Жұмыс кітабын Office 365 жүйесінде ортақ пайдалану

Диаграмммасы, кестелері мен көріністері бар жұмыс кітабын жасап, оны Office 365 жүйесіндегі адамдармен ортақ пайдаланғыңыз келді делік. Office 365 жүйесін пайдаланып отырған болсаңыз, жұмыс кітабын басқа адамдар үшін әр түрлі құрылғылармен кіруге оңай боалтындай етіп ортақ пайдалана аласыз. Office 365 жазылымының қамтитын мүмкіндіктеріне байланысты бірнеше опциялар қолжетімді болады.

Параметр

Сиапаттамасы

Қосымша мәліметтер

SharePoint Online бағдарламасындағы топ сайты секілді сайттағы кітапханаға жұмыс кітабын кері жүктеу

Сол сайтқа кіре алатын адамдар жұмыс кітабына автоматты түрде кіре алады, сондықтан, оларға рұқсат берудің қажеті жоқ. Жұмыс кітабының қалай көрінетіндігін және онымен адамдардың браузер терезесінде жұмыс істей алу мүмкіндігін көрсете аласыз.

Сыртқы деректерді пайдаланатын жұмыс кітабын ортақ пайдалансаңыз және адамдар жұмыс кітабын браузер терезесінде көріп отырған кезде деректерді жаңарта алуы керек болса, SharePoint Online жүйесі қолдайтын деректер көзін пайдаланыңыз. SharePoint Online жүйесіндегі жұмыс кітаптарында сыртқы деректерді пайдалану бөлімін қараңыз.

Жұмыс кітаптарын Excel қызметтерінің көмегімен ортақ пайдалану

Жұмыс кітабын Бизнеске арналған OneDrive кітапханасына кері жүктеп, жұмыс кітабын осы жерден ортақ пайдалану

Осы опцияның көмегімен жұмыс кітабын көріп немесе өңдейтін адамдарды басқара аласыз. Файлға кіру рұқсаты бар адамды жеке-жеке басқарасыз. Жұмыс кітабын топтық сайтта пайдалану сияқты адамдар жұмыс кітабын әдеттегідей браузер терезесінде көре алады.

Жұмыс кітабының мазмұны мен кіру рұқсатты бар адамдар секілді факторларға байланысты Бизнеске арналған OneDrive не SharePoint Online сайтының қолдануға ыңғайлысын таңдай аласыз.

Құжаттарды Бизнеске арналған OneDrive қызметіне немесе топ сайтына сақтау қажет пе?

Жұмыс кітабын Power BI сайттарына қосу

Осы опция Office 365 жүйесіне арналған Power BI қызметін қамтитын жазылымның болуын талап етеді.

Жұмыс кітабы бірнеше деректер мен Power View парағынан тұратын болса, жұмыс кітабын Office 365 жүйесіне арналған Power BI сайттарына қосқан ыңғайлы болып табылады. Power BI сайттарымен жұмыс кітаптарын көрнекі және интерактивті әдіспен ортақ пайдалануға болады.

Power BI сайтына жұмыс кітабын сақтау

Файлды желідегі жиналыста сақтау

Lync бағдарламасын пайдалансаңыз, жұмыс кітаптары секілді файлдарды жиналыстарда ортақ пайдалана аласыз. Жұмыс кітабы бірнеше деректерден не құпия ақпараттан тұратын болса, оның орнына, SharePoint Online бағдарламасын пайдаланған жөн деп ойлауыңыз мүмкін.

Файлды Lync жиналысында тасымалдау

Жұмыс кітабын тіркеме ретінде электрондық хабармен жіберу

Жұмыс кітабын электрондық хабармен біреуге жіберу оның файлды жылдам әрі оңай алу әдісі болуы мүмкін. Жұмыс кітабын тіркеме ретінде жібермес бұрын ұйымыңыздың саясаттары мен процедураларын қарап шығыңыз. Сондай-ақ, адамдармен ақпаратты ортақ пайдалану үшін SharePoint Online ішіндегі топтық сайттар секілді сайттарды пайдалануды қараңыз. Файлдарды ұйымнан тыс адамдармен де ортақ пайдалануға болады.

Ұйымнан тыс адамдармен сайттарды не құжаттарды ортақ пайдалану

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×