Кітапхана үшін мазмұнды мақұлдауды басқару жұмыс үрдісін пайдалану

Мазмұнының мақұлдануы міндетті болып табылатын және негізгі және қосымша нұсқа нөмірінің қадағалануы қосылған кітапханаларды мазмұнды мақұлдауды басқару жұмыс үрдісін (модерация деп те аталады) пайдалануыңызға болады. Сіз мазмұнды басқару үдерісін басқару жұмыс үрдісін пайдаланған кезде, құжаттың қосымша нұсқа нөмірі жұмыс үрдісі арқылы мақұлданғанша немесе қабылданбай кері қайтарылғанша кезектегі күйде қалады. Егер қосымша нұсқа нөмірі жұмыс үрдісі арқылы мақұлданса, оның күйі Кезектегі күйінен Мақұлданған күйіне жаңарады және ол негізгі нұсқа нөмірі ретінде жарияланып, кітапхананы көруге рұқсаты бар кісілердің барлығына көрсетіледі. Егер қосымша нұсқа нөмірі жұмыс үрдісі арқылы қабылданбаса, оның күйі Кезектегі күйінен Қабылданбаған күйіне жаңарады және ол кітапханадағы қосымша нұсқа нөмірлерін көруге рұқсаты бар кісілерге ғана көрінетін қосымша нұсқа нөмірі болып қалады. Мазмұнды мақұлдау жұмыс үрдісі бір қосымша нұсқа нөмірін негізгі нұсқа нөмірі ретінде қайтарғанда немесе автор құжаттың Негізгі нұсқа нөмірін жариялау пәрменін таңдағанда автоматты түрде басталады. Сонымен қатар, нақты рұқсаттары бар пайдаланушылардың мазмұнды мақұлдау жұмыс үрдісін қолмен бастауына да мүмкіндік беруіңізге болады.

Мазмұнды мақұлдау мен нұсқаларды қадағалау туралы қосымша ақпаратқа сілтемелерді Қосымша ақпарат бөлімінен табасыз.

Келесі бөлімдерде кітапхананың мазмұнын мақұлдауды басқару жұмыс үрдісін жасау қадамдары түсіндіріледі.

Осы мақалада

1-қадам: Кітапхананың мазмұнын мақұлдауды қосу және жоба элемент қауіпсіздігін анықтау

2-қадам: Кітапхананың негізгі және қосымша нұсқа нөмірлерін қадағалауды қосу

3-қадам: Кітапхана үшін мазмұнды мақұлдауды басқару жұмыс үрдісін жасау

Беттің жоғарғы жағы

1-қадам: Кітапхананың мазмұнын мақұлдауды қосу және жоба элемент қауіпсіздігін анықтау

Сіз бір кітапхана жасаған кезде, кітапханаға сақталған құжаттарға енгізілетін өзгерістердің мақұлдануын талап етуіңізге болады.

Кітапхана үшін мазмұнды мақұлдау талап етілгенде, өзгертілген құжат оны мақұлдауға рұқсаты бар бір кісі тарапынан мақұлданғанға немесе қабылданбай кері қайтарылғанға дейін керектегі күйде қалады. Егер файл мақұлданса, оған кітапханада Мақұлданған күйі беріледі және ол кітапхананы көруге рұқсаты бар кез келген кісіге көрсетіледі. Егер файл қабылданбаса, оның күйі Қабылданбаған күйіне жаңартылады және тек құжат авторы мен тізімдерді басқаруға рұқсаты бар кісілерге көрінетін күйінде қалады.

Әдепкіде, кезекте тұрған құжат тек автор мен тізімдерді басқаруға рұқсаты бар кісілерге көрінеді, бірақ құжатты басқа пайдаланушылар тобының көруін де анықтауыңызға болады.

  1. Кітапхана ашылмаған болса, Жедел іске қосу ішіндегі атауын нұқыңыз

    Сіздің кітапханаңыздың атауы шығарылмаса, Тораптың толық мазмұнын көру түймешігін нұқып, одан кейін кітапханаңыздың атауын нұқыңыз.

  2. Жалпы параметрлертізімінен Нұсқаларды қадағалау параметрлері тармағын таңдаңыз.

  3. Мазмұнды мақұлдау бөліміндегі Жіберілген элементтердің мазмұнының мақұлдануын талап ету керек пе?тізімінен Иә тармағын таңдаңыз.

