Күн санау жүйесін, пішімін немесе екі таңбалы жыл санауды өзгерту

Күндер деректер талдауының күрделі бөлігі болып табылады. Өнім қашан сатып алынғаны, жобадағы тапсырманы орындауға қанша уақыт қажет болатыны немесе қаржы тоқсанының орташа кірісі қандай екені туралы сұрақтар жиі мазалайды. Күндерді дұрыс енгізу нақты нәтижелерді алудың кепілдігі болып табылады. Күндерді түсінікті пішімдеу де, олардың нәтижелерін дұрыс санау да бірдей маңызды болып табылады.

Маңызды : Қандай да бір есептеу бағдарламасының күндерді санау жолын қадағалайтын ережелер күрделі болғандықтан, күндерді енгізгенде мүмкіндігінше дәл болу керек. Бұл күнді есептегенде ең жоғарғы дәлдік деңгейін береді.

Не істегіңіз келеді?

Күнді есептеу және пішімдеу туралы қосымша мәлімет

Екі күн санау жүйесі туралы білу

Екі таңбалы жылдарды санау жолын өзгерту

Төрт таңбалы жылды бейнелеу үшін, әдепкі күн пішімін өзгерту

Күн санау жүйесін өзгерту

Мәселе: Әртүрлі күн санау жүйесін пайдаланатын жұмыс кітаптарындағы күндерде қателер бар

Күнді есептеу және пішімдеу туралы қосымша мәлімет

Microsoft Office Excel бағдарламасы күндерді сериялы мәндер деп аталатын жүйелі сандар ретінде сақтайды. Мысалы, Windows жүйесіне арналған Microsoft Office Excel бағдарламасында 1900 жыл 1 қаңтарының сериялы нөмірі 1, ал 2008 жыл 1 қаңтарының сериялы нөмірі 39 448 болып табылады, себебі ол 1900 жылдың 1 қаңтарынан бастағанда 39 448 күннен кейін келеді. Office Excel бағдарламасы уақыттарды ондық бөлшектер түрінде сақтайды, себебі уақыт күннің бір бөлігі болып қарастырылады. Ондық сан нөлден (0) 0,99999999 ауқымының арасындағы мән болып табылады, ол 0:00:00 (12:00:00) уақытынан 23:59:59 (11:59:59) уақытына дейінгі мерзімді көрсетеді.

Күндер мен уақыттар мәндер болғандықтан, оларды қосуға, алуға және басқа есептеулерді қолдануға болады. Құрамында күн немесе уақыт мәні бар ұяшық пішімін «Жалпы» пішімге өзгерту арқылы, күнді жүйелі мән, ал уақытты ондық бөлшек түрінде көрсетуге болады.

Қосымша ақпарат алу үшін мына анықтама бөлімдерін қараңыз:

Беттің жоғарғы жағы

Екі күн санау жүйесі туралы білу

Macintosh жүйесіне арналған және Windows жүйесіне арналған Microsoft Excel бағдарламаларының екеуі де 1900 жыл және 1904 жылдан басталатын күн санау жүйелерін қолдайды. Windows жүйесіне арналған Microsoft Office Excel бағдарламасында әдепкі күн санау жүйесі 1900 жылдан басталады. Macintosh жүйесіне арналған Microsoft Office Excel бағдарламасында әдепкі күн санау жүйесі 1904 жылдан басталады.

Windows жүйесіне арналған Excel бағдарламасы 1900 күн санау жүйесіне негізделген, себебі ол MS-DOS және Microsoft Windows жүйесінде жұмыс істеуге арналған бағдарламалармен бірге жақсы іске қосылады, сондықтан әдепкі күн санау жүйесі болып табылады. Macintosh жүйесіне арналған Microsoft Excel бағдарламасы 1904 күн санау жүйесіне негізделген, себебі ол 2 қаңтар, 1904 жылдан бұрынғы мерзімді қолдамайтын ертеректегі Macintosh компьютерлерімен сыйысымды, сондықтан әдепкі күн санау жүйесі болып табылады.

