Күн және уақыт пішімдерін қосу және теңшеу

Бұл бөлімде Microsoft Office Access 2007 дерекқорына мерзім немесе уақыт мәнін қосудың әртүрлі әдістері туралы баяндалады. Негізгі ақпарат Access бағдарламасының мерзім мен уақыт дерегін сақтау жолдарын және берілген деректер ендіру әдістерін қашан және неліктен қолдану керектігін түсіндіреді. Қадамды нұсқаулар мерзім және уақыт дерегін енгізу, енгізу бүркеніштерін жасау, сонымен қатар, мерзім және уақыт дерегіңізге әртүрлі бейнелену пішімдерін қолдану қарапайым әдістері туралы мәліметтер береді.

Не істегіңіз келеді?

Access бағдарламасының мерзім және уақыт мәндерін сақтау және қолдану әдістерін үйрену

Кестеге Мерзім/Уақыт өрісін қосу

Мерзім және уақытты жазбаларға қосу

Пайдаланушылардың мерзім және уақытты енгізуін басқару үшін енгізу бүркенішін қолдану

Мерзім және уақыт дерегіне кірістірілген және қолданбалы пішімдер қолдану

Windows аймақтық параметрлерінің мерзім және уақытқа әсері

Access бағдарламасының мерзім және уақыт мәндерін сақтау және қолдану әдістерін үйрену

Access дерекқорын қолдану барысында Еуропалық пішім (28.11.2006 or 28-11-2006), Оңтүстік Азия пішімі (28/11/2006) немесе АҚШ пішімі (11/28/2006) сияқты пішімдерде мерзім және уақыт мәндерін көре аласыз.

Access бағдарламасының мерзім және уақыт дерегін пішімдеу әдісінен және мерзім немесе уақыт дерегін енгізу әдісінен тәуелсіз Access бағдарламасы мерзім және уақыт дерегін екі еселі қалқымалы үтір сандары ретінде сақтайды — жүйе, сондай-ақ, реттік мерзімдер деп аталады. Сан әдеттегі реттік мерзім және уақыт мәнін көрсетеді.

Қос-дәлдік сан

Ондық нүктенің сол жағындағы мәннің бөлігі мерзімді көрсетеді. Ондық нүктенің оң жағындағы бөлшектік бөлік уақытты білдіреді.

Суретте берілген сан 2003 жылдың желтақсанның 24-н, сағат түстен кейінгі 9:00 көрсетеді. Мерзім құрамдасы 12/30/1899 басталу немесе «негізгі» мерзімінен кейін өткен барлық күндер саныф болып табылады. Бұл мысалда 37 979 күн 12/30/1899 бастап 12/24/2003 дейін өткен. Уақыт құрамдысы 24 сағаттық тәулік бөлігі болып табылады. Осылай 0.875 мәнінің 24 сағатқа көбейтіндісі 21 сағатқа тең болады немесе түстен кейінгі 9:00.

Мерзім құрамдасындағы теріс мәндер негізгі мерзімге дейінгі мерзімдерді көрсетеді. Мысалы, -1 мәні мерзім құрамдасы ретінде негізгі мерзімнің алдындағы бірінші күнді білдіреді немесе 12/29/1899.

Жарамды мерзім мәні ауқымы -657,434 (100 жыл, қаңтардың 1-і) басталып ( 9999 жыл, желтоқсан 31-і) аралығын қамтиды. Жарамды уақыт мәндері .0 мен .9999 немесе 23:59:59 аралығын қамтиды.

Мерзім және уақыт мәндерін сан ретінде сақтау мерзім және уақыт дерегін аса кең көлемде есептеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Мысалы, жұмыс уақыты қорытынды санын (жұмыс уақытын тіркеу картасы ) немесе есеп-шот мерзімін есептеуіңізге болады. Мерзім дерегін есептеу туралы қосымша ақпарат алу үшін Мерзім функциясы және Өрнек жасау бөлімдерін қараңыз.

Жаңа мерзім және уақыт мүмкіндіктері

Office Access 2007 мерзім сұрыптаушымен қамтамасыз етеді. Мерзім/Уақыт өрісіне кезелімді таңдасаңыз немесе орналастырсаңыз, мерзім сұрыптаушысы тілдік параметрлерге байланысты өрістің оң немесе сол жақ өрісіне шығады. Мерзім сұрыптаушысын нұқу кезінде күнтізбе басқару элементі шығады:

Күнтізбе басқару элементі

Өткен және болашақ мерзімде таңдау үшін күнтізбені қолдануыңызға немесе бүгінгі мерзімді жылдам енгізу үшін Бүгін түймешігін басуыңызға болады.

Әдепкі мерзім және уақыт әрекеті

Әдепкіде, Access бағдарламасы мерзім және уақыт дерегі үшін бейнелену пішімін қолданады. Керісінше параметр орнатпайынша, Access Жалпы мерзім және Ұзақ уақыт пішімдерін қолданады,олар өніммен бірге жүктелетін екі кірістірілген пішім болып табылады. Жалпы мерзім пішімі АҚШ-тан тыс жерде кк/АА/жжжж және АҚШ-та АА/кк/жжжж пішінін қолданады. Ұзақ уақыт пішімі келесі пішінді қолданады: СС:мм:сс AM/PM.

Бұл пішімдер Microsoft Windows Аймақтық және Тілдік параметрлер белгілеген георгафиялық орналасуға байланысты ажыратылады. Мысалы, Еуропада және Азияның көп аймақтарында орналасуға байланысты 28.11.2006, 00:07:12 немесе 28/11/2006 00:07:12 пайдаланылады. АҚШ-та 11/28/2006, 00:07:12 қолданылады.

