Интернет күнтізбелерін жариялауға кіріспе

Интернет күнтізбелері дегеніміз басқалардың көру не жазылу мүмкіндігі бар Интернет торабына жарияланатын күнтізбелер. Интернет күнтізбелері iCalendar пішімін және .ics файл аты кеңейтімін қолданады.

Күнтізбе суреті деп аталатын бір реттік тұрақты күнтізбелерді электрондық пошта хабарымен жіберу арқылы ортақ пайдалануға болады. Немесе күнтізбелерді «iCalendar» пішіміндегі күнтізбелерді орналастыруға арналған арнайы веб-серверге жариялауға болады. Соңғы нұсқаның артықшылығы күнтізбені Outlook бағдарламасында өзгерткенде өзгертулер веб-сервермен қадамдастырылатындығында болып табылады. Бұл Интернет күнтізбесінің жазылымын пайдаланатындарға соңғы ақпаратты автоматты түрде көруге мүмкіндік береді.

Кеңес :  Жаңа күнтізбелерді қосу үшін Қосымша күнтізбелер жасау бөлімін көріңіз.

Интернет күнтізбелері неге жарияланады?

Интернет күнтізбелері басқалармен күнтізбені және қол жетімділік туралы ақпаратты ортақ пайдалануға мүмкіндік береді. Мысалы, футбол командаңыздың жаттығу кестесін жариялауға болады. Әрбір ойыншы жарияланған күнтізбеге жазыла алады және күнтізбеге жасалған барлық жаңартуларды көре алады. Басқа адамдар Интернет күнтізбеге жазылымды веб-шолғышта, Outlook бағдарламасында немесе басқа бағдарламада көруді таңдауы мүмкін.

Беттің жоғарғы жағы

Интернет күнтізбелерін жариялау жолы

  • «Outlook.com» торабына жариялау   Outlook күнтізбесін «Outlook.com» торабына жариялау арқылы басқалармен ортақ пайдалануға болады.

Outlook күнтізбесін «Outlook.com» торабында ортақ пайдалану үшін, алдымен оны iCalendar (.ics файлы) ретінде сақтап, «Outlook.com» торабына импорттаңыз да, көруі қажет адамдармен ортақ пайдаланыңыз.

Күнтізбені «.ics» файлы ретінде сақтау үшін, оны Outlook ішінен таңдап, Файл > Күнтізбені сақтау тармағы бойынша өтіп, iCalendar пішімі файл түрін таңдаңыз.

Сізде «Outlook.com» тіркелгісі жоқ па? Оны жасау жолын Outlook.com торабынан көріңіз.

  • WebDAV серверіне жариялау      Егер WebDAV протоколын қолдайтын веб-серверге қатынасу рұқсатыңыз болса, күнтізбелерді басқа адамдармен ортақ пайдалануға болады.

    WebDAV протоколын барлық веб-серверлер қолдай бермейді. Сервер әкімшісі немесе Интернет қызметінің провайдері пайдаланғыңыз келетін серверде WebDAV протоколына қолдау көрсетілетін-көрсетілмейтінін айта алады. Қосымша ақпарат алу үшін, Күнтізбені WebDAV серверіне жариялау бөлімін қараңыз.

    Күнтізбені WebDAV серверіне жариялау үшін, Шарлау аумағындағы Күнтізбе қалтасын ашып, керекті күнтізбені таңдаңыз. Басты қойындысындағы Ортақ пайдалану тобынан Желіде жариялау, одан кейін WebDAV серверіне жариялау параметрлерін таңдаңыз. Одан кейін пайдаланылатын сервердің веб-мекенжайын енгізіңіз. Бұл ақпарат жоқ болса, сервер әкімшісінен немесе Интернет қызметінің провайдерінен сұраңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×