Кестені немесе сұрауды SharePoint торабына экспорттау

Кестені немесе сұрауды SharePoint торабына экспорттау

Егер бөлімдің немесе жұмыс тобының мүшелері бір бірімен хабарласу және бірге жұмыс істеу үшін Windows SharePoint Services 2.0 бағдарламасын немесе оның кейінгі нұсқаларын пайдаланса, кейбір жағдайларда Access дерекқорларындағы кейбір деректерді бір немесе бірнеше SharePoint тораптарында жариялап, оларды қатынаулы ету қажет.

Кейбір Microsoft Office Access 2007 деректерін уақытша немесе тұрақты түрде SharePoint торабына жылжыту қажет болған жағдайда, оларды торапқа Access дерекқорынан экспорттауға болады. Деректерді экспорттаған кезіңізде Access таңдалған кестенің немесе сұраудың көшірмесін жасайды да көшірмені тізім ретінде сақтайды. Мына маңызды ақпаратты есте сақтаңыз: экспорттау әрекетінен соң бастапқы кестеге немесе сұрауға енгізілген өзгертулер экспортталған тізімде көрсетілмейді.

Егер Windows SharePoint Services бағдарламасымен таныс болмасаңыз және ол туралы көбірек ақпарат алғыңыз келсе Windows SharePoint Services бағдарламасына арналған өзіндік бетке қараңыз. Оны ашу үшін бұл мақаланың Қосышма ақпарат бөліміндегі сілтемеге нұқыңыз.

Бұл мақала келесі тақырыптарды қамтиды :

Деректерді SharePoint торабына экспорттауды қажет ететін жағдайлардың жиі кездесетін сценарийлері

Кестені немесе сұрауды SharePoint торабына экспорттау

Windows SharePoint Services бағдарламасының деректер түрлері Access деректер түрлерімен қалай үйлеседі

Деректерді SharePoint торабына экспорттауды қажет ететін жағдайлардың жиі кездесетін сценарийлері

Кесте немесе сұрау SharePoint торабына бірнеше себептен экспортталынады. Олардың ішінде келесілер бар:

  • Windows SharePoint Services бағдарламасын пайдалануды енді ғана бастап тұрсыз, және кейбір дерекқорларыңыздың SharePoint тізімдері ретінде де бар болса бұл басқалардың бәріне қолайлы болатынын түсіндіңіз. Деректеріңізді тобыңызбен ортақтасқыңыз келсе, SharePoint тізімдерімен жұмыс істеу дерекқор ішінен жұмыс істеуге қарағанда оңайрақ болуы мүмкін. Сондай-ақ, тізімдер арқылы шолу мен өңдеу жаңа пайдаланушыларға жеңілрек болуы мүмкін. Бұған қоса, тізім өзгертілген кезде ескертпе алу, тізіммен салғастырылған тапсырмаларды тағайындау әрі үйлестіру, және дербес күйінде жұмыс істеу сияқты Windows SharePoint Services 3.0 мүмкіндіктерін пайдалануға болады.

  • Деректерді Access бағдарламасы мен SharePoint торабы арасында тұрақты түрде ортақтасқыңыз келеді, бірақ деректер қазір Access бағдарламасында сақталынады. Ең соңғы деректерді не Access бағдарламасында не SharePoint торабында көру және өңдеу үшін деректерді әуелі тізім ретінде экспорттап, оларға Access дерекқорынан байланыстырғаныңыз жөн.

  • Access дерекқорында сұрау арқылы жұмыстардың күйі туралы күнделік немесе апталық есептер шығарасыз және оларды жүйелі түрде тораптарыңыздың бірінде орналастырғыңыз келеді. Егер Сізде Microsoft Office Outlook 2007 бағдарламасы орнатылған болса, экспорттау әрекетін жеңілдетіп, сұрау нәтижелерін торабыңызда жүйелі түрде орналастыруыңыз мүмкін.