Келесі кестеде әрбір күн санау жүйесіне арналған бірінші күн мен соңғы күн және әрбір күнге байланысты сериялы мән көрсетілген.

Күн санау жүйесі

Бірінші күн

Соңғы күн

1900

1900 жылғы 1 қаңтар
(сериялы мәні 1)

9999 жылғы 31 желтоқсан
(сериялы мәні 2958465)

1904

1904 жылғы 2 қаңтар
(сериялы мәні 1)

9999 жылғы 31 желтоқсан
(сериялы мәні 2957003)

Екі күн санау жүйесі әртүрлі бастау күндерін пайдаланғандықтан, сол күн әрбір күн санау жүйесінде басқаша сериялы мәндер арқылы көрсетіледі. Мысалы, пайдаланылған күн санау жүйесіне байланысты 5 шілде, 2007 жыл екі түрлі сериялы мәндерге ие болады.

Күн санау жүйесі

5 шілде, 2007 жылдың сериялы мәні

1900

37806

1904

39268

Екі күн санау жүйесінің арасындағы айырмашылық — 1462 күн; яғни, 1900 күн санау жүйесіндегі күннің сериялы мәні әрқашан 1904 күн санау жүйесінің сол күнінің сериялық мәнінен 1462 күн артық дегенді білдіреді. Керісінше, 1904 күн санау жүйесіндегі күннің сериялы мәні әрқашан 1900 күн санау жүйесінің сол күнінің сериялы мәнінен 1462 күн кем дегенді білдіреді. 1462 күн төрт жыл бір күнге тең (29 ақпанды қосқанда).

Беттің жоғарғы жағы

Екі таңбалы жылдарды санау жолын өзгерту

Маңызды : Жыл мәндеріне дұрыс санау жасалғанына сенімді болу үшін, жыл мәндерін төрт таңбамен теріңіз (мысалы, 01 емес, 2001). Жылды төрт санмен таңбалауда, Excel бағдарламасы ғасырды санамайды.

Егер күн мәтін пішіміндегі ұяшыққа екі таңбалы жыл немесе функцияның мәтін дәлелі ретінде енгізілсе, мысалы, =ЖЫЛ("1.1.31"), Excel бағдарламасы жылды былайша санайды:

  • 00-ден 29 дейін     2000 жылдан 2029 жылға дейінгі жылдар болып саналады. Мысалы, 28.05.19 күнін терсеңіз, Excel бағдарламасы 2019 жылғы 28 мамыр деп қарастырады.

  • 30-ден 99 дейін     1930 жылдан 1999 жылға дейінгі жылдар болып саналады. Мысалы, 28.05.98 күнін терсеңіз, Excel бағдарламасы 1998 жылғы 28 мамыр деп қарастырады.

Microsoft Windows жүйесінде орнатылған барлық Microsoft Windows бағдарламаларына екі таңбалы жылды санау жолын өзгертуге болады.

  1. Бастау мәзіріндегі Басқару тақтасы параметрін таңдаңыз.

  2. Төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Windows Vista жүйесінде Сағат, тіл және аймақ параметрін таңдаңыз.

    • Windows XP жүйесінде Күн, уақыт, тіл және аймақтық стандарттар параметрін таңдаңыз.

  3. Тіл және жергілікті стандарттар параметрін таңдаңыз.

  4. Төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Windows Vista жүйесінде Тіл және жергілікті стандарттар тілқатысу терезесіндегі Пішімдер қойындысын нұқыңыз.

    • Windows ХР жүйесіндеТіл және жергілікті стандарттар тілқатысу терезесіндегі Жергілікті стандарттар қойындысын нұқыңыз.

  5. Төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Windows Vista жүйесінде Пішімді теңшеу түймешігін басыңыз.

    • Windows XP жүйесінде Теңшеу түймешігін басыңыз.

  6. Күн қойындысын нұқыңыз.

  7. Жыл екі санмен таңбаланса, ол келесі аралықтағы жыл деп саналады жолағында ғасырдың жоғарғы шектеуін өзгертіңіз.

