Жұмыс парағы ұяшықтарына деректерді қолмен енгізу

Жұмыс парағы ұяшықтарына деректерді қолмен енгізу

Excel бағдарламасында деректерді енгізудің бірнеше параметрлері бар. Деректерді бір ұяшыққа, бір уақытта бірнеше ұяшықтарға немесе бір уақытта біреуден көп жұмыс парағы енгізуге болады. Енгізуге болатын деректер сандар, мәтін, күндер немесе уақыттар бола алады. Деректерді түрлі жолдармен пішімдеуге болады. Және, деректерді енгізуді лайықтауға болатын бірнеше параметрлер бар.

Бұл бөлім жұмыс парағында деректерді енгізу үшін деректер пішінін пайдалану жолын түсіндірмейді. Деректер пішімдерімен жұмыс істеу жолы туралы қосымша мәліметтер алу үшін, Жолдарды деректер пішінін пайдалану арқылы қосу, өңдеу, табу және жою бөлімін қараңыз.

Маңызды : Егер жұмыс парағында деректерді енгізе немесе өңдей алмасаңыз, деректердің абайсызда өзгертілуін болдырмау үшін ол сіз немесе басқа біреу арқылы қорғалған болуы мүкін. Қорғалған жұмыс парағында деректерді қарау үшін ұяшықтарды таңдауға болады, бірақ құрсауланған ұяшықтардағы мәліметтерді теру мүмкін болмайды. Көп жағдайларда, қорғауды жасаған адамнан рұқсат алмайынша оны жұмыс парағынан жоймау қажет. Жұмыс парағын қорғаудан алу үшін, Сараптау қойындысының Өзгертулер тобындағы Парақты қорғаудан алу параметрін таңдаңыз. Егер жұмыс парағын қорғау қолданылғанда құпия сөз пайдаланылған болса, жұмыс парағын қорғаудан алу үшін бірінші сол құпия сөзді теру қажет.

Не істегіңіз келеді?

Ұяшыққа мәтін немесе сан енгізу

Бекітілген ондық нүктесі бар санды енгізу

Ұяшыққа күнді немесе уақытты енгізу

Бір уақытта бірнеше ұяшықтарға бірдей деректер енгізу

Бір уақытта бірнеше жұмыс парақтарға бірдей деректер енгізу

Жұмыс парағы параметрлерін және ұяшық пішімдерін реттеу

Enter пернесі үшін бағытты өзгерту

Бағанның енін өзгерту

Ұяшықтағы мәтінді тасымалдау

Санның пішімін өзгерту

Санды мәтін ретінде пішімдеу

Ұяшыққа мәтін немесе сан енгізу

  1. Жұмыс парағында ұяшықты басыңыз.

  2. Енгізілетін сандарды немесе мәтінді теріңіз және одан кейін Enter не Tab пернесін басыңыз.

    Кеңес : Ұяшық ішінде жаңа жолда деректерді енгізу үшін, Alt+Enter пернелерін басу арқылы жол үзігін енгізіңіз.

Беттің жоғарғы жағы

Бекітілген ондық нүктесі бар санды енгізу

  1. Файл қойындысында Параметрлер түймешігін басыңыз.

  2. Қосымша түймешігін басып, одан кейін Өңдеу параметлері астында Ондық нүктені автоматты түрде кірістіру құсбелгісін қойыңыз.

  3. Ондық орындар жолағына ондық бөлшектің оң жағындағы сандарға оң сандарды немесе ондық бөлшектің сол жағындағы сандарға теріс сандарды енгізіңіз.

    Мысалы, 3 санын Орындар жолағына енгізіп, одан кейін ұяшықта 2834 санын терсеңіз, мән 2.834 ретінде пайда болады. Егер -3 санын Орындар жолағына енгізіп, одан кейін 283 мәнін терсеңіз, мән 283000 ретінде пайда болады.

  4. Жұмыс парағында ұяшықты басып, одан кейін қажетті санды енгізіңіз.

    Бекітілген ондық параметрін таңдаудан бұрын ұяшықтарда енгізген деректерге әсер етілмейді.

    Кеңес : Бекітілген ондық параметрді уақытша болдырмау үшін, санды енгізген кезде ондық нүктені теріңіз.