Бұл мақала деректерді Windows SharePoint Services бағдарламасына тізім ретінде экспорттау үшін қажет болған қадамдармен таныстырады. SharePoint тізіміне Access бағдарламасынан байланыстыру туралы анықтама алу үшін SharePoint тізімінен импорттау немесе онымен байланыстыру мақаласына қараңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Кестені немесе сұрауды SharePoint торабына экспорттау

Деректерді SharePoint торабына экспорттаудың ең оңай жолы экспорттау шеберін орындау болып табылады. Шеберді орындап болған соң параметрлеріңізді — шеберді орындау кезіңізде берген ақпаратыңыз — экспорттау талаптары ретінде сақтап алуыңыз мүмкін. Одан кейін экспорттау әрекетін осы ақпаратты қайта енгізбей орындауға болады. Бұл бөлімдегі қадамдар экспорттау әрекетіне дайындалу, деректеріңізді экспорттау, ал одан кейін параметрлеріңізді экспорттау талаптары ретінде сақтау жолын түсіндіреді.

Әрекетті дайындау

  1. Экспорттағыңыз келетін кестені немесе сұрауды ұстайтын дерекқорды табыңыз.

    Сұрауды экспорттаған кезіңізде сұрау нәтижелеріндегі жолдар мен бағандар тізім элементтері мен бағандар ретінде экспортталынады. Пішінді немесе есепті экспорттауға болмайды.

    Ескерту : Бір әрекет барысында тек бір ғана нысанды экспорттауға болады.

  2. Ішінде тізім жасағыңыз келетін SharePoint торабын анықтаңыз.

    Жарамды торап мекенжайы "http://" сөзімен басталады, одан кейін сервердің атауы келеді, және ең соңында сервердегі нақты торапқа жетелейтін жол келеді. Мәселен, келесі мекенжай жарамды болып табылады:

http://adatum/AnalysisTeam

  1. SharePoint торабында тізім жарату үшін Сізде қажетті рұқсаттар бар болғанына көз жеткізіңіз. Егер рұқсаттар туралы шүбәланып тұрсаңыз, сервер әкімшісімен хабарласаңыз.

    Экспорттау әрекеті жаңа тізім жасайды және ол тізімдің атауы Access бағдарламасындағы бастапқы нысанның атауымен бірдей болады. Егер SharePoint торабында осы атауға ие болған тізім бар болса, жаңа тізім үшін басқа атау беруді сұрайтын терезе пайда болады. .

    Ескерту : Деректерді бар тізімге не қайта жазуға болмайды не қосуға болмайды.

  2. Бастапқы кестедегі немесе сұраудағы өрістерді қарап шығыңыз.

    Келесі кесте кейбір элементтердің қалай импортталынуын және кейбір нақты жағдайларда қосымша шаралардың керектігін немесе керек еместігін түсіндіреді.

Элемент

Шешім

Өрістер мен жазбалар

Кестедегі немесе сұраудағы барлық өрістер мен жазбалар экспортталынады. Олардың ішінде деректер кестесіндегі жасырылған өрістер де экспортталынады. Экспорттау барысында сүзгілеу параметрлері еленбейді.

Тіркемелер

Егер бастапқы нысанда бірден астам тіркеме бағаны бар болса, бір тіркеме бағанын қалдырып, басқаларды жойып тастауыңыз тиіс. Бұның себебі SharePoint тізімі тек қана бір тіркеме бағанына қолдау көрсетеді. Егер бастапқы нысанда осындай бағандардың бірнешесі болса, әрекетті бастамас бұрын Access бағдарламасы бір тіркеме бағанын қалдырып, басқаларды жойып тастауды сұрайтын терезені көрсетеді. Бұл кедергіні айналып өту үшін қосымша бағандарды басқа Access нысандарына қосып, басқа SharePoint тізімдеріне экспорттауға болады.

Бір немесе бірнеше мән ұстайтын қондырмалы өрістер

Бір мән ұстайтын қондырмалы өрістердегі бейнеленетін мәндер SharePoint тізіміне "Таңдау" түрдегі ашылмалы мәзір ретінде экспортталынады. Егер бастапқы өріс бірнеше мәндерді қолдайтын болса, SharePoint тізімінде бірнеше таңдау етуге рұқсат беретін "Таңдау" өрісі жасалынады.

Ескерту : SharePoint тізіміндегі "Таңдау" өрісі тек қана бір бағаннан құралған болады. Егер бастапқы қондырмалы өріс ішінде бірнеше баған болса, барлық бағандардағы мәндер бір бағанда біріктіріледі.

Есептелетін сұрау өрістері

Есептелетін бағандардағы нәтижелер деректер түрі есептелген нәтиженің деректер түріне байланысты болған өріске көшіріледі. Нәтижелерді есептейтін өрнек көшірілмейді.

