Жұмыс үрдісі есептерін қарап шығу

Microsoft Office SharePoint Server 2007 бағдарламасы ұйымдардың жұмыс үрдістері мен қатысты іскери үрдістер нәтижесін бағалауларына мүмкіндік беру үшін негізгі жұмыс үрдісі есеп құралдарымен қамтамасыз етеді.

Осы мақалада

Жұмыс үрдісінің есеп параметрлері

Жұмыс үрдістері үшін қолжетімді есептерді қарап шығу

Жұмыс үрдісінің есеп параметрлері

Office SharePoint Server 2007 бағдарламасы ұйымдар үрдістердегі мәселелерді табу үшін немесе топтың берілген іскери үрдісінде арнайы өнімділік мақсаттарына жетіп жатқандығын анықтау үшін пайдаланатын жұмыс үрдісінің статистикалық талдауын көрсететін есептеу құралдарымен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Office SharePoint Server 2007 бағдарламасы жұмыс үрдісінің бірнеше даналарына жұмыс үрдісі жұрналының статистикалық талдауын беретін бірнеше алдын ала анықталған Microsoft Office Excel есептерін қамтиды. Оған қоса, жұмыс үрдісі мәліметі Microsoft Office Visio 2007, Microsoft Office Access 2007 сияқты басқа бағдарламаларда пайдаланып, талдана алатын SharePoint тізімінің деректер көзі немесе өзгертпелі іскери үрдісті бақылау шешімдері ретінде қолжетімді болады.

Беттің жоғарғы жағы

Жұмыс үрдістері үшін қолжетімді есептерді қарап шығу

  1. Есебін қарап шығу қажет жұмыс үрдістері байланыстырылған тізімді немесе кітапхананы ашыңыз.

    Сіздің тізіміңіздің немесе кітапханаңыздың атауы шығарылмаса, Тораптың толық мазмұнын көру түймешігін нұқып, одан кейін одан кейін тізіміңіздің немесе кітапханаңыздың атауын нұқыңыз.

  2. Есебін қарап шығу қажет жұмыс үрдісінің күй бағанында тізімдегі немесе кітапханадағы кез келген элемент жанындағы сілтемені нұқыңыз. Мысалы, Орындалуда немесе Аяқталды параметрін таңдаңыз.

  3. Жұмыс үрдінің күйі бетіндегі Жұмыс үрдісі журналы астынан Жұмыс үрдісі есептерін қарап шығу параметрін таңдаңыз.

    Жұмыс үрдісі есептерін қарап шығу беті тізім немесе кітапханадағы элементтер үшін қолжетімді әрбір жұмыс үрдісі үшін есептерді тізеді.

  4. Есептерін қарап шығу қажет жұмыс үрдісін тауып, төмендегілердің бірін орындаңыз:

    • Жұмыс үрдісіндегі әрбір әрекеттің аяқталуына қанша уақыт кетіп жатқаны туралы, сондай-ақ жұмыс үрдісінің әрбір данасын аяқтауға қанша уақыт кететіні туралы мәліметті қарап шығу үшін Әрекет ұзақтығы есебі түймешігін басыңыз.

    • Қайсы жұмыс үрдісінің аяқталудан бұрын болдырылмағандығы немесе қателер кездескендігі туралы мәліметті қарап шығу үшін Болдырмау және қате есеп параметрін таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×