Бұдан басқа, Access бағдарламасы өзіңіз қолданбалы бейнелену пішімімен орын алмастырмайынша, аймақтық параметрлеріңізде белгіленген мерзім және уақыт бөлгіштерін қолданатынын есте сақтаңыз. Аймақтық және Тілдік параметрлерді өзгерту туралы қосымша ақпарат алу үшін осы бөлімдегі Windows аймқтық параметрлерінің мерзім және уақытқа әсер ету жолы тармағын кейін қараңыз. Қолданбалы бейнелену пішімі бойынша қосымша ақпарат алу үшін осы бөлімдегі Кірістірілген және қолданбалы пішімдерді мерзім және уақыт деректері үшін қолдану тармағын кейін қараңыз.

Сонымен қатар, әдепкіде бейнелену пішімі мерзімді және уақытты енгізу әдісіне немесе Access бағдарламасының деректі сақтау жолына әсерін тигізбейтінін есте ұстаңыз. Мысалы, мерзімді Европалық пішімде, мысалы, 28.11.2006 деп енгізесіз, бірақ кесте, пішім немесе есеп мәнді 11/28/2006 ретінде көрсетуі мүмкін.

Ақырында, Access бағдарламасы әдепкі бойынша деректер тексерісінің белгілі бір деңгейімен қамтамасыз етеді. Мысалы, 32.11.2006 сияқты жарамсыз мерзім енгізе алмайсыз. Егер ондай дерек енгізуге әрекет жасасаңыз, Access ескертпе хабарын жібереді және жаңа мән енгізу немесе өрісетрді Мерзім/Уақыт түрінен Мәтіндік дерек түріне түрлендіру параметрін береді. Ереже бойынша, тек дерек бойынша есептеулер жүргізуді тоқтатқыңыз келгенде ғана өрісті мәтінге түрлендіре аласыз. Егер деректер түрімен таныс болмасаңыз, Деректер қорын жасақтау негіздері бөлімін қараңыз.

Енгізу бүркеніштері мерзім және уақыт ендірулеріне әсер етуі

Алдыңғы бөлімде талқыланған әдепкі әрекеттер мен аймақтық параметрлерге қосымша ретінде, енгізу бұркеніші атты құрамдас мерзім және уақыт мәндерінің енгізілу әдістеріне әсер етеді. Енгізу бүркеніші ерекше пішімге немесе бірізділікке деректерді енгізуді күштейтін әріптік және толтырғыш таңбалардың жиыны болып табылады. Мысалы, Мерзім/Уақыт өрісін таңдау кезінде толтыруыңыз қажет бос мерзім немесе уақыт пішіні шығады:

__/___/____

Егер тыйым салынған таңба енгізуге әрекет етсеңіз, мысалы, бүркеніш әріп талап еткенде сан терсеңіз, Access бағдарламасы бұл таңбаны енгізуіңізді болдырмайды. Бұл кестеде көрсетілген енгізу бүркенішін бейнелейді.

Бұл жағдайда бүркеніш мерзімді кк/ААА/жжжж ретінде енгізуге күштейді, мұнда ай үш әріп ретінде енгізіледі.

Егер жарамсыз мән енгізуге әрекет жасасаңыз, мысалы әріп талап ететін бос орынға сан енгізсеңіз, Access бағдарламасы кез-келген таңба енгізуіңізді болдырмайды. Егер енгізу бүркеніші талап ететін таңбаны анықтауда қиындыққа кезіксеңіз, дерекқор жасақтаушысы немесе жүйе әкімшісімен хабарласыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Кестеге Мерзім/Уақыт өрісін қосу

Дерекқордағы деректер мен уақытты қолдану үшін бір немесе бірнеше дерекқор кестесінде Мерзім/Уақыт өрісін жасаудан бастайсыз. Мерзім немесе уақыт мәнінің көрінуінен тәуелсіз — мысалы, кестеде немесе есепте,  — дерек кестеде орналасады.

Мәтін немесе Жазбалар деректер түріне орнатылған өріске мерзім және уақыт енгізуіңізге болады, бірақ нәтижедегі дерекке есептеулер орындай алмайсыз. Осы себепті, бұл қадамдар кестеге Мерзім/Уақыт өрісін қосу әдістерін ғана түсіндіреді. Қосымша ретінде, Мерзім/Уақыт өрісін Деректер кестесі көрінісі мен Жасақтама көрінісіне қосуыңызға болады. Келесі бөлімдегі қадамдар бұл екі тәсілдердің қолданылуын түсіндіреді.

Деректер кестесі көрінісінде Мерзім/Уақыт өрісін жасау

  1. Шарлау аумағында өзгерткіңіз келетін кестені екі рет нұқыңыз. Бұл Деректер кестесі көрінісіндегі кестені ашады.

  2. Бос өрісті (бағанды) кестеге орналастырыңыз. Әдепкіде, Жаңа өріс қосу пәрмені барлвқ жаңа өрістердің тақырып жолына шығады, мысалы:

    Деректер кестесіндегі жаңа өріс

  3. Тақырып жолын екі рет нұқыңыз және жаңа Мерзім/Уақыт өрісі үшін атау енгізіңіз.

  4. Тақырып астындағы бірінші бос жолға мерзім немесе уақыт енгізіңіз.