OLE нысан өрістері

OLE нысан өрістері экспорттау әрекеті барысында еленбейді.

  1. Егер бастапқы дерекқор әлдеқашан ашылмаған болоса, оны ашыңыз да келесі қадамдар жиынтығына өтіңіз.

Деректерді экспорттау

  1. Сыртқы деректер қойындысының Экспорттау тобында SharePoint Тізімі түймешігін нұқыңыз. Түймешік суреті

    Экспорттау шебері басталады.

  2. SharePoint торабын белгілеу жақтауында тағайындау торабының мекенжайын енгізіңіз.

  3. Жаңа SharePoint тізімінің атауын белгілеу жақтауында жаңа тізім үшін атау енгізіңіз.

    Егер дерекқорыңыздағы бастапқы нысанның атауы SharePoint торабындағы тізімдің атауымен бірдей болса, басқа атау белгілеңіз.

  4. Егер қаласаңыз, Сипаттама жақтауында жаңа тізім үшін сипаттама енгізіңіз, ал одан кейін Аяқтаған соң тізімді ашу параметріне құсбелгі қойыңыз.

  5. Жарайды түймешігін басып, экспорттау үрдісін бастаңыз.

  6. Access бағдарламасы SharePoint торабында тізім жасайды да шебердің соңғы бетінде әрекеттің күйін көрсетеді. Экспорттау әрекеті аяқталған соң шеберді жабуыңыз мүмкін немесе экспорттау қадамдарын талаптар ретінде сақтауыңыз мүмкін.

    Сондай-ақ, әрекет барысында тиісті бастапқы өрісіне негізделіп, Windows SharePoint Services бағдарламасы әрбір баған үшін дұрыс деректер түрін таңдайды. Access және Windows SharePoint Services бағдарламаларындағы деректер түрлері бір бірімен қалай үйлесетінін және әрбір деректер түрі үшін қайсы өріс параметрлері экспортталынатынын сипаттап беретін тізімді көру үшін төмендегі Windows SharePoint Services бағдарламасының деректер түрлері Access деректер түрлерімен қалай үйлеседі бөліміне қараңыз.

Талаптарды сақтап алу

  1. Шебердің соңғы бетінде Экспорттау қадамдарын сақтау параметріне құсбелгі қойыңыз.

    Қосымша басқару элементтерінің жиынтығы пайда болады.

  2. Басқаша сақтау жақтауында экспорт талаптары үшін атау енгізіңіз.

    Егер қаласаңыз, Сипаттама жақтауында бұл әрекет үшін сипаттама енгізіңіз.

  3. Егер осы әрекетті белгілі уақыт өткен сайын (мәселен, әрбір апта немесе әрбір ай) қайта-қайта орындағыңыз келсе, Outlook тапсырмасын жасау параметріне құсбелгі қойыңыз.

    Бұл Office Outlook 2007 бағдарламасында осы талаптарды кейінірек орындауға мүмкіндік беретін тапсырма жасайды.

  4. Экспортты сақтау дегенін нұқыңыз.

Outlook тапсырмасын теңшеу

Егер алдыңғы үрдіс барысында Outlook тапсырмасын жасау параметріне құсбелгі қойған болсаңыз, Access бағдарламасы Outlook бағдарламасын бастайды және жаңа тапсырма көрсетеді. Тапсырманы теңшеп алу үшін келесі қадамдарды пайдаланыңыз.

Ескерту : Егер Outlook бағдарламасы орнатылмаған болса, Access бағдарламасы қате туралы хабарды көрсетеді. Егер Outlook бағдарламасы дұрыс теңшелмеген болса, Outlook жегілу шебері басталады. Outlook бағдарламасын теңшеу үшін шебердегі қадамдарды орындаңыз.

  1. Outlook бағдарламасындағы Атау-тапсырмасын экспорттау терезесінде Мерзім және Еске салу хабары сияқты тапсырма параметрлерін қарап шығыңыз және өзгертіңіз.

    Тапсырманы қайта-қайта орындалынатындай етіп қою үшін Қайталану дегенін нұқыңыз. Төмендегі сурет тапсырмаларды кестелейтін құралды және оның ішіндегі кейбір әдеттегі параметрлерді көрсетеді:

    Outlook тапсырмаларды жоспарлаушы

    Outlook тапсырмаларын кестелеу туралы көбірек ақпарат алу үшін Импорттау немесе экспорттау әрекетін кестелеу.

