Кіресін электрондық поштаға кіріспе

Windows SharePoint Services 3.0 арқылы торап иесі өз тораптарына кіресін электрондық пошта мүмкіндігін қоса алады. Бұл жаңа мүмкіндік топтарға электрондық пошта хабарламаларын SharePoint тізімдері мен кітапханалары ішінде жинауға мүмкіндік береді және осы арқылы торап мүшелері басқа топ мүшелеріне жіберетін электрондық пошта хабарламаларын SharePoint торапын ашпай және электрондық пошта хабарламалары ішінде жіберілген мазмұнды кері қотармай отырып, мұрағаттауы мүмкін. Бұны мүмкін ететін жағдай мынадай: Windows SharePoint Services 3.0 бағдарламасында тізім және кітапхана түрлерінің басым көпшілігі үшін бірегей электрондық пошта мекенжайын тағайындауға болады. Электрондық пошта хабарламаларын жіберген кезде торап мүшелері осы тізімдердің электрондық пошта мекенжайларын өздерінің электрондық пошта бағдарламасындағы Кімге немесе Көшірме жақтауына енгізуі мүмкін, немесе электрондық пошта хабарламасын ішінде осы тізімдердің электрондық пошта мекенжайлары және басқа торап мүшелерінің электрондық пошта мекенжайлары бар болған тарату тізіміне жіберуі мүмкін.

Электрондық пошта үшін қолдау Веб бағдарламасының деңгейіндегі "Орталық әкімшілікте" қосылады. Егер электрондық пошта үшін қолдау осы деңгейде қосылған болса, бұл мүмкіндік торап жиынтығының деңгейінде де қосылады, бірақ ең жоғарғы деңгейіндегі тораптың иесі оны торап жиынтығы деңгейінде ажыратуы мүмкін. Егер торап жынтығында электрондық поштау қолдауы қосылған болса, бұл мүмкіндік осы торап жиынтығында жасалған жаңа тораптардың барлығында да қосылған болады. Сіз отау Веб-торабы үшін жасаған тізімдеріңізде электрондық поштаны қолдау мүмкіндігінің әдепкіде қосылғаны не қосылмағаны отау Веб-торапты жасаған кезде жасаған таңдауларыңызға тәуелді. Тізім жасауға рұқсаттары бар кісілер электрондық пошта қолдау мүмкіндігі қосылған торап ішінде тізім жасаған кезде тізім үшін электрондық пошта мекенжайын қосуы мүмкін.

Ескерту : Ең жоғарғы деңгейдегі тораптың иесі ретінде, Сіз Торап параметрлері бетінде орналасқан Торап жиынтығын басқару дегеннің астындағы Электрондық пошта сілтемесін басып, кіресін электрондық пошта мүмкіндігін бүкіл торап жиынтығы үшін қосуыңыз немесе ажыратуыңыз мүмкін. Егер электрондық пошта үшін қолдау мүмкіндігі Веб бағдарламасының деңгейінде ажыратылған болса, ең жоғарғы деңгейіндегі тораптың Торап параметрлері бетінде Электрондық пошта сілтемесі көрінбейді.

Кіресін электрондық пошта мүмкіндігі "Орталық әкімшілігінде" және торап жиынтығының деңгейінде қосылған соң, электрондық поштаны қолдау мүмкіндігін тораптардағы келесі тізім және кітапхана түрлері үшін қосуға және теңшеуге болады: құжат кітапханалары, сурет кітапханалары, пішін кітапханалары, құлақтандыру тізімдері, күнтізбе тізімдері, блогтар және талқылау тақталары. Назар аударыңыз: электрондық пошта хабарламаларын жіберу арқылы "Кездесу жұмыс кеңістіктері" тораптарының тізімдеріне мазмұн қосу мүмкін емес.