Беттің жоғарғы жағы

Ұяшыққа күнді немесе уақытты енгізу

  1. Жұмыс парағында ұяшықты басыңыз.

  2. Күнді немесе уақытты төмендегідей теріңіз:

    • Күнді енгізу үшін, қиғаш сызық белгісін немесе сызықшаны күннің бөліктерін бөлектеу үшін пайдаланыңыз; 5/9/2002 немесе 5-Қырк-2002 деп теріңіз.

    • 12 сағатқа негізделген уақытты енгізу үшін, артынан бос орын қалдырып уақытты енгізіңіз және одан кейін уақыттан кейін а (түске дейінгі) немесе р (түстен кейінгі) деп енгізіңіз; мысалы 9:00 p. Немесе, Excel бағдарламасы уақытты АМ (түске дейінгі уақыт) ретінде енгізеді.

      Кеңес : Ағымдағы күнді және уақытта енгізу үшні, Ctrl+Shift+; (нүктелі үтір) пернелерін басыңыз.

Ескерту : 

  • Жұмыс парағын ашқанда ағымда қалатын күнді немесе уақытты енгізу үшін, БҮГІН және ҚАЗІР функцияларын пайдалануға болады.

  • Ұяшықта деректерді енгізген кезде, ол компьютеріңіз үшін әдепкі күн немесе уақыт пішімінде немесе күнді немесе уақытты енгізгеннен бұрын ұяшыққа қолданылған пішімде пайда болады. Әдепкі күн мен уақыт пішімі Аймақтық және тіл параметрлері диалогтық терезесіндегі (Өнімді басқару тақтасы, Сағат, тіл және Айамақ) параметлеріне күн және уақыт негізделген. Егер компьютердегі бұл параметрлер өзгертілген болса, Ұяшықтарды пішімдеу пәрменін пайдалану арқылы пішімделген жұмыс парақтарындағы күндер мен уақыттар сол параметрге байланысты көрсетіледі.

  • Әдепкі күн мен уақыт пішімін қолдану үшін, құрамында күн және уақыт мәні бар ұяшықты басып, одан кейін Ctrl+Shift+# немесе Ctrl+Shift+@ пернелерін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Бір уақытта бірнеше ұяшықтарға бірдей деректер енгізу

  1. Бірдей деректер енгізілетін ұяшықтарды бөлектеңіз. Ұяшықтар іргелес болмаулары қажет.

    Ұяшықтарды бөлектеу жолы

    Таңдау үшін

    Келесі әрекетті орындаңыз

    Жеке ұяшық

    Ұяшыққа жылжу үшін ұяшықты басыңыз немесе көрсеткі пернелерін басыңыз.

    Ұяшықтар ауқымы

    Ауқымдағы бірінші ұяшықты басып, одан кейін соңғы ұяшыққа апарыңыз немесе бөлектеуді кеңейту үшін көрсеткі пернелерін басу кезінде SHIFT пернесін басып тұрыңыз.

    Сонымен қатар, ауқымдағы бірінші ұяшықты таңдап, одан кейін таңдауды көрсеткі пернелерін пайдалану арқылы кеңейту үшін F8 пернесін басуға болады.Таңдауды кеңейтуді тоқтату үшін F8 пернесін қайта басыңыз.

    Ұяшықтардың үлкен ауқымы

    Ауқымдағы бірінші ұяшықты басып, одан кейін ауқымдағы соңғы ұяшықты басу кезінде SHIFT пернесін басып тұрыңыз. Соңғы ұяшықты көрінетін ету үшін жылжытуға болады.

    Жұмыс парағындағы барлық ұяшықтар

    Бәрін бөлектеу түймешігін басыңыз.

    Бәрін бөлектеу түймешігі

    Бүкіл жұмыс парақты бөлектеу үшін, сонымен қатар Ctrl+A пернелерін басыңыз.

    Егер жұмыс парағында деректер бар болса, Ctrl+A пернелері ағымдағы аймақты таңдайды. Ctrl+A пернелерін қайта басу бүкіл жұмыс парақты бөлектейді.

    Іргелес емес ұяшықтар немесе ұяшықтар ауқымы

    Бірінші ұяшықты немесе ұяшықтар ауқымын таңдап,одан кейін басқа ұяшықтарды немесе ауқымдарды таңдау кезінде Ctrl пернесін басып тұрыңыз.

