Кәсіби көрініс жасау үшін қаріп схемаларын жасау және өзгерту

Қаріп схемасы — жарияланыммен байланысты анықталған қаріптер жиыны. Әрбір қаріп схемасында негізгі қаріп және көмекші қаріп белгіленеді. Жалпы, негізгі қаріп атаулар мен тақырыптар үшін, ал көмекші қаріп негізгі мәтін үшін қолданылады.

Жарияланымның көрінісі біркелкі, кәсіби сапалы болуы үшін, қаріп схемалары ондағы қаріптердің барлығын өзгертуді жеңілдетеді. Қаріп схемасын қолданған кезде, жарияланымдағы мәнерлерге арналған әдепкі қаріптерінің орнына қаріп схемасындағы екі қаріптің біреуін қолдану үшін, Publisher сол мәнерлерді өзгертеді.

Не істегіңіз келеді?

Қаріп схемасын жасау

Қаріп схемасын өзгерту

Қаріп схемасын жасау

Толығымен жаңа қаріп схемасын жасауыңызға да, жаңа қаріп схемасын басқа бір қаріп схемасына негіздеуіңізге де болады.

Жаңа қаріп схемасын жасау

  1. Жарияланымды пішімдеу тапсырмалар аймағындағы Қаріп схемалары тобынан Қаріптік схема жасау пәрменін таңдаңыз.

  2. Бір тақырып қарпі мен негізгі мәтін қарпін таңдап, оларды Үлгі жолағында алдын ала қараңыз.

    Ескерту : Бірнеше тіл түрі (латын, шығыс азия және күрделі жазу) қосылған кезде, әрбір тіл түрі үшін қосалқы қаріп жұптарын анықтай аласыз.

  3. Жаңа қаріп схемасының атауын теріңіз.

Беттің жоғарғы жағы

Қаріп схемасын өзгерту

Қаріп схемаларын бірнеше жолмен өзгерте аласыз. Жасалған қаріп схемасының атауын жоюыңызға да, өзгертуіңізге де болады, бірақ әдепкі қаріп схемасының атауын өзгерте де, жоя да, қайта атай да алмайсыз.

Қаріп схемасын өзгерту үшін жарияланымдағы мәнерлерді өзгертіп, оларды қаріп схемасына қолданыңыз.

Жасалған қаріп схемасын қайта атау

  1. Жарияланымды пішімдеу тапсырмалар аймағындағы Қаріп схемалары тобында жасалған қаріп схемасының қасындағы көрсеткіні нұқып, Схеманы қайта атау пәрменін таңдаңыз.

  2. Қаріптік схеманы басқаша атау тілқатысу терезесінде қаріп схемасының жаңа атауын теріңіз.

Жасалған қаріп схемасын жою

  • Қаріп схемалары тапсырмалар аймағында жасалған қаріп схемасының қасындағы көрсеткіні нұқып, Схеманы жою пәрменін таңдаңыз.

Жасалған қаріп схемасын өзгерту

Жасалған қаріп схемаларына өзгерістер енгізе аласыз, бірақ бұл өзгерістер тек осы қаріп схемалары пайдаланылатын жаңа жарияланымдарға қолданылады.

  1. Пішім мәзіріндегі Мәнерлер пәрменін таңдаңыз.

  2. Мәнерлер тапсырмалар аймағында қажетті мәнерлердің барлығына өзгерістер енгізіп, Қаріп схемалары пәрменін таңдаңыз.

    Мысалы, бір тақырыптың қарпін өзгерту қажет болса, өзгертілетін тақырып мәнері қолданылған мәтінді бөлектеңіз. Мәнерлер және пішімдеу тапсырмалар аймағында таңдалған мәнер атауының оң жағындағы көрсеткіні нұқып, Өзгерту тобынан Қаріп тармағын нұқыңыз да, басқа бір қаріпті таңдап алыңыз.

  3. Жарияланымды пішімдеу тапсырмалар аймағындағы Қаріп схемалары тобында өзгертілетін қаріп схемасының қасындағы көрсеткіні нұқып, Схеманы жарияланым мәнерлерінен жаңарту пәрменін таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×