Контактілерді түс санаттарына қосу

Контактілер тізімі үлкен бе? Контактілерді түс бойынша топтастыру ең жылдам әдіс болып табылады, мысалы, әріптестеріңіз үшін көк, отбасы мүшелері мен достарыңыз үшін қызыл және қоғамдық ұйымдар мен оның мүшелері үшін жасыл. Бекітілген түс санаттарын пайдаланыңыз немесе өзіңіздікін жасап, оны түсінікті сөздермен атаңыз (мысалы, «Көк» орнына «Әріптестер»). Сонан соң, қажетті контактілерді көру үшін түсі бойынша сұрыптаңыз.

Бекітілген түс санаттары көк, сарғылт, қызғылт, қызыл, сары және жасыл түстерден тұрады. Бұрыннан бар контактіні осы санаттардың біріне қосу үшін:

  1. Адамдар түймешігін басыңыз.

Адамдар қойындысын басыңыз

  1. Санатқа қосылатын контактіні тінтуірдің оң жағымен басып, Санаттау түймешігін басып, қажетті түсті таңдаңыз.

  2. Контактінің қандай санатқа қосылғандығын білу үшін контактілер тізімін Санаттар бағанына қарайоңға айналдырыңыз. Барлық тағайындалған санаттар осы жерде көрінеді.

«Санаттар» бағаны санатталған контактілерді көрсетеді.

Кеңестер : 

  • Контакт жасаған кезде оны тіс санатына тағайындауға болады. Контакт туралы барлық жаңа ақпаратты Контакт терезесінде толтырып жатқан кезде Санаттау түймешігін басып, қажетті санатты таңдаңыз.

  • «Санаттау» түймешігін басып, санатты таңдаңыз.

Түс санатының атын өзгерту

Түс санатына кімге арналғандығын біліп отыру үшін оның атауын түсінікті сөзбен ауыстыруға болады. Мысалы, әріптестерге Көк санатын пайдалансаңыз, оны Әріптестер деп өзгертіңіз.

  1. Адамдар > Басты > Санаттау > Барлық санаттар түймешігін басыңыз.

  2. Аты өзгертілетін санатты басып, Атын өзгерту түймешігін басыңыз.

Санатты басып, «Атын өзгерту» түймешігін басыңыз.

  1. Санаттың жаңа атауын енгіңіз.

Кеңес :  Контактілерді осы санатқа қосуды оңайлату үшін Тіркесім пернесі тармағындағы тіркесімді таңдаңыз. Осы санатқа контактілерді тағайындалатын кезде оларды контакт тізімінен таңдап, тіркесім пернесін басыңыз.

Түс санатын жасау

Санат үшін басқа түсті пайдаланғанды қалайсыз ба? Жай ғана бір түсті жасаңыз.

  1. Адамдар > Басты > Санаттау > Барлық санаттар түймешігін басыңыз.

  2. Жаңа түймешігін басып, қажетті атауды енгізіңіз де, түсті таңдау үшін Түс ұяшығы жанындағы көрсеткіні басыңыз.

    Санаттың атауын енгізіңіз және түсті таңдаңыз.

Кеңес :  Контактілерді осы санатқа қосуды оңайлату үшін Тіркесім пернесі тармағындағы тіркесімді таңдаңыз. Осы санатқа контактілерді тағайындалатын кезде оларды контакт тізімінен таңдап, тіркесім пернесін басыңыз.

Контактілерді түс санаты бойынша сұрыптау

Адамдарға түс санаттарын тағайындап болсаңыз, қажетті контактіні көру үшін оларды түсі бойынша жылдам сұрыптауға болады.

  1. Адамдар түймешігін басыңыз.

Адамдар қойындысын басыңыз

  1. Басты түймешігін, кейін Ағымдағы көрініс тобын басып, Тізім түймешігін басыңыз.

  2. Санаттар бағанын көру үшін контактілер тізімін оңға қарай айналдырыңыз.

«Санаттар» бағанын көру үшін оңға қарай айналдырыңыз.

  1. Тізімді түсі бойынша сұрыптау үшін Санаттар бағанының тақырыбын басыңыз. Әр санат үшін сол санаттағы барлық контактілердің тізімі бар тақырыпша көрінеді.

Тізімді түсі бойынша сұрыптау үшін «Санаттар» бағанының тақырыбын басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×