Күн-ай мәндері сақталатын өрісті кірістіру, жасау немесе жою

Күн-ай/Уақыт өрісін кестеге күн-ай мен уақыттарды сақтау қажет болған кезде қосасыз. Күн-ай мен уақыт деректерін туған күндері, жеткізу мен шот жіберу мәліметтері және жұмыс кәртішкелері сияқты әр-түрлі жеке және бизнес мақсаттарына қолдануыңызға болады. Бұл мақалада Күн-ай/Уақыт өрісті жаңа және қолданыстағы дерекқор кестелерге қосуға және одан жоюға Microsoft Office Access 2007 бағдарламасын қалай қолдану керек екені түсіндіріледі.

Ескерту : Бұл мақалада деректерді Күн-ай/Уақыт өрісіне қалай енгізу керек екені түсіндірілмейді. Күн-ай/Уақыт өрістерін қолдану жолдары туралы қосымша ақпарат алу үшін, Күн-ай немесе уақыт мәнін енгізу мақаласын қараңыз.

Бұл мақалада келесі талқыланады:

Күн-ай/Уақыт өрістерін түсіну

Күн-ай/Уақыт өрісін Деректер кестесі көрінісінде қосу

Күн-ай/Уақыт өрісін Құрастырушы көрінісінде қосу

Күн-ай/Уақыт өрісін өшіру

Күн-ай/Уақыт өрісі сипатының сілтемесі

Күн-ай/Уақыт өрістерін түсіну

Егер Office Access 2007 бағдарламасын енді үйренетін болсаңыз, дерекқордағы деректер бір не бірнеше кестеде сақталатыны есіңізде болсын. Мәліметтерді деректер кестесінде — Microsoft Office Excel 2007 жұмыс парағына  ұқсайтын тор— немесе деректер енгізу пішінінде не баяндамасында көруіңізге болады. Бірақ, ақырында деректер бір не бірнеше кестеге түседі. Кестеге келгенде, оның әрқайсысы өрістер (бағандар) жинағынан құралады және әр өріс деректердің бір түрін қабылдауға бекітіледі. Мысалы, күн-ай мен уақыттарды сақтау қажет болса, өрістің біреуін Күн-ай/Уақыт деректер түріне бекітесіз. Сөйтіп, бұл өріс мәндердің тек сол түрлерін қабылдайтын болады.

Күн-ай/Уақыт өрісінің толық сипаттамалары

Access бағдарламасын қолданған кезіңізде күн-ай мен уақыт мәндерін Еуропа пішімі (28.11.2006 немесе 28-11-2006), Оңтүстік Азия пішімі (28/11/2006) немесе А.Қ.Ш. пішімі (11/28/2006) сияқты кез келген пішім түрлерінде көруіңіз мүмкін.

Access бағдарламасы күн-ай мен уақыт деректерін қалай пішімдейтініне және күн-ай немесе уақыт деректерін қалай енгізетініңізге қарамастан Күн-ай/Уақыт өрістері күн-айлар мен уақыттарды қос-дәлдік ондық қалқымалы үтірі бар сандар ретінде сақтайды — тізбекті күн-айлар деп те аталатын жүйе. Келесі суретте әдеттегі тізбекті күн-ай мен уақыт мәндері көрсетілген.

Қос-дәлдік сан

Ондық бөлшек нүктесінің сол жағындағы мәннің бүтін сан бөлігі күн-айды білдіреді. Ондық бөлшек нүктесінің оң жағындағы бөлшек бөлігі уақытты білдіреді.

Бұл суреттегі сан 2003 жылғы 24 желтоқсан, кешкі сағат 9:00 дегенді білдіреді. Күн-ай компоненті бастапқы немесе «негізгі» күн-айдан (12/30/1899) өткен толық күндердің саны. Мысалы, бұл жағдайда 12/30/1899 күн-айынан 12/24/2003 күн-айына дейін 37 979 күн өтті. Уақыт компоненті 24-сағат күннің бөлшегі. Сонда, 0,875 мәнін 24 сағатқа көбейту 21 сағатқа тең болады, яғни кешкі сағат 9:00 болады.

Күн-ай компонентіндегі теріс мәндер негізгі күн-айға дейінгі күн-айларды білдіреді. Мысалы. күн-ай компоненті ретіндегі -1 мәні негізгі күн-айға дейін қалған бір күнді білдіреді, яғни 12/29/1899.