    -немесе-

    Кесте қойындысының Дерек түрі& Пішімдеу тобында Дерек түрі ашпалы шарысының қасындағы меңзерді нұқып, дерек түрін таңдаңыз.

  5. Өзгертулерді сақтаңыз.

Жасақтама көрінісінде Мерзім/Уақыт өрісін жасау

  1. Шарлау аумағында өзгерткіңіз келетін кестені тінтуірдің оң жақ түймешігімен басыңыз және мәтінмәндік мәзірдегі Жасақтама көрінісі түймешігін басыңыз.

  2. Кесте жасақтаушысының жоғарғы бөлігінен бос жол таңдаңыз.

  3. Өріс атауы бағанына жаңа өріс үшін атау енгізіңіз.

  4. Дерек түрі бағанын таңдап, одан соң тізімнен Мерзім/Уақыт таңдаңыз.

    Өріс атауы басқа болуы мүмкін болса да, жаңа өріс осыған ұқсас бейнеленуі керек:

    Мерзі/Уақыт өрістері бар сұрау құрастырушысы

  5. Өзгертуіңізді сақтаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Мерзім және уақытты жазбаларға қосу

Ереже бойынша, мерзім және уақытты қолмен немесе Office Access 2007 қамтамасыз ететін мерзім сұрыптаушысын қолдану арқылы енгізесіз. Бұл бөлімдегі қадамдар екі әдісті де қолдану жолдарын түсіндіреді және мерзіммен бағдарламалық жұмыс істеу туралы ақпаратқа сілтемелермен қамтамасыз етеді.

Деректерді қолмен енізу

  1. Мерзім/Уақыт өрісінде кезелімді таңдау немесе орналастырыңыз.

  2. Мерзім немесе уақытты енгізіңіз.

    Егер Мерзім/Уақыт өрісін таңдалған кезде енгізу бүркеніші шықса, мәндерді бүркеніш талабы бойынга енгізіңіз. Егер бүркеніш талаптарын анықтауда ақаулықатрға кезіксеңіз, жүйе әкімшісі немесе дерекқор жасақтаушысымен хабарласыңыз.

Мерзім сұрыптаушысын қолдану арқылы мерзім енгізу

  1. Мерзім/Уақыт өрісінде кезелімді таңдау немесе орналастырыңыз.

  2. Өрістің оң немесе сол жағында орналасқан мерзім сұрыптаушысын нұқыңыз.

    Күнтізбе басқару элементі шығады және ағымдық ай мен күнді бейнелейді:

    Күнтізбе басқару элементі

  3. Ағымдық мерзімді енгізу үшін Бүгін түймешігін басыңыз.

    -немесе-

    Ағымдағы аәдан күн таңдаңыз.

    -немесе-

    Басқа ай мен күнді таңдау үшін алдыңғы немесе артқы түймешіктерді қолданыңыз.

    Мерзімді нұқыған кезде Access бағдарламасы таңдалған мәнді кесте өрісіне жазады.

Беттің жоғарғы жағы

Пайдаланушылардың мерзім және уақытты енгізуін басқару үшін енгізу бүркенішін қолдану

Пайдаланушылардың деректі кірістірілген пішімінде енгізуін қаласаңыз, енгізу бүркенішін қолданасыз. Мысалы, егер пайдаланушылардың мерзімдерді Еуропалық пішімінде енгізуіен қаласаңыз, енгізу бүркеніші оларды мерзімді басқа жолмен енгізуін болдырмайды.

Енгізу бүркеніштері падаланушылар өріске нені енгізетінін басқару үшін толтырғыштар және әріптік таңбалар жиынтығы. Енгізу бүркеніштерін кестелер мен сұрау нәтижелер жиынтығындағы өрістерге пайдалануыңызға және пішімдер және есептердегі басқару элементтеріне қолдануыңызға болады.

Енгізу бүркеніштері әрқайсысы нүктелі үтірмен бөлектелген үш бөлімді қамтиды. Бірінші бөлім міндетті, қалғандары таңдау бойынша болып табылады. Бірінші бөлім бүркеніш жолын анықтайды және толтырғыштар мен әріптік таңбалардан тұрады. бұркеніш таңбаларын өрістегі дерекке қосымша сақтағыңыз келетінін анықтайды. Егер бүркеніш және берегіңізді сақтағыңыз келсе, 0 енгізіңіз; егер тек деректі ғана сақтағыңыз келсе, 1 енгізіңіз. Үшінші бөлім дерек орнын анықтауға қолданылатын толтырғышты анықтайды. Әдепкіде, Access бағдарлмасы төменгі сызық (_) қолданады. Егер басқа таңба қолданғыңыз келсе, оны бүркеніш жолындағы қалаған орынға енгізуіңізге болады немесе оны бүркеніштің үшінші бөліміне енгізуіңізге болады. Сонымен қатар, әдепкіде енгізу бүркенішіндегі орын тек бір ғана таңба немесе бос орын болып табылады.

Мысалы, бұл енгізу бүркеніші қолданушыларды мерзімдерді әлемде кең таралған пішімде енгізуге мәжбүрлейді.

00 LLL 0000;0;_

Бірінші бөлім бүркенішті анықтайды. Бұл жағдайда нөл сандарға арналған толтырғыш ретінде, ал L әріптерге арналған толтырғыш ретінде әрекет етеді. Бүркеніш ай күні үшін сан жұбын (алдыңы екі нөл) және жыл үшін барлық төрт санды (соңғы төрт нөлдер) талап етеді. L үш данасы ай үшін үш әріптен тұратын қысқартынды талап етеді.

