Кестені немесе сұрауды пошта-біріктіру деректер көзі ретінде қолдану

Microsoft Word пошта біріктіру шеберін қолдану арқылы пошта біріктіру әрекетін орындауыңызға болады. Бұл шебер Microsoft Office Access 2007 бағдарлмасында да бар және кестені немесе сұрауды Access дерекқорында пішін хаттарына, электронды пошта хабарларына, пошталық жапсырмаларға, конверттерге немесе каталогтарға деректер көзі ретінде қолданатын пошта біріктіру үрдісін орнатуға мүмкіндік береді.

Бұл тақырыпта Access бағдарламасынан Пошта біріктіру шеберін қалай ашу керек екенін және кестенің немесе сұраудың және Microsoft Office Word 2007 құжатының арасында тікелей байланысты қалай жасау керек екені түсіндіріледі. Бұл тақырып хаттарды жазу процессін қарастырады. Пошта біріктіру процессін қалай орнату керек екені туралы қадамдап берілген мәліметтерді Office Word 2007 анықтамасынан қараңыз.

Кестені немесе сұрауды деректер көзі ретінде қолдану

  1. Бастапқы дерекқорды ашып, Шарлау аумағында пошта біріктіру деректер көзі ретінде қолданғыңыз келетін кестені немесе сұрауды таңдаңыз.

  2. Сыртқы деректер қойындысындағы Экспорттау тобында Қосымша параметрлер Түймешік суреті түймешігін басып, Microsoft Office Word бағдарламасымен біріктіру Түймешік суреті түймешігін басыңыз.

    Microsoft Word пошта біріктіру шебері ашылады.

  3. Қолданыстағы немесе жаңа құжатта байланыстыруды жасағыңыз келетінін-келмейтінін таңдап, OK түймешігін басыңыз.

  4. Егер қолданыстағы құжатқа байланыстыруды таңдасаңыз, онда Microsoft Word құжатын таңдау тілқатысу терезесінде файлды тауып алып, таңдап, содан соң Ашу дегенін нұқыңыз.

    Word бағдарламасы ашылады. Таңдауыңызға байланысты, Word бағдарламасы не Сіз белгілеген құжатты не жаңа құжатты ашады.

  5. Біріктіру аумағындағы Құжат түрін таңдау тармағында Хаттар дегенін нұқыңыз, содан соң, Келесі: құжатты бастау дегенін нұқып, 2 қадамға өтіңіз.

  6. 2 қадамда Келесі: алушыларды таңдау дегенін нұқыңыз.

    3 қадамда Access бағдарламасы мен Word құжатындағы деректер көздерінің арасында байланысты жасайсыз. Шеберді Access бағдарламасынан ашқандығыңыздан, бұл байланыс автоматты түрде жасалады. Алушыларды таңдау тармағында Бар тізімді қолдану таңдалғанын және деректер көзіңіздің атауы Бар тізімді қолдану тармағында көрсетілгенін байқаңыз.

    Пошта біріктіру деректер көзі

  7. Кестенің немесе сұраудың мазмұнын бейімдегіңіз келсе, Алушылар тізімін өңдеу дегенін нұқыңыз.

    Алушылар тізімін өңдеу

    Деректерді сүзгілеуіңізге, сұрыптауыңызға және растауыңызға болады. Жалғастыру үшін «ОК» түймешігін басыңыз.

  8. Жалғастыру үшін Келесі: хатыңызды жазыңыз дегенін нұқыңыз. Біріктіру аумағындағы қалған нұсқауларды орындап, 5 қадамда Келесі: біріктіруді аяқтаңыз дегенін нұқыңыз.

Кестені немесе сұрауды деректер көзі ретінде қолданудың басқа жолдары

Кестені немесе сұрауды деректер көзі ретінде басқа жолдарымен де белгілеуіңізге болады. Мысалы, кестені немесе сұрауды Access дерекқорынан ODBC дерекқорына, Microsoft Office Excel 2007 файлына, мәтін файлына немесе Word бағдарламасымен сыйысымды кез келген басқа файл пішімдеріне экспорттап, Word пошта біріктіру шеберін қолдану арқылы нәтижедегі файлға байланыстыруыңызға болады.

  1. Егер кестені немесе сұрауды әлі экспорттамаған болсаңыз, солай істеңіз. Access бағдарламасындағы Шарлау аумағында қолданғыңыз келетін кестені немесе сұрауды таңдап, Сыртқы деректер қойындысындағы Экспорттау тобында экспорттағыңыз келетін пішінді нұқып, нұсқауларға еріп отырыңыз.

  2. Word бағдарламасында, егер Біріктіру аумағы көрсетілмесе, онда Пошта жіберілімдері қойындысындағы Пошта біріктіруді бастау тобында Пошта біріктіруді бастау тармағындағы көрсеткіні нұқып, Қадамдап пошта біріктіру шебері дегенін таңдаңыз. Біріктіру бөлігі ашылады.

  3. Біріктіру аумағының 3 қадамындағы Бар тізімді қолдану тармағында Шолу немесе Алушылар тізімін өңдеу дегенін нұқыңыз.

  4. Деректер көзін таңдау тілқатысу терезесінде Access бағдарламасында жасаған деректер файлын белгілеп, Ашу. дегенін нұқыңыз.

  5. Келесі кездесетін тілқатысу терезелеріндегі нұсқауларды орындаңыз. Пошта біріктіру алушылары тілқатысу терезесінде файлдың мазмұна қарап, бейімдеңіз. Жалғастыру алдында, мазмұндарды сүзгілеуіңізге, сұрыптауыңызға немесе растауыңызға болады.

  6. OK түймешігін басып, Біріктіру аумағында Келесі: хатыңызды жазыңыз дегенін нұқыңыз. Пошта біріктіру әрекетіңізді бейімдеу жөнінде қосымша нұсқаулар алу үшін Word бағдарламасының анықтамасына қараңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×