  4. Жоба элемент қауіпсіздігі бөліміндегі Осы құжат кітапханасындағы жоба элементтерді кім көруге тиіс?тізімінен Тек элементтерді мақұлдай алатын пайдаланушылар (мен элементтің авторы) тармағын таңдаңыз.

    Ескерту : Егер кітапхананың нұсқаларды қадағалау параметрлерін бұрын жаңартпаған болсаңыз, мазмұнның мақұлдануын таңдаған кезде бұл параметр автоматты түрде таңдалады.

  5. Жарайды түймешігін нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

2-қадам: Кітапхананың негізгі және қосымша нұсқа нөмірлерін қадағалауды қосу

Сонымен қатар, мазмұнды мақұлдауды басқару жұмыс үрдісін пайдалану үшін негізгі және қосымша нұсқаларды қадағалауды қосуыңыз керек.

  1. Кітапхана ашылмаған болса, Жедел іске қосу ішіндегі атауын нұқыңыз

    Сіздің кітапханаңыздың атауы шығарылмаса, Тораптың толық мазмұнын көру түймешігін нұқып, одан кейін кітапханаңыздың атауын нұқыңыз.

  2. Жалпы параметрлертізімінен Нұсқаларды қадағалау параметрлері тармағын таңдаңыз.

  3. Құжат нұсқасының жұрналы бөліміндегі Негізгі және қосымша (жоба) нұсқаларын жасау пәрменін таңдаңыз.

  4. Жарайды түймешігін нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

3-қадам: Кітапхана үшін мазмұнды мақұлдауды басқару жұмыс үрдісін жасау

Windows SharePoint Services 3.0 тораптарының ішіне мазмұнды мақұлдауды басқару үшін пайдаланылатын қандай да бір алдын ала анықталған жұмыс үрдістері кірмейді. Егер бір кітапхананың ішіндегі мазмұнды мақұлдауды басқару жұмыс үрдістерін пайдаланғыңыз келсе, ұйымыңыз мазмұнды мақұлдау жұмыс ұрдісі ретінде арнайы жасақталған бір пайдалоанушы жұмыс үрдісін әзірлеп, қолдануға тиіс.

Сіз бір кітапханадағы мазмұнды мақұлдауды басқару жұмыс үрдісін пайдаланған кезде, мазмұнды мақұлдау жұмыс үрдісі пайдаланушы бір құжатты негізгі нұсқа нөмірі ретінде қайтарғанда немесе Негізгі нұсқа нөмірін жариялау пәрменін таңдағанда басталады. Жұмыс үрдісі жүріп жатқанымен, құжат Кезектегі күйімен қосымша нұсқа болып қала береді. Егер құжат мазмұнды мақұлдау жұмыс үрдісі арқылы мақұлданса, оның күйі Мақұлданғанкүйіне жаңарады және құжат негізгі нұсқа нөмірі ретінде жарияланып, кітапханадағы құжаттарды көруге рұқсаты бар кісілердің барлығына көрінеді. Егер құжат мазмұнды қабылдау жұмыс үрдісі арқылы қабылданбаса, оның күйі Қабылданбаған күйіне жаңартылады және тек құжат авторы мен тізімдерді басқаруға рұқсаты бар пайдаланушыларға көрінетін болып қалады.

Ескерту : Авторлар құжаттарды негізгі нұсқа нөмірлері ретінде қайтарғанда немесе олар Негізгі нұсқа нөмірін жариялау пәрменін таңдағанда автоматты түрде басталатын кітапханада тек бір тағайындалған мазмұнды мақұлдау жұмыс үрдісі болуы мүмкін.

  1. Жұмыс үрдісі қосылатын кітапхананы ашыңыз

    Параметрлер мәзірінде Settings menu ашып отырған кітапхананың параметрлерін нұқыңыз.

    Мысалы, құжаттар кітапханасында Құжаттар кітапханасының параметрлері түймешігін нұқыңыз.

  2. Рұқсаттар және басқару тармағының астында Жұмыс барысының параметрлері түймешігін нұқыңыз.

    Ескертулер : 

    • Жұмыс үрдісі параметрлері пәрмені тек торап жиынының жұмыс үрдістері белсендірілген жағдайда пайда болады.

    • Егер жұмыс үрдістері бұл кітапханаға қосылып қойған болса, бұл қадам сізді жұмыс үрдісі параметрлерін өзгерту бетіне тікелей алып барады және сізге Жұмыс үрдісін қосу пәрменін басып жұмыс үрдісін қосу бетіне өту қажет болады. Егер бұл тізімге, кітапханаға немесе мазмұн түріне ешқандай жұмыс үрдісі қосылмаған болса, бұл қадам сізді жұмыс үрдісін қосу бетіне тікелей алып барады.