Екінші бөлім Access бағдарламасын енгізу бүркенішін дерекпен бірге сақтауға күштейді. Үшінші бөлім астыңғы сызықты толтырғыш таңба ретінде белгілейді. Егер қаласаңыз, сондай-ақ, деректер бөлгішін бүркенішіне берілгендей қосуыңыззға болады: 00/LLL/0000;0;_.

Келесі бөлімдегі қадамдар осында көрсетілген енгізу бүркенішін енгізу әдісін түсіндіреді.

Мерзім/Уақыт өрісі үшін енгізу бүркенішін анықтау

  1. Шарлау аумағында, өзгерткіңіз келетін кестені тінтуірдің оң жақ түймешігімен басыңыз және мәтінмәндік мәзірдегі Жасақтама көрінісі түймешігін басыңыз. Егер кестеде Мерзім/Уақыт өрісі болмаса, оны қосыңыз. Өріс қосу әдісі туралы қосымша ақпарат алу үшін осы бөлімдегі алдымен Кестеге Мерзім/уақыт өрісін қосу тармағын қараңыз.

  2. Мерзім/Уақыт өрісін таңдаңыз, жасақтама торының төменгі бөліміндегі Жалпы қойыныдысынан Енгізу бүркеншігі сипатын нұқыңыз.

  3. Келесі енгізу бүркенішін көсетілгендей енгізіңіз:

    00 LLL 0000;0;_

    -немесе-

    Басқа бүркеніш енгізіңіз. Бүркеніштердің басқа түрлері туралы қосымша ақпарат алу үшін осы бөлімдегі Енгізу бүркеніші таңбасы сілтемесі тармағын кейін қараңыз.

  4. Бүркеніш енгізген соң, Сипаттарды жаңарту параметрлері смарт-тегі шығады және бүркенішті кез-келген басқа өріске және оны логикалық иеленетін пішім басқару элементтеріне қолдануға мүмкіндік береді. Өзгертуді дерекқорға қолдану үшін смарт-тегті нұқыңыз, одан соң Енгізу бүркенішін барлық жерде жаңарту пәрменін нұқыңыз. Өріс атауы қолданады. Бұл жерде Өріс атауы - Мерзім/Уақыт өрісінің атауы.

  5. Бүкіл дерекқорға өзгертулерді қолдануды таңдасаңыз Сипаттарды жаңарту тілқатысу терезесінде пішіндерді және жаңа пішімде болатын басқа нысандар көрсетіледі. Пішімді қолдану үшін Ия түймешігін басыңыз.

  6. Сақтау пәрменін нұқыңыз. Енгізу бүркенішіне бірнеше таңба енгізетінін Access назарыңызда ұстаңыз:

    00\LLL\0000;0;_

    Таңбалар туралы қосымша ақпарат алу үшін осы бөлімдегі Енгізу бүркеніші таңбасы сілтемесі кейін қараңыз.

  7. Деректер парағы көрінісіне қосылыңыз және бүркенішіңізді сынау үшін қадамдардың келесі жиынтығына қарай жалғастырыңыз.

Енгізу бүркенішін сынау

  1. Меңзерді енгізу бүркенішін қамтитын өріске орналастырыңыз. Бүркеніштің өріс таңдалғаннан кейін ғана шығатынын ескеріңіз.

  2. Бүркеніштегі бос орынға сандар мен әріптер қосыңыз. Бұркеніштің бірінші және соңғы бөлімдері тек сандарды ғана, ал ортаңғы бөлім тек әріптерді ғана қабылдайтынын ескеріңіз. Егер сан орнына әріп енгізуге әрекет жасасаңыз (немесе керісінше), Access бағдарламасы оның жүзеге асырылуына жол бермейді.

  3. Мерзімнің кез-келген бөлімінен санды жойыңыз, одан соң меңзерді басқа өріске жылжытуға әрекет жасаңыз болмаса жазбаны сақтаңыз. Access бағдарламасы қате туралы хабарды береді: Енгізілген мән осы өріс үшін белгіленген енгізу бұркеніші '00\LLL\0000;0;_' үшін сәйкес емес. Толтырғыш мәнді қамтуы тиіс болғандықтан, осы хабар шығады.

  4. Жалпы сұрақтар қойыңыз:

    • Бүркеніш пайдаланушылардың қажетті ақпаратты енгізуіне жол бермейді ме? Мысалы, пайдаланушылар деректі басқа пішімде енгізуді қажет етпей ме?

    • Енгізу бүркенішіңіз бейнелену пішіміне әсер етеді ме? Мысалы, осы қолданбалы пішімді Мерзім/Уақыт өрісіне қосуға әрекет жасаңыз: кк/ааа/жжж (пішімді көшіріп және оны тікелей Енгізу бүркеніші сипаты үстіндегі Пішім сипатына орналастырыңыз). Деректер кестесі көрінісіндегі кестені қарап шығу кезінде өріс қиғаш сызықтар қатарын көрсетеді және толық мерзімнің енгізілуін болдырмайды.

      Мәселені шешу үшін (осында көрсетілген енгізу бүркеніші және қолданбалы пішім үшін), бөлгіш таңбасын енгізу бүркеніші жолына берілгендей ендіруіңізге болады: 00/LLL/0000;0. Қолданбалы пішімдер мен енгізу бүркеніштері арасындағы басқа қарама-қайшылықтар ақаулығын жою бұл бөлім шеңберінен тыс, көбінесе бүркеніштер мен қолданбалы пішімдердің мұндай көп санын жасай алатыныңыз себепті. Ереже бойынша, қолданбалы пішім енгізу бүркеніш қолданатын құрылымды пайдаланатынын қамтамасыз ету арқылы және кез-келген бөлгіш таңбаларды енгізу бүркеніші таңба жолына енгізу мүмкін жолымен қарама-қайшылықтарды шешуіңізге болады.

