Контактілерді жасау және электрондық визит карталары ретінде ортақ пайдалану

Электрондық визит карталары Microsoft Outlook 2013 бағдарламаларында контакт ақпаратын жасауды, көруді және ортақ пайдалануды жеңілдетеді. Электрондық визит картасы қағаз визит картасына ұқсас контакт ақпараттарын көрсетеді. Жаңа ақпараттан немесе Outlook бағдарламасында бұрыннан бар контакт ақпаратынан «Электрондық визит картасын» жасай аласыз.

Бірінші қадам картанын орналасуы мен фонын таңдау болып табылады. Содан кейін, суреттерді немесе графикаларды қосыңыз. Соңында «Электрондық визит картасында» көрсеткіңіз келген контакт өрістерін қосыңыз.

  1. Адамдар бөлімінде Басты тйүмешігін басыңыз.

  2. Жаңа тобынан Жаңа контакт тармағын басыңыз.

  3. Контакт формасында визит картасын екі рет басып, Визит картасын өңдеу ұясын ашыңыз.

  4. Картаны құрастыру бөлімінің астындағы Орналасу тізім көрсеткісін басып, тізімде орналасуды басыңыз. Суреті, мекеме ені немесе басқа суреті жоқ карта үшін Тек мәтін орналасуы қол жетімді.

    Ескерту : Бастағанда, Картаны құрастыру бөлімінің жанындағы алдын ала қарау жолағында әдепкі Outlook карта орналасуы көрсетіледі. Карта үшін осы суретті және орналасулардың біреуін пайдалануға да болады.

  5. Картаның фонының түсі қажет болса, Фон параметрін таңдап, түсті таңдаңыз.

  6. Сурет немесе компанияның мекеме енін қосу қажет болса, суретті қосу, өлшемін өзгерту және орналастыру үшін, сурет параметрлерін пайдаланыңыз.

    Картадағы әдепкі немесе басқа суретті жою үшін Орналасу тізімінде Тек мәтін параметрін таңдаңыз. Барлық қосылған ақпаратты жойып, қайта бастау үшін Картаны қайта орнату параметрін басыңыз.

  7. Өрістер бөлімі астында қосқыңыз келген контакт өрісін екі рет басыңыз.

    • Картадан өрісті жою үшін, өрісті басып, Жою түймешігін басыңыз.

    • Бос жолдарды қосу үшін бос орын болуы керек орынның үстіндегі өрісті басып, Қосу түймешігін басыңыз, содан кейін Бос жол параметрін басыңыз.

      Кеңес : Әдепкі бойынша, бос жолдар картада Бос жол өрістері түрінде көрсетіледі. Картаға ақпарат қосқанда, Бос жол өрістерінің арасында жаңа ақпарат өрістерін қосуға болады. Мысалы, Бос жол параметрін таңдап, Қосу түймешігін басыңыз, содан кейін өрісті басыңыз. Бос жолдың астында өріс шығады.

    • Картадағы мәтінді орналастыру үшін өрісті басып, өрістерді жылжыту үшін Өрістер тізімінде Жоғары және Төмен көрсеткілерін пайдаланыңыз. Сондай-ақ, бос жолдарды осылайша жылжытып, мәтін жолдарының арасына қосымша бос орын қосуға да болады.

    • Мәтінді пішімдеу үшін, Өңдеу астындағы пішімдеу және мәнер түймешіктерін пайдаланыңыз.

Ескерту : Картаны қайта орнату параметрін таңдасаңыз, карта әдепкі Outlook жасақтамасын және контакт формасындағы әдепкі өрістерге енгізілген ақпаратты қайтарады.

Беттің жоғары бөлігі

Контактіні немесе электрондық визит картасын сақтау

Контакт мәліметтерін электрондық пошта хабарламасындағы электрондық визит картасы немесе контакт формасы (.vcf файлы ретінде) алсаңыз, картаны немесе тіркелген «.vcf» файлды тінтуірдің оң жақ түймешігім басып, параметрлерді таңдауға болады. Егер контактілер тізімінде бұл атау бұрыннан бар болса, бар контактіні жаңартуға немесе жаңасын жасау үшін параметріне ие боласыз.

  1. Ашық хабарда «Электрондық визит картасын» екі рет басып, Outlook контактілеріне қосу параметрін басыңыз.

    «.vcf» файл тіркемесі үшін тіркемені екі рет басыңыз.

  2. Контакт тармағын басыңыз.

  3. Әрекеттер тобындағы Сақтау және жабу түймешігін басыңыз.

  4. Егер қайталанатын котакт атауы табылса, Жаңа контакт қосу пәрменін немесе Бөлектенген контакт туралы мәліметтерді жаңарту параметрін басыңыз.

Беттің жоғары бөлігі

Басқа адамдарға электрондық визит карталарын жіберу

Электрондық визит карталарын электрондық пошта хабарламаларында ортақ пайдалануға болады. Олар қағаз визит картасы сияқты қауымдық немесе жеке көрнекі куәлікті береді. Электрондық визит картасының алушыларға қалай көрсетілетіні пайдаланылатын электрондық пошта бағдарламасына байланысты.

Microsoft Outlook бағдарламасын пайдаланатын алушылар.    Microsoft Outlook 2013, Microsoft Outlook 2010 және Microsoft Office Outlook 2007 бағдарламаларында электрондық визит картасы хабарда дәл сіз көретіндей шығады. Алушы контакт мәліметтерін Outlook контактілеріне сақтау үшін картаны тінтуірдің оң жақ түймешігін басады.

Outlook бағдарламасының бұрынғы нұсқаларын немесе хабарларды көру үшін «HTML» пайдаланатын басқа электрондық пошта бағдарламаларын пайдаланатын алушылар да хабарда электрондық визит картасын көреді. Бірақ, бұл карталар тек суреттер болады, оларды басу мүмкін болмайды. Құрамында электрондық визит картасы бар хабарға «.vcf» файлы тіркеледі. «.vcf» файлын ашып, мәліметтерді контактілер тізіміне сақтауға болады.

Хабарларды кәдімгі мәтінде қарайтын алушылар.    Электрондық пошта бағдарламалары кәдімгі мәтінді пайдаланатын адамдар электрондық визит картасының суретін көрмейді. Құрамында электрондық визит картасы бар хабарға «.vcf» файлы тіркеледі. «.vcf» файлын ашып, мәліметтерді контактілер тізіміне сақтауға болады.

Кез келген электрондық пошта бағдарламасында тіркелген «.vcf» файлын ашуға және контактілер тізіміне сақтауға болады.

Электрондық визит картасын электрондық пошта хабарына қосу

  1. Жаңа хабарда Хабар бөлімін басыңыз.

  2. Қосу тобында Элементті тіркеу түймешігін басып, содан кейін Визит картасы параметрін басыңыз және тізімнен атты басыңыз.

  3. Қажет атты көрмесеңіз, Басқа визит карталары параметрін таңдап, Сақталды тізімінде атты басыңыз, одан кейін OK түймешігін басыңыз.

Электрондық пошта қолтаңбасына «Электрондық визит картасын» қосу

Электрондық поштаның қолтаңбасына электрондық визит картасын қоссаңыз, контакт ақпараттарыңыз жіберілген әрбір хабарға қосылады. Қосымша ақпарат алу үшін Электрондық пошта қолтаңбасына «Электрондық визит картасын» қосу бөлімін қараңыз.

Беттің жоғары бөлігі

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×