Кесте жасайтын сұрауды жасау

Бұл мақаладағы ақпарат кесте жасайтын сұрауды жасау және оны орындау жолын түсіндіреді. Кесте жасайтын сұрау кестедегі немесе мұрағаттағы деректердің көшірмесін жасау қажет болған жағдайда пайдаланылады.

Бір немесе бірнеше өрістер сияқты бар жазбалар жиынтығындағы деректердің бір бөлігін өзгерту немесе жаңарту қажет болған жағдайда жаңарту сұрауын пайдалануға болады. Жаңарту сұраулары туралы көбірек ақпарат алу үшін Жаңарту сұрауын жасау мақаласына қараңыз.

Бар кестеге жазбалар (жолдар) қосу қажет болған жағдайда қосу сұрауы пайдаланылады. Қосу сұраулары туралы көбірек ақпарат алу үшін Жаңарту сұрауын жасау мақаласына қараңыз.

Сіз не істеуді қалайсыз?

Кесте жасайтын сұрауларды түсіну

Кесте жасайтын сұрауды жасау

Сұрау шарттары және өрнектер туралы қосымша ақпараттарға ие болу

Ажыратылған күйдің сұрау бұғаттауын тоқтату

Кесте жасайтын сұрауларды түсіну

Кесте жасайтын сұрау деректерді бір немесе бірнеше кестелерден алып, нәтижелер жиынтығын жаңа кестеге жүктейді. Осы жаңа кесте Сіз ашқан дерекқорда болуы мүмкін, немесе оны басқа дерекқорда жасауға болады.

Әдетте, кесте жасайтын сұраулар деректердің көшірмесін жасау немесе деректерді мұрағаттау қажет болған жағдайда жасалады. Мәселен, Сізде бұрын сатылған тауарлардың көлемі туралы кесте (немесе кестелер) бар делік және осы деректерді Сіз есептерде пайдаланасыз. Осы сатылған тауарлардың көлемі туралы деректер өзгермейді, себебі олар сатылғаннан соң, кемінде бір күн өткен. Осы деректерді шығарып алу үшін әрдайым сұрау орындау көп уақыт алады — әсіресе, үлкен көлемдегі деректер қоймасында күрделі сұрау орындаған кезде. Деректерді бөлек кестеге жүктеу және осы кестені деректер көзі ретінде пайдалану жұмыс көлемін кемітеді және қолайлы деректер мұрағатын қамтамасыз етеді. Төмендегі әрекеттерді орындаған кезіңізде мына ақпаратты есте сақтаңыз: жаңа кестедегі деректер әншейін сурет болып табылады; ол бастапқы кестемен немесе кестелермен ешқандай қатынаста немесе байланыста тұрмайды.

Кесте жасайтын сұрауды жасау үрдісі келесі жалпы қадамдар бойынша жүзеге асырылады:

  • Егер дерекқорға қол қойылмаған болса немесе ол сенімді мекенжайда орналаспаған болса, оны қосыңыз. Әйтпесе, әрекет сұрауларын (қосу, жаңарту және кесте жасайтын сұрауларды) орындау мүмкін емес.

  • Сұрау Құрастырушы көрінісінде іріктеу сұрауын жасаңыз да оны өзгертіп, нәтижелер ретінде Сіз қалаған жазбаларды көрсететіндей етіп қойыңыз. Деректерді бірнеше кестелерден таңдап алуға және оларды, шын мәнінде, қалыпты күйінен ажыратуға болады. Мәселен, тұтынғыштар, тасымалдаушы және жабдықтаушы туралы деректерді бір-ақ кестенің ішіне қоюға болады, ал бұл әрекетті қалыпты жағдайдағы кестелерге ие болған өнімдер дерекқорында істеу мүмкін емес. Сұрау ішінде шарттар пайдаланып, нәтижелер жиынтығын тағы да теңшеуге немесе тарылтуға болады.

    Деректерді қалыпты жағдайға келтіру туралы көбірек ақпарат алу үшін Дерекқор жасақтаудың негіздері мақаласына қараңыз.

  • Іріктеу сұрауын кесте жасайтын сұрауға түрлендіріңіз, жаңа кесте үшін орналасу мекенжайын таңдаңыз да кесте жасау үшін сұрауды орындаңыз.

Кесте жасайтын сұрауды жаңарту сұрауымен немесе қосу сұрауымен шатыстырып жүрмеңіз. Жаңарту сұрауы кейбір өрістердегі деректерді жаңарту немесе өзгерту қажет болған жағдайда пайдаланылады. Қосу сұрауы бар кестедегі бар жазбалар жиынтығына жаңа жазбалар (жолдар) қосу қажет болған жағдайда қолданылады.