Енгізу бүркеніші таңбасы сілтемесі

Төмендегі кесте енгізу бүркенішінде қолдануыңызға болатын толтырғыштар мен әріптік таңбаларды тізімдейді және сипаттайды.

Таңба

Пайдалану

0

Сан. Бұл орынға бір сан енгізілуі керек.

9

Сан. Бұл орындағы бір сан таңдау бойынша енгізіледі.

#

Орынға сан, бос орын, қосу немесе азайту белгісін енгізіңіз. Егер пайдаланушылар орынды елемесе, Access бағдарламасы бос орын енгізеді.

L

Әріп. Бұл орынға бір әріп енгізуіңіз керек.

?

Әріп. Бұл орындағы бір әріп таңдау бойынша енгізіледі.

A

Әріп немесе сан. Бұл орынға әріп немесе сан енгізілуі керек.

a

Әріп немесе сан. Бұл орында бір әріптер мен сандар таңдау бойынша енгізіледі.

&

Кез-келген таңба немесе бос орын. Бұл орынға таңба немесе бос орын енгізуіңіз керек.

C

Кез-келген таңба немесе бос орын. Бұл орынға таңбалар немесе бос орындар таңдау бойынша енгізіледі.

. , : ; - /

Ондық және мыңдық толтырғыштар, мерзім және уақытбөлгіштері. Таңдалған таңба Windows аймақтық параметріне тәуелді болады. Бұл параметрлертуралы қосымша ақпарат алу үшін осы бөлімдегі Windows аймақтық параметрлерінің пішімдеуге әсер етуі тармағын кейін қараңыз.

<

Барлық сүйенетін таңбалар бас әріппен шығады.

>

Барлық сүйенетін таңбалар кіші әріппен шығады.

!

Енгізу бүркенішінің солдан оңға қарай емес, оңнан солға қарай боялуына әкеледі.

\

Access бірден жалғастырылатын таңбаларды көрсеткізеді. Бұл таңбаны тырнақшамен белгілегенмен бірдей болып табылады.

«Әріптік мәтін»

Екі тырнақша ішінде ішінде көрінуін қалайтын кез-келген мәтінді қоршаңыз.

Кілттік сөз

Кестелер мен пішімдерге арналған Жасақтама көрінісіндегі Енгізу бүркеніші сипатының Құпия сөз етіп орнатылуы құпия сөз ендіру жолағын жасайды. Пайдаланушылар жолаққа құпия сөз енгізу кезінде Access бағдарламасы таңбаларды сақтайды, бірақ жұлдызшаны (*) бейнелейді.

Беттің жоғарғы жағы

Мерзім және уақыт дерегіне кірістірілген және қолданбалы пішімдер қолдану

Access бағдарламасы мерзім және уақыт дерегіңізге қолдануыңызға болатын кірістірілген пішімдермен қамтамасыз етеді. Егер пішімдердің бірі қажеттіліктеріңіздің бірін қанағаттандырмаса, қолданбалы пішім белгілеуіңізге болады. Бұл бөлімдегі қадамдар кірістірілген және қолданбалы пішімдерді қолдану әдістерін түсіндіреді. Осы мақалада кейінірек берілетін сілтеме ақпарат әрбір кірістірілген пішімді қолдану жолдары мен қолданбалы пішімдерді жасау үшін әртүрлі параметрлерді пайдалану әдістерін түсіндіреді.

Кірістірілген пішімді қолдану

  1. Шарлау аумағында, өзгерткіңіз келетін кестені тінтуірдің оң жақ түймешігімен басыңыз және мәтінмәндік мәзірдегі Жасақтама көрінісі түймешігін басыңыз.

  2. Жасақтама торының үстіңгі бөлімінде Күн/уақыт жолағын таңдаңыз.

  3. Төменгі бөлімде Пішім сипаттар жолағын нұқыңыз және тізімнен пішімді таңдау үшін төмен көрсеткісін пайдаланыңыз.

    Кірістірілген пішімдер туралы қосымша ақпарат алу үшін осы бөлімде кейін берілетін Кірістірілген Мерзім/Уақыт пішім сілтемесітармағын қараңыз.

  4. Пішімді таңдаған соң, Сипаттарды жаңарту параметрлері смарт-тегі шығады және жаңа пішімді кез-келген басқа өріске және оны логикалық иеленетін пішім басқару элементтеріне қолдануға мүмкіндік береді. Өзгертуді дерекқорға қолдану үшін смарт-тегті нұқыңыз, одан соң Пішімді Өріс атауы қолданылатын барлық жерде жаңарту пәрменін нұқыңыз. Бұл жерде Өріс атауы - Мерзім/Уақыт өрісінің атауы.

  5. Бүкіл дерекқорға өзгертулерді қолдануды таңдасаңыз Сипаттарды жаңарту тілқатысу терезесінде пішіндерді және жаңа пішімде болатын басқа нысандар көрсетіледі. Пішімді қолдану үшін Иә түймешігін басыңыз.

  6. Пішімнің қажетке жарайтынын көру үшін өзгертулерді Деректер кестесіне сақтау және қосу.