  3. Жұмыс үрдісін қосу бетіндегі Жұмыс үрдісі бөлімінен мазмұнды мақұлдауды басқару үшін пайдаланылатын жұмыс үрдісі үлгісін таңдаңыз.

  4. Атауы бөліміне жұмыс үрдісі үшін бір бірегей атауды теріңіз.

  5. Тапсырмалар тізімі бөлімінде осы жұмыс үрдісімен бірге пайдаланылатын тапсырмалар тізімін көрсетіңіз.

    Ескертулер : 

    • Сіз әдепкі Тапсырмалар тізімін пайдалануыңызға немесе жаңа біреуін жасап алуыңызға болады. Егер әдепкі Тапсырмалар тізімін пайдалансаңыз, жұмыс үрдісіне қатысушылар өздерінің жұмыс үрдістерін Тапсырмалар тізімінің Тапсырмаларым көрінісі арқылы көріп, оңай таба алатын болады.

    • Осы жұмыс үрдісінің тапсырмалары жалпы Тапсырмалар тізімінен бөлек сақтағыңыз келетін маңызды немесе құпия деректерді ашатын болған жағдайда жаңа тапсырмалар тізімін жасаңыз.

    • Ұйымыңызда көп жұмыс үрдістері болса немесе жұмыс үрдістерінің ішіне көп тапсырмалар кірсе, жаңа тапсырмалар тізімін жасаңыз. Мұндай жағдайда, қалауыңыз бойынша тапсырмалар тізімін әрбір жұмыс үрдісі үшін жасауыңызға болады.

  6. Жұрнал тізімі бөлімінен осы жұмыс үрдісімен бірге пайдаланылатын жұрнал тізімін таңдаңыз. Жұрнал тізімінде әрбір жұмыс үрдісі кезінде орын алатын барлық оқиғалар көрсетіледі.

    Ескерту : Сіз әдепкі Жұрнал тізімін пайдалануыңызға немесе жаңа біреуін жасап алуыңызға болады. Егер ұйымыңызда көп жұмыс үрдістері болса, қалауыңыз бойынша әрбір жұмыс үрдісі үшін бөлек бір жұрнал тізімін жасауыңызға болады.

  7. Бастау параметрлері бөліміндегі Осы жұмыс үрдісін элементтің негізгі нұсқасының жариялануын мақұлдау үшін бастау құсбелгісін қойыңыз.

    Ескерту : Бұл параметрді тек кітапхананың негізгі және қосымша нұсқаларды қадағалау параметрлерінің қолдауы қосылған жағдайда және таңдалған жұмыс үрдісі үлгісін мазмұнды мақұлдау үшін пайдалану мүмкін болған жағдайда қолдануға болады.

  8. Егер жұмыс үрдісінің қолмен басталуына мүмкіндік бергіңіз келсе, Бұл жұмыс үрдісінің элементтерді өңдеуге рұқсаты бар расталған пайдаланушы тарапынан қолмен басталуына мүмкіндік беру құсбелгісін қойыңыз. Егер жұмыс үрдісін бастау үшін қосымша рұқсаттар талап еткіңіз келсе, Жұмыс үрдісін бастау үшін тізімдерді басқару рұқсаттарын талап ету құсбелгісін қойыңыз.

  9. Егер жұмыс үрдісінде қосымша теңшеу параметрлері болса, Келесітүймешігін басып, содан кейін жұмыс үрдісінің теңшеу бетінде керекті параметрлерді анықтаңыз.

  10. Егер жұмыс үрдісінде қосымша теңшеу параметрлері болмаса, Жарайды түймешігін басыңыз.

    Ескертулер : 

    • Мазмұнды мақұлдау жұмыс үрдісі автор бір жоба жазбаны негізгі нұсқа нөмірі ретінде қайтарғанда немесе автор құжаттың Негізгі нұсқа нөмірін жариялау пәрменін таңдағанда автоматты түрде басталады.

    • Құжатты тікелей мақұлдауға рұқсаты бар кісілер оны сол құжаттың сипаттарын тікелей кітапхананың ішінде өңдеу арқылы жүзеге асыра алады. Егер бір құжат осындай жолмен мақұлданған немесе қабылданбаған болса, жұмыс үрдісі автоматты түрде аяқталады.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×