Кездесуді жоспарлау

Кездесулер — басқа адамдарды шақыруды немесе ресурстарды сақтауды қамтымайтын күнтізбеде жоспарланатын әрекеттер.

Әрбір кездесуді бос емес, бос, белгісіз немесе жұмыста жоқпын етіп тағайындау арқылы басқа Outlook пайдаланушылары күйіңізді біледі.

Не істегіңіз келеді?

Кездесуді жасау

Кездесуді өзгерту

Бұрыннан бар кездесуді қайталанатын етіп жасау

Кездесу жасау

  1. Күнтізбе параметрінде, Басты қойындысын басыңыз.

  2. Жаңа тобында, Жаңа кездесу параметрін басыңыз. Әйтпесе, күнтізбе торындағы уақыт блоктауын тінтуірдің оң жақ пернесімен басыңыз, одан кейін Жаңа кездесу параметрін басыңыз.

    Таспадағы «Жаңа кездесу» пәрмені

Пернелер тіркесімі    Кездесу жасау үшін Ctrl+Shift+A пернелер тіркесімін басыңыз.

  1. Тақырып жолағына сипаттаманы енгізіңіз.

  2. Орналасу жолағына орынды енгізіңіз.

  3. Басталу мен аяқталу уақытттарын енгізіңіз.

    Кеңес :  «Басталу уақыты» және «Аяқталу уақыты» жолақтарына күндердің орнына белгілі бір сөздер мен тіркестерді енгізуге болады. Мысалы, «Бүгін», «Ертең», «Жаңа жыл», «Екі аптадан кейін», «Жаңа жылдан үш күн бұрын» және мерекелер атауларының көбісін енгізуге болады.

  4. Осы уақыт кезінде басқаларға қол жетімді екендігін көрсету үшін Кездесу қойындысында Параметрлер тобындағы Көрсету жолағын басып, Бос, Басқа жерде жұмыс істеп жүр, Белгісіз, Бос емес немесе Жұмыста жоқ параметрін таңдаңыз.

  5. Кездесуді қайталанатын етіп жасау үшін Параметрлер тобының Кездесу қойындысында Қайталау Түймешік суреті түймешігін басыңыз. Кездесуді қайталау жиілігін (Күн сайын, Апта сайын, Ай сайын, Жыл сайын) басып, жиіліктің параметрлерін таңдаңыз. ОК түймешігін басыңыз.

    Ескерту : Кездесуге қайталауды қосу арқылы Кездесу қойындысы Кездесулер қатары параметріне өзгереді.

  6. Әдепкіде, еске салғыш кездесудің басталу уақытынан 15 минут бұрын пайда болады. Еске салғыштың пайда болу уақытын өзгерту үшін Параметрлер тобының Кездесу қойындысында Еске салғыш жолағының көрсеткісін басып, жаңа еске салғыш уақытын таңдаңыз. Еске салғышты өшіру үшін Жоқ параметрін таңдаңыз.

  7. Кездесу қойындысындаӘрекеттер тобынан Сақтау және жабу пәрменін таңдаңыз.

Кеңес : Жаңа кездесу жасау үшін күнтізбе торының кез келгенлген бос аумағын екі рет басыңыз..

Беттің жоғары бөлігі

Кездесуді өзгерту

  1. Өзгертілетін кездесуді ашыңыз.

  2. Келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Қатардың бөлігі болып табылмайтын кездесу параметрлерін өзгерту    

      • Тақырып, орын және уақыт сияқты өзгертілетін параметрлерді өзгертіңіз.

    • Қатардағы барлық кездесулердің параметрлерін өзгерту    

      1. Барлық қатарлар пәрменін таңдап, өзгерткіңіз келетін кез келген параметрлерді өзгертіңіз.

      2. Қайталау параметрлерін өзгерту үшін Параметрлер тобының Қайталанатын кездесу қойындысынан Қайталау параметрін таңдап, параметрлерді өзгертіңіз және ОК түймешігін басыңыз.

    • Қатардың бөлігі болып табылатын бір кездесудің параметрлерін өзгерту    

      1. Тек осы біреуі пәрменін таңдаңыз.

      2. Қайталанатын кездесу қойындысында қажетті параметрлерді өзгертіңіз.

  3. Әрекеттер тобының Кездесу немесе Қайталанатын кездесу қойындысынан Сақтау және жабу пәрменін таңдаңыз.

Кеңес : Күнтізбе ішінде, кездесуді басқа күнге апаруға болады. Сонымен қатар, сипаттама мәтінін басу арқылы тақырыпты өзгертуге болады және F2 пернесін басып, өзгерістерді енгізіңіз.

Беттің жоғары бөлігі

Бар кездесуді қайталанатын етіп жасау

  1. Қайталау орнатылатын кездесуді ашыңыз.

  2. Кездесу қойыншасындағы Параметрлер тобында Қайталау Түймешік суреті түймешігін басыңыз.

  3. Кездесуді қайталау жиілігін — Күн сайын, Апта сайын, Ай сайын, Жыл сайын  басып, жиіліктің параметрлерін таңдаңыз.

  4. Әрекеттер тобының Қайталанатын кездесу қойындысынан Сақтау және жабу пәрменін таңдаңыз.

Беттің жоғары бөлігі

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×