    Сонымен қатар, бірінші ұяшықты немесе ұяшықтар ауқымын таңдап, одан кейін Shift+F8 пернелерін бөлектеуге басқа іргелес емес ұяшықты немесе ауқымды қосу үшін басыңыз. Бөлектеуге ұяшықтарды немесе ауқымдарды қосуды тоқтату үшін, Shift+F8 пернелерін қайта басыңыз.

    Ескерту : Бүкіл таңдаудан бас тартпастан, іргелес емес бөлектелген элемент ішіндегі бір ұяшықтың немесе ұяшықтар ауқымының таңдалуынан бар тартуға болмайды.

    Бүкіл жол немесе баған

    Жол немесе баған тақырыбын басыңыз.

    Жол және баған тақырыбын көрсететін жұмыс парағы

    1. Жол тақырыбы

    2. Баған тақырыбы

    Сондай-ақ, жолдағы немесе бағандағы ұяшықтарды бірінші ұяшықты бөлектеп, одан кейін Ctrl+Shift+Көрсеткі түймешігі пернелерін (жолдар үшін Оң жаққа қараған көрсеткі немесе Сол жаққа қараған көрсеткі, бағандар үшін Жоғары көрсеткі немесе Төменгі көрсеткі) басу арқылы бөлектеуге болады.

    Жол немесе бағанда деректер бар болса, Ctrl+Shift+Көрсеткі түймешігі пернелері соңғы пайдаланылған ұяшыққа жолды немесе бағанды бөлектейді. Ctrl+Shift+Көрсеткі түймешігі пернелерін қайта басу бүкіл жолды немесе бағанды таңдайды.

    Іргелес жолдар немесе бағандар

    Жол немесе баған тақырыптарының үстінен сүйретіңіз. Немесе, бірінші жолды немесе бағанды бөлектеңіз; одан кейін соңғы жолды немесе бағанды бөлектеу кезінде Shift пернесін басып тұрыңыз.

    Іргелес емес жолдар немесе бағандар

    Бөлектеудегі бірінші жолдың немесе бағанның баған немесе жол тақырыбын басыңыз; одан кейін, бөлектеуге қосылатын басқа жолдардың немесе бағандардың баған немесе жол тақырыптарын басу кезінде Ctrl пернесін басып тұрыңыз.

    Жолдағы немесе бағандағы бірінші немесе соңғы ұяшық

    Жолдағы немесе бағандағы ұяшықты бөлектеп, одан кейін Ctrl+Көрсеткі түймешігі пернелерін (жолдар үшін Оң жаққа қараған көрсеткі немесе Сол жаққа қараған көрсеткі, бағандар үшін Жоғары көрсеткі немесе Төменгі көрсеткі) басыңыз.

    Жұмыс парағындағы немесе Microsoft Office Excel кестесіндегі бірінші немесе соңғы ұяшық

    Жұмыс парағындағы немесе Excel кестесіндегі бірінші ұяшықты бөлектеу үшін, Crtl+Home пернелерін басыңыз.

    Жұмыс парағындағы немесе құрамында деректер немесе пішімдеу бар Excel кестесіндегі соңғы ұяшықты бөлектеу үшін, Crtl+End пернелерін басыңыз.

    Жұмыс парағындағы соңғы пайдаланылған ұяшыққа ұяшықтар (төменгі оң жақ бұрышы)

    Бірінші ұяшықты бөлектеп, одан кейін ұяшықтардың бөлектеуін жұмыс парағында соңғы пайдаланылған ұяшыққа (төменгі оң жақ бұрышы) кеңейту үшін, Ctrl+Shift+End пернелерін басыңыз.

    Ұяшықтар жұмыс парағының басына

    Бірінші ұяшықты бөлектеп, ұяшықтар бөлектеуін жұмыс парағының басына кеңейту үшін Ctrl+Shift+Home пернелерін басыңыз.

    Белсенді бөлектеуден көбірек немесе азырақ ұяшықтар

    Жаңа бөлектеуде қосылатын соңғы ұяшықты басу кезінде Shift пернесін басып тұрыңыз. белсенді ұяшық және нұқыған ұяшық арасындағы тікбұрыш ауқым жаңа бөлектеуге айналады.

