Кітапхана файлының, тізімнің немесе тізім элементінің сілтемесін электрондық поштамен жіберу немесе көшіру

Кітапхана файлдары, тізімдер немесе тізім элементтерімен жұмыс істегенде, олар үшін сілтеме (немесе URL мекенжайын) пайдалану керек болуы мүмкін. Мысалы, әріптесіңіз тез арада оқу үшін кітапхана құжатына сілтеме жіберуді сұрауы, өзіңізге пайдалы ақпараты бар тізім элементіне сілтемені сақтау немесе бетті өңдеу кезінде мәтін жолағына URL мекенжайын енгізуіңіз керек болуы мүмкін.

Электрондық пошта арқылы байланысу кезінде, электрондық пошта тіркемесінің орнына файлдың сілтемесін пайдалану анағұрлым тиімдірек болып табылады. Бұл тек файлдың ең жаңа нұсқасына қол жеткізу мүмкіндігін беріп қана қоймай, желі бойынша деректер алмасуды және поштаның сақтау кеңістігін азайтады.

Не істегіңіз келеді?

Кітапхана файлының немесе тізімнің сілтемесін электрондық поштамен жіберу

Кітапхана файлының немесе тізім элементінің сілтемесін көшіру

Кітапхана файлының немесе тізімнің сілтемесін электрондық поштамен жіберу

  1. Сілтемесін электрондық поштамен жіберу керек кітапхана немесе тізімі бар торапқа өтіңіз.

  2. Жедел іске қосу аймағында кітапхананың немесе тізімнің атауын нұқыңыз немесе Торап әрекеттері, Тораптың бүкіл мазмұнын қарау пәрменін таңдаңыз, одан кейін тиісті кітапхана немесе тізім бөлімінде тізімнің немесе кітапхананың атауын нұқыңыз.

  3. Ескерту :  Тораптың сыртқы көрінісі мен шарлау элементтері едәуір өзгеруі мүмкін. Егер пәрмен, түймешік және сілтеме сияқты параметрді таба алмасаңыз, әкімшімен хабарласыңыз.

  4. Төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Кітапхана үшін келесі қадамдарды орындаңыз:

      1. Кітапхана файлын таңдаңыз.

      2. Кітапхана таспасында Құжаттар қойындысын нұқып, Ортақ пайдалану және бақылау тобында Сілтемені электрондық пошта хабары арқылы жіберу түймешігін басыңыз.

    • Тізім үшін келесі қадамдарды орындаңыз:

      • Тізім таспасында Тізім қойындысын нұқып, Ортақ пайдалану және бақылау тобында Сілтемені электрондық пошта хабары арқылы жіберу түймешігін басыңыз.

        Ескерту :  Тізімнің ішінде жұмыс істеп жатсаңыз, элементті таңдаудың қажеті жоқ, себебі сілтеме барлық тізім үшін жасалады.

Электрондық пошта хабарында пайдаланушы атын немесе тарату тізімін енгізіп, хабарды жіберіңіз.

Беттің жоғарғы жағы

Кітапхана файлының немесе тізім элементінің сілтемесін көшіру

  1. Сілтемесін көшіру керек кітапхана немесе тізімі бар торапқа өтіңіз.

  2. Жедел іске қосу аймағында кітапхананың немесе тізімнің атауын нұқыңыз немесе Торап әрекеттері, Тораптың бүкіл мазмұнын қарау пәрменін таңдаңыз, одан кейін тиісті кітапхана немесе тізім бөлімінде тізімнің немесе кітапхананың атауын нұқыңыз.

  3. Ескерту :  Тораптың сыртқы көрінісі мен шарлау элементтері едәуір өзгеруі мүмкін. Егер пәрмен, түймешік және сілтеме сияқты параметрді таба алмасаңыз, әкімшімен хабарласыңыз.

  4. Кітапхана файлын немесе тізім элементін таңдаңыз.

  5. Файлдың атауын немесе элементтің тақырыбын тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, Таңбашаны көшіру пәрменін таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×