Бұл мақала келесі тақырыптарды қамтиды :

Кіресін электрондық поштаның нақты мысалдары

Жаңа торап жасау үрдісін талдау

Электрондық поштаны өңдейтін тетіктер туралы

Қауіпсіздік туралы ойлау

Электрондық поштаны басқа сервер арқылы бағыттау

Кіресін электрондық поштаның нақты мысалдары

Кіресін электрондық пошта арқылы топтар бір бірімен тиімдірек хабарласа алады. Төмендегі мысалдар топтар кіресін электрондық поштаны SharePoint торабымен бірге пайдаланып, хабарласу үдірісін қалай жеңілдете және жақсарта алатынын көрсетеді.

Топтың электрондық поштасын мұрағаттау    Жаңа топқа қосылған соң торап мүшесі торапты ашып, ең соңғы пікірталастарды көреді. Олардың ішінде мүшелер тарапынан тікелей орналастырылған хабарлар және талқылау тақтасына Microsoft Office Outlook бағдарламасы сияқты тұтынғыштық электрондық пошта бағдарламасы арқылы жіберілген мазмұн бар. Сондай-ақ, топ мүшесі топ алдында тұрған ең маңызды мәселелер мен тапсырмаларды анықтай алады және пікірталастардағы байланысты сілтемелерді ашып, барлық маңызды мәселелер туралы толық ақпарат алуы мүмкін.

Торап мүшесі электрондық пошта хабарламасына жауап беріп, жауабына тізімдің электрондық пошта мекенжайын қосқан жағдайда, жауап талқылау тақтасында мұрағатталады және мұрағатталған бастапқы электрондық хабарламасымен салғастырылады. Бұл осы мұрағатталған ақпаратты SharePoint торабында көріп тұрған торап мүшелеріне осы ақпаратты нақты электрондық пошта хабарламаларының тізбегімен салғастыруға мүмкіндік береді.

Бірлестік жасау     Торап иесі ұйымдағы велосипед айдауды жақсы көретін қауым үшін жаңа тарату тізімін жасайды. Пайдаланушы ұйымдың өзіндік бетіне өтіп, осы бірлестіктің сілтемесін ашады. Пайдаланушы нұқу арқылы қысқа шебердің қадамдарын орындайды. Бұл шебер осы тарату тізімінің атауын, SharePoint бірлестік торабы үшін сипаттаманы және бірлестіктің бастапқы мүшелер тізімін сұрайды. Одан кейін пайдаланушы жаңа бірлестік тобына жіберіледі.

Ақпарат алмасу орталығын жасау     Торап мүшесі ұйымдың өзіндік портал торабына өтеді және торапты іздеу мүмкіндігін пайдаланып, сұрақ қояды. Бір секунд өтпей велосипед айдауды жақсы көретін кісілердің бірлестігін көрсететін нәтиже пайда болады. Торап мүшесі жауапта берілген сілтемені нұқып, бірлестіктің өзіндік бетіне өтеді. Оның ішіндегі жиі қойылатын сауалдар тізімі велосипед сататын дүкендерді тізімдейді. Осы дүкендердің ешбірі жуық жерде болмағандықтан, торап мүшесі бірлестік мүшелеріне электрондық пошта хабарламасын жіберу арқылы велосипед сататын жергілікті дүкендер туралы сұрақ қояды. Бірлестіктің мүшесі жауап беріп, жуық жерде орналасқан жақсы дүкен туралы ақпарат береді.

Техникалық қолдау алу немесе ұсыну    Торап мүшесі өзіндік бетіне өтеді, тізімде техникалық қолдау орталығы туралы ақпарат табады және сілтеме нұқып, жаңа электрондық пошта хабарламасын жасайды. Хабарды жіберген соң торап мүшесі техникалық қолдау сұрауының күйін қадағалау үшін пайдалануға болатын бақылау нөмірін алады. Торап мүшесі автоматты түрде техникалық қолдау сұрауына жазылады, сондықтан ол кез келген уақытта сұрауының күйінде орын алған өзгерістер туралы ескертулер алуы мүмкін. Торап мүшесі тез арада жауап алады, себебі пішінде берілген ақпаратқа негізделіп, оның сұрауы дереу тиісті қызметкерлерге жіберіледі. Бұл сценарийді толығымен жүзеге асыру үшін өзгертпелі кодты пайдалану керектігіне назар аударыңыз. Windows SharePoint Services 3.0 бағдарламасы пішіндегі ақпаратқа негізделген бақылау нөмірлерін немесе хабарды бағыттау мүмкіндігін автоматты түрде ұсынбайды.

