұқсас болған алайда мақсаты басқа басқару элементтері бар. Сіздің пішін үлгіңізде қай бір басқару жақсы істейтінін білу үшін келесі тізімді көріңіз:

Қайталама кесте    Пайдаланушылар кестеге бірнеше бағанларның орнына бірнеше жолларды қосуға ие болатынын қаласаңыз көлденең қайталама кестенің орнына қайталама кестені пайдаланыңыз.

Қайталама бөлім    Пайдаланушылар пішінге бірнеше рет енгізе алатын (мысалы, дерекқорға ақпарат енгізу сияқты) бөлімді жасау үшін қайталама бөлімді немесе басқа қайталама басқару элементтерін пайдаланыңыз. Пайдаланушылар пішінге қайталама бөлімді енгізіп жатқанда, пішіннің төмен жағында жеке бөлімдер тігінен немесе бірінен кейін бірі енгізіледі. Бұл әрекеттер пішінде жеке бөлімдер көлденеңінен немесе іргелесіп енгізілетін көлденең қайталама кестедегі қайталама бөлімнен ерекшеленеді.

Беттің жоғарғы жағы

Пайдаланушы тәжірибесі

Пайдаланушылар көлденең қайталама кестеде жүгіргіні баған үстіне жылжытқан сайын мәтінмәндік мәзір батырмасы пайда болады. Пайдаланушылар бұл батырманы бағанды енгізуге немесе жоюға арналған әмірлерді мәтінмәндік мәзірден көру үшін басады.

Көлденең қайталама кестенің мәтінмәндік мәзірі

Пайдаланушылар пішіндегі көлденең қайталама кестеде пайда болатын Элементті кірістіру мәтінін басу арқылы жаңа бағанды енгізе алады. Сіз өзіңіздің пішін үлгіңізді құрыстырған кезде осы мәтінді баптауыңызға немесе жоюыңызға болады. Егер бағандардың ені қайталама бөлімнің басқару элементтері орналасқан орналасу кестесінің енінен асып кетсе, олар келесі жолға тасымалданады.

Беттің жоғарғы жағы

Сыйымдылық талдаулары

Пішін үлгісін InfoPath құралында құрастырған кезде, браузерге үйлесімді форма үлгісі құрастыруды таңдауға болады. Шолғышпен сыйысымды пішін үлгісін құрастырған кезде, көлденең қайталама кестенің басқару элементтері Басқару элементтері тапсырмалар аймағында болмайды, себебі олар веб-шолғышта көрінбейді.

Беттің жоғарғы жағы

Көлденең қайталама кестені кірістіру

Көлденең қайталама кестені кірістірудің іс реті сіз жаңа, таза пішін үлгісін құрастырып жатырсыз ба, немесе пішін үлгіңізді дерекқорға немесе басқа бір сыртқы дерек көзіне негіздеп жатырсыз ба, соған қарай сәл өзгеше болады.

Төмендегі суретте құрастырушы тәртібінде көлденең қайталама кестенің үстіне көрсеткішті жылжытқан кезде оның түрі қандай болатыны көрсетілген.

Көлденең қайталама кестеде таңдалған қайталама бөлім

Басқару элементтерінің байланысы болуы немесе болмауы мүмкін. Басқару элементінің байланысы болғанда, басқару элементіне енгізілген деректердің негізінде жататын пішін (.xml) файлында сақталуы үшін ол жолаққа немесе топқа қосылмайды. Басқару элементінің байланысы болмағанда, ол жолаққа немесе топқа қосылмайды, ал басқару элементіне енгізілген деректер сақталмайды. меңзеріңізді басқару элементі арқылы таңдағаныңызда немесе жылжытқаныңызда, мәтін мен байланысы бар белгіше басқару элементінің жоғарғы оң жақ бұрышына шығады. Мәтін басқару элементі деректер көзінде байланысқан топты немесе жолақты көрсетеді. Белгіше басқару элементінің сол топқа немесе жолаққа дұрыс байланысқанын көрсетеді. Байланыс дұрыс болғанда, жасыл белгіше шығады. Егер байланыс дұрыс болмаса, орнына сіз көк немесе қызыл белгішені көресіз.

