Кітапхана жасау

Кітапхана сіз файлдарды команда мүшелерімен бірге жасап, жинап, жаңартып және басқара алатын торапта орналасқан. Әр кітапханада адамдарға файлдармен бірлесе отырып жұмыс істеуге көмектесетін файлдар тізімі мен файлдар жөніндегі негізгі ақпарат көрсетіледі.

Бір кітапхананың ішіндегі құжаттарды, электрондық кестелерді, көрмелерді, пішіндерді және басқа да файл түрлерін жасап, басқаруыңызға болады. Ортақ құжаттар кітапханасы Microsoft Windows SharePoint Services бағдарламасы жаңа торап жасаған кезде Сіз үшін жасалады. Кітапхананы өз мақсаттарыңыз үшін теңшеуіңізге немесе қосымша кітапханалар жасауыңызға болады.

Ескерту : Кітапхана жасау үшін кітапхана жасалатын тораптағы тізімдерді басқаруға рұқсаттарыңыз болуы керек.

Тораптың толық мазмұнын көру түймешігін нұқып, одан кейін жалпы торап мазмұны бетіндегі Жасау түймешігін нұқыңыз.

Кеңес : Көп жағдайда, сіз бұл адымды аяқтау үшін орнына Торап әрекеттері мәзірін «Торап әрекеттері» мәзірі пайдалана аласыз.

  1. Кітапханалар тізімінен керекті кітапхана түрін, мысалы, Құжат кітапханасы тармағын таңдаңыз.

    Кітапханалардың түрлері

    Сіз пайдаланатын кітапхана түрі сіз ортақ пайдаланатын файлдар түріне байланысты:

    • Құжаттар кітапханасы     Файл түрлерінің көбіне, соның ішінде құжаттар мен парақтарға Құжаттар кітапханасы арналған. Сіз кейбір фалдардың қауіпсіздік мақсатында бұғатталғандығына қарамастан, Құжаттар кітапханасында файлдардың басқа түрлерін де сақтай аласыз. Сіз Windows SharePoint қызметтерімен сыйысымды бағарламалармен жұмыс істегенде сіз кітапханада солардың фалдарын жасай аласыз. Мысалы, сіздің маркетинг жөніндегі командаңыз өзінің материлдарына, жаңалықтарды шығаруына және жариялауларына арнап өзінің жеке кітапханасын жасай алады.

    • Бейнелер кітапханасы     Сандық бейнелер немесе сызбаларды ортақ пайдалану үшін бейнелер кітапханасын пайдаланыңыз. Бейнелер SharePoint кітапханаларының басқа түрлерінде сақтала алатындығына қарамастан, бейнелер кітапханаларының өзіндік артықшылықтары бар. Мысалы, бейнелер кітапханасынан сіз бейнелерді слайдтарды көрсету мүмкіндігін пайдалана отырып көре аласыз, бейнелерді компьютеріңізге жүйктей аласыз және сол бейнелерді Windows SharePoint қызметтерімен сыйысымды сызбалық бағдарламаларда өңдей аласыз. Командаңыз мекеме ендері немесе корпорациялық бейнелер сияқты көптеген сызбаларды жиі пайдаланатын болса немесе сіз команда оқиғаларының немесе өндірістік жетістіктердің суреттерін сақтағыңыз кенлсе, бейнелер кітапханасын жасауп, пайдасын көре аласыз.

    • Вики беттерінің кітапханасы     Қосылған бетер жинағын жасау үшін вики бенттерінің кітапханасын пайдаланыңыз. Вики көптеген адамдарға әдепкі ақпаратты оңай құру мен өзгертуге ыңғайлы пішімде жинастыру мүмкіндігін береді. Сіз кітапханаңызға құрамында суреттер, кестелер, еренсілтемелер және ішкі сілтемелер бар вики беттерді қоса аласыз. Мысалы, командаыз жоба үшін вики торабын жасап отырған болса, тораптың бір біріне байланысты беттерінде кеңестер мен шешімдер сақталады.