Дұрыс күн-ай мәндері -657434 (біздің жыл санауымыздағы 100 жылдың 1 қаңтары) мен 2,958,465 (біздің жыл санауымыздағы 9999 жылдың 31 желтоқсаны) аралығында болады. Дұрыс уақыт мәндері 0,0 мен 0,9999 немесе 23:59:59 аралығында болады.

Күн-ай мен уақыт мәндерді сандар ретінде сақтау күн-ай мен уақыт деректерін көптеген есептерде қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы, жұмыс істеген сағаттардың қорытынды санын (жұмыс кәртішкесі үшін) есептеуіңізге немесе шоттың жасын анықтауыңызға болады.

Күн-ай/Уақыт өрістерінің пішімдері

Күн-ай/Уақыт өрісіне қатысты екі кең пішімдеу түрін қолдануыңызға болады: деректер енгізу пішімдеуі және көрсету пішімдеуі. Деректер енгізу пішімдеуі қажет болған кезде енгізу бүркеншігін — пайдаланушылардың деректерді енгізу тәртібін қадағалайтын әріптік және толтырғыш таңбаларының жинағы — қолданасыз. Пайдаланушылар деректер кестелерінде, пішіндерде және баяндамаларда не көретінін бақылау үшін, көрсету пішімдерін қолданасыз. Access бағдарламасы көрсету пішіндерінің екі түрін қамтамасыз етеді: тізімнен таңдап алатын күні-бұрын белгіленген пішімдер жинағы және бейімделген пішім жасау қабілеті.

Күні-бұрын белгіленген және бейімделген пішімдерді қолдану жөнінде қосымша ақпарат алу үшін, Кестелердегі, пішіндердегі және баяндамалардағы деректерді пішімдеу мақаласын қараңыз.

Енгізу бүркеншіктері туралы ақпарат алу үшін, Өріс немесе басқару элементтерінің мәндерін белгілі бір пішімде енгізу үшін енгізу бүркеншігін жасау мақаласын қараңыз.

Күн-ай/Уақыт өрісін жасау тәсілдері

Office Access 2007 бағдарламасы Күн-ай/Уақыт өрісін жаңа немесе қолданыстағы кестеге бірнеше қосу жолдарын қамтамасыз етеді.

  • Деректер кестесі көрінісі    Деректер кестесі көрінісінде Күн-ай/Уақыт өрісін жаңа немесе қолданыстағы кестеге қосуыңызға болады. Ол үшін, жаңа өрісті қосып, күн-айды қолдап енгізесіз немесе күн-айды көшіру мен жабыстыру функциясы арқылы енгізесіз. Және де, деректер түрін ашылмалы тізімнен таңдап, пайдаланушылардан өріске күн-айды енгізуді талап ететін Is Required сияқты сипаттарын және өріске қайталанбайтын мәнді енгізуді талап ететін Is Unique сияқты сипаттарын қоюыңызға болады.

  • Құрастырушы көрінісі    Күн-ай/Уақыт өрісін қосып, сол өріске Деректер кестесі көрінісінде қойылмайтын сипаттарын, соның ішінде, енгізу бүркеншіктері мен әдепкі мәндерді қою үшін, Құрастырушы көрінісін қолданасыз.

Беттің жоғарғы жағы

Күн-ай/Уақыт өрісін Деректер кестесі көрінісінде қосу

Бұл бөлімдегі қадамдарда Деректер кестесінің көрінісіндегі қолданыстағы және жаңа кестеге Күн-ай/Уақыт өрісін қалай қосу керек екені түсіндіріледі. Егер Access бағдарламасын енді үйренгелі болсаңыз, деректер кестесі Office Excel 2007 жұмыс парағы ұқсас тор болып көрінеді.

Күн-ай/Уақыт өрісін қолданыстағы кестеге қосу

  1. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Ашутүймешігін нұқыңыз.

  2. Ашу тілқатысу терезесінде дерекқорды таңдап, ашыңыз.

  3. Шарлау аумағында өзгерткіңіз келетін кестені екі рет нұқыңыз.

    Access бағдарламасы кестені Деректер кестесі көрінісінде ашады.

  4. Қажет болса, көлденең жүгіртпе арқылы бірінші кездесетін бос өріске өтіңіз. Әдепкі түрінде, Access бағдарламасы жаңа өрістердің барлығының үстіңгі деректемесінде Жаңа өріс қосу дегенді көрсетеді, сондай-ақ:

    Деректер кестесіндегі жаңа өріс

  5. Үстіңгі деректеме қатарын екі рет нұқып, жаңа өрістің атын теріңіз.

  6. Үстіңгі деректеменің астында бірінші кездесетін бос қатарды таңдап, күн-айды теріңіз.

