Жұмыс парағын немесе жұмыс парағы деректерін жылжыту немесе көшіру

Жұмыс парағын немесе жұмыс парағы деректерін жылжыту немесе көшіру

Парақты жылжыту немесе көшіру пәрменін тұтас жұмыс парағы (парақтар ретінде белгілі) сол жұмыс парағындағындағы бақа орынға немесе өзге жұмыс парағына жылжыту немесе көшіру үшін пайдалануға болады. Қиып алу және Көшіру пәрмендерін таңдалған жұмыс парағы деректерін басқа жұмыс парақтарына немесе жұмыс кітаптарына жылжыту немесе көшіру үшін пайдалануға болады немесе деректерді әртүрлі жұмыс кітаптарындағы жұмыс парақтары арасында жылжыту үшін пайдалануға болады.

Не істегіңіз келеді?

Сол жұмыс кітабындағы басқа орынға жұмыс парақтарын жылжыту немесе көшіру

Басқа жұмыс кітабына жұмыс парақтарын жылжыту немесе көшіру

Деректерді басқа жұмыс парағына немесе жұмыс кітабына жылжыту немесе көшіру

Excel бағдарламасында деректерді жұмыс кітаптары арасында тасымалдау

Сол жұмыс кітабындағы басқа орынға жұмыс парақтарын жылжыту немесе көшіру

Тұтас жұмыс парағы (немесе парақты) жұмыс кітабындағы басқа орынға жылжыту немесе көшіру оңай. Егер жұмыс парағын жылжытсаңыз, сол жұмыс парағына неігзделген есептеулер немесе диаграммалар ретсіз болатындығын ескеріңіз. Үш өлшемдік сілтеме арқылы сілтеме жасалатын парақтар арасында кірістірілетін жұмыс парағын жылжытсаңыз немесе көшірсеңіз, сол жұмыс парағындағы деректер есептеуге күтпеген жерден қосылуы мүмкін.

  1. Жылжытқыңыз немесе көшіргіңіз келген жұмыс парақтарын таңдаңыз.

    Жұмыс парақтарын таңдау жолы

    Таңдау үшін

    Мына қадамды орындаңыз

    Бір парақ

    Парақ қойындысын басыңыз.

    Қалаған қойынды көрінбесе, қойындыны көрсету үшін қойындыны айналдыру түймешіктерін басыңыз, кейін қойындыны басыңыз.

    Екі немесе одан да көп іргелес парақтар

    Бірінші параққа арналған қойындыны басыңыз. Таңдағыңыз келген соңғы параққа арналған қойындыны басу кезінде Shift пернесін басып тұрыңыз.

    Екі немесе оданда көп іргелес емес парақтар

    Бірінші параққа арналған қойындыны басыңыз. Таңдағыңыз келген басқа парақтың қойындыларын басу кезінде Ctrl пернесін басып тұрыңыз.

    Жұмыс кітабындағы барлық парақтар

    Парақ қойындысын тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, контекстік мәзірБарлық парақтарды таңдау түймешігін басыңыз.

    Кеңес    Бірнеше жұмыс парақтарын таңдаған кезде жұмыс парағының жоғарғы бөлігіндегі тақырып жолағында [Топ] пайда болады. Жұмыс кітабындағы бірнеше жұмыс парақтарының таңдауынан бас тарту үшін кез-келген таңдалмаған жұмыс парағын басыңыз. Егер таңдалмаған парақ көрінбесе, таңдалған парақтың қойындысын тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, мәтінмәндік мәзірдегі Парақтарды топсыздандыру түймешігін басыңыз.

    Петнетақта тіркесімі     Келесі немесе алдыңғы парақ қойындысына жылжу үшін Ctrl+Page Up немесе Ctrl+Page Down түймешігін басуға болады.

  2. Басты қойындысындағы Ұяшықтар тобында Пішімдеу, кейін Парақтарды ұйымдастыру бөлімі астында Парақты жылжыту немесе көшіру түймешігін басыңыз.

    Кеңес : Таңдалған парақ қойындысын тінтуірдің оң жақ түймешігмен басып, Жылжыту немесе көшіру түймешігін басыңыз.