Беттің жоғарғы жағы

Жаңа торап жасау үрдісін талдау

Егер торап жынтығында электрондық пошта қолдауы қосылған болса, бұл мүмкіндік осы торап жиынтығында жасалған жаңа отау веб-тораптардың барлығында да автоматты түрде қосылған болады. Егер сайт жасау кезіңізде бар топты пайдалануды ұйғарсаңыз, тектік сайттың тарату тізімі (егер ол бар болса) жаңа сайтпен салғастырылады.

Ескерту : Тарату тізімдері Орталық әкімшілікте SharePoint каталогтарын басқару қызметі қосылған жағдайда ғана қатынаулы болады.

Егер торап жасау кезіңізде бар топты пайдаланудың орнына жаңа топты жасауды ұйғарсаңыз, Windows SharePoint Services 3.0 келесі әрекеттерді орындайды:

  • Егер Орталық әкімшілікте SharePoint каталогтарын басқару қызметі қосылған болса, Сізде электрондық пошта мекенжайларына хабарлар тарқату тізімін жасау және осы жаңа тізім үшін электрондық пошта мекенжайын белгілеу мүмкіндігі бар болады.

  • Жаңа топқа қосылатын торап мүшелері топ торабындағы "Мүшелер" деп аталатын топқа қосылады. Егер Орталық әкімшілікте SharePoint каталогтарын басқару қызметі қосылған болса, осы торап мүшелері тарату тізіміне автоматты түрде қосылады. Тарату тізімі "Мүшелер" тобымен үндестірілген күйінде ұсталынады, сондықтан, егер бір жерде енгізілген өзгерістер автоматты түрде екіншісімен үндестіріледі.

  • Егер Орталық әкімшілікте SharePoint каталогтарын басқару қызметі қосылған болса, топ торабының талқылау тақтасында және күнтізбесінде электрондық поштаны қолдау мүмкіндігі қосылған болады және олар үшін автоматты түрде электрондық пошта мекенжайы тағайындалады.

    Ескерту : Әдепкіде, осы екі тізімдер үшін арналған электрондық пошта мекенжайлары келесі пішінде болады: ТопМекенжайы.pikirtalastar және ТопМекенжайы.күнтізбе.

Талқылау тақтасының және күнтізбенің электрондық пошта мекенжайы тарқату тізіміне қосылған болса, осы тарқату тізіміне жіберілген электрондық пошта хабарламалары және жиналысқа шақыру хабарлары топ торабында мұрағатталады.

Беттің жоғарғы жағы

Электрондық поштаны өңдейтін тетіктер туралы

Windows SharePoint Services 3.0 электрондық поштаны өңдейтін тетіктерін пайдаланып, барлық делік тұтынғыштық электрондық пошта бағдарламаларынан келетін кіресін электрондық пошта хабарламаларын SharePoint торабында орналасқан тізімге бағыттайды. Электрондық поштаны қолдау мүмкіндігіне ие болған тізімдің әрбірі бірегей электрондық пошта мекенжайымен салғастырылған, ал әрбір электрондық поштаны өңдейтін тетік нақты тізім түрімен салғастырылған.

Windows SharePoint Services 3.0 бағдарламасы келесі тізім түрлері үшін бекітілген электрондық поштаны өңдеу тетігін ұсынады: талқылау тақталары, құлақтандырулар, күнтізбелер, құжат кітапханалары, сурет кітапханалары, пішін кітапханалары және блогтар. Осы түрлердің біреуі үшін электрондық поштаны қолдау мүмкіндігін қосқан кезіңізде, әдепкіде Windows SharePoint Services 3.0 тарапынан ұсынылған электрондық поштаны өңдейтін тетіктер қолданылады. Электрондық поштаны өңдейтін тетіктер кіресін электрондық пошта хабарламаларын талдап, хабар өрістерін көшіреді, және, теңшеу параметрлеріне қарай, хабарлар мен тіркемелерді олар жіберілген электрондық пошта мекенжайымен салғастырылған тізімде мұрағаттайды.