    -немесе-

    Бірінші қатарға күн-айды енгізіңіз.

    -немесе-

    Деректер кестесі қойындысында Деректер түрлері & Пішімдеу тобындағы Деректер түрі тізімінен Күн-ай/Уақыт дегенді таңдаңыз.

  7. Өзгерістеріңізді сақтау

Күн-ай/Уақыт өрісін жаңа кестеге қосу

  1. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Ашутүймешігін нұқыңыз.

  2. Ашу тілқатысу терезесінде дерекқорды таңдап, ашыңыз.

  3. жасау қойындысының Кестелер тобында Кесте түймешігін нұқыңыз.

    Access бағдарламасы жаңа кестені Деректер кестесінің көрінісінде ашады. Мына суретте жаңа кесте көрсетілген:

    Дерекқордағы жаңа, бос кесте

  4. Сақтау Түймешік суреті түймешігін нұқып, Басқаша сақтау тілқатысу терезесінде жаңа кестенің атын енгізіңіз.

  5. Бірінші кесте өрісіне қатысты үстіңгі деректеме қатарын (Жаңа өріс қосу деп белгіленген) екі рет нұқып, өрістің атын теріңіз.

  6. Үстіңгі деректеменің астында бірінші кездесетін бос қатарды таңдап, күн-айды теріңіз. Access бағдарламасы күн-айды енгізген кезіңізде Күн-ай/Уақыт деректер түрін автоматты түрде шығарады.

    -немесе-

    Бірінші қатарға күн-айды енгізіңіз.

    -немесе-

    Деректер кестесі қойындысында Деректер түрі & Пішімдеу тобындағы Деректер түрі тізімінен Күн-ай/Уақыт дегенді таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Күн-ай/Уақыт өрісін Құрастырушы көрінісінде қосу

Күн-ай/Уақыт өрісін жаңа немесе қолданыстағы кестеге қосып, сол өрістің Деректер кестесінің көрінісінде қойылмайтын не өзгертілмейтін сипаттарын қою немесе өзгерту үшін, Құрастырушы көрінісін қолданасыз. Мысалы, енгізу бүркеншігін немесе тексеру ережесін белгілеуіңізге болады. Енгізу бүркеншіктері және басқа сипаттары жөнінде қосымша ақпарат алу үшін, Күн-ай/Уақыт өрісі сипатының сілтемесі бөлімін қараңыз.

Күн-ай/Уақыт өрісін қолданыстағы кестеге қосу

  1. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Ашутүймешігін нұқыңыз.

  2. Ашу тілқатысу терезесінде дерекқорды таңдап, ашыңыз.

  3. Шарлау аумағында өзгерткіңіз келетін кестені тінтуірдің оң түймешігімен нұқып, Құрастырушы көрінісі Түймешік суреті түймешігін нұқыңыз.

  4. Өріс аты бағанасында бірінші кездесетін бос қатарды таңдап, өрістің атын теріңіз.

  5. Деректер түрі бағанында көрші ұяшықты таңдап, тізімнен Күн-ай/Уақыт дегенді таңдаңыз.

  6. Өзгерістеріңізді сақтау

Күн-ай/Уақыт өрісін жаңа кестеге қосу

  1. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Ашутүймешігін нұқыңыз.

  2. Ашу тілқатысу терезесінде дерекқорды таңдап, ашыңыз.

  3. жасау қойындысының Кестелер тобында Кесте түймешігін нұқыңыз.

  4. Сақтау Түймешік суреті түймешігін нұқып, Басқаша сақтау тілқатысу терезесінде жаңа кестенің атын енгізіңіз.

  5. Жаңа кестеге қатысты құжаттың қойындысын тінтуірдің оң түймешігімен нұқып, Құрастырушы көрінісі дегенді таңдаңыз.

  6. Өріс аты бағанасында бірінші кездесетін бос қатарды таңдап, өрістің атын теріңіз.

  7. Деректер түрі бағанында көрші ұяшықты таңдап, тізімнен Күн-ай/Уақыт дегенді таңдаңыз.

  8. Өзгерістеріңізді сақтаңыз. Егер өрістің сипаттарын қойғыңыз келсе, онда кестені Құрастырушы көрінісінде ашық қалдырып, келесі қадамдарға көшіңіз.

Өріс сипаттарын қою немесе өзгерту

  1. Кесте құрастырушының төменгі бөлігінде орналасқан Жалпы қойындысындағы Өріс сипаттары тармағында өзгерткіңіз келетін сипатты тауып алыңыз.