Кеңес : Ұяшықтарды бөлектеуді болдырмау үшін жұмыс парағында кез келген ұяшықты басыңыз.

  1. Белсенді ұяшықта деректерді теріп, одан кейін Ctrl+Enter пернелерін басыңыз.

    Кеңес : Сондай-ақ, бірдей деректерді бірнеше ұяшықтарға жұмыс парағы ұяшықтарында автоматты түрде деректерді толтыру үшін толтыру таңбалауышы Толтыру таңбалауышы пайдалану арқылы енгізуге болады.

    Қосымша мәліметтер алу үшін, Жұмыс парағы ұяшықтарында деректерді автоматты түрде толтыру бөлімін қараңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Бір уақытта бірнеше жұмыс парақтарға бірдей деректер енгізу

Бір уақытта бірнеше жұмыс парағы белсенді ету арқылы жаңа деректерді енгізуге немесе жұмыс парақтарының біріндегі бар деректерді өзгертуге болады және өзгертулер барлық бөлектелген жұмыс парақтарындағы бірдей ұяшықтарға қолданылады.

  1. Өңделетін деректер бар бірінші жұмыс парағының қойындысын басыңыз. Одан кейін, деректер синхрондалатын басқа жұмыс парақтарының қойындыларын басу кезінде Ctrl пернесін басып тұрыңыз.

    Парақтың айналдыру түймешіктері

    Ескерту : Қажетті жұмыс парағының қойындысын көрмей тұрсаңыз, жұмыс парағын табу үшін қойындыны айналдыру түймешіктерін басып, одан кейін оның қойындысын басыңыз. Қажетті жұмыс парағы әліде табылмаса, құжат терезесін жазу қажет болады.

  2. белсенді парақ бар деректер өңделетін немесе жаңа деректер енгізілетін ұяшықты немесе ауқым таңдаңыз.

    Ұяшықтарды таңдау жолы

    Таңдау үшін

    Келесі әрекетті орындаңыз

    Жеке ұяшық

    Ұяшыққа жылжу үшін ұяшықты басыңыз немесе көрсеткі пернелерін басыңыз.

    Ұяшықтар ауқымы

    Ауқымдағы бірінші ұяшықты басып, одан кейін соңғы ұяшыққа апарыңыз немесе бөлектеуді кеңейту үшін көрсеткі пернелерін басу кезінде SHIFT пернесін басып тұрыңыз.

    Сонымен қатар, ауқымдағы бірінші ұяшықты таңдап, одан кейін таңдауды көрсеткі пернелерін пайдалану арқылы кеңейту үшін F8 пернесін басыңыз. Таңдауды кеңейтуді тоқтату үшін F8 пернесін қайта басыңыз.

    Ұяшықтардың үлкен ауқымы

    . Ауқымдағы бірінші ұяшықты басып, одан кейін ауқымдағы соңғы ұяшықты басу кезінде SHIFT пернесін басып тұрыңыз. Соңғы ұяшықты көрінетін ету үшін жылжытуға болады.

    Жұмыс парағындағы барлық ұяшықтар

    Бәрін бөлектеу түймешігін басыңыз.

    Бәрін бөлектеу түймешігі

    Бүкіл жұмыс парақты бөлектеу үшін, сонымен қатар Ctrl+A пернелерін басыңыз.

    Егер жұмыс парағында деректер бар болса, Ctrl+A пернелері ағымдағы аймақты таңдайды. Ctrl+A пернелерін екінші рет басу бүкіл жұмыс парақты бөлектейді.

    Іргелес емес ұяшықтар немесе ұяшықтар ауқымы

    Бірінші ұяшықты немесе ұяшықтар ауқымын таңдап, одан кейін басқа ұяшықтарды немесе ауқымдарды таңдау кезінде Ctrl пернесін басып тұрыңыз.

    Сонымен қатар, бірінші ұяшықты немесе ұяшықтар ауқымын таңдап, одан кейін Shift+F8 пернелерін бөлектеуге басқа іргелес емес ұяшықты немесе ауқымды қосу үшін басыңыз. Бөлектеуге ұяшықтарды немесе ауқымдарды қосуды тоқтату үшін, Shift+F8 пернелерін қайта басыңыз.

