Жұмыс парағындағы тор сызықтарын басып шығару

Жұмыс парағын немесе кестені тор сызықтарынсыз басып шығарған кезде мына суреттегі алдын ала қарау сияқты ұяшықтың жиектерін анықтау қиын болады.

басып шығаруда тор сызықтары болмайды

Тор сызықтарын басып шығаруды Excel Online қолдамайды, бірақ жиектерді қолданып мына суреттегідей тор сызықтарын ұқсатып жасауыңызға болады.

Жиекпен басып шығару

  1. Әр ұяшыққа жиек қосу мақсатында қосқыңыз келетін үяшықтарды таңдау үшін оларды басып жылжытыңыз.

  2. Басты бет қойындысында Жиектер > Барлық жиектер түймешігін басыңыз.

    Кеңес :  Жиектері жоқ аумақтарды күңгірт жолдар арқылы жиектері бар аумақтардан көрсетуіңізге болады.

    кестеге немесе деректер ауқымына жиек қосу

  3. Басып шығаруды алдын ала көру үшін Файл > Басып шығару түймешігін басыңыз.

  4. Алдын ала көргіңіз келетін басып шығару опциясын таңдап, Басып шығару түймешігін басыңыз.

Файлe > Басып шығару

  1. Алдын ала қарау көрінісінде, тор сызықтарының көрінісі өзіңіз қалағандай екеніне көз жеткізіңіз де, Басып шығару түймешігін басыңыз.

Жиекпен басып шығару

  1. Алдын алуды жабу үшін x белгішесін басыңыз және жұмыс парағына оралыңыз.

Excel жұмыс үстелі бағдарламасынан отр сызықтарын басып шығару

Excel жұмыс үстелі бағдарламасы орнатылған болса, Excel бағдарламасында ашу түймешігін басып, жұмыс парағында тор сызықтарын басып шығарыңыз.

Excel бағдарламасында ашу түймешігі

Соңғы Excel Online жаңартулары туралы жаңалықтар алу үшін Microsoft Excel блогына өтіңіз.

Office бағдарламалары мен қызметтерінің толық жиынтығын алу үшін, оны Office.com торабынан байқап көріңіз немесе сатып алыңыз.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×