Күн-айына күндер қосу

Microsoft Office InfoPath 2007 бағдарламасында формула пайдаланып, пішін үлгісінде орналасқан басқару элементіндегі күн-aйына автоматты түрде бірнеше күн қосуға болады.

Бұл мақала күнҚосу және бүгін функцияларын пайдаланып, күн-aйына бірнеше күн қосып, нәтижелерді пішіндегі басқару элементінде көрсету жолын түсіндіреді.

Бұл мақала келесі тақырыптарды қамтиды:

Өрнек не?

1-қадам: Ағымдағы күн-aйын әдепкіде көрсететін күн-айын белгілейтін басқару элементін кірістіру

2-қадам: Ішінде күнҚосу өрнегі бар мәтін ұясын кірістіру

3-қадам: Мәтін ұясында күн-aйын көрсету жолын өзгерту

Өрнек не?

Формула басқа мәндерді есептеуге және бейнелеуге пайдаланылатын мәндерден, жолақтардан немесе топтардан, функциялар мен амалдағыштардан жасалған XPath өрнегі болып табылады. Формулаларды төмендегі тапсырмаларды орындау үшін пайдалануға болады:

  • Пішін үлгіңізге негізделген пішіндерді толтырғанда, пайдаланушылар басқару элементтеріне енгізетін пішін үлгісін немесе мәндерді жасақтағанда анықтайтын мәндеріңізден математикалық мәндерді есептеңіз..

  • Белгілі бір мерзім мен уақытты бейнелеңіз.

  • Пайдаланушылар басқа басқару элементіндегі бір басқару элементіне енгізетін мәндерді бейнелеңіз.

  • Жолақтың немесе басқару элементінің әдепкі мәнін орнатыңыз.

  • Формула арқылы есептелген мәнге қарай ережені іске қосыңыз.

Формулада пайдаланылатын әрбір XPath өрнегі бір мәнді есептейтін мәндердің, функциялар мен амалдағыштардың тіркесімі болып табылады. Формуланың құрамында бірнеше өрнек болады. Сіз бір не одан көп сөз тіркестерінен жасалған сөйлем ретіндегі формула туралы ойлай аласыз, ондағы әрбір сөз тіркесі формуладағы бір өрнекті білдіреді.

Төмендегі түсіндірме формула мен өрнек арасындағы байланысты көрсетеді.

Формулалар мен өрнектердің арасындағы байланысты көрсететін диаграмма

Функция есептеу нәтижелеріне негізделген мәнге қайтаратын өрнек болып табылады. Функцияларда пайдаланылатын мәндер дәлелдер деп аталады. Сіз InfoPath құрамындағы стандартты XPath 1.0 функцияларын және кейбір InfoPath ерекше функцияларын пайдалана аласыз. Қосымша ақпарат бөліміндегі InfoPath функциялары туралы толық ақпаратқа сілтемелерді табыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

1-қадам: Ағымдағы күн-aйын әдепкіде көрсететін күн-айын белгілейтін басқару элементін кірістіру

Күн-айын белгілейтін басқару элементі әдейі күн-айдарын сақтау үшін жасақталған. Басқару элементіне пайдаланушы тарапынан енгізілген күн-айына бірнеше күн қосу үшін әуелі пішін үлгісіне міндетті түрде күн-айын белгілейтін басқару элементін қосу керек. Одан кейін бүгін функциясын пайдаланып, осы басқару элементінде ағымдағы күн-aйын әдепкіде көрсететін өрнек жасауға болады.

  1. Пішін үлгісі ішінде күн-айын белгілейтін басқару элементінің орналасу жерін таңдап, осы жерге нұқыңыз.

  2. Егер Басқару элементтері тапсырмалар тақтасы көрінбесе, Кірістіру мәзіріндегі Қосымша басқару элементтері түймешігін нұқыңыз немесе ALT+I, C пернелерін басыңыз.

  3. Басқару элементтері тапсырмалар аймағын ашып, Басқару элементтерін кірістіру астында Күн-айын белгілейтін басқару элементі дегенін таңдаңыз.

  4. Пішін үлгісінде қазір ғана кірістірілген күн-айын белгілейтін басқару элементінің алдында Бугінгі күн сөзін енгізіңіз.

  5. Қазір ғана кірістірілген күн-айын белгілейтін басқару элементін екі рет нұқыңыз.

  6. Деректер қойындысын нұқыңыз.

  7. Өріс атауы жақтауында өріс үшін атау енгізіңіз.

    Кеңес : Өрістің мазмұнын сипаттайтын атауды пайдалану дұрыс болады. Сипаттайтын атау Сізге немесе пішін үлгісін өзгертіп отырған кісіге оны түсінуге жәрдем береді. Мәселен, күнйБугін деген атау енгізуге болады.

  8. Қолдану түймешігін басыңыз.

  9. Формуланы кірістіру Түймешік суреті түймешігін нұқыңыз.

  10. Өрнек кірістіру тілқатысу терезесінде Функция кірістіру түймешігін басыңыз.