    Ескерту : Бүкіл таңдаудан бас тартпастан, іргелес емес бөлектелген элемент ішіндегі бір ұяшықтың немесе ұяшықтар ауқымының таңдалуынан бар тартуға болмайды.

    Бүкіл жол немесе баған

    Жол немесе баған тақырыбын басыңыз.

    Жол және баған тақырыбын көрсететін жұмыс парағы

    1. Жол тақырыбы

    2. Баған тақырыбы

    Сондай-ақ, жолдағы немесе бағандағы ұяшықтарды бірінші ұяшықты бөлектеп, одан кейін Ctrl+Shift+Көрсеткі түймешігі пернелерін (жолдар үшін Оң жаққа қараған көрсеткі немесе Сол жаққа қараған көрсеткі, бағандар үшін Жоғары көрсеткі немесе Төменгі көрсеткі) басу арқылы бөлектеуге болады.

    Жол немесе бағанда деректер бар болса, Ctrl+Shift+Көрсеткі түймешігі пернелері соңғы пайдаланылған ұяшыққа жолды немесе бағанды бөлектейді. Ctrl+Shift+Көрсеткі түймешігі пернелерін қайта басу бүкіл жолды немесе бағанды таңдайды.

    Іргелес жолдар немесе бағандар

    Жол немесе баған тақырыптарының үстінен сүйретіңіз. Немесе,бірінші жолды немесе бағанды бөлектеңіз; одан кейін соңғы жолды немесе бағанды бөлектеу кезінде Shift пернесін басып тұрыңыз.

    Іргелес емес жолдар немесе бағандар

    Бөлектеудегі бірінші жолдың немесе бағанның баған немесе жол тақырыбын басыңыз; одан кейін, бөлектеуге қосылатын басқа жолдардың немесе бағандардың баған немесе жол тақырыптарын басу кезінде Ctrl пернесін басып тұрыңыз.

    Жолдағы немесе бағандағы бірінші немесе соңғы ұяшық

    Жолдағы немесе бағандағы ұяшықты бөлектеп, одан кейін Ctrl+Көрсеткі түймешігі пернелерін (жолдар үшін Оң жаққа қараған көрсеткі немесе Сол жаққа қараған көрсеткі, бағандар үшін Жоғары көрсеткі немесе Төменгі көрсеткі) басыңыз.

    Жұмыс парағындағы немесе Microsoft Office Excel кестесіндегі бірінші немесе соңғы ұяшық

    Жұмыс парағындағы немесе Excel кестесіндегі бірінші ұяшықты бөлектеу үшін, Crtl+Home пернелерін басыңыз.

    Жұмыс парағындағы немесе құрамында деректер немесе пішімдеу бар Excel кестесіндегі соңғы ұяшықты бөлектеу үшін, Crtl+End пернелерін басыңыз.

    Жұмыс парағындағы соңғы пайдаланылған ұяшыққа ұяшықтар (төменгі оң жақ бұрышы)

    Бірінші ұяшықты бөлектеп, одан кейін ұяшықтардың бөлектеуін жұмыс парағында соңғы пайдаланылған ұяшыққа (төменгі оң жақ бұрышы) кеңейту үшін, Ctrl+Shift+End пернелерін басыңыз.

    Ұяшықтар жұмыс парағының басына

    Бірінші ұяшықты бөлектеп, ұяшықтар бөлектеуін жұмыс парағының басына кеңейту үшін Ctrl+Shift+Home пернелерін басыңыз.

    Белсенді бөлектеуден көбірек немесе азырақ ұяшықтар

    Жаңа бөлектеуде қосылатын соңғы ұяшықты басу кезінде Shift пернесін басып тұрыңыз. белсенді ұяшық және нұқыған ұяшық арасындағы тікбұрыш ауқым жаңа бөлектеуге айналады.

Кеңес : Ұяшықтарды бөлектеуді болдырмау үшін жұмыс парағында кез келген ұяшықты басыңыз.

  1. Белсенді ұяшықта жаңа деректер теріңіз немесе бар деректерді өңдеңіз және одан кейін бөлектеуді келесі ұяшыққа жылжыту үшін Enter немесе Tab пернелерін басыңыз.

