Жұмыс парағын басып шығармас бұрын алдын ала қарау

Жұмыс парағын басып шығармас бұрын алдын ала қарау

  1. Алдын ала қарап шыққыңыз келген жұмыс парағын таңдаңыз немесе жұмыс парағын басыңыз.

    Жұмыс парағын таңдау жолы

    Таңдау үшін

    Мына қадамды орындаңыз

    Бір парақ

    Парақ қойындысын басыңыз.

    Белсенді парақ қойындысы

    Егер қалаған қойындыңыз көрінбесе, қойындыны көрсету үшін қойындыны айналдыру түймешіктерін басып, қойындыны басыңыз.

    Қойынды жылжыту түймешіктері

    Екі немесе одан да көп іргелес парақтар

    Бірінші параққа арналған қойындыны басыңыз. Таңдау үшін қалаған соңғы параққа арналған қойындыны басу кезінде Shift пернесін басып тұрыңыз.

    Екі немесе одан да көп іргелес емес жұмыс парақтары

    Бірінші параққа арналған қойындыны басыңыз. Таңдау үшін қалаған басқа парақтарға арналған қойындыны басу кезінде Ctrl пернесін басып тұрыңыз.

    Жұмыс кітабындағы барлық парақтар

    Парақ қойындысын тінтуірдің оң жақ түймешігімен абып, Барлық парақтарды таңдау түймешігін басыңыз.

    Кеңес  Бірнеше жұмыс парақтары таңдау кезінде жұмыс парағының жоғары бөлігіндегі тақырып жолында [Топ] пайда болады. Жұмыс кітабындағы бірнеше жұмыс парағының таңдауынан бас тарту үшін кез-келген таңдалмаған жұмыс парағын басыңыз. Егер таңдалмаған парақ көрінбесе, таңдалған паарқтың қойындысын тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Парақтарды топсыздандыру түймешігін басыңыз.

  2. Файл және Басып шығару түймешігін басыңыз.

    Пернелер тіркесімі    Ctrl+F2 пернесін басуға болады.

Ескерім     Басып шығару түсті принтерде реттелмейінше, жұмыс парағында түс болған жағдайдан басқа кезде алдын ала қарау ақ-қара реңде көрсетіледі.

Келеі немесе алдыңғы беттерді алдын ала қарау үшін Алдын ала қарап алу терезесінде Келесі бет және Алдыңғы бет пәрмендеріне арналған көрсеткіні басыңыз немесе бет нөмірін теріңіз.

Ескерім      Келесі бет және Алдыңғы бет пәрмендері екі немесе одан да көп жұмыс парақтарын таңдаған жағдайда немесе жұмыс парағында деректердің бірден астам беті болған кезде ғана қол жетімді. Бірнеше жұмыс парақтарын көру үшін Параметрлер пәрменін астында Тұтас жұмыс кітабы түймешігін басыңыз.

Алдын ала қарап алудан шығу және жұмыс кітабына оралу үшін Алдын ала қарап алу терезесінің сол жақ үстіңгі бөлігіндегі кез-келген көрсеткіні басыңыз.

Беттің шеттерін көру үшін Алдын ала қарап алу терезесінің оң жақ төменгі бөлігінде Шеттерді көрсету түймешігін басыңыз.

Шеттерді өзгерту үшін шеттерді енінен және биіктігінен жылжытуға болады. Сондай-ақ, таңбалауыштарды алдын ала қарап алу бетінің жоғарғы немесе төменгі бөлігіне апару арқылы баған енін өзгертуге болады.

Кеңес :  Беттің бағдары және өлшемі секілдібет параметрлерін өзгерту үшін Параметрлер пәрмені астындағы тиісті параметрлерді таңдаңыз.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×