Импорттау немесе экспорттау әрекеттерін жоспарлау

Microsoft Office Access 2007 бағдарламасында үнемі қолданылатын импорттау және экспорттау әрекетін спецификация жасау арқылы және осы спецификацияны жегу туралы еске салу үшін Microsoft Office Outlook 2007 бағдарламасында тапсырма жасау арқылы оңайластыра аласыз. Қосымша ыңғайлық жасау үшін Office Outlook 2007 тапсырмасының құрамында Access дерекқорын ашпай әрекетті жегу мүмкіндігін беретін түймешік бар. Осы мүмкіндікті қолдану үшін компьютеріңізде Office Outlook 2007 бағдарламасы орнатылған және теңшелген болуы тиіс.

Не істеуді қалайсыз?

Жаңа импорттау немесе экспорттау спецификациясын жасау және жоспарлау

Бар импорттау немесе экспорттау спецификациясын жоспарлау

Жоспарланған импорттау немесе экспорттау спецификациясын жегу

Жаңа импорттау немесе экспорттау спецификациясын жасау және жоспарлау

Шеберді қолдану арқылы импорттау және экспорттау әрекетін сәтті бітірген кезіңізде Access бағдарламасы әрекет туралы егжей-тегжейлі ақпаратты спецификация ретінде сақтау мүмкіндігін береді. Спецификация құрамында әрекетті ақпарат енгізуді сұрамай қайталау үшін Access бағдарламасына қажет болған ақпараттың бәрі бар.

Мысалы, деректерді Microsoft Office Excel 2007 жұмыс кітабынан импорттайтын импорттау спецификациясы бастапқы Excel файл атауын, тағайындалған дерекқор атауын және ақпарат кестеге қосылған ба немесе жаңа кесте жасалған ба, бастапқы кілт ақпараты мен өріс атаулары сияқты басқа да егжей-тегжейлі мәліметтерді сақтайды.

Спецификацияны сақтау барысында Access бағдарламасы әрекетті Outlook тапсырмасы арқылы жоспарлауға мүмкіндік береді.

Сіз Office Access 2007 бағдарламасында қолдау көрсетілген файл пішімдерін қолданатын импорттау және экспорттау әрекеттерін сақтай және жоспарлай аласыз. Әйткенмен, байланыстыру әрекетінің немесе деректер кестесінің бір бөлшегін экспорттау әрекетінің егжей-тегжейлі мәліметтерін сақтай және жоспарлай алмайсыз.

Мына қадамдарды жаңа импорттау немесе экспорттау спецификациясын жасау және жоспарлау үшін ұстаныңыз:

  1. Access бағдарламасынан импорттау немесе экспорттау әрекеттерін жегіңіз. Импорттау немесе экспорттау шеберлері Сыртқы деректер қойындысында қатынаулы болады.

  2. Шебердегі нұсқауды ұстаныңыз. Дайын түймешігін нұқыған соң және Access бағдарламасы әрекетті бітірген болса, шебер әрекет мәліметтерін сақтауға шақырады.

  3. Импорт қадамдарын сақтау немесе Экспорт қадамдарын сақтау түймешігін нұқып, әрекет мәліметтерін спецификация ретінде сақтап алыңыз.

  4. Басқаша сақтау жақтауында спецификация үшін атау теріңіз.

  5. Сипаттама жақтауында Сізге немесе бөтен пайдаланушыларға әрекетті кейінірек анықтауға көмектесетін сипаттаманы теріңіз.

  6. Outlook тапсырмасын жасау құсбелгі көзіне құсбелгі қойыңыз.

  7. Импортты сақтау немесе Экспортты сақтау дегенін нұқыңыз.

    Access бағдарламасы Outlook бағдарламасын бастайды және жаңа тапсырма жасайды.

    Ескерту : Егер Outlook бағдарламасы орнатылмаған болса, Access қате хабарламасын бейнелейді. Егер Outlook бағдарламасы тиісті теңшелінбесе, Outlook жегу шебері басталады. Outlook бағдарламасын теңшеп алу үшін шебердегі нұсқауларды орындаңыз.