    Өзгертулер бөлектелген барлық жұмыс парақтарына қолданылады.

  2. Деректерді енгізуді немесе өңдеуді аяқтағанға дейін алдыңғы қадамды қайталаңыз.

Ескерту : 

  • Бірнеше жұмыс парақтарының бөлектеуін болдырмау үшін, кез-келген бөлектелмеген жұмыс парағын басыңыз. Егер бөлектелмеген жұмыс парағы көрінбесе, бөлектелген жұмыс парағының қойындысын тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, одан кейін Парақтарды топтан шығару параметрін таңдаңыз.

  • Деректерді енгізген немесе өңдеген кезде өзгертулер барлық бөлектелген жұмыс парақтарына әсер етеді және өзгертуді жоспарламаған деректерді абайсызда ауыстыруы мүмкін. Бұл әрекетті болдырмау үшін, барлық жұмыс парақтарын ықтимал деректер қайшылықтарын анықтау мақсатында бір уақытта қарауға болады.

    1. Көрініс қойындысында Терезе тобындағы Жаңа терезе параметрін таңдаңыз.

    2. Жаңа терезеге ауысып, одан кейін қаралатын жұмыс парағын басыңыз.

    3. Қаралатын әрбір жұмыс парағы үшін 1 және 2 қадамдарды қайталаңыз.

    4. Көрініс қойынысында Терезе тобындағы Барлығын реттеу параметрін таңдап, одан кейін қажетті параметрді таңдаңыз.

    5. Жұмыс парақтарын белсенді жұмыс кітабында ғана қарау үшін, Терезелерді реттеу диалогтық терезесінде Белсенді жұмыс кітабының терезелері құсбелгісін қойыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Жұмыс парағы параметрлерін және ұяшық пішімдерін реттеу

Excel бағдарламасында деректерді қолмен оңай енгізуге көмектесу үшін өзгертуге болатын бірнеше параметрлер бар. Кейбір өзгертулер барлық жұмыс кітаптарға әсер етеді, кейбірі бүкіл жұмыс параққа әсер етеді және кейбірі көрсеткен ұяшықтарға ғана әсер етеді.

Enter пернесі үшін бағытты өзгерту

Жолдағы бірнеше ұяшықтарға деректерді енгізу үшін Tab пернесін басып, одан кейін сол жолдың соңында Enter пернесін басқанда, әдепкіде, бөлектеу келесі жолдың басына жылжиды.

Enter пернесін басу бөлектеуді бір ұяшыққа төмен жылжытады және Tab пернесін басу бөлектеуді бір ұяшыққа оңға жылжытады. Tab пернесінің жылжу бағытын өзгерте алмайсыз, бірақ Enter пернесі үшін басқа бағытты көрсетуге болады. Бұл параметрді өзгерту бүкіл жұмыс парағына, кез-келген ашық жұмыс парақтарға, кез-келген жұмыс кітаптарға және барлық жаңа жұмыс кітаптарға әсер етеді.

  1. Файл қойындысында Параметрлер түймешігін басыңыз.

  2. Қосымша санатында Параметрлерді өңдеу астында Enter пернесін басқаннан соң, бөлектеуді жылжыту құсбелгісін қойып, одан кейін Бағыт жолағындағы қажетті бағытты басыңыз.

Бағанның енін өзгерту

Кейбір уақыттарда ұяшық ##### мәнін көрсетуі мүмкін. Бұл ұяшықта сан немесе күн бар болғанда пайда болуы мүмкін және оның бағанының ені пішімі талап ететін барлық таңбаларды көрсете алмайды. Мысалы, "кк/аа/жжжж" Күн пішімі бар ұяшықта 31/12/2007 бар делік. Алайда, бағанның ені алты таңбаны ғана көрсете алады. Ұяшық #####. мәнін көрсетеді. Ұяшық бүкіл мазмұндарын оның ағымдағы пішімімен көру үшін, бағанның енін ұлғайту қажет.

  1. Баған енін өзгерту қажет ұяшықты басыңыз.

  2. Басты қойындысындағы Ұяшықтар тобынан Пішімдеу пәрменін таңдаңыз.