  3. Жылжыту немесе көшіру диалогтық терезесіндегі Парақ алдында тізімінде мына қадамдардың бірін орындаңыз:

    • Жылжытылған немесе көшірілген парақтарды кірістіргіңіз келген алдындағы парақты басыңыз.

    • Соңына жылжу түймешігін жұмыс кітабындағы соңғы парақтан кейін немесе Жұмыс парағын кірістіру қойындысының алдында жылжытылған немесе көшірілген парақтарды кірістіру үшін басыңыз.

  4. Парақтарды жылжытудан бөлек көшіру үшін Жылжыту немесе көшіру диалогтық терезесінде Көшірме жасау ұяшығына белгі қойыңыз.

    Ескерту : Жұмыс парағының көшірмесін жасаған кезде жұмыс парағы жұмыс кітабында көшіріледі және парақ атауы көшірме екендігін көрсетеді — мысалы, Парақ1 парағының бірінше көшірмесі Парақ1 (2) парағы деп қайта аталады.

Кеңестер

  • Ағымдағы жұмыс кітабында парақтарды жылжыту үшін таңдалған парақтарды парақ қойындыларының жолымен апаруға болады. Жұмыс парақтарын көшіру үшін Ctrl пернесін басып, парақтарды апарыңыз; Ctrl пернесін жібермес бұрын тінтуір түймешігін жіберіңіз.

  • Жылжытылған немесе көшірілген жұмыс парағының атын өзгерту үшін парақ қойындысын тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Атауды өзгерту түймешігімен басыңыз, кейін парақ қойындысында жаңа атауды теріңіз.

  • Парақ қойындысының түсін өзгерту үшін парақ қойындысын тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Қойынды түсі түймешігін басыңыз, кейін пайдаланғыңыз келген түсті басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Басқа жұмыс кітабына жұмыс парақтарын жылжыту немесе көшіру

Ескерту : Басқа жұмыс кітабына жылжытылатын немесе көшірілетін жұмыс парақтары тағайындау жұмыс кітабына қолданылатын тақырып қаріптерін, түстерді және әсерлерді пайдаланады.

  1. Жұмыс парақтарын басқа жұмыс кітабына жылжыту немесе көшіру үшін мақсатты жұмыс кітабы Microsoft Excel бағдарламасының бірдей данасында ашылғандығын тексеріңіз.

    Ескерту : Excel бағдарламасының екі түрлі даналарында ашылатын жұмыс кітаптары арасында жұмыс парақтарын жылжыту немесе көшіру мүмкін емес. Егер жұмыс кітабы Excel бағдарламасының екі түрлі данасында ашылса, — мысалы, бұл сол жұмыс кітаын Windows SharePoint қызметтері сайтынан ашқан кезде болуы мүмкін — сол жұмыс кітабын Ашу диалогтық терезесінде (Файл қойындысы, Ашу) шолудан бөлек Excel бағдарламасының бірдей данасында ашылғандығын тексеріңіз.

  2. Жылжытқыңыз немесе көшіргіңіз келген парақтар бар жұмыс кітабында парақты таңдаңыз.

    Жұмыс парағын таңдау жолы

    Таңдау үшін

    Мына қадамды орындаңыз

    Бір парақ

    Парақ қойындысын басыңыз.

    Қалаған қойынды көрінбесе, қойындыны көрсету үшін қойындыны айналдыру түймешіктерін басыңыз, кейін қойындыны басыңыз.

    Екі немесе одан да көп іргелес парақтар

    Бірінші параққа арналған қойындыны басыңыз. Таңдағыңыз келген соңғы параққа арналған қойындыны басу кезінде Shift пернесін басып тұрыңыз.

    Екі немесе одан да көп іргелес емес парақтар

    Бірінші параққа арналған қойындыны басыңыз. Таңдағыңыз келген басқа парақтың қойындыларын басу кезінде Ctrl пернесін басып тұрыңыз.

    Жұмыс кітабындағы барлық парақтар

    Парақ қойындысын тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, контекстік мәзірБарлық парақтарды таңдау түймешігін басыңыз.