    Жылдың жоғарғы шектеуін өзгерткенде, жылдың төменгі шектеуі автоматты түрде өзгереді.

Беттің жоғарғы жағы

Төрт таңбалы жылды бейнелеу үшін, әдепкі күн пішімін өзгерту

Әдепкіде күндерді жұмыс кітабына енгізгенде, күндер екі таңбалы жылдарды көрсету үшін пішімделеді. Әдепкі күн пішімін осы іс ретін қолдану арқылы басқа пішімге өзгерткенде, күндер Ұяшықтар пішімі тілқатысу терезесін қолданып (Басты қойындысындағы Сан тобынан Тілқатысу терезесін ашу түймешігін басыңыз) пішімделмегендіктен, жұмыс кітабына соңғы енгізілген күндердің бейнеленуі жаңа пішімге өзгереді.

  1. Бастау мәзіріндегі Басқару тақтасы параметрін таңдаңыз.

  2. Төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Windows Vista жүйесінде Сағат, тіл және аймақ параметрін таңдаңыз.

    • Windows XP жүйесінде Күн, уақыт, тіл және аймақтық стандарттар параметрін таңдаңыз.

  3. Тіл және жергілікті стандарттар параметрін таңдаңыз.

  4. Төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Windows Vista жүйесінде Тіл және жергілікті стандарттар тілқатысу терезесіндегі Пішімдер қойындысын нұқыңыз.

    • Windows ХР жүйесіндеТіл және жергілікті стандарттар тілқатысу терезесіндегі Жергілікті стандарттар қойындысын нұқыңыз.

  5. Төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Windows Vista жүйесінде Пішімді теңшеу түймешігін басыңыз.

    • Windows XP жүйесінде Теңшеу түймешігін басыңыз.

  6. Күн қойындысын нұқыңыз.

  7. Қысқа күн пішімі тізімінен жылды төрт санмен ("жжжж") таңбалайтын пішімді таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Күн санау жүйесін өзгерту

Құжат басқа амалдық жүйеде ашылғанда, күн санау жүйесі автоматты түрде өзгереді. Мысалы, Windows жүйесіне арналған Excel бағдарламасында жұмыс жасап отырып, Macintosh жүйесіне арналған Excel бағдарламасында жасалған құжатты ашқанда, 1904 жылғы күн санау жүйесі жанына құсбелгі автоматты түрде қойылады.

Күн санау жүйесін келесі әрекеттерді орындау арқылы өзгертуге болады:

  1. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, Excel параметрлері түймешігін нұқып, одан кейін Қосымша дәрежесін нұқыңыз.

  2. Бұл кітапты қайта санау кезінде бөлімінің астынан қажетті жұмыс кітабын таңдап, 1904 жылғы күн санау жүйесін қолдану параметрі жанына құсбелгі қойыңыз немесе оны алыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Мәселе: Әртүрлі күн санау жүйесін пайдаланатын жұмыс кітаптарындағы күндерде қателер бар

Күндерді көшіріп қойғанда немесе екі түрлі күн санау жүйелері негізіндегі жұмыс кітаптары арасында сыртқы сілтемелер жасағанда қателерді кездестіресіз. Күндер ойлаған күннен төрт жыл бір күн ерте немесе кеш болып шығады. Бұл қателерді Windows жүйесіне арналған Microsoft Excel бағдарламасын және Macintosh жүйесіне арналған Excel бағдарламасын қолданғанда немесе екі бағдарламаны қолданғанда да кездестіресіз.

Мысалы, егер 1900 күн санау жүйесін қолданатын жұмыс кітабынан 5 шілде, 2007 жылды көшіріп, 1904 күн санау жүйесін қолданатын жұмыс кітабына қойсаңыз, күн 1462 күн кеш, яғни 6 шілде, 2011 жылды көрсетеді. Егер 1904 күн санау жүйесін қолданатын жұмыс кітабынан 5 шілде, 2007 жылды көшіріп, 1900 күн санау жүйесін қолданатын жұмыс кітабына қойсаңыз, күн 1462 күн ерте, яғни 4 шілде, 2003 жылды көрсетеді. Қосымша ақпарат алу үшін Екі күн санау жүйесі туралы білу бөлімін қараңыз.