  2. Сипат атының қасындағы өрісті таңдаңыз. Сипатқа байланысты келесі әрекеттердің біреуін орындауыңызға болады:

    • Әдепкі мәтін немесе енгізу бүркеншігі тәрізді деректерді енгізіңіз.

    • Өрнек құрастырушысын немесе Енгізу бүркеншігі шеберін ашыңыз.

    • Сипат жолағының қасындағы Builder button түймешікті нұқу арқылы Смарт-тегтер тілқатысу терезесін шығарыңыз.

    • Тізімнен бір параметрді таңдаңыз.

      Әр өріс сипатын қалай қолдану керек екені жөнінде ақпарат алу үшін, сипатты таңдап, F1 пернесін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Күн-ай/Уақыт өрісін өшіру

Деректер кестесі көрінісін немесе Құрастырушы көрінісін қолдану арқылы кестеден Күн-ай/Уақыт өрісін өшіріп тастауыңызға болады. Алайда, деректері бар Күн-ай/Уақыт өрісін өшірген кезіңізде, сол деректерді мәңгі-бақи жоғалтасыз — жою нәтижелерін болдырмауға болмайды. Сол себептен, қандай-да бір кесте өрістерін немесе басқа дерекқор компоненттерін жою алдында дерекқорыңыздың көшірмесін сақтап қойғаныңыз жөн болады.

Күн-ай/Уақыт өрісін Деректер кестесінің көрінісінде өшіру

  1. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Ашутүймешігін нұқыңыз.

  2. Ашу тілқатысу терезесінде дерекқорды таңдап, ашыңыз.

  3. Шарлау аумағында өзгерткіңіз келетін кестені екі рет нұқыңыз.

    Access бағдарламасы кестені Деректер кестесінің көрінісінде ашады.

  4. Күн-ай/Уақыт өрісін тауып алып, үстіңгі деректеме қатарын (атын) тінтуірдің оң түймешігімен нұқыңыз. Содан соң, Бағанды өшіру түймешігін нұқыңыз.

  5. Иә түймешігін нұқып, жоюды мақұлдаңыз.

Күн-ай/Уақыт өрісін Құрастырушы көрінісінде жою

  1. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Ашутүймешігін нұқыңыз.

  2. Ашу тілқатысу терезесінде дерекқорды таңдап, ашыңыз.

  3. Шарлау аумағында өзгерткіңіз келетін кестені тінтуірдің оң түймешігімен нұқып, Құрастырушы көрінісі Түймешік суреті түймешігін нұқыңыз.

    Access бағдарламасы кестені Құрастырушы көрінісінде ашады.

  4. Күн-ай/Уақыт өрісінің қасындағы қатар таңдауышын (бос алаң) нұқып, DELETE пернесін басыңыз.

    -немесе-

    Қатар таңдауышын тінтуірдің оң түймешігімен нұқып, Қатарларды өшіру түймешігін нұқыңыз.

  5. Иә нұқып, жоюды мақұлдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Күн-ай/Уақыт өрісі сипатының сілтемесі

Күн-ай/Уақыт өрісін кестеге қосу үшін Құрастырушы көрінісін қолданған кезіңізде, сол өрістің бірталай сипаттарын қоюыңызға және өзгертуіңізге болады. Мына кестеде Күн-ай/Уақыт өрісінің сипаттары тізімделіп, әр-қайсысы не атқаратыны, соның ішінде сипаттарды қою немесе өзгерту салдары түсіндірілген.

Сипат

Қолданылуы

Пішім

Бейнелеу пішімін белгілеу үшін, бейімделген пішімдеу таңбаларын енгізесіз. Осы жерде белгіленген пішімдер деректер кестелерінде, пішіндерде және баяндамаларда шығады. Бейімделген пішімдер жөнінде қосымша ақпарат алу үшін, Кестелердегі, пішіндердегі және баяндамалардағы деректерді пішімдеу мақаласын қараңыз.

Енгізу бүркеншігі

Сіз енгізу бүркеншігі жолын енгізесіз немесе Builder button түймешігін нұқу арқылы Енгізу бүркеншігі шеберін ашасыз.

Енгізу бүркеншіктерін жасау мен қолдану жөнінде қосымша ақпарат алу үшін, өріс немесе басқару элементі мәндерін белгілі бір пішімде енгізу үшін енгізу бүркеншігін жасау және Кестелердегі, пішіндердегі және баяндамалардағы деректерді пішімдеу мақалаларын қараңыз.

Тақырып

Күн-ай/Уақыт өрісінің атын белгілеңіз. Егер тақырыпты белгілемесеңіз, Access бағдарламасы әдепкі өріс атын қолданады.

