Кескіннің немесе бүкіл SmartArt сызбасының өлшемін өзгерту

Бүкіл SmartArt сызбасының немесе SmartArt сызбасындағы белгілі бір кескіннің өлшемін өзгерте аласыз.

Осы мақалада

SmartArt сызбалық нысандар, кескіндер мен мәтіндердің өлшемін өзгертуге шолу

Бір кескіннің өлшемін өзгерту

Бүкіл SmartArt сызбасының өлшемін өзгерту

SmartArt сызбалық нысандар, кескіндер мен мәтіндердің өлшемін өзгертуге шолу

SmartArt сызбасындағы белгілі бір кескіннің өлшемі өзгертілгеннен соң, SmartArt сызбасының макетіне сәйкес, қалған кескіндердің өлшемдері мен орналасу орындары да өзгереді. Кейбір жағдайда, сіз өзгертетін белгілі бір кескіннің өлшемі өзгереді. Басқа жағдайларда, тиесілі кескіндердің өлшемдері де өзгереді.

Мәтіні бар кескіннің өлшемі өзгергенде, мәтін мөлшері өздіктік түрде өзгереді. Алайда, SmartArt сызбасындағы бірдей деңгейдегі басқа кескінде үлкен мөлшердегі мәтінді бейнелеуге жеткілікті орын жоқ болса, сол деңгейдегі кескіндер үшін мәтін мөлшері өзгеріссіз қалады. Сонымен қатар, бұрын басқа кескіндегі мәтіннің мөлшерін қалуыңызша орнатқан болсаңыз, сол кескіндегі мәтін мөлшері өзгермейді.

Мысалы, келесі SmartArt сызбасындағы кескіндердің өлшемдері бірдей.

1 Көлденең үрдіс, 3 бірдей кескіні бар SmartArt сызбасы

Бірінші кескінге қосымша мәтінді қосып, бұл кескіннің өлшемін азайтсаңыз, басқа екі кескін және бұл кескіндердегі мәтін мөлшері де азаяды.

1 Көлденең үрдіс, бірінші кіші кескіні бар SmartArt сызбасы

Үшінші кескіннің өлшемін ұлғайтсаңыз, үш кескіндегі мәтіндер мөлшері өзгеріссіз қалады, өйткені бірінші кескіндегі мәтін мөлшері ұлғая алмайды, оның себебі кескіннің кіші өлшемі.

1 Көлденең үрдіс, үшінші кескіннің өзгертілген өлшемі бар SmartArt сызбасы

Бірінші кескіннің өлшемін ұлғайтсаңыз, онда бұл кескіндегі орын мөлшері үлкен мәтінді орналастыруға жеткілікті болады, тағы бір айта кететін жайт, басқа екі кескіндегі мәтін мөлшері де ұлғаяды.

Әдеттегідей, қосымша мәтінді теру нәтижесінде кескін өлшемі ұлғайса, онда мәтін мөлшерін ұлғайту нәтижесінде кескін өлшемі де ұлғаяды. Керісінше, кескіннен мәтінді жою нәтижесінде кескіннің өлшемі азайса, онда мәтін мөлшерін азайту кескін өлшемінің азаюына әсер етеді. Сіз таңдаған SmartArt сызбасының макетіне байланысты, мәтін мөлшерін ұлғайту, не азайту барлық кескіндердің өлшемдерін өздіктік түрде өзгертпейді.

Сондай-ақ, сіз таңдаған SmartArt сызбасының макетіне байланысты, бүкіл SmartArt сызбасының өлшемін өзгертсеңіз, SmartArt сызбасындағы кескіндер кеңейтімді пропорционалды өзгертеді немесе бос аралыққа және орналасуға сәйкес реттеледі.

