Кестеден жолдар мен бағандарды жою

Word Online бағдарламасындағы кестелердің жолдарын және бағандарын жоюдың екі жылдам жолы бар.

  1. Өңдеу көрінісі бұрыннан ашық болмаса, Құжатты өңдеу > Word Online бағдарламасында өңдеу тармағын таңдаңыз.

Word Web App бағдарламасында өңдеу пәрменінің көрінісі

  1. Жойылуы керек жолдың немесе бағанның кез келген жерін басыңыз.

Егер бірнеше жолды немесе бағанды жою керек болса, жойылатын әр жолдағы немесе бағандағы ұяшықты таңдаңыз.

  1. Кесте құралдары тармағында Орналасуы түймешігін, содан соң Жолды жою немесе Бағанды жою түймешігін басыңыз.

Кесте құралдары Орналасуы таспасындағы Жолды жою және Бағанды жою түймешіктерінің көрінісі

Жолдарды немесе бағандарды жоюдың екінші жылдам жолы – жойылуы керек жолдың немесе бағанның ұяшығындағы мазмұнды таңдау. Ашылмалы мәзір пайда болады. Жою түймешігін, содан соң Жолды жою немесе Бағанды жою түймешігін басыңыз.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×