Әдепкі мән

Жаңа жазба жасау кезіңізде өрісте автоматты түрде көрсетілетін мәнді белгілейді. Мысалы, бүгінгі күн-айды автоматты түрде көрсететін Date() сияқты функцияны енгізуіңізге болады.

Тексеру ережесі

Бүкіл жазбаға, жеке өріске немесе пішіндегі не баяндамадағы басқару элементіне енгізілетін деректерге қойылатын талаптарды белгілейді. Пайдаланушы ережеге қайшы келетін деректерді енгізсе, Тексеру мәтіні сипатын қолдану арқылы нәтижеде шығатын қателік туралы хабарды белгілеуіңізге болады. Максималды ұзындығы: 2 048 таңба.

Тексеру ережелерін жасау жөнінде қосымша ақпарат алу үшін, Өрістегі деректерді тексеру үшін тексеру ережесін жасау мақаласын қараңыз.

Тексеру мәтіні

Пайдаланушы тексеру ережесін бұзған кезде шығатын қателік туралы хабарындағы мәтінді белгілейді. Максималды ұзындығы: 255 таңба.

Тексеру ережелерін жасау жөнінде қосымша ақпарат алу үшін, Өрістегі деректерді тексеру үшін тексеру ережесін жасау мақаласын қараңыз.

Қажет

Бұл сипат Иә параметріне орнатылған болса, өріске бекітілген кез келген басқару элементінде немесе өрісте бір мәнді енгізуіңіз керек. Оның үстіне, ол мән null (нөл) болмауы керек.

Индекстелген

Көп мөлшерді деректерге көзделген сұраныс, реттеу және топтау әрекеттерін жеделдету үшін, индексті қолданасыз. Таңдаулар:

  • Жоқ     Индекстеуді ажырату үшін (әдепкі күйі).

  • Иә (OK дегенді қайталайды)     Өрісті индекстеу және қос мәндерге рұқсат ету үшін. Мысалы, сізде қос есім мен фамилия болуы мүмкін.

  • Иә (Қайталанбайды)    Өрісті индекстеу және қос мәндерге рұқсат бермеу үшін.

IME режимі

Енгізу әдісінің өңдегішін, яғни, Access бағдарламасының ағылшын нұсқаларын жапон не корея нұсқаларында жасалған файлдарымен қолдануға арналған құралды белгілеу үшін. Әдепкі мән: Басқару элементі жоқ. Осы сипатты қолдану туралы қосымша ақпарат алу үшін, F1 пернесін басыңыз.

IME сөйлем режимі

Енгізу әдісінің өңдегішін қолдану арқылы енгізуіңізге болатын деректердің түрін белгілейді. Осы сипатты қолдану жөнінде қосымша ақпарат алу үшін, F1 пернесін басыңыз.

Смарт-тегтер

Өріске бір не бірнеше смарт-тегті және өріске бекітілген кез келген басқару элементін белгілейсіз. Смарт-тегтер дегеніміз өрістегі деректердің түрін танитын және сол түрлеріне байланысты әрекет жасауға мүмкіндік беретін компоненттер болады. Мысалы, Күн-ай/Уақыт өрісін таңдап, смарт-тегті қолдану арқылы жеке күнтізбегіңізді аша аласыз.

Қолданыстағы смарт-тегтер тізімін көру үшін сипат жолағының қасындағы Builder button түймешігін нұқыңыз.

Мәтінді туралау

Күн-ай/Уақыт өрісіндегі деректерін туралауды белгілеу үшін. Таңдаулар:

  • Жалпы     Мәтінді сол жағына, ал сандар мен күн-айларды оң жағына туралау үшін.

  • Сол жағына     Барлық мәтіндерді, күн-айларды және сандарды сол жағына туралау үшін.

  • Оң жағына     Барлық мәтіндерді, күн-айларды және сандарды оң жағына туралау үшін.

  • Орта     Барлық мәтіндерді, күн-айларды және сандарды ортаға туралау үшін.

  • Үлестіру     Барлық мәтіндерді, күн-айларды және сандарды өрістің немесе мәтін жолағының екі жағына біркелкі туралау үшін.

Күн-ай таңдауышын көрсету

Пайдаланушылар Күн-ай/Уақыт өрістерін нұқыған кезде шығатын қалқымалы күнтізбек басқару элементін көрсету немесе жасыру үшін. Әдепкі күйі: Күн-айларға. Басқару элементін жасыру үшін, Ешқашан дегенді таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×