  2. Параметрлерді теңшеп болған соң Сақтау және жабу дегенін нұқыңыз.

Сақталған тапсырманы орындау

  1. Outlook шарлау аумағында Тапсырмалар дегенін нұқыңыз да орындағыңыз келетін тапсырманы екі рет нұқыңыз.

  2. Тапсырма қойындысындағы Microsoft Office Access тобында Экспорттау әрекетін орындау Түймешік суреті түймешігін басыңыз.

  3. SharePoint торабына өтіңіз де жаңа ғана жасалған тізімді ашыңыз.

    Барлық өрістер мен жазбалардың сәтті экспортталынғандығына және қателердің болмағандығына көз жеткізіңіз.

    Тиісті бастапқы өрісіне негізделіп, Windows SharePoint Services бағдарламасы әрбір баған үшін дұрыс деректер түрін таңдайды. Access және Windows SharePoint Services бағдарламаларындағы деректер түрлері бір бірімен қалай үйлесетінін және әрбір деректер түрі үшін қайсы өріс параметрлері экспортталынатынын сипаттап беретін тізімді көру үшін келесі бөлімге қараңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Windows SharePoint Services бағдарламасының деректер түрлері Access деректер түрлерімен қалай үйлеседі

Кесте немесе сұрау экспорттаған кезіңізде Access бағдарламасының бағандардағы деректер түрін қалай анықтайтыны төмендегі кестеде көрсетілген.

Access бағдарламасындағы деректер түрі

Windows SharePoint Services бағдарламасындағы деректер түрі

Өріс сипатының әдепкі параметрі

Ескертпелер

Мәтін

Бір жолдан құралған мәтін

Баған атауы     Access бағдарламасындағы Өріс атауы параметріне толығымен үйлеседі.

Сипаттама     Access бағдарламасындағы Сипаттама параметріне толығымен үйлеседі.

Міндетті     Access бағдарламасындағы Міндетті параметріне толығымен үйлеседі.

Таңбалардың ең көп саны     Access бағдарламасындағы Өріс ауқымы параметріне толығымен үйлеседі.

Әдепкі мән     Access бағдарламасындағы Әдепкі мән параметріне толығымен үйлеседі. Әйтпесе, бос болады.

Әдепкі көрініске қосу     Иә

Мемо

Бірнеше жолдан құралған мәтін

Баған атауы     Access бағдарламасындағы Өріс атауы параметріне толығымен үйлеседі.

Сипаттама     Access бағдарламасындағы Сипаттама параметріне толығымен үйлеседі.

Міндетті     Access бағдарламасындағы Міндетті параметріне толығымен үйлеседі.

Бейнеленетін жолдардың саны     5

Әдепкі көрініске қосу     Иә

Сан

Сан

Баған атауы     Access бағдарламасындағы Өріс атауы параметріне толығымен үйлеседі.

Сипаттама     Access бағдарламасындағы Сипаттама параметріне толығымен үйлеседі.

Міндетті     Access бағдарламасындағы Міндетті параметріне толығымен үйлеседі.

Min     Бос

Max     Бос

Төмендегі кесте Бөлшек бөлігіндегі таңбалар саны сипатының Access бағдарламасындағы Бөлшек бөлігіндегі таңбалар саны параметріне сәйкес теңшелуін көркемдейді.

Access бағдарламасындағы параметр    

Windows SharePoint Services бағдарламасындағы параметр    

Авто

Автоматты түрде белгіленеді

0-5

0-5

6-15

5

Әдепкі мән     Access бағдарламасындағы Әдепкі мән параметріне толығымен үйлеседі. Әйтпесе, бос болады.

Әдепкі көрініске қосу     Иә

Пайыз ретінде көрсету     Егер Пішім сипаты Пайыз параметріне теңшелген болса, "Иә" болады.

Күн/Уақыт

Күн немесе уақыт

Баған атауы     Access бағдарламасындағы Өріс атауы параметріне толығымен үйлеседі.

Сипаттама     Access бағдарламасындағы Сипаттама параметріне толығымен үйлеседі.

Міндетті     Access бағдарламасындағы Міндетті параметріне толығымен үйлеседі.

