Кіру үшін көмек қажет пе?

Ескерту :  Бұл мақала Қытайдағы 21Vianet арқылы жұмыс істейтін Office 365 жүйесіне қолданылады.

Бұл мақалада:

Lync бағдарламасына қалай кіре аламын?

Құпия сөзімді қалай қалпына келтіремін?

Кіру мекенжайы мен пайдаланушы атының пішімі қандай?

Прокси параметрлерін енгізуім қажет пе?

Автоматты түрде анықталатын серверді қашан қолмен айқындау қажет?

Windows Phone құрылғысына арналаған Lync бағдарламасы қанша уақыт бойы қосулы болады?

Lync бағдарламасына қалай кіре аламын?

Office 365 жүйесіне арналған бизнес жазылымы бар ұйымынан кіру мекенжайыңыз бен құпия сөзіңіз болуы қажет. Егер жұмыс үстелінде Lync бағдарламасын қолданып жүрген болсаңыз, демек сіздің Lync тіркелгіңіз бар.

Құпия сөзімді қалай қалпына келтіремін?

Егер құпия сөзіңізді ұмытып қалсаңыз немесе ол енді жұмыс істемесе, жұмыс орныңыздағы техникалық көрсету қызметкеріне хабарласыңыз, әдетте ол Lync тіркелгісін сізге арнап орнатқан адам.

Кіру мекенжайы мен пайдаланушы атының пішімі қандай?

Сіздің кіру мекенжайыңыз келесідей: user@domain.com.

Сізден пайдаланушы аты мен кіру мекенжайын да сұрауы мүмкін. Пайдаланушы аты – компания желісіне кіргенде пайдаланатын ат, мысалы user@domain.com немесе domain\username.

Прокси параметрлерін енгізуім қажет пе?

Егер прокси түпнұсқалығы расталмаған болса, прокси түпнұсқалығы ақпаратын төменде көрсетілгендей етіп ұсыну қажет.

  • Менің ақпаратым экранынан Қосымша (…) -> параметрлер -> прокси параметрлері тармағына өтіп, прокси параметрлерін енгізіңіз.

Автоматты түрде анықталатын серверді қашан қолмен айқындау қажет?

Егер кіру мүмкін болмаса, автоматты түрде табылатын серверді қолмен енгізу қажет болуы мүмкін. Толық ақпарат алу үшін техникалық қолдау көрсету тобына хабарласыңыз.

Windows Phone құрылғысына арналаған Lync бағдарламасы қанша уақыт бойы қосулы болады?

Серверге кірген соң, байланыс сақталған уақыт бойында бағдарлама қосулы болады. Егер байланыс сақталған күйде бағдарлама 10 күн бойы пайдаланылмаса, пайдаланушы желіден шығарылады.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×