Жаңарту сұраулары туралы көбірек ақпарат алу үшін Жаңарту сұрауын жасау мақаласына қараңыз. Қосу сұраулары туралы көбірек ақпарат алу үшін Қосу сұрауын жасау мақаласына қараңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Кесте жасайтын сұрауды жасау

Кесте жасайтын сұрауды жасау үшін әуелі іріктеу сұрауын жасап, оны кесте жасайтын сұрауға түрлендіріңіз. Сізге қажетті деректерді тауып, оларды көрсету мақсатында іріктеу сұрауы есептелінетін өрістер мен өрнектерді пайдалануы мүмкін. Келесі қадамдар сұрауды жасау және түрлендіру жолын түсіндіреді. Егер Сізде қажеттеріңізді қанағаттандыратын іріктеу сұрауы әлдеқашан болса, осы қадамдарды өткізіп, дереу іріктеу сұрауын түрлендіру және кесте жасайтын сұрауды орындау үрдісін түсіндіретін қадамдарға өтіңіз.

Дерекқорды қосыңыз.

Ескерту : Бұл қадамдарды дерекқорыңыз сенімді мекенжайда орналаспаған немесе оған қол қойылмаған жағдайда ғана орындаңыз. Сенімсіз немесе қол қойылмаған дерекқор ашылған кезде Access бағдарламасы хабарлар тақтасын көрсетеді.

  1. Хабарламалар тақтасында Параметрлер парамтерін таңдаңыз.

  2. Microsoft Office қауіпсіздік параметрлері тілқатысу терезесінде Осы мазмұнды қосу параметріне құсбелгі қойыңыз да OK түймешігін басыңыз.

Егер хабарлар тақтасын көрмей тұрсаңыз

  • Дерекқор құралдары қойындысын ашып, Көру/Жасыру тобында Хабарлар тақтасы параметрін нұқыңыз .

Іріктеу сұрауын жасау

Ескерту : Егер Сізде қажетті деректерді көрсететін сұрау болса, келесі қадамдарға өтіңіз.

  1. жасау қойындысының Басқа тобында Сұрау жасақтамасы түймешігін нұқыңыз.

    Access таспасының суреті

  2. Кестені көрсету тілқатысу терезесінде, қалпына келтіру үшін алынатын деректер кестелерінде тінтуірдің оң жақ түймешігін нұқыңыз. Әрбір кесте сұрау құрастырушысының жоғары бөлігінде терезе ретінде пайда болады. Кестелерді қосып болғаннан соң, Жабу түймешігін басыңыз.

  3. Әрбір кестеде, сұрауыңызда пайдаланылатын өрісте немесе өрістерде тінтуірдің оң жақ түймешігін нұқыңыз. Әрбір өріс жасақтама торының Өріс жолының бос ұяшықтарында пайда болады.

  4. Пішіндегі үш жолағы бар сұрау

  5. Қалауыңыз бойынша Өріс жолына кез келген өрнектерді қосыңыз.

  6. Қалауыңыз бойынша жасақтама торының Шарттар жолына кез келген шарттарды қосыңыз.

  7. Сұрауды орындау және нәтижелерді деректер кестесінде бейнелеу үшін Орындау Түймешік суреті түймешігін басыңыз.

  8. Қалауыңыз бойынша, өрістеріңізді, өрнектеріңізді немесе шарттарыңызды өзгертіп жаңа кестеге енгізбекші болған деректерді қайтарғанға дейін сұрауды қайта орындауыңызға болады.

Іріктеу сұрауын түрлендіру

  1. Іріктеу сұрауыңызды Құрастырушы көрінісінде ашыңыз немесе Құрастырушы көрінісіне өтіңіз. Осыны орындау үшін Access бағдарламасы бірнеше жолдарды ұсынады:

    • Сұрауды деректер кестесінде ашқан болсаңыз, сұрауыңыздың құжат қойындысында тінтуірдің оң жақ түймешігін нұқыңыз да Құрастырушы көрінісі параметрін басыңыз.

    • Егер сұрау жабылған болса, Шарлау аумағында сұрауды тінтуірдің оң жақ түймешігін нұқыңыз да мәтінмәндік мәзірінен Құрастырушы көрінісі пәрменін таңдаңыз.

  2. Жасақтама қойындысының Сұрау түрі тобында Кесте жасау түймешігін нұқыңыз.

    Кесте жасау тілқатысу терезесі пайда болады.

  3. Кесте атауы жолағында жаңа кесте үшін атау енгізіңіз.

    -немесе-

    Төмен көрсеткіні нұқыңыз да бар кесте атауын таңдаңыз.

  4. Келесілердің біреуін орындаңыз:

    • Жаңа кестені ағымдық дерекқорына орналастыру    

      1. Егер таңдалып қойған болмаса, Ағымдық дерекқоры параметрін таңдаңыз да OK түймешігін басыңыз.