Бір-біріне байланысты кескіндердің өлшемін өзгерту

Бір-біріне байланысты кескіндер дегеніміз мөлшері үлкен кескінді құрып, бір-бірімен байланысатын кескіндер. Сіз жұмыс істейтін SmartArt сызбасында мөлшері үлкен бірнеше кескін болады. SmartArt сызбасындағы барлық байланысты кескіндерді (мысалы, Тізім түрінің Екі бөлімді суреті бар тізім макеті) бөлектеп, олардың өлшемін өзгертсеңіз, сіз жұмыс істейтін SmartArt сызбасының көрінісі бұзылған көрінуі мүмкін. Төмендегі мысалда көрсетілгендей, өлшемі үлкен кескіндегі барлық байланысты кескіндер бөлектелген. Өлшемі кіші дөңгелек кескін (күн мен тауларды бейнеленетін сурет толтырғышы) сияқты бір-біріне байланысты кескіндердің біреуінің өлшемін өзгерткіңіз келсе, сізге керекті кескіннің ғана бөліктелгеніне көз жеткізіңіз. Өлшемі үлкен бүкіл кескіннің өлшемін өзгерткіңіз келсе, төменде көрсетілгендей, бір-біріне байланысты кескіндерді бөлектеңіз.

Бөлектелген, бір-біріне байланысты кескіндерді көрсететін екі бөлімді тізім деген макетпен SmartArt сызбасы

Беттің жоғарғы жағы

Бір кескіннің өлшемін өзгерту

  1. Өлшемді өзгерткіңіз келетін кескінді бөлектеңіз.

    Бірнеше кескіннің өлшемін өзгерту үшін, алғашқы кескінде шертім етіп, басқа кескіндерді бөлектегенде, CTRL пернесін басып тұрыңыз.

  2. SmartArt Құралдарыаймағындағы Кескіндер тобының Пішім қойындысында келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    Кескіндер тобының суреті

    • Кескіннің өлшемін ұлғайту үшін, Ұлғайту әміріне нұқыңыз.

    • Кескіннің өлшемін азайту үшін, Азайту әміріне нұқыңыз.

      Ескертулер : 

      • Сонымен қатар, кескін өлшемін өзгерту үшін, өлшемдердің өзгеру таңбалауышы пайдалана аласыз. Өлшемді өзгертуші таңбашалардың біріне тінтуірдің жүгіргісін орналастырыңыз да, тінтуірдің жүгіргісі Екі басты көрсеткі   ауыстырылғаннан соң, кескіннің өлшемін азайту, не ұлғайту үшін өлшемді өзгертуші таңбашаны сүйреңіз.

      • Кескіннің өлшемін бастапқы қалпына келтіру үшін, SmartArt Құралдары аймағындағы Қалпына келтіру тобының Құрастыру қойындысындағы Сызбаны қалпына келтіру әміріне нұқыңыз.

        SmartArt құралдар жасақтама тобының таспасы

        Маңызды : Сол кескінге және бірдей SmartArt сызбасындағы басқа да кескіндерге енгізілген түс, мәнер, өлшем, орналасу мен пәрмендерге қатысты өзгерістер жоғалатын болады.

      • Егер сіз SmartArt сызбасының басқа макетіне ауысқан болсаңыз, сіз бұрын жасаған өлшем, орналасу, бұру, екі жақта шағылу, бағдар (сол жақтан оң жаққа немесе оң жақтан сол жаққа) сияқты өзгерістер жаңа макетке ауыстырылмауы мүмкін. Алайда, 2007 Microsoft Office жүйесі құжатыңызды сақтап, оны жабудың алдында, бастапқы макетке ауыссаңыз, барлық баптаулар бастапқы макетке қайта ауысады. Бірақ кейбір баптаулар ауыстырылмайды, өйткені олар жаңа макетпен сәйкес келмейді.

Беттің жоғарғы жағы

Бүкіл SmartArt сызбасының өлшемін өзгерту

  1. Өзгерткіңіз келетін SmartArt сызбасына нұқыңыз.

  2. SmartArt сызбасының өлшемін өзгертуші таңбашалардың біріне тінтуірдің жүгіргісін орналастырыңыз да, жүгіргі Екі басты көрсеткі   ауыстырылғаннан соң, SmartArt сызбасының өлшемін азайту, не ұлғайту үшін өлшемді өзгертуші таңбашаны сүйреңіз.

Кеңес : Сонымен қатар бүкіл SmartArt сызбасын жылжыта аласыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×