  8. Outlook бағдарламасында Мерзім және Еске салу сияқты тапсырма параметрлерін қайта қарап шығыңыз және өзгертіңіз.

    Тапсырманы қайталанатын етіп қою үшін Қайталау дегенін нұқыңыз. Мына суретте кейбір әдеттегі параметрлері бар тапсырма жоспарлаушысы көрсетілген:

    Outlook тапсырмаларды жоспарлаушы

  9. «Outlook тапсырмасы» терезесінде орналасқан Тапсырма қойындысындағы Әрекеттер тобында Сақтау және жабу дегенін нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Бар импорттау немесе экспорттау спецификациясын жоспарлау

Егер импорттау немесе экспорттау спецификациясы бар болса, келесі іс рәсімін пайдаланып, ол үшін Outlook тапсырмасын жасай аласыз.

  1. Құрамында спецификация бар Access дерекқорын ашыңыз, егер ол ашылмаған болса. Импорттау спецификациясымен жұмыс жасаған кезде бұл тағайындалған дерекқор болады. Ал экспорттау спецификациясымен жұмыс істегенде бұл бастапқы дерекқор болады.

  2. Сыртқы деректер қойындысында Сақталған импорт түймешігін (Импорттау тобында) немесе Сақталған экспорт түймешігін (Экспорттау тобында) нұқып, спецификацияны таңдап алыңыз.

  3. Деректерді басқарудың тапсырмалары тілқатысу терезесінде Сақталған импорт немесе Сақталған экспорт қойындысының астында спецификацияны нұқып таңдап алыңыз.

  4. Outlook тапсырмасын жасау дегенін нұқыңыз.

    Егер Office Outlook 2007 орнатылған болса, Access оны бастайды.

    Ескерту : Егер Outlook бағдарламасы орнатылмаған болса, Access қате хабарламасын бейнелейді. Егер Outlook бағдарламасы тиісті теңшелінбеген болса, Outlook жегу шебері басталады. Outlook бағдарламасын теңшеу үшін шебердегі нұсқауларды орындаңыз.

  5. Outlook бағдарламасындағы Әрекет-атауы-Тапсырма терезесінде Мерзім және Еске салу сияқты тапсырма параметрлерін қайта қарап шығыңыз және өзгертіңіз.

  6. Егер тапсырманы тек қана бір рет жегуді қаласаңыз Басталу күні жақтауында күн-айды белгілеңіз.

  7. Егер тапсырманы белгілі уақыт аралығында жегуді қаласаңыз, Тапсырма қойындысында орналасқан Параметрлер тобында («Outlook тапсырмасы» терезесінде) Қайталау дегенін нұқыңыз. Тапсырманы қайталау тілқатысу терезесінде әрекетті жегу үшін қалаған уақыт аралығын белгілеңіз, сонан соң OK түймешігін басыңыз. Қайталанатын тапсырмаларды орнату туралы анықтама алу үшін Outlook бағдарламасының анықтамасына қараңыз.

  8. «Outlook тапсырмасы» терезесінде орналасқан Тапсырма қойындысындағы Әрекеттер тобында Сақтау және жабу дегенін нұқыңыз.

    Outlook жаңа тапсырма жасайды.

  9. Спецификацияны бірнеше күн өткен соң жегу үшін тапсырманы Outlook бағдарламасында ашыңыз. Тапсырма қойындысында орналасқан Microsoft Office Access тобында Импортты орындау түймешігін Түймешік бейнесі немесе Экспортты орындау Түймешік суреті түймешігін нұқыңыз, одан кейін OK түймешігін басып әрекетті орындаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Жоспарланған импорттау немесе экспорттау спецификациясын жегу

Жоспарланған уақытта Outlook еске салу хабарламасын бейнелейді. Әрекетті жегу үшін келесі қадамдарды қолданыңыз:

  1. «Еске салу» тілқатысу терезесінде Элементті ашу түймешігін басып, тапсырманы Outlook бағдарламасында ашыңыз.

  2. Тапсырма қойындысында орналасқан Microsoft Office Access тобында Импортты орындау Түймешік бейнесі немесе Экспортты орындау Түймешік суреті түймешігін басыңыз.

  3. ОК түймешігін басып, әрекетті орындаңыз.

Сондай-aқ, тапсырманы мына қадамдарды ұстау арқылы қалаған уақытта жеге аласыз.

  1. Тапсырманы Outlook бағдарламасында ашыңыз. Бұны істеу үшін Outlook шарлау аумағында Тапсырмалар дегенін нұқыңыз, одан кейін орындағыңыз келетін тапсырманы нұқыңыз.

  2. Тапсырма қойындысында орналасқан Microsoft Office Access тобында Импортты орындау Түймешік бейнесі немесе Экспортты орындау Түймешік суреті түймешігін басыңыз.

  3. ОК түймешігін басып, әрекетті орындаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×