Электрондық пошта хабарламасынан тізімге келесі өрістер көшіріледі: "Жіберуші", "Кімге", "Көшірме", "Тақырып", хабардың негізгі мәтіні және тіркемелер.

Ескерту : Егер бекітілген электрондық поштаны өңдейтін тетіктердің өріс көшіру жолы Сізге ұнамаса, әдепкі тетіктердің орнына өзгертпелі тетікті пайдалануыңыз мүмкін. Бұны істеу үшін жасақтаушы электрондық поштаны өңдейтін тетіктің өзгертпелі түрін жазып жасауы керек, ал сервер әкімшісі оны оқиға өңдегіші ретінде серверде қолдануы керек.

Тізім үшін электрондық поштаны қолдау мүмкіндігін қосу барысында торап иесі бірнеше параметрлерді таңдауы мүмкін. Мәселен, бастапқы электрондық пошта хабарламасын .eml файлы ретінде мұрағаттауды, тіркемелерді мұрағаттауды немесе мұрағаттамауды, және теңшеп отырған тізіміңізде жиналысқа шақыру хабарларды мұрағаттауды не мұрағаттамауды таңдауыңыз мүмкін. Қатынаулы параметрлер тізім түріне қарай, түрлі болуы мүмкін.

Қауіпсіздік туралы ойлау

Кейбір нақты тізім немесе кітапханада қауіпсіздік параметрлерін теңшеу барысында, электрондық пошта хабарламаларын тізімде мұрағаттау мүмкіндігін тек тізімге жаза алатын пайдаланушыларға беруді немесе кез келген пайдаланушыға беруді таңдауға болады. Барлық жіберушілерден келген электрондық хабарламаларын мұрағаттау мүмкіндігі әрбір кісіге (олардың ішінде анықталмаған пайдаланушылар да бар болуы мүмкін) тізімге немесе кітапханаға жазуға рұқсат береді. Бұның жүйеге қауіп төндіруі ықтимал болғандықтан, бұл параметрді таңдамас бұрын жақсы ойлап көріңіз.

Беттің жоғарғы жағы

Электрондық поштаны басқа сервер арқылы бағыттау

Кіресін электрондық пошта серверінің мекенжайы Орталық әкімшілікте теңшелгенімен, кіресін электрондық поштаның басқа электрондық пошта сервері арқылы бағытталғанын немесе Windows SharePoint Services 3.0 бағдарламасын жегіп түрған серверге тікелей келетінін білу пайдалы болуы мүмкін. Егер шүбәланып отырсаңыз, орталық әкімшіңізбен хабарласыңыз.

Электрондық пошта хабарламаларын Microsoft Exchange Server сияқты басқа электрондық пошта сервері арқылы бағыттаудың басты артықшылықтары келесідей:

Пайдаланушының түпнұсқалығын растау    SMTP қызметі торабыңызға электрондық пошта хабарламасын жіберген пайдаланушының түпнұсқалығын растай алмайды, бірақ Exchange сервері бұны істей алады. Сервер әкімшісі Орталық әкімшілікті пайдаланып, электрондық пошта хабарламаларын түпнұсқалығы расталған пайдаланушылардан ғана қабылдауды электрондық пошта хабарламалары Exchange сервері арқылы жіберілетін болған жағдайда ғана ұйғаруы мүмкін.

Спамды сүзгілеу    Exchange серверлері құпталмаған саудалық электрондық пошта хабарламаларын тағайындау мекенжайларына (бұл мысалда ол Windows SharePoint Services 3.0 болып табылады) жеткізбей жою мақсатында спамды сүзгілеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Спамды кеміте алатын басқа әдіс - электрондық пошта хабарламаларын тізімде мұрағаттау рұқсатын тек осы тізімге жазу рұқсаттарына ие болған топ торабының мүшелеріне ғана беру.

Вирустардан қорғау    Exchange серверлері өздері арқылы бағытталатын электрондық пошта хабарламалары үшін вирустардан қорғау мүмкіндігін ұсынады.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×