Көшіріп қою қателерін түзету    

  1. Бос ұяшыққа 1462 мәнін енгізіңіз.

  2. Сол ұяшықты таңдап, Басты қойындысындағы Аралық сақтағыш тобынан Көшіру түймешігін басыңыз.

  3. Қате күндері бар ұяшықтардың барлығын бөлектеңіз.

    Ұяшықтарды бөлектеу әдісі

    Таңдау үшін

    Мынаны орындаңыз

    Бір ұяшық

    Ұяшықты жылжыту үшін нұқыңыз немесе жүгірткілерді басыңыз.

    Ұяшықтар ауқымы

    Ауқымдағы бірінші ұяшықты нұқыңыз, содан кейін соңғы ұяшыққа апарыңыз немесе таңдауды кеңейту үшін жүгірткілерді басқаныңызда, SHIFT пернесін басып тұрыңыз.

    Сонымен бірге сіз ауқымдағы бірінші ұяшықты таңдай аласыз, содан кейін жүгірткілер арқылы таңдауды кеңейту үшін F8 пернесін басыңыз. Таңдауды кеңейтуді тоқтату үшін F8 пернесін қайтадан басыңыз.

    Ұяшықтардың үлкен ауқымы

    Ауқымдағы бірінші ұяшықты нұқыңыз, содан SHIFT пернесін басып тұрып, кейін ауқымдағы соңғы ұяшықты нұқыңыз. Сізге соңғы ұяшықты көрінетін ету үшін жылжытуға болады.

    Жұмыс парағындағы барлық ұяшықтар

    Барлығын таңдау түймешігін нұқыңыз.

    Бәрін бөлектеу түймешігі

    Бүкіл жұмыс парағын таңдау үшін сіз CTRL+A пернелерін де баса аласыз.

    Ескерту : Егер жұмыс парағының құрамында деректер болса, CTRL+A пернелері ағымдық аймақты таңдайды. CTRL+A пернелерін екінші рет басқаннан бүкіл жұмыс парағы таңдалады.

    Ұштаспайтын ұяшықтар немесе ұяшық ауқымдары

    Бірінші ұяшықты немесе ұяшықтары ауқымын таңдаңыз, содан кейін CTRL пернесін басып тұрып, басқа ұяшықтарды немесе ауқымдарды таңдаңыз.

    Сонымен бірге сіз бірінші ұяшықты немесе ұяшықтар ауқымын таңдай аласыз, содан кейін таңдау басқа ұштаспайтын ұяшықты немесе ауқымды қосу үшін SHIFT+F8 пернелерін қайтадан басыңыз.

    Ескерту : Сізге бүкіл таңдауды болдырмай, ұштаспайтын таңдаудағы ұяшықты немесе ұяшықтар ауқымын таңдауды болдырмауға болмайды.

    Бүкіл жол немесе баған

    Жол немесе баған тақырыбын нұқыңыз.

    Жол және баған тақырыбын көрсететін жұмыс парағы

    1. Жол тақырыбы

    2. Баған тақырыбы

    Сонымен бірге сіз бірінші ұяшықты таңдап, CTRL+SHIFT+БАҒЫТТЫ пернелерін (жол үшін ОҢ ЖАҚ БАҒЫТТЫ немесе СОЛ ЖАҚ БАҒЫТТЫ, баған үшін ЖОҒАРЫ БАҒЫТТЫ немесе ТӨМЕН БАҒЫТТЫ) басу арқылы жолдағы немесе бағандағы ұяшықтарды таңдай аласыз.

    Ескерту : Егер жол немесе баған деректерді қамтыса, CTRL+SHIFT+БАҒЫТТЫ пернелері соңғы пайдаланылған ұяшыққа жолды немесе бағанды таңдайды. CTRL+SHIFT+БАҒЫТТЫ пернелерін екінші рет басқаннан бүкіл жол немесе баған таңдалады.