Қолданбалы пішім қолдану

  1. Шарлау аумағында, өзгерткіңіз келетін кестені тінтуірдің оң жақ түймешігімен басыңыз және мәтінмәндік мәзірдегі Жасақтама көрінісі түймешігін басыңыз.

  2. Жасақтама торының үстіңгі бөлімінде Күн/уақыт жолағын таңдаңыз.

  3. Төменгі бөліктен Пішім сипат жолағын нұқып, одан соң пішіміңізді енгізіңіз.

    Қолданбалы пішімдерде қолданылатын таңбалар мен синтаксистер туралы ақпарат алу үшін осы бөлімдегі Қолданбалы Мерзім/Уақыт пішімі сілтемесі тармағын кеін қараңыз.

  4. Пішімді енгізген соң, Сипаттарды жаңарту параметрлері смарт-тегі шығады және пішімді кез-келген басқа өріске және оны логикалық иеленетін пішім басқару элементтеріне қолдануға мүмкіндік береді. Өзгертуді дерекқорға қолдану үшін смарт-тегті нұқыңыз, одан соң Пішімді Өріс атауы қолданылатын барлық жерде жаңарту пәрменін нұқыңыз. Бұл жерде Өріс атауы - Мерзім/Уақыт өрісінің атауы.

  5. Бүкіл дерекқорға өзгертулерді қолдануды таңдасаңыз, Сипаттарды жаңарту тілқатысу терезесінде пішіндерді және жаңа пішімде болатын басқа нысандар көрсетіледі. Пішімді қолдану үшін Иә түймешігін басыңыз.

  6. Пішімнің қажетке жарайтынын көру үшін өзгертулерді Деректер кестесіне сақтау және қосу.

Пішімді сынау

Бұл қадамдар кірістірілген немесе қолданбалы пішімді сынаудың кейбір жолдарын ұсынады.

  • Пішімнің деректі қабылдау жолын көру үшін бас әріптер немесе кіші әріптер енгізіңіз. Нәтижелер қаншалықты дұрыс?

  • Күткен мәнен ұзынырақ немесе қысқарақ мән енгізіңіз (бөлгішпен немесе бөлгішсіз) және пішім әрекетін бақылаңыз. Пішім қалаусыз бос орын, таңбалар немесе бастапқы немесе соңғы бос орындарды қосты ма?

  • Бос жол (арасында бос орын жоқ тік тырнақшалар) немесе бос мән енгізіңіз және нәтижесін қараңыз.

Кірістірілген Мерзім/Уақыт сілтемесі

Бұл кесте мерзім және уақыт дерегіне қолдануыңызға болатын кірістірілген пішімдер тізімін береді және сипаттайды. Windows аймақтық параметрлері кірістірілген пішімдердің бір бөлігін немесе толығымен басқара алатынын және кірістірілген пішім пайдаланушылардың мәнді енгізу жолдары мен Access бағдарламасының мәндерді сақтау жолына емес, тек деректің көрнекі түріне ғана әсер ететінін есте ұстаңыз.

Пішім

Сипаттама

Мысал

Жалпы мерзім

(Әдепкі) Мерзім мәндерін сан ретінде және уақыт мәндерін түске дейін немесе кейін болатын сағат, минут және секунд ретінде көрсетеді. Мәндердің екі түрі үшін, Access бағдарламасы Windows аймақтық параметрлерінде белгіленгендей мерзім және уақыт бөлгішін қолданады. Егер мән уақыт құрамдасына ие болмаса, Access бағдарламасы тек мерзімді ғана көрсетеді. Егер мәнде мерзім құрамдасы болмаса, онда Access бағдарламасы тек уақытты ғана көрсетеді.

08/29/2006, түске дейін 10:10:42

Ұзақ мерзім

Windows Аймақтық параметрлеріндегі Ұзақ мерзім пішімінде белгіленген тек мерзім мәндерін ғана көрсетеді.

2006 жылдың 29 тамызы, дүйсенбі

Орташа мерзім

Мерзім кк/ааа/жж ретінде бейнелейді, бірақ Windows аймақтық параметрлерінде белгіленген деректер бөлгішін қолданады.

29/Там/06
29-Там-06

Қысқа мерзім

Windows Аймақтық параметрлеріндегі Қысқа мерзім пішімінде белгіленгендей тек мерзім мәндерін ғана көрсетеді.

8/29/2006
8-29-2006

Ұзақ уақыт

Түске дейін немесе кейін болатын сағаттар, минуттар және секундтар көрсетеді. Access бағдарламасы Windows аймақтық параметрлеріндегі Уақыт параметрінде белгіленген бөлгішті қолданады.

10:10:42

Орташа уақыт

Түске дейін немесе кейін болатын сағаттар және минуттар көрсетеді. Access бағдарламасы Windows аймақтық параметрлеріндегі Уақыт параметрінде белгіленген бөлгішті қолданады.

10:10

Қысқа уақыт

Тек сағат пен минутты көрсетеді. Access бағдарламасы Windows аймақтық параметрлеріндегі Уақыт параметрінде белгіленген бөлгішті қолданады.

10:10:00

Қолданбалы Мерзім/Уақыт пішімі сілтемесі

Алдыңғы кестеде сипатталған Мерзім/Уақыт өрістеріне арналған кірістірілген пішімдер талапарыңыздыя қанағаттандырмаса, оның орнына қолданбалы пішім пайдалануыңызға болады. Егер кірістірілген немесе қолданбалы пішімді белгілемеген болсаңыз, Access бағдарламасы Жалпы мерзім пішімін қолданады — кк/аа/жжжж с:мм:сс AM/PM.