      2. Орындау түймешігін басыңыз Түймешік суреті , содан сон әрекетті растау үшін Иә түймешігін басыңыз.

        Ескерту : Егер бар кестені ауыстырып жатсаңыз, Access бағдарламасы алдымен ол кестені жояды да Сізден жою әрекетін растауды сұрайды. Иә түймешігіні басыңыз да жаңа кестені жасау үішн Иә түймешігіні қайтадан басыңыз.

    • Жаңа кестені басқа дерекқорға орналастыру    

      1. Басқа дерекқор параметрін таңдаңыз.

      2. Файл атауы жолағында басқа дерекқордың атауы мен орналасуын енгізіңіз.

        -немесе-

        Шолу параметрін таңдаңыз, басқа дерекқорды жасау үшін жаңа Кестені жасау тілқатысу терезесін пайдаланыңыз да OK түймешігін басыңыз.

      3. Бірінші Кестені жасау тілқатысу терезесін жабыңыз да ОК түймешігін басыңыз.

      4. Орындау түймешігін басыңыз Түймешік суреті , содан сон әрекетті растау үішн Иә түймешігін басыңыз.

        Ескерту : Егер бар кестені ауыстырып жатсаңыз, Access бағдарламасы алдымен ол кестені жояды да Сізден жою әрекетін растауды сұрайды. Иә түймешігіні басыңыз да жаңа кестені жасау үішн Иә түймешігін қайтадан басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Сұрау шарттары және өрнектер туралы қосымша ақпараттарға ие болу

Бұл мақаладағы қадамдар сұрау шарттары мен өрнектер туралы атап кеткен. Сұрау шарты - бұл Сіз сұрауға қоспақшы болған жазбаларды анықтайтын ереже және берілген деректер жиынтығында барлық деректерді көргіңіз келмегенде шартты пайдаланасыз. Мысалы үшін, >25 AND <50 шарты 25 үлкен және 50 кішірек мәнді қайтарады. «Шымкент» НЕМЕСЕ «Ақсукент» НЕМЕСЕ «Сайрам» сияқты шарт тек қана сол қалалар жазбаларын қайтарады.

Шартты пайдалану туралы қосымша ақпараттарға ие болу үшін Сұрау шарттары мысалдары бөлімін көріңіз.

Өрнек - бұл бірегей мәнді есептейтін математикалық немесе логикалық амалдағыштардың, тұрақты мәндердің, өрнектердің және өріс атауларының, басқару элементтерінің және сипаттардың тіркесімі. Өрнектерді кестеге жат емес деректер қажет болғанда пайдаланасыз. Мысалы, [ӨнімБағасы]*[Мөлшері] ӨнімБағасы өрісіндегі мән Мөлшері өрісіндегі мәнге көбейтіледі. Өрнектерді түрлі жолмен пайдалануыңызға болады және оларды пайдалану және жасау барыстарғы өте күрделі болу мүмкін.

Өрнектерді пайдалану және жасау туралы қосымша ақпараттарға ие болу үішн Өрнек жасау бөлімін көріңіз.

Беттің жоғарғы жағы

Ажыратылған күйдің сұрау бұғаттауын тоқтату

Әдепкі, сенімді орналасуға жат емес дерекқорыны ашатын болсаңыз немесе дерекқорды сенімді етіп таңдамаған болсаңыз, Access бағдарламасы барлық сұрау әрекеттерінің орындалуын болдырмайды   (қосу, жаңарту, жою сұраулары немесе кесте жасайтын сұраулар) .

Әрекет сұрауын орындамақшы болсаңыз және ешнәрсе орындалып жатқан жоқ сияқты болып көрінетін болса, Access күй тақтасында келесі хабарламалардың бар-жоқтығын тексеріңіз:

Бұл әрекет немесе оқиға Ажырату күйімен бұғатталған.

Егер осындай хабарды көретін болсаңыз, келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:

Бұғатталған мазмұнды қосу

  • Хабарламалар тақтасында Параметрлер түймешігін басыңыз.

    Microsoft Office қауіпсіздік параметрлері тілқатысу терезесі пайда болады .

  • Осы мазмұнды қосу параметріне құсбелгі қойыңыз да OK түймешігін басыңыз .

  • Сұрауыңызды қайта орындаңыз .

Егер хабарлар тақтасын көрмей тұрсаңыз

  • Дерекқор құралдары қойындысын ашып, Көру/Жасыру тобында Хабарлар тақтасы параметріне құсбелгі қойыңыз .

Ажыратылған күй және Access қауіпсіздік мүмкіндіктері туралы көбірек ақпарат алу үшін Access 2007 дерекқорын кауіпсіз ету мақаласына қараңыз .

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×