Жұмыс үрдісінің тапсырмаларын көру

Жұмыс үрдісімен қамтылған барлық тапсырмалар жұмыс үрдісімен байланысты тапсырмалар тізімдеріне жазылады. Жұмыс үрдісі тізімген, кітапханаға немесе мазмұн түріне қосылғанда, жұмыс үрдісіне арналған тапсырмалар жасалады. Жұмыс үрдісі торапқа арналған әдепкі Тапсырмалар тізімін пайдаланады немесе ол жұмыс үрдісіне бірегей болып табылатын таңдамалы тапсырмаларды пайдаланады.

Кейбір жағдайда ұйымның, әсіресе жұмыс үрдісінің тапсырмалары маңызды немесе құпия ақпаратты қамтыған жағдайда пайдаланушылардың жұмыс үрдісі тапсырмалар тізімін көру рұқсатын шектеуі мүмкін.

Не істегіңіз келеді?

Тапсырмалар тізіміндегі жұмыс үрдісі тапсырмаларын көру

Таңдамалы тапсырмалар тізімінің орнын анықтау және қолданыстағы жұмыс үрдісіне арналған барлық тапсырманы көру

Тапсырмалар тізіміндегі жұмыс үрдісі тапсырмаларын көру

Егер жұмыс үрдісі бардық жұмыс үрдісі тапсырмаларын торапқа арналған әдепкі Тапсырмалар тізіміне жазса, жұмыс үрдісі тапсырмаларының орнын анықтау және оларды көру үшін Менің тапсырмалары сүзгісін пайдалануыңызға болады.

Ескерту : Егер жұмыс үрдісі торапқа арналған әдепкі Тапсырмалар тізіміне жұмыс үрдісі тапсырмаларын жазса, Тапсырмалар тізімінің жұмыс үрдісі тапсырмалары мен жұмыс үрдісі емес тапсырмаларын көрсетуі мүмкін.

  1. Жылдам іске қосу кезінде торапқа арналған тапсырмаларды көру үшін Тапсырмалар түймешігін басыңыз.

    Егер Тапсырмалар түймешігі Жылдам іске қоусға шықпаса, Барлық торап мазмұнын көру түймешігін басыңыз, содан кейін Тапсырмалар түймешігін басыңыз.

  2. Көрініс мәзірінде Менің тапсырмаларым сияқты қажетті көріністің атауын таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Таңдамалы тапсырмалар тізімінің орнын анықтау және қолданыстағы жұмыс үрдісіне арналған барлық тапсырманы көру

Егер тапсырмаларды көргіңіз келетін жұмыс үрдісі әдепкі Тапсырмалар тізіміне жұмыс үрдісі тапсырмаларын жазбаса, жұмыс үрдісі элементіне арналған Жұмыс үрдісінің күй бетіне өту арқылы жұмыс үрдісінің таңдамалы тапсырмалар тізімінің орнын анықтауыңызға болады.

  1. Жұмыс үрдісі элементі сақталатын тізімге немесе кітапханаға өтіңіз.

  2. Жұмыс үрдісіне қамтылатын құжатты немесе элементті меңзермен көрсетіңіз, содан кейін Жұмыс үрдістер түймешігін басыңыз.

  3. Жұмыс үрдістерін іске қосу тармағы астындағы тапсырмаларын көргіңіз келетін жұмыс үрдісінің атауын таңдаңыз.

  4. Жұмыс үрдісінің күйі бетінде Тапсырмалар тармағының астындағы осы жұмыс үрдісіне арналған тапсырмалар тізіміне жасалатын сілтемені басыңыз.

  5. Көрініс мәзірінде Менің тапсырмаларым сияқты қажетті көріністің атауын таңдаңыз.

    Ескерту : Егер сіз жұмыс үрдісіне арналған таңдамалы тапсырмалары тізімінің атауын білсеңіз, Жылдам іске қосу тармағындағы Барлық торап мазмұнын көру түймешігін басу және тізімнің атауын таңдау арқылы оның орнын анықтауыңызға болады.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×