Басты қойындысындағы ұяшықтар тобы

  1. Ұяшық өлшемі параметрінің астынан келесі әрекеттің бірін орындаңыз:

    • Барлық мәтінді ұяшыққа қиыстыру үшін, Баған енін автоіріктегіш пәрменін таңдаңыз.

    • Үлкен баған енін көрсету үшін, Баған ені параметрін таңдап, Баған ені жолағында қажетті енді енгізіңіз.

Ескерту : Баламалы түрде бағанның енін ұлғайту үшін сол бағанның пішімін немесе тіптен жеке ұяшықты өзгертуге болады. Мысалы, күн пішімін күн 12/31 секілді күн және ай ("кк/аа" пішімі) ретінде көрсетілуі үшін өзгертуге болады немесе 4E+08 секілді Экспоненциалды пішімде көрсетуге болады.

Ұяшықтағы мәтінді тасымалдау

Мәтінді тасымалдау арқылы ұяшық ішіндегі мәтіннің бірнеше жолын көрсетуге болады. Ұяшықтағы мәтінді тасымалдау басқа ұяшықтарға әсер етпейді.

  1. Мәтіні тасымалданатын ұяшықты басыңыз.

  2. Басты қойындысының Туралау тобындағы Мәтінді тасымалдау параметрін таңдаңыз.

Өзіндік қойындысындағы туралау тобы

Ескерту : Егер мәтін тым ұзын болса, таңбалар тасымалданбайды (сөз бөлектелмейді); орнына барлық мәтінді көру үшін бағанның енін ұлғайтуға немесе қаріп өлшемін кішірейтуге болады. Мәтінді тасымалдағаннан соң барлық мәтін көрінбесе, жолдың биіктігін реттеу қажет болады.Өзіндік қойындысының Ұяшықтар тобында Пішім түймешігін, одан кейін, Ұяшық өлшемі түймешігінің астындағы Жол автоіріктегіші түймешігін нұқыңыз.

Кеңес : Мәтінді тасымалдау туралы қосымша мәліметтер алу үшін, Ұяшықтағы мәтінді тасымалдау бөлімін қараңыз.

Санның пішімін өзгерту

Excel бағдарламасында ұяшықтың пішімі ұяшықта сақталған деректерден бөлек болады. Бұл көрсету айырмашылығы деректер сандық болғанда айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Мысалы, енгізген сан дөңгелекке алынғанда, әдетте көрсетілген сан ғана дөңгелекке алынады. Есептеулер көрсетілген пішімделген санды емес ұяшықта сақталған нақты санды ғана пайдаланады. Сондықтан, есептеулер бір немесе бірнеше ұяшықтардағы дөңгелектеулерге байланысты дұрыс емес болуы мүмкін

Ұяшыққа сандарды тергеннен соң, олар көрсетілген пішімді өзгертуге болады.

  1. Пішімделетін сандары бар ұяшықты басыңыз.

  2. Басты қойындысының Сан тобындағы Сан пішімі жолағы жанында көрсеткіні басып, одан кейін қажетті пішімді таңдаңыз.

    Өзіндік қойындысында сандық жақтауды пішімдеу

    Кеңес : Қолжетімді пішімдер тізімінен сан пішімін бөлектеу үшін, Қосымша сандар пішімі түймешігін басып, одан кейін Санат тізімінде пайдаланатын пішімді басыңыз.

Санды мәтін ретінде пішімдеу

Телефон нөмірлері секілді Excel бағдарламасында есептелмеуі қажет сандар үшін сандарды теруден бұрын бос ұяшықтарға Мәтін пішімін қолдану арқылы оларды мәтін ретінде пішімдеуге болады.

  1. Бос ұяшықты бөлектеңіз.

  2. Басты қойындысындағы Сан тобында Сан пішімі жолағының жанындағы көрсеткіні басыңыз да, Мәтін пәрменін таңдаңыз.

    Өзіндік қойындысында сандық жақтауды пішімдеу

  3. Пішімделген ұяшықта қажетті сандарды теріңіз.

    Ескерту :  Ұяшықтарға мәтін пішімін қолданудан бұрын енгізілген сандар пішімделген ұяшықтарға қайта енгізілуі қажет. Сандарды мәтін ретінде жылдам қайта енгізу үшін, әрбір ұяшықты бөлектеп, F2 пернесін басыңыз және одан кейін Enter пернесін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×