Мерзім/Уақыт өрістеріне арналған қолданбалы пішімдер екі бөліменен тұруы мүмкін — бірі күндер үшін, екіншісі уақыт үшін. Бөлімдер нүктелі үтірмен бөлінеді. Мысалы, Жалпы мерзім және Ұзақ уақыт пішімін келесі ретпен қайта жасауыңызға болады: кк/а/жжжж;с:мм:сс.

Бұл кесте қолданбалы пішімді анықтау үшін қолдануға болатын толтырғыштар мен бөлгіштер тізімін береді.

Таңба

Сипаттама

Дерек бөлгіші

Access бағдарламасында орналастырылған күн, ай және жылға арналған толтырғыштардың орнын басқарады. Windows аймақтық параметрлерінде анықталған бөлгішті қолданыңыз. Бұл параметрлер туралы қосымша ақпаратты келесі Windows аймақтық параметрлерінің мерзім және уақыт мәніне әсері бөлімінен қараңыз.

c

Жалпы мерзім пішімін көрсетіледі.

d немесе dd

Күн бір немесе екі сан түрінде көрсетіледі. Бір сан үшін бір толтырғыш; екі сан үшін екі толтырғыш қолданыңыз.

ddd

Апта күні үш әріп түрінде қысқартылады.

Мысалы, Дүйсенбі Дүй түріне қысқартылады.

dddd

Апта күні атауы толығымен көрсетіледі.

ddddd

Қысқа мерзім пішімі көрсетіледі.

dddddd

Ұзақ мерзім пішімі көрсетіледі.

w

Аптадағы күні нөмірі көрсетіледі.

Мысалы, Дүйсенбі 2 ретінде шығады.

m немесе mm

Ай бір немесе екі санмен көрсетіледі.

mmm

Ай атауы үш әріп түрінде қысқартылады.

Мысалы, Қазан Қаз ретінде шығады.

mmmm

Ай атауы толығымен көрсетіледі.

q

Ағымдық тоқсанның нөмірі көрсетіледі (1-4).

Мысалы, егер жұмысшы Мамыр айында жұмысқа кірсе, Access бағдарламасы тоқсан мәні ретінде 2 санын көрсетеді.

y

Жылдағы бір күн нөмірі көрсетіледі, 1-366.

yy

Жылдың соңғы екі саны көрсетіледі.

Ескерту : Толықтыруды және берілген жылдың барлық төрт санын көрсету ұсынылады.

yyyy

0100-9999 ауқымындағы жылдар саны көрсетіледі.

Уақыт бөлгіш

Access бағдарламасында орналастырылған сағат, минут және секундқа арналған толтырғыштардың орнын басқарады. Windows аймақтық параметрлерінде анықталған бөлгішті қолданыңыз. Бұл параметрлер туралы қосымша ақпаратты келесі Windows аймақтық параметрлерінің мерзім және уақыт мәніне әсері бөлімінен қараңыз.

h немесе hh

Сағат бір немесе екі сан түрінде көрсетіледі.

n немесе nn

Минут бір немесе екі сан түрінде көрсетіледі.

s немесе ss

Секундты бір немесе екі сан түрінде көрсетіледі.

tttt

Ұзақ уақыт пішімі көрсетіледі.

AM/PM

Соңында AM/PM берілетін 12-сағаттық пішімдегі мәндерді көрсетеді. Access бағдарламасы мәнді орнату үшін компьютеріңіздегі жүйелік сағат қолданылады.

A/P немесе a/p

Соңында А,Р,а немесе р берілетін 12-сағаттық пішімдегі мәндерді көрсетеді. Access бағдарламасы мәнді орнату үшін компьютеріңіздегі жүйелік сағат қолданылады.

AMPM

Мұнда 12 сағаттық пішім мәндері көрсетіледі, бірақ Windows аймақтық параметрлерінде белгіленген таңғы және түстен кейінгі анықтауыштар қолданылады. Бұл параметрлер туралы қосымша ақпаратты келесі Windows аймақтық параметрлерінің мерзім және уақыт мәніне әсері тармағынан қараңыз.

Бос орын, + - $ ()

Пішім жолы қажет болған кезде бос орын, кейбір математикалық таңбалар (+ -) мен қаржылық нышандар ($ ¥ £) қолданылады. Егер қиғаш сызық (\ or /) және жұлдызша (*) сияқты басқа қарапайым математикалық таңбалар пайдаланғыңыз келсе, оларды екі тырнақша ішіне алуыңыз керек, дегенмен оларды кез-келген жерге орналастыруыңызға болады.

«Әріптік мәтін»

Екі тырнақша ішінде ішінде көрінуін қалайтын кез-келген мәтінді тік жақшаға алыңыз.

\

Access бағдарламасында келесі таңба көрсетіледі. Бұл таңбаны тырнақшаға алумен бірдей болып табылады.

*

Қолдану кезінде жұлдызшадан кейінгі тұрған таңба толтырғыш таңбасына айналады — бос орындарды толтыру үшін қолданылатын таңба. Әдеттегідей, Access бағдарламасы мәтінді сол жағынан туралайды және мәннің оң жағындағы аймақты бос орындармен толтырады. Толтыру таңбаларын пішім жолының кез-келген жеріне қосуыңызға болады және бұл жүзеге асқан кезде Access бос жерлердің барлығын белгіленген таңбамен толтырады.

[түс]

Пішім бөліміндегі мәнге түс қолдану үшін қолдануға мүмкіндік береді.Атауды тік жақшаға алып және келесі түс атауларының бірін қолдануыңыз керек: қара, көк, көгілдір, жасыл, қызғылт, қызыл, сары және ақ.