Пішін үлгісіне арналған деректер көзі Деректер көзі тапсырмалар тақтасында реттелген көрініспен шығатын жолақтар мен топтардан тұрады. Әдетте көлденең қайталама кестелер пішін үлгісінің деректер көзіндегі қайталанатын топ байласқан болады, алайда олар қайталанатын өріс байласқан болуы да мүмкін.

Төмендегі мысалда пішін үлгісіндегі кесте Деректер көзі тапсырмалар аймағындағы тоқсан қайталама тобына байласқан. Кестедегі мәтін жолағы басқару эелементтері  — Гольф, Теннис және Виндсерфинг — тоқсан қайталама тобының бөлігі болып табылатын өрістерге байласқан.

Пішін үлгісіндегі көлденең қайталама кесте мен деректер көзіндегі қайталама топтың қатынасы

Көлденең қайталама кестені жаңа, бос пішін үлгісіне кірістіру

Жаңа, бос пішін үлгісін жасақтағаныңызда, Басқару элементтері тапсырмалар тақтасындағы Деректер көзін автоматты түрде жасау қанатшасы әдепкі мәнімен таңдалады. Сіз басқару элементтерін пішін үлгісіне қосатындықтан, ол InfoPath бағдарламасына жолақтар мен топтарды деректер көзінде автоматты түрде жасауға мүмкіндік береді. Бұл жолақтар мен топтар Деректер көзі тапсырмалар тақтасындағы қалта және файл белгішелерімен көрсетіледі.

  1. Пішін үлгісінде басқару элементін енгізгіңіз келген жерге жүгіргіні орналастырыңыз.

  2. Егер Басқару элементтері тапсырмалар тақтасы көрінбесе, Кірістіру мәзіріндегі Қосымша басқару элементтері түймешігін нұқыңыз немесе ALT+I, C пернелерін басыңыз.

  3. Басқару элементтерін кірістіру тобында Көлденең қайталама кесте тармағын таңдаңыз.

  4. Жолдар саны жолағында кестеде әдепкі бойынша пайда болуға тиісті жол санын енгізіңіз.

  5. Көлденең қайталама кесте деректер бағанындағы әр жолдағы мәтін жолағының көмегімен жасалады. Мәтін жолағын басқа бір түрлі басқару элементіне айналдыру үшін өзгерткіңіз келген мәтін жолағын тінтуірдің оң жақ батырмасымен шертіңіз де, мәтінмәндік мәзірдегі Өзгерту тармағына көрсеткішті қойыңыз, содан соң қалаған басқару элементін таңдаңыз.

Көлденең қайталама кестені бұрыннан бар деректер көзіне негізделген пішін үлгісіне кірістіру

Егер сіз пішін үлгіңізді бар Ашық белгілеу тілінде жасақтасаңыз, (XML) файлы, дерекқоры, веб қызметі, InfoPath бар деректер көзінен Деректер көзі тапсырмалар тақтасынан жолақтар мен топтарды шығарады. Бұл сценарийде көлденең қайталама кестені Деректер көзі тапсырмалар аймағындағы пішін үлгісіне сүйреп апару арқылы кірістіруге болады немесе оның орнына, төмендегі іс ретінде көрсетілгендей, көлденең қайталама кестені тапсырмалар аймағындағы Басқару элементтері тапсырмалар аймағынан кірістіруіңізге болады:

  1. Пішін үлгісінде басқару элементін енгізгіңіз келген жерге жүгіргіні орналастырыңыз.

  2. Егер Басқару элементтері тапсырмалар тақтасы көрінбесе, Кірістіру мәзіріндегі Қосымша басқару элементтері түймешігін нұқыңыз немесе ALT+I, C пернелерін басыңыз.

  3. Басқару элементтерін кірістіру тобында Көлденең қайталама кесте тармағын таңдаңыз.

  4. Қайталама кестені байластыру шеберінің бірінші бетінде өзіңіз пайдаланғыңыз келген дерек көзін Деректер көзі тізімінен таңдаңыз да, өзіңіз кесте жолдарын байластырғыңыз келген қайталама топты Белгіше кескіні таңдаңыз.