    • Пішіндер кітапханасы     Егер сізге XML-негізделген іскерлік пішіндер тобын басқару қажет болса, пішіндер кітапханасын пайдаланыңыз. Мысалы, ұйымыңыз пішіндер кітапханасын шығындар жөніндегі есептер үшін пайдаланғысы келуі мүмкін. Пішін кітапханасын баптау Microsoft Office InfoPath сияқты Windows SharePoint қызметтерімен сыйысымды XML өңдеушісін немесе XML жасақтау бағдарламасын қажет етеді.

    Атауы терезесінде кітапхана атауын теріңіз. Кітапхана атауы қажет етіледі.

    Атауы кітапхана бетінің жоғарғы жағында көрсетіліп, кітапхана бетінің мекенжайының құрам бөлігі болып табылады және пайдаланушыларға кітапхананы тауып, ашуға көмектесетін шарлау элементінде көрсетіледі.

    Сипаттамасы терезесінде кітапхана арнауының сипаттамасын теріңіз. Сипаттама қосымша болып табылады.

    Сипаттамасы кітапхана бетінің жоғарғы жағында, кітапхана атауының тура астында шығарылады. Егер сіз кітапхананың мазмұнды электрондық пошта арқылы қабылдау мүмкіндігін қосуды жоспарлап отырсаңыз, сіз кітапхананың электрондық пошта мекенжайын адамдар оңай тауып алатындай оның сипаттамасына қоса аласыз.

  2. Жедел іске қосушы ішінде осы кітапханаға сілтеме қосу үшінШарлау бөлімінде Иә тармағы таңдалғандығын тексеріңіз.

  3. Егер Кіріс электрондық пошта бөлімі пайда болса, әкімші торапты теңшеп, мазмұнды электрондық пошта арқылы алатындай етіп қойған. Егер кісілер файлдарды электрондық пошта хабарларының тіркемелері ретінде жіберу арқылы кітапханаға қоссын десеңіз, Иә пәрменін таңдаңыз. Содан кейін Электрондық пошта мекенжайы жолағына кісілер кітапхана үшін пайдаланатын мекенжайдың бірінші бөлігін теріңіз.

  4. Кітапханаға файл әрбір қайтарылған сайын бір нұсқа жасап отыру үшін Құжат нұсқасының жұрналы немесе Сурет нұсқасының жұрналы бөліміндегі Иә пәрменін таңдаңыз.

    Кейінірек сіз негізгі және қосалқы нобайдың екеуін де сақтауды және әрқайсысының қанша нобайын өзгерткіңіз келетіндігін таңдай аласыз.

  5. Жасалып отырған кітапхана түріне қарай, Құжат үлгісі параметрі болуы мүмкін, оның ішінде жаңа файлдар жасауға арналған әдепкі параметрлер ретінде қолдануға болатын сыйысымды бағдарламалардың тізімі беріледі. Егер мазмұн түрлері қосылса, әдепкі үлгі мазмұн түрі арқылы көрсетіледі. Құжат үлгісі бөліміндегі ашылмалы тізімнен кітапханада жасалатын файлдардың үлгісі ретінде пайдаланылатын әдепкі файл түрін таңдаңыз.

  6. Жасау түймешігін нұқыңыз.

    Ескертулер : 

    • Жиналыс жұмыс кеңістігі торабында кітапхана жасау үшін кітапханалар қосу арқылы жиналыс жұмыс кеңістігі тораптарын теңшеу іс ретін орындаңыз.

    • Егер бірнеше мазмұн түрі қосылса, пайдаланушылар жаңа файлдар жасаған кезде әр түрлі әдепкі файл түрлерінің ішінен біреуін таңдай алады. Әдепкі файл түрлері кітапхана жасаған кезде Құжат үлгісі бөлімінің орнына мазмұн түрлерін арқылы анықталады.

    • Электрондық пошта параметрлері wiki беті кітапханалары үшін әдепкіде қолданылмайды.

Кеңес : Кітапхана жасалған соң оны Параметрлер пәрменін таңдап, содан кейін теңшелетін кітапхананың параметрлерін, мысалы, Құжат кітапханасы параметрлері тармағын таңдау арқылы әрі қарай теңшеуіңізге болады.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×