    Кеңес    Бірнеше жұмыс парақтарын таңдаған кезде жұмыс парағының жоғарғы бөлігіндегі тақырып жолағында [Топ] пайда болады. Жұмыс кітабындағы бірнеше жұмыс парақтарының таңдауынан бас тарту үшін кез-келген таңдалмаған жұмыс парағын басыңыз. Егер таңдалмаған парақ көрінбесе, таңдалған парақтың қойындысын тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, мәтінмәндік мәзірдегі Парақтарды топсыздандыру түймешігін басыңыз.

    Пернетақта тіркесімі     Келесі немесе алдыңғы парақ қойындысына жылжу үшін Ctrl+Page Up немесе Ctrl+Page Down түймешігін басуға болады.

  3. Басты қойындысындағы Ұяшықтар тобында Пішімдеу, кейін Парақтарды ұйымдастыру бөлімі астында Парақты жылжыту немесе көшіру түймешігін басыңыз.

    Кеңес : Таңдалған парақ қойындысын тінтуірдің оң жақ түймешігмен басып, Жылжыту немесе көшіру түймешігін басыңыз.

  4. Жылжыту немесе көшіру диалогтық терезесіндегі Параққа тізімінде мына қадамдардың бірін орындаңыз:

    • Таңдалған парақтарды жылжытқыңыз немесе көшіргіңіз келген жұмыс кітабын басыңыз.

    • Таңдалған парақтарды жаңа жұмыс кітабына жылжыту немесе көшіру үшін жаңа кітап түймешігін басыңыз.

  5. Парақ алдында тізімнде мына қадамдардың бірін орындаңыз:

    • Жылжытылған немесе көшірілген парақтарды тікелей алдыңғы бөлігіне кірістіргіңіз келген парақты басыңыз.

    • Соңына жылжу түймешігін жұмыс кітабындағы соңғы парақтан кейін немесе Жұмыс парағын кірістіру қойындысының алдында жылжытылған немесе көшірілген парақтарды кірістіру үшін басыңыз.

  6. Парақтарды жылжытудан бөлек көшіру үшін Жылжыту немесе көшіру диалогтық терезесінде Көшірме жасау ұяшығына белгі қойыңыз.

    Ескерту : Жұмыс парағының көшірмесін жасаған кезде жұмыс парағы жұмыс кітабында көшіріледі және парақ атауы көшірме екендігін көрсетеді. Жұмыс парағын жылжытқан кезде жұмыс парағы бастапқы жұмыс кітабынан жойылып, тек қана тағайындау жұмыс кітабында көрсетіледі.

Кеңестер

  • Жылжытылған немесе көшірілген жұмыс парағының атын өзгерту үшін парақ қойындысын тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Атауды өзгерту түймешігімен басыңыз, кейін парақ қойындысында жаңа атауды теріңіз.

  • Парақ қойындысының түсін өзгерту үшін парақ қойындысын тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Қойынды түсі түймешігін басыңыз, кейін пайдаланғыңыз келген түсті басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Деректерді басқа жұмыс парағына немесе жұмыс кітабына жылжыту немесе көшіру

Сондай-ақ нақты жұмыс парағын жылжыту немесе көшіру деректерді басқа орынға тасымалдаудың тез, әрі тиімді жолы болып табылады және жұмыс парағындағы деректердің барлығын немесе бөлігін жылжытуға немесе көшіруге болады. Бұл әдіс Excel бағдарламасының жеке данасында ашылатын жұмыс кітабындағы жұмыс парақтарына деректерді тасымалдау үшін қолданылуы мүмкін.

  1. Жұмыс парағында жылжытқыңыз немесе көшіргіңіз келген деректерді таңдаңыз.

    Ескерту : Егер таңдауда жасырын жолдар немесе бағандар болса, Excel бағдарламасы сол жасырын жолдар немесе бағандардағы деректерді көшіреді. Қосқыңыз келмеген жолдарды немесе бағандарды уақытша көрсетуіңіз қажет, кейін жылжытқыңыз немесе көшіргіңіз келген деректердің әр ауқымын жеке операцияда таңдаңыз. Ақпарат үшін Бағандар мен жолдарды көрсету немесе жасыру бөлімін қараңыз.

  2. Басты қойындысындағы Аралық сақтағыш тобында мына қадамдардың ібірін орындаңыз:

    • Таңдалған деректерді жылжыту үшін Кесіп алу түймешігін басыңыз.

Пернетақта тіркесімі     Сондай-ақ Ctrl+X пернесін басуға болады.