    Ұштаспайтын жолдар немесе бағандар

    Жол немесе баған тақырыптары арқылы апарыңыз немесе бірінші жолды немесе бағанды таңдаңыз; содан кейін SHIFT пернесін басып тұрып, соңғы жолды немесе бағанды таңадыңыз.

    Ұштаспайтын жолдар немесе бағандар

    Таңдауыңыздағы бірінші жолдың немесе бағанның баған немесе жол тақырыбын нұқыңыз; содан кейін CTRL пернесін басып тұрып, таңдауға қосқыңыз келген басқа жолдардың немесе бағандардың баған немесе жол тақырыптарын нұқыңыз.

    Жолдағы немесе бағандағы бірінші немесе соңғы ұяшық

    Жолдағы немесе бағандағы ұяшықты таңдаңыз, содан кейін CTRL+БАҒЫТТЫ пернелерін (жол үшін ОҢ ЖАҚ БАҒЫТТЫ немесе СОЛ ЖАҚ БАҒЫТТЫ, баған үшін ЖОҒАРЫ БАҒЫТТЫ немесе ТӨМЕН БАҒЫТТЫ) басыңыз.

    Жұмыс парағындағы немесе Microsoft Office Excel кестесіндегі бірінші немесе соңғы ұяшық

    Жұмысы парағындағы немесе Excel тізіміндегі бірінші ұяшықты таңдау үшін CTRL+HOME пернелерін басыңыз.

    Деректерді немесе пішімдеуді қамтитын жұмыс парағындағы немесе Excel тізіміндегі соңғы ұяшықты таңдау үшін CTRL+END пернелерін басыңыз.

    Жұмыс парағындағы (төменгі оң жақ бұрышындағы) соңғы пайдаланылған ұяшықтағы ұяшықтар

    Бірінші ұяшықты таңдаңыз, содан кейін жұмыс парағындағы (төменгі оң жақ бұрышындағы) соңғы пайдаланылған ұяшықтағы ұяшықтарды таңдауды кеңейту үшін CTRL+SHIFT+END пернелерін басыңыз.

    Жұмыс парағының басындағы ұяшықтар

    Бірінші ұяшықты таңдаңыз, содан кейін жұмыс парағының басындағы ұяшықтарды таңдауды кеңейту үшін CTRL+SHIFT+HOME пернелерін басыңыз.

    Белсенді таңдаудан көп немесе аз ұяшықтар

    SHIFT пернесін басып тұрып, жаңа таңдауда қамтығыңыз келген соңғы ұяшықты нұқыңыз. белсенді ұяшық және нұқыған ұяшығыңызды арасындағы тік бұрышты ауқым жаңа таңдау болады.

    Кеңес : Ұяшықтарды таңдауды болдырмау үшін жұмыс парағындағы кез келген ұяшықты нұқыңыз.

  4. Басты қойындысындағы Аралық сақтағыш тобынан Қою түймешігін басып, Арнайы қою параметрін таңдаңыз.

    Excel таспасының суреті

  5. Арнайы қою тілқатысу терезесінен Қою астынан Мәндер түймешігін басып, Әрекет астынан мына пәрмендердің бірін таңдаңыз:

    • Күнді төрт жыл бір күн кеш етіп орнату үшін Қосу пәрменін таңдаңыз.

    • Күнді төрт жыл бір күн ерте етіп орнату үшін Алу пәрменін таңдаңыз.

Сыртқы сілтеменің қатесін түзету    

Егер басқа күн санау жүйесі бар жұмыс кітабында күнге сыртқы сілтеме қолданып жатсаңыз, мына әрекеттердің бірін орындау арқылы сыртқы сілтемені өзгертуге болады:

  • Күнді төрт жыл бір күн кеш етіп орнату үшін оған 1462 санын қосыңыз. Мысалы:

=[2-кітап] 1-парақ!$A$1+1462

  • Күнді төрт жыл бір күн кеш етіп орнату үшін одан 1462 санын алыңыз. Мысалы:

=[1-кітап]1-парақ!$A$1-1462

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×