Контакт қосу

Бұл мақалада Контактілер тізіміне ішкі және сыртқы контактілерді қосу жолдарын және оларды қосу үшін жаңа топ құру жолдарын түсіндіреді.

Қандай әрекет орындауды қалайсыз?

Контактілер тізіміне ішкі контакт қосу

Компаниядан тыс контактіні қосу

Жаңа топ құру

Контактілер тізіміне ішкі контакт қосу

Iшкі контактілер дегеніміз - сіз мүшелік ететін ұйым мүшелері және ішкі қатынас желісі арқылы қол жетімді болатын контактілер. Ішкі контактілерді Контактілер тізіміне қосу үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

  1. Контакт ретінде қосқыңыз келетін адамның атын, электрондық поштп деректерін не телефон нөмірін іздеу өрісіне енгізіңіз.

  2. Қажетті адам табылғанша іздеу нәтижесі бойымен жылжыңыз.

  3. Қажетті адамның контак тізімін оң нұқып,Контактілер тізіміне қосу пәрменін басыңыз да, жаңа контактіні қосу керек топты таңдаңыз..

  4. Егер бұл кісімен жиі хабарласатын болсаңыз, Қосу түймешігіндегі төменгі көрсеткіні нұқып, Жиі контактілерге қосу параметрін таңдаңыз.

Компаниядан тыс контактіні қосу

Егер ұйымыңыз үшін ЖХ байланысы орнатылған болса, Контактілер тізіміне ұйымыңыздың мүшесі болып табылмайтын, алайда Интернет қызметтеріннің Windows Live желісін (MSN және Hotmail қоса) қолданатын және Lync бағдарламасына қосылған адамдарды қоса аласыз. Сыртқы контактті Контактілер тізіміне қосу үшін келесі әрекетті орындаңыз:

  1. Ізделінетін адамның электрондықпошта мекен-жайын іздеу өрісіне енгізіңіз.

  2. Іздеу нәтижелері ұяшығындағы қажетті атты Контактілер тізіміне сүйреңіз.

Жаңа топ құру

Lync қызметіндегі контактілерді топ-топ бойынша бөлу оларды табуды жеңілдетеді. Алдымен, топты құрып, содан соң, қажетін қоысп, өажет емесін жоя аласыз. Бір контактіні бірнеше топқа қосуға болады. Топ құру үшін келесіәрекетті орындаңыз:

  1. Контактілер тізімінің жоғарғы жағында көрсетлген аймақтан Топтар бөлімін таңдаңыз. (Егер бұл таңдау көрселмесе, Іздеу өрісінің төменгі жағындағы төмен көрсеткіні нұқыңыз.)

  2. Контактілер тізімінде кез келген тп атын оң нұқып, (мысалы, Жиі контактілер),Жаңа топ құру түймешігін басыңыз да, топқа ат тағайындаңыз.

Топты орнатып болған соң, жаңа контактілерді контакт тізімін оң нұқып, Контактілер тізіміне қосу пәрменін басып, топ атын таңдау арқылы қоса аласыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×