  11. Функция кірістіру тілқатысу терезесі ашылған соң, Санаттар астында Күн-айы мен уақыт дегенін таңдаңыз, ал одан кейін Функциялар астында бүгін дегенін таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

2-қадам: Ішінде күнҚосу өрнегі бар мәтін ұясын кірістіру

Күн-айын белгілейтін басқару элементін қосқан соң және бүгін функциясын пайдаланатын өрнекті жасаған соң, пішін үлгісіне мәтін ұясын қосып, күнҚосу функциясын пайдаланатын өрнекті жасауға болады.

  1. Пішін үлгісі ішінде мәтін ұясының орналасу жерін таңдап, осы жерге нұқыңыз.

  2. Егер Басқару элементтері тапсырмалар тақтасы көрінбесе, Кірістіру мәзіріндегі Қосымша басқару элементтері түймешігін нұқыңыз немесе ALT+I, C пернелерін басыңыз.

  3. Басқару элементтері тапсырмалар аймағында, Басқару элементтерін кірістіру астында Мәтін ұясы дегенін таңдаңыз.

  4. Пішін үлгісінде қазір ғана кірістірілген мәтін ұясынының алдында Бугінгі күн сөзін енгізіңіз.

  5. Қазір ғана кірістірілген мәтін ұясын екі рет нұқыңыз.

  6. Деректер қойындысын нұқыңыз.

  7. Өріс атауы жақтауында өріс үшін атау енгізіңіз де Қолдану түймешігін басыңыз.

    Кеңес : Өрістің мазмұнын сипаттайтын атауды пайдалану дұрыс болады. Сипаттайтын атау Сізге немесе пішін үлгісін өзгертіп отырған кісіге оны түсінуге жәрдем береді. Мәселен, мтн30КүнҚосу деген атау енгізуге болады.

  8. Формуланы кірістіру Түймешік суреті түймешігін нұқыңыз.

  9. Өрнек кірістіру тілқатысу терезесінде Функция кірістіру түймешігін басыңыз.

  10. Функция кірістіру тілқатысу терезесі ашылған соң, Санаттар астында Күн-айы мен уақыт дегенін таңдаңыз, ал одан кейін Функциялар астында күнҚосу дегенін таңдаңыз.

  11. OK түймешігін басыңыз.

  12. Өрнек жақтауында өріс енгізу үшін екі рет нұқыңыз деген жазбалардың біріншісін екі рет нұқыңыз.

  13. Өріс немесе топ таңдау тілқатысу терезесінде күнйБугін дегенін таңдаңыз да OK түймешігін басыңыз.

  14. Өріс енгізу үшін екі рет нұқыңыз деген жазбалардың екіншісін екі рет нұқыңыз, DELETE пернесін басыңыз, ал одан кейін ағымдағы күн-айға қосқыңыз келетін күндер санын енгізіңіз. Мәселен, егер бүгінгі күн-айға 30 күн қосқыңыз келсе, 30 санын енгізесіз.

  15. Өрнектің дұрыс енгізілгенін тексеру үшін Өрнек тексеру түймешігін басыңыз.

    Өрнегім ішінде қателер бар

    Microsoft Office InfoPath тілқатысу терезесінде Егжей-тегжейлі мәлімет түймешігін басып, өрнектегі қателерді көріңіз. Төменде осы қателерді шешу үшін бірнеше ұсыныстар берілген:

    • Егер өрнек ішінде функция пайдаланылса, функция үшін дұрыс аргументтер берілгенін тексеріңіз. Кейбір функциялар үшін өрістер немесе топтар қажет, ал басқа функциялар үшін аргументтер ретінде белгіленген мәндер қажет. Функциялар туралы көбірек ақпарат алу үшін Қосымша ақпарат бөліміне қарап, сілтемелер іздеп табыңыз.

    • Өрнек дұрыс енгізілгенін тексеру үшін оны жойып, қайта теріңіз.

Беттің жоғарғы жағы

3-қадам: Мәтін ұясында күн-aйын көрсету жолын өзгерту

Мәтін ұясын қосып, жаңа күн-айын көрсету үшін өрнек жаратқан соң, мәтін ұясында күн-айының бейнелеу жолын пішімдеуіңіз мүмкін.

  1. Пішін үлгісінде мәтін ұясын екі рет нұқыңыз.

  2. Деректер қойындысын нұқыңыз.

  3. Деректер түрі тізімінен Күн-ай (күн-ай) дегенін таңдаңыз да Пішімдеу түймешігін басыңыз.

  4. Деректерді осындай көрсету тізімінен қалаған бейнелеу мәнерін таңдаңыз.

    Ескерту : Жұлдызшалары бар бейнелеу мәнерлері пайдаланушының жүйелік параметрлеріне қарай жаңартылады.

  5. Өзгертулеріңізді тексеру үішн Стандарт құралдар тақтасындағы Алдын ала қарап алу түймешігін нұқыңыз немесе CTRL+SHIFT+B пернелерін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×