  • Таңдалған деректерді көшіру үшін Көшіру түймешігін басыңыз.

    Пернетақта тіркесімі     Сондай-ақ Ctrl+C пернесін басуға болады.

  • Мына қадамдардың бірін орындаңыз:

    • Деректерді қойғыңыз келген жұмыс парағын басыңыз.

    • Excel бағдарламасының басқа данасында ашылатын жұмыс кітабына қосылып, деректерді қойғыңыз келген жұмыс парағын басыңыз.

  • қою орны сол жақ жоғарғы бөлігіндегі ұяшықты таңдаңыз.

    Ескерту : Қою аймағында деректер қайта жазылады. Сонымен қатар, қою аймағында жасырын жолдар немесе бағандар болса, барлық көшірілген ұяшықтарды көру үшін қою аймағын көрсетуіңіз қажет.

  • Басты қойындысындағы Аралық сақтағыш тобында мына қадамдардың бірін орындаңыз:

    • Қою түймешігін басыңыз.

      Пернетақта тіркесімі     Сондай-ақ Ctrl+V пернесін басуға болады.

      Кеңес : Дерекке бастапқы көрсетілген баған енін сақтау үшін Қою түймешігінің астындағы көрсеткіні басыңыз, Арнайы қою, кейін Қою бһлімі астында Баған ендері түймешіктерін басыңыз.

    • Әртүрлі қою параметрлерін қолдану үшін Қою түймешігінің астындағы көрсеткіні басып, қалаған параметрді таңдаңыз.

      Кеңес : Көшірілген деректер жұмыс парағында қалай көрсетілетіндігін көру үшін әртүрлі қою параметрлері үстінде жүгірткіні жылжытыңыз.

Ескерту : 

  • Әдепкі бойынша Excel бағдарламасы Бастапқы пішімдеуді сақтау секілді ұяшықтарды қою кезінде арнайы параметрлерді ұсыну үшін Қою параметрлері түймешігін көрсетеді. Егер Excel бағдарламасы ұяшықтарды қойған сайын осы түймешікті көрсетпес үшін осы параметрді өшіре аласыз (Файл қойындысы, Параметрлер, Қосымша санаты, Кесіп алу, Көшіру және Қою бөлімі астындағы Мазмұн қойылған кезде қою параметрін көрсету белгісі).

  • Ұяшықтарды көшірген кезде ұяшыққа сілтеме автоматты түрде сәйкестендіріледі. Ал, ұяшықтарды жылжытқан кезде ұяшық сілтемелері сәйкетендірілмейді және сол ұяшықтардың мазмұндары мен оларды сілтейтін кез-келген ұяшық сілтеме қателері ретінде көрсетілуі мүмкін. Осы жағдайда сілтемелерді қолмен сәйкестендіруіңіз қажет.

Беттің жоғарғы жағы

Excel бағдарламасында деректерді жұмыс кітаптары арасында тасымалдау

Егер бірнеше жұмыс кітабын Excel бағдарламасында ашсаңыз, жұмыс парақтары деректерін жұмыс кітаптарының терезелері арасында тасымалдай аласыз.

  1. Excel бағдарламасында тасымалдағыңыз келген жұмыс парағының деректер арасында жұмыс кітаптарын ашыңыз.

  2. Көрініс қойындысындағы Терезе тобында Барлығын реттеу түймешігін басыңыз.

  3. Терезелерді реттеу диалогтық терезесіндегіРеттеу бөлімі астында қалаған параметрді басып, OK түймешігін басыңыз.

  4. Терезелердің бірінде басқа терезеге жылжытқыңыз немесе көшіргіңіз келген деректерді таңдаңыз.

  5. Мына қадамдардың бірін орындаңыз:

    • Таңдалған деректерді жылжыту үшін бөлімнің жиегін меңзеңіз. Жүгірткі жылжыту жүгірткісіне айналған кезде таңдалған деректерді басқа терезеге апарыңыз.

    • Таңдалған деректерді тасымалдау үшін бөлімнің жиегін меңзеу кезінде Ctrl пенесін басып тұрыңыз. Жүгірткі көшіру жүгірткісіне айналған кезде таңдалған деректерді басқа терезеге апарыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×