Имек тырнақшаларды тік тырнақшаларға өзгерту және керісінше

Мәтінді тергенде кейбір Microsoft Office бағдарламалары автоматты түрде тік тырнақшаларды ( ' немесе " ) имек тырнақшаларға (әрі "жұп тырнақшалар" немесе теруші тырнақшалары ретінде белгілі) өзгертеді. Бұл мүмкіндікті қосуға не өшіріп тастауға болады.

Microsoft Office Word бағдарламасы

  1. Microsoft Office түймешігін Түймешік суреті басып, одан кейін Word параметрлері пәрменін таңдаңыз.

  2. Емлені тексеру пәрменін, одан кейін Автоауыстырғыш параметрлері пәрменін таңдаңыз.

  3. Автоауыстырғыш тілқатысу терезесінде төмендегіні орындаңыз:

    • Енгізу кезіндегі автопішімдегіш қойындысын нұқып, Енгізу кезінде ауыстыру астынан "Тік тырнақшалар" мен “жұп тырнақшалар” құсбелгісін қойыңыз не алып тастаңыз.

    • Автопішімдегіш қойындысында және Ауыстыру мәзірінде "Тік тырнақшалар" мен “жұп тырнақшалар” құсбелгісін қойыңыз не алып тастаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Microsoft Office PowerPoint бағдарламасы

  1. Microsoft Office түймешігін Түймешік суреті басып, одан кейін PowerPoint параметрлері пәрменін таңдаңыз.

  2. Емлені тексеру пәрменін таңдап, Автоауыстырғыш параметрлері пәрменін таңдаңыз.

  3. Автоауыстырғыш тілқатысу терезесінде Енгізу кезіндегі автопішімдегіш қойындысын нұқыңыз.

  4. Енгізу кезінде ауыстыру мәзірінде "Тік тырнақшалар" мен “жұп тырнақшалар” құсбелгісін қойыңыз не алып тастаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Microsoft Office Outlook бағдарламасы

  1. Outlook негізгі терезесіндегі Құралдар мәзірінде Параметрлер пәрменін таңдаңыз.

  2. Параметрлер тілқатысу терезесінде Пошта пішімі қойындысын нұқып, одан кейін Өңдегіш параметрлері пәрменін таңдаңыз.

  3. Өңдегіш параметрлері тілқатысу терезесінде Емлені тексеру пәрменін, одан кейін Автоауыстырғыш параметрлері пәрменін таңдаңыз.

  4. Автоауыстырғыш тілқатысу терезесінде төмендегіні орындаңыз:

    • Енгізу кезіндегі автопішімдегіш қойындысында және Енгізу кезінде ауыстыру мәзірінде "Тік тырнақшалар" мен “жұп тырнақшалар” құсбелгісін қойыңыз не алып тастаңыз.

    • Автопішімдегіш қойындысында және Ауыстыру мәзірінде "Тік тырнақшалар" мен “жұп тырнақшалар” құсбелгісін қойыңыз не алып тастаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Microsoft Office Publisher бағдарламасы

  1. Құралдар мәзірінде Автоауыстырғыш параметрлері пәрменін таңдаңыз.

  2. Автоауыстырғыш тілқатысу терезесінде Енгізу кезіндегі автопішімдегіш қойындысын нұқыңыз.

  3. Енгізу кезінде ауыстыру мәзірінде "Тік тырнақшалар" мен “жұп тырнақшалар” құсбелгісін қойыңыз не алып тастаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×