Күн мен уақыт пішімі     Егер Пішім сипаты Қысқа күн параметріне теңшелген болса, Күн ғана параметріне теңшелген болады. Әйтпесе, Күн мен уақыт параметріне теңшелген болады.

Күнтізбе түрі     Егер Хижри параметрін пайдалану параметріне құсбелгі қойылған болса, Хижри параметріне теңшелген болады. Әйтпесе, Григориан параметріне теңшелген болады.

Төмендегі кесте Әдепкі мән сипатының Access бағдарламасындағы Әдепкі мән параметріне сәйкес теңшелуін көркемдейді.

Access бағдарламасындағы параметр    

Windows SharePoint Services бағдарламасындағы параметр    

=Date()

Бүгінгі күн

Өріс нақты күнге теңшелген

Өріс нақты күнге теңшелген

Әдепкі көрініске қосу     Иә

Ақша

Ақша

Баған атауы     Access бағдарламасындағы Өріс атауы параметріне толығымен үйлеседі.

Сипаттама     Access бағдарламасындағы Сипаттама параметріне толығымен үйлеседі.

Міндетті     Access бағдарламасындағы Міндетті параметріне толығымен үйлеседі.

Min     Бос

Max     Бос

Төмендегі кесте Бөлшек бөлігіндегі таңбалар саны сипатының Access бағдарламасындағы Бөлшек бөлігіндегі таңбалар саны параметріне сәйкес теңшелуін көркемдейді.

Access бағдарламасындағы параметр    

Windows SharePoint Services бағдарламасындағы параметр    

Авто

Автоматты түрде белгіленеді

0-5

0-5

6-15

5

Әдепкі мән     Access бағдарламасындағы Әдепкі мән параметріне толығымен үйлеседі. Әйтпесе, бос болады.

Әдепкі көрініске қосу     Иә

Ақша түрі     Access бағдарламасындағы Пішім параметріне толығымен үйлеседі.

Автосанағыш

Сан

Баған атауы     Access бағдарламасындағы Өріс атауы параметріне толығымен үйлеседі.

Сипаттама     Access бағдарламасындағы Сипаттама параметріне толығымен үйлеседі.

Міндетті     Access бағдарламасындағы Міндетті параметріне толығымен үйлеседі.

Min     Бос

Max     Бос

Бөлшек бөлігіндегі таңбалар саны     Автоматты түрде белгіленеді

Әдепкі көрініске қосу     Иә

Автосанағыш өрісінде "Өріс ауқымы" сипаты "Репликалау ұқсатқышы" параметріне теңшелген

Бір жолдан құралған мәтін

Баған атауы     Access бағдарламасындағы Өріс атауы параметріне толығымен үйлеседі.

Сипаттама     Access бағдарламасындағы Сипаттама параметріне толығымен үйлеседі.

Міндетті     Access бағдарламасындағы Міндетті параметріне толығымен үйлеседі.

Таңбалардың ең үлкен саны     38

Әдепкі мән     Бос

Әдепкі көрініске қосу     Иә

Иә/Жоқ

Иә/Жоқ

Баған атауы     Access бағдарламасындағы Өріс атауы параметріне толығымен үйлеседі.

Сипаттама     Access бағдарламасындағы Сипаттама параметріне толығымен үйлеседі.

Әдепкі мән     Access бағдарламасындағы Әдепкі мән параметріне толығымен үйлеседі. Әйтпесе, бос болады.

Әдепкі көрініске қосу     Иә

OLE нысаны

Өріс экспортталынбайды.

Еренсілтеме

Еренсілтеме

Баған атауы     Access бағдарламасындағы Өріс атауы параметріне толығымен үйлеседі.

Сипаттама     Access бағдарламасындағы Сипаттама параметріне толығымен үйлеседі.

Міндетті     Access бағдарламасындағы Міндетті параметріне толығымен үйлеседі.

URL мекенжайын басқаша пішімдеу     Hyperlink

Әдепкі көрініске қосу     Иә

Тіркеме

Тіркеме

Баған атауы     Access бағдарламасындағы Өріс атауы параметріне толығымен үйлеседі.

Сипаттама     Access бағдарламасындағы Сипаттама параметріне толығымен үйлеседі.

Міндетті     Access бағдарламасындағы Міндетті параметріне толығымен үйлеседі.

Әдепкі көрініске қосу     Иә

Көп мәнді өрістер

Таңдау

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×