Беттің жоғарғы жағы

Windows аймақтық параметрлерінің мерзім және уақытқа әсері

Windows жүйесінде әртүрлі тілдер мен белгілі бер тілдерді қолданатын елдер/аймақтардың ақша бірлігі мен мерзім/уақыт пішімдері қолдауға ие болып табылады. Өз кезегінде, аймақтық параметрлерде белгіленген ақша бірлігі мен мерзім/уақыт пішімдері Access деректері үшін пайдаланылатын кірістірілген және қолданбалы бейнелену пішімінің бір бөлігіне немесе толығымен әсер етеді. Мысалы, келесі ретпен мерзім мәнін енгізіп және мерзім бөлгіш ретінде қиғаш сызық қолданасыз: 8/29/2006. Келесі, Жалпы мерзім бейнесін Мерзім/Уақыт өрісіне қолданасыз. Аймақтық параметрлеріңізде басқа таңба белгіленсе, деректі қарап шығу кезінде қиғаш сызық көрінуі немес көрінбеуі мүмкін.

Егер қолданбалы бейнелену пішімін таңдамаған болсаңыз, Access бағдарламасы үнемі Windows аймақтық параметрлерінде белгіленген мерзім және уақыт бөлгіштерін, қаржы нышандарын және басқа таңбаларды қолданатынын есте ұстаған жөн. Қолданбалы бейнелену пішімін жасау бойынша ақпарат алу үшін осы бөлімдегі ертерек берілген Кірістірілген және қолданбалы пішімдерді мерзім және уақыт деректері үшін қолдану тармағын қараңыз. Деректердің басқа түрін пішімдеу туралы толық ақпарат үшін Жолдарда және бағандарда деректерді пішімдеу бөлімін қараңыз.

Келесі қадамдар аймақтық параметрлерді орнату және өзгерту әдістерін баяндайды.

Аймақтық параметрлерді өзгерту

Microsoft Windows Vista жүйесінде

  1. Бастау түймешігін Түйме суреті , одан кейін Басқару тақтасы түймешігін басыңыз.

  2. Егер Басқару тақтасында әдепкі көріністі қолданатын болсаңыз, Сағат, Тіл және Аймақ түймешігін екі рет басыңыз.

    -немесе-

    Классикалық көрініс қолданатын болсаңыз келесіні екі рет нұқыңыз:

    Аймақ және тіл параметрлерін

    Аймақтық және тіл параметрлері тілқатысу терезесі шығады.

  3. Пішімдер қойындысында, Ағымдық пішім астындағы Осы пішімді теңшеу пәрменін нұқыңыз.

    Аймақтық параметрлерді теңшеу тілқатысу терезесі шығады.

  4. Өзгерткіңіз келетін параметрді қамтитын қойындыны нұқыңыз да, өзгерістеріңізді енгізіңіз. Мысалы, сан пішімінің бір бөлігін немесе толығымен өзгерту үшін Сандар қойындысын нұқып, қалаған параметріңізді өзгертіңіз. Параметрге байланысты көмек алу үшін Анықтама түймешігін басып (?), одан соң параметрді нұқыңыз.

Microsoft Windows XP жүйесінде (Классикалық көрініс)

  1. Windows тапсырмалар тақтасынан Бастау пәрменін, одан соң Басқару тақтасы түймешігін басыңыз.

  2. Басқару тақтасында Аймақтық және тілдік параметрлер түймешігін екі рет басыңыз..

    Аймақтық және тіл параметрлері тілқатысу терезесі шығады.

  3. Аймақтық параметрлер қойындысындағы Стандарттар мен Пішімдер астынан Теңшеу пәрменін нұқыңыз.

    Аймақтық параметрлерді теңшеу тілқатысу терезесі шығады.

  4. Өзгерткіңіз келетін параметрді қамтитын қойындыны нұқыңыз да, өзгертулер енгізіңіз. Мысалы, уақыт пішімінің бір бөлігін немесе толығымен өзгерту үшін Уақыт қойындысын нұқыңыз және қалаған параметрді өзгертіңіз. Параметрге байланысты көмек алу үшін Анықтама түймешігін басып (?), одан соң параметрді нұқыңыз.

Microsoft Windows XP жүйесінде (Санат көрінісі)

  1. Windows тапсырмалар тақтасынан Бастау пәрменін, одан соң Басқару тақтасы түймешігін басыңыз.

    Басқару тақтасы шығады.

  2. Мерзім, Уақыт, Тілдік және Аймақтық параметрлер түймешігін басыңыз.

    Мерзім, Уақыт, Тілдік және Аймақтық параметрлер тілқатысу терезесі шығады.

  3. Сандар, мерзімдер және уақыттар пішімін өзгерту пәрменін нұқыңыз.

    Аймақтық және тіл параметрлері тілқатысу терезесі шығады.

  4. Стандарттар мен Пішімдер астынан Теңшеу пәрменін нұқыңыз.

    Аймақтық параметрлерді теңшеу тілқатысу терезесі шығады.

  5. Өзгерткіңіз келетін параметрді қамтитын қойындыны нұқыңыз да, өзгерістеріңізді енгізіңіз. Мысалы, сан пішімінің бір бөлігін немесе толығымен өзгерту үшін Сандар қойындысын нұқып, қалаған параметріңізді өзгертіңіз. Параметрге байланысты көмек алу үшін Анықтама түймешігін басып (?), одан соң параметрді нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×