Интеллектуалдық қызметтер

Интеллектуалдық қызметтердің арқасында бұлт артықшылықтарын Office қолданбаларында пайдалану арқылы уақытыңызды тиімді пайдалануға және жақсы нәтижелерге жетуге болады. Бұл мүмкіндіктер Word және Outlook құжатында мәтіндердің сапасын арттыруға және PowerPoint бағдарламасында динамикалық презентациялар жасауға көмектеседі. Осы қызметтермен қамтамасыз ету үшін, Microsoft корпорациясына сіздің мәтіндік және визуалды контенттеріңізді қауіпсіз түрде жинауы керек.

Ескерту : Бұл мүмкіндік сізде Office 365 жазылымы болған жағдайда ғана қолжетімді. Егер Office 365 қызметінің жазылушысы болсаңыз, сізде Office бағдарламасының ең соңғы нұсқасы болуы керек.

Microsoft Office ұсынған интеллектуалдық қызметтердің бірнешеуін қарастырайық.

PowerPoint құрастырушысы

PowerPoint құрастырушысы функциясы жай ғана бір рет басу арқылы әдемі слайдтар жасауға мүмкіндік береді. Мазмұнды слайдқа салып жатқанда, Құрастырушы осы мазмұнды кәсіби жасақталған орналасуға сәйкестендіру үшін фондық режимде жұмыс істейді.

Браузер бейнеге қолдау көрсетпейді. Microsoft Silverlight, Adobe Flash Player немесе Internet Explorer 9 бағдарламасын орнатыңыз.

Қосымша ақпарат алу үшін, PowerPoint құрастырушысы туралы ақпарат мақаласын қараңыз.

Редактор

Редактор функциясы Word және Outlook құжаттарында басқаларға түсініксіз болуы мүмкін немесе қосымша өңдеуге болатын сөздер мен сөз тіркестерін анықтау арқылы, мәтіннің сапасын жақсартуға көмектеседі. Сөз қате жазылса, «Редактор» интеллектуалдық қызметтер көмегімен сөзді және контексті талдап, ең дұрыс деп табылған нұсқасын ұсынады.

Редактор функциясы емле мен контексті түзету бойынша ұсыныстарды интеллектуалдық қызметтер көмегімен ұсынады.

Интеллектуалдық қызметтер қосулы болса, дұрыс жазу ұсыныстары контекстік мәзірде немесе «емле бөлігі» аймағында автоматты түрде шығады. Кей кезде «ұсыныстар ізделуде» хабары пайда болады, бұл қызметтің ең тиімді ұсыныстарды іздеп жатқанын білдіреді.

Word бағдарламасындағы «Редактор» функциясы туралы қосымша ақпаратты Редактор — жазу бойынша көмекші құрал мақаласынан қараңыз.

Кеңес : Қазіргі таңда Mac жүйесіне арналған Word және Outlook бағдарламаларында бұл мүмкіндікке қолдау көрсетілмейді.

Жылдам іздеу

Bing платформасындағы «Жылдам іздеу» панелін пайдаланып, бағдарламадан шықпай-ақ, қажетті нәтижелерді ала отырып, тапсырмаңызды орындауды жалғастыра аласыз. Сөзді немесе сөз тіркесін бөлектеп, оны тінтуірдің оң жақ пернесімен басыңыз да, Жылдам іздеу пәрменін таңдаңыз. Сонда, интеллектуалдық қызметтер «Жылдам іздеу» панелінде анықтамалар, тақырыптар, Вики мақалалары және интернеттегі тақырыпқа қатысты іздеу нәтижелерін көрсетеді. Сараптау > Жылдам іздеу пәрменін таңдау арқылы жылдам іздеу мүмкіндігін кез келген уақытта қоса аласыз.

Word бағдарламасында «Түсініктемелер» тақтасын көрсетеді

Ескерту : Құрылғыңыз сенсорлы болса, бөлектеу үшін сөзді екі рет түртіңіз де, Жылдам іздеу немесе Жылдам іздеу белгісін түртіңіз.

Жылдам іздеу мүмкіндігі бойынша қосымша ақпаратты Жылдам іздеу мүмкіндігімен ағымдағы жұмысқа байланысты пайдалы ақпарат алу мақаласынан қараңыз.

Интеллектуалдық қызметтерді іске қосу және өшіру

Осы мүмкіндіктерді іске қосу немесе өшіру үшін, Файл > Опциялар тармағына өтіп, Жалпы қойыншасында Office интеллектуалдық қызметтері бөліміне өтіңіз.

Интеллектуалдық қызметтерді қосу немесе өшіру үшін Файл> Опциялар > Жалпы тармағына өтіңіз.

Office қызметі интеллектуалдық қызметтердің қосылмағанын, бірақ олардың сіздің ағымдағы жұмысыңызға көмегі тиетінін анықтаса, оларды қосу туралы хабар пайда болады. Қосымша ақпарат алу үшін, орындалу әдісін көрсету пәрменін басыңыз.

Қосымша ақпарат алу үшін, Microsoft корпорациясының құпиялылық туралы мәлімдемесі бөлімін қараңыз.

Қосымша ақпарат

Office 2016 бағдарламасы туралы сұрағыңыз бар?

Басқалардың жазған сұрақтары мен жауаптарын қарау үшін немесе өзіңіздің сұрақтарыңызға жауап алу үшін, Microsoft жауаптар қауымдастығы сайтына кіріңіз.

Біз әрқашан тыңдауға дайынбыз!

Бұл мақаланы сіздің пікіріңізге сәйкес соңғы рет 2017 жылдың 17 сәуірінде Әділ жаңартты. Егер мақала пайдалы болса немесе керісінше керегіңізге жарамаса, төмендегі пікірге арналған басқару элементтерін пайдаланып, мақаланы жақсарту жолдарын ұсынуыңызды сұраймыз.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×