Жұмыс парағына сурет басқару элементін қосу

Маңызды :  Бұл мүмкіндік Windows RT компьютеріндегі Office бағдарламасында қол жетімді емес. Office бағдарламасының қай нұсқасын пайдаланатыныңызды көргіңіз келе ме?

нүктелік кескін, JPEG немесе GIF сияқты сурет енгізу үшін, мысалы, компанияның логотипін немесе клип көрсету үшін сурет басқару элементін пайдалануға болады.

  1. Әзірлеуші қойындысы қол жетімді болмаса, оны көрсетіңіз.

    Әзірлеуші қойындысын көрсету

    1. Файл қойындысындағы Параметрлер түймешігін басып, Таспаны реттеу параметрін таңдаңыз.

    2. Негізгі қойындылар астында Әзірлеуші құсбелгісін қойыңыз да, ОК түймешігін басыңыз.

  2. Әзірлеуші қойындысындағы Басқару элементтері тобынанКірістіру түймешігін, одан кейін ActiveX басқару элементтері тобы астынанСурет түймешігін Түймешік кескіні басыңыз.

    Басқару элементтері тобы

  3. Жұмыс парағында сурет басқару элементінің жоғарғы сол жақ бұрышы пайда болатын жерді басыңыз.

  4. Егер бұл әлі таңдалмаған болса, Әзірлеуші қойындысына өтіп, Басқару элементтері тобында Құрастырушы режимі Түймешік суреті тармағын басыңыз.

  5. Бір қойынды мен топтан Сипаттар Кодты өңдеу түймешігі тармағын басыңыз.

    Кеңес : Сондай-ақ, басқару элементін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Сипаттар параметрін таңдай аласыз.

    Сипаттар диалогтық терезесі шығады. Сурет қосу үшін Құрастыру түймешігін Түймешік суреті Сурет сипаттар жолағының жанынан басып, суреттің орнын табу және ашу үшін Сурет жүктеу диалогтық терезесін пайдаланыңыз.

    Әрбір сипат туралы толық ақпарат алу үшін сипатты таңдап,Visual Basic анықтамасы бөлімін бейнебетке шығару үшін F1 пернесін басыңыз. Сондай-ақ, сипат атауын Visual Basic анықтамасындағы Іздеу өрісіне теруге болады. Келесі кестеде бар сипаттардың қысқаша сипаттамасы беріледі.

    Сипаттардың функционалдық санаттары бойынша жиынтығы

Егер анықтағыңыз келсе

Осы сипатты пайдалану

Жалпы:

Жұмыс кітабы ашылғанда басқару элементінің жүктелген не жүутелмегенін анықтайды. (ActiveX басқару элементтерін елемейді.)

АвтоЖүктеу (Excel)

Басқару элементінің пайдаланушы жасақтаған оқиғаларға кезелім мен жауап алатынын не алмайтынын анықтайды.

Қосылған (Пішін)

Басқару элементінің өңделетін не өңделмейтінін анықтайды.

Құлыпталған (Пішін)

Басқару элементінің атауын көрсетеді.

Аты (Пішін)

Басқару элементінің астындағы ұяшықтарға тіркелу жолын (еркін жылжу, өлшемін өзгертпей жылжу немесе жылжу және өлшемін өзгерту) көрсетеді.

Орналастыру (Excel)

Басқару элементін басып шығаруға болатын не болмайтынын анықтайды.

НысандыБасыпШығару (Excel)

Басқару элементінің көрінетінін не жасырын екенін анықтайды.

Көрінетін (Пішін)

Өлшем және орны:

Басқару элементінің өлшемі барлық мазмұнды көрсету үшін автоматты түрде лайықталатын не лайықталмайтынын анықтайды.

АвтоӨлшем (Пішін)

Нүктелермен берілетін биіктікті немесе енін анықтайды.

Биіктігі, Ені (Пішін)

Басқару элементі мен жұмыс парағының сол жақ немесе үстіңгі жиегі арасындағы қашықтықты көрсетеді.

Сол жақ, Жоғарғы (Пішін)

Пішімдеу:

Фон түсі.

ФонТүсі (Пішін)

Фон мәнері (мөлдір немесе мөлдір емес).

ФонМәнері (Пішін)

Жиек түсі.

ЖиекТүсі (Пішін)

Жиек түрі (ешбір немесе бір сызықты).

ЖиекМәнері (Пішін)

Басқару элементінде көлеңкенің бар-жоқтығын көрсетеді.

Көлеңке (Excel)

Жиектің көрнекі түрін (тегіс, көтеріңкі, түсіңкі, ойылған, немесе қырылған).

АрнайыӘсер (Пішін)

Кескін:

Басқару элементінде бейнелеу үшін нүктелік кескінді көрсетеді.

Сурет (Пішін)

Фондық суреттің орналасқан жерін көрсетеді (үстіңгі сол жақ, үстіңгі оң жақ, ортада және т.с.с.).

СуретТуралау (Пішін)

Фондық суретті басқару элементінде шығару жолын көрсетеді (қиып алу, созу немесе ұлғайту).

СуретӨлшеміКүйі (Пішін)

Басқару элементінде суреттің бірнеше көшірмесін қатарластыру керектігін не керек еместігін көрсетеді.

СуреттіҚатарластыру (Пішін)

Пернетақта және тінтуір:

Пайдаланушы тінтуір белгішесін көрсетеді.

ТінтуірБелгішесі (Пішін)

Пайдаланушы тінтуірді белгілі бір нысанның үстіне қойғанда шығатын меңзер түрін көрсетеді (мысалы, стандартты, көрсеткі немесе I-тәрізді меңзер).

ТінтуірМеңзері (Пішін)

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×