Жұмыс парағы деректерінен XML деректер файлын және XML схема файлын жасау

Егер жұмыс парағындағы ұяшықтар ауқымынан XML деректер файлын және XML схема файлын жасау керек болса, Microsoft Excel 2010 бағдарламасындағы бар XML мүмкіндіктерін жақсарту үшін Excel 2003 XML құралдары қондырмасының 1.1 нұсқасын пайдалануға болады.

Не істегіңіз келеді?

1-қадам: XML құралдар қондырмасын қотару және оны белсендіру

2-қадам: ұяшық ауқымын XML кестесіне түрлендіру

3-қадам: XML кестесін XML деректер файлына (.xml) экспорттау

4-қадам: XML схемасын XML схема файлына (.xsd) сақтау

1-қадам: XML құралдар қондырмасын қотару және оны белсендіру

  1. Қондырманы қотару үшін мына Excel 2003 XML құралдар қондырмасы (Ағылшын тілінде) сілтемесін таңдап, қотару бетіндегі нұсқауларды орындаңыз.

  2. Excel бағдарламасын іске қосыңыз.

  3. Файл қойындысын басыңыз.

  4. Параметрлер пәрменін, одан кейін Қондырмалар санатын таңдаңыз.

  5. Басқару жолағында Excel қондырмалары параметрін таңдап, Өту түймешігін басыңыз.

  6. Қондырмалар тілқатысу терезесінде Шолу түймешігін басып, XmlTools.xla файлын тауып, оны таңдаңыз да, Жарайды түймешігін басыңыз.

    Әдепкіде, бұл файл қатты дискідегі келесі қалтада сақталады:
    \Office Samples\OfficeExcel2003XMLToolsAddin.

  7. Қатынаулы қондырмалар тізімінде XmlTools параметрі жанындағы құсбелгінің қойылғанын тексеріңіз де, қондырманы қотару үшін Жарайды түймешігін басыңыз.

  8. Қондырманың белсенді екенін тексеру үшін Қондырмалар қойындысындағы Мәзір пәрмендері санатынан XML құралдары пәрмендер мәзірі пайда болғанына көз жеткізіңіз.

Ескерту : Бұл қондырма Excel 2003 бағдарламасы үшін жасақталған. Құжаттама және пайдаланушы интерфейсі Excel 2010 бағдарламасында Excel кестелері деп аталатын тізімдерді білдіреді.

Бұл қондырманы қолдану туралы қосымша ақпарат алу үшін Excel 2003 XML құралдары қондырмасының 1.1 нұсқасын пайдалану (Ағылшын тілінде) бөлімін қараңыз.

Беттің жоғарғы жағы

2-қадам: ұяшық ауқымын XML кестесіне түрлендіру

  1. XML деректер файлы мен XML схема файлын жасау қажет деректерді енгізіңіз. Бұл деректер бағандар мен жолдар түріндегі кестелік форматта болуы керек (сондай-ақ, тегіс деректер деп аталады).

  2. Қондырмалар қойындысындағы Мәзір пәрмендері тобынан XML құралдары параметрі жанындағы көрсеткіні нұқып, Ауқымды XML тізіміне түрлендіру тармағын таңдаңыз.

  3. Түрлендірейін деп жатқан деректердің ұяшық ауқымын мәтін ұясына нақпа-нақ сілтеме түрінде енгізіңіз.

    Кеңес : Дұрыс ұяшыққа сілтемені енгізуді жеңілдету үшін тілқатысу терезесінде мәтін ұясының оң жағындағы түймешікті басыңыз, ауқымның сол жақтағы жоғарғы ұяшығын басып ұстап тұрыңыз да, оны ауқымның төменгі оң жағындағы ұяшыққа апарыңыз.

  4. Егер бірінші жолдың ішінде деректер бар болса, Бірінші жолды бағана аттары ретінде қолдану астынан Жоқ пәрменін таңдаңыз немесе егер бірінші жолдың ішінде бағаналардың тақырыптары бар болса, Иә пәрменін таңдаңыз да, Жарайды түймешігін басыңыз.

    Excel автоматты түрде XML схемасын жасайды, ұяшықтарды схемаға түрлендіреді және XML кестесін жасайды.

    Ескерту : Жұмыс кітабындағы барлық XML кестелерді көру үшін Жасақтаушы қойындысындағы XML тобынан «XML көзі» тапсырмалар аймағын көрсету мақсатында Қайнар көз түймешігін басыңыз. Тапсырмалар аймағының төменгі бөлігінде XML кестелері түймешігін басыңыз.

    Егер Жасақтаушы қойындысы көрінбесе, Excel таспасына қосу үшін келесі бөлімдегі 1-қадам астындағы үш қадамды орындаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

3-қадам: XML кестесін XML деректер файлына (.xml) экспорттау

  1. Егер Жасақтаушы қойындысы қатынаулы болмаса, оны көрсету үшін келесі әрекетті орындаңыз:

    1. Файл қойындысын басыңыз.

    2. Параметрлер тармағын, одан кейін Таспаны теңшеу санатын таңдаңыз.

    3. Негізгі қойындылар астында Жасақтаушы құсбелгісін қойыңыз да, Жарайды түймешігін басыңыз.

  2. Жасақтаушы қойындысындағы XML тобынан Экспорттау түймешігін басыңыз.

    Таспадағы XML тобы

    Ескерту : Егер тек Жарайды және Болдырмау түймешігі бар шағын XML экспорттау тілқатысу терезесі пайда болса, пайдалану қажет XML кестесін нұқып, Жарайды түймешігін басыңыз. Ешбір XML кестесі таңдалмаған және жұмыс кітабында бірнеше XML кестесі болғанда ғана осы шағын XML экспорттау тілқатысу терезесі пайда болады.

  3. Үлкен XML экспорттау тілқатысу терезесіндегі Файл атауы жолағына XML деректер файлының атауын енгізіңіз.

  4. Экспорттау түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

4-қадам: XML схемасын XML схема файлына (.xsd) сақтау

  1. Байланысты Excel кестесінде кез келген ұяшықты таңдаңыз.

  2. Қондырмалар қойындысындағы Мәзір пәрмендері тобынан XML құралдары параметрі жанындағы көрсеткіні нұқып, Белсенді ұяшықта XML схемасы үшін XSD файлдарын жасау тармағын таңдаңыз.

    Excel бағдарламасы XML схемасын көшіреді де, оны қойын дәптерге қояды.

  3. Қойын дәптерде Файл мәзірін, одан кейін Басқаша сақтау пәрменін таңдаңыз.

  4. Файлдың атауы мен файлдың түрін енгізіңіз, мысалы ӨнімТапсырыстары.xsd деп теріп, Сақтау түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×