    Кеңес : Жаңа қайталама топты жасау үшін қайталама топты қосқыңыз келген топты тінтуірдің оң жақ батырмасымен шертіңіз де, мәтінмәндік мәзірдегі Қосу әмірін таңдаңыз, содан кейін Өрісті немесе топты қосу тілқатысу терезесінде қайталама топтың сипаттарын көрсетіңіз.

  5. Келесі батырмасын басыңыз.

  6. Қайталама кестені байластыру шеберінің екінші бетінде Деректерді байластыру тізімінен кестеге баған ретінде қосқыңыз келген өрістерді екі рет шертіңіз.

    Кеңес : Жаңа өріс жасау үшін Деректерді байластыру тізімінде көлденең қайталама кесте байласқан топты тінтуірдің оң жақ батырмасымен шертіңіз де, мәтінмәндік мәзірдегі Қосу әмірін таңдаңыз, содан кейін Өрісті немесе Топты қосу тілқатысу терезесінде осы өрістің сипаттарын көрсетіңіз.

  7. Бағандардың ретін өзгерту үшін Кестедегі жолдар тізімінен бағанды таңдаңыз да, Алдынан жылжыту немесе Соңынан жылжыту әмірін таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Орналасу кеңестері

Көлденең қайталама кестенің және оның ішіндегі басқару элементтерінің көрінісін, өлшемін және басқа жағдайларын өзгерту үшін төмендегі кеңестерді пайдаланыңыз:

  • Көлденең қайталама кесте орналасу кестесі ішіндегі қайталама бөлімнен құрылғанын есіңізге алыңыз. Орналасу кестесінің оң жақ жиегі пайдаланушылар қосымша бағандарлды енгізгенде, қай жерден бастап тасымалдау керек екенін айқындайды. Бағандарды тасымалдауды басқару үшін сіз қайталама бөлімнің басқару элементтерін қамтитын орналасу кестесі ұяшығының оң жақ жиегін оң немесе сол жаққа сүйреп апарыңыз.

  • Көлденең қайталама кесте құжаттарды басып шығару үшін тиімді. Пішін үлгісіндегі басқару элементтерінің бағандары кестедегі барлық ақпарат басылып шығарылу үшін келесі жолға тасымалдайды. Алайда, егер сіздің пішін үлгіңіз негізінен бейнебетте көруге арналған болса, көлденең қайталама кестені айналдыру аймағы орналастыруды ойластырыңыз. Егер пайдаланушылар көлденең қайталама кестеге үлкен көлемде ақпарат енгізетін болса, олар ақпараттың барлығын пішінде көрудің орнына оны айналдырып көре алатын болады.

  • Бірнеше мәтін жолақтың өлшемдерін бірден өзгерту үшін өлшемдерін өзгерткіңіз клеген мәтін жолақтарды таңдап, ALT+ENTER пернесін басыңыз, Өлшемі қойындысын ашыңыз да, содан соң қажетті өзгертулерді енгізіңіз.

  • Пайдаланушылар енгізетін мәтін ұзындығын орналастыру үшін пішін үлгіңіздегі мәтін жолақтарының өлшемін өзгертіңіз.

  • Бірнеше мәтін жолағынің жиегін немесе түсін бірден өзгерту үшін өзгерткіңіз келген мәтін жолақтарды таңдап, Пішім мәзірінде Жиектер мен Реңктер тармағын шертіңіз де, Жиектер қойындысын ашыңыз, содан соң қажетті өзгерістерді енгізіңіз.

  • Мәтін жолағында көрсетіліп тұрған мәтінге өзгерістер енгізу үшін Пішімдеу құралдар тақтасындағы Қаріп пен Қаріп өлшемі жолақтарын пайдаланыңыз. Пішін үлгісіндегі барлық мәтін жолақтарының қарпі пен қаріп өлшемдерін бірден өзгерту үшін өзіңіз қалағандай пішімделген мәтін жолағын таңдаңыз, содан соң Пішім мәзірінде Қаріпті мәтін жолағының барлық басқару элементтеріне қолдану тармағын шертіңіз.

  • Мәтін жолақтары мәтін енгізгенде қалай көрінетінін көру үшін Көрініс мәзірінде Үлгілік дерек тармағын таңдаңыз. Бұл сіздің пішініңіз пайдаланушылар толтырып болғаннан кейін қалай көрінетінін көрсетеді.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×