Жұмыс кітабын түгелімен немесе оның бір бөлігін тұрақты веб-бетке сақтау

Жұмыс парақтарын шарлауға арналған қойындыларды қоса тұрып, жұмыс кітабын түгелімен немесе ауқым не диаграмма сияқты жұмыс кітабының бөліктерін тұрақты веб-бетке сақтауға болады. Бұл арқылы пайдаланушылар Microsoft Office Excel деректеріңізді Интернетте көре алатын болады. Мысалы, Excel жұмыс парағында сатуға байланысты сандар болса, оларды салыстыруға мүмкіндік беретін диаграммамен бірге сақтауға болады. Сонда пайдаланушылар мәліметтеріңізді Office Excel бағдарламасын ашпай көре алады.

Ескерту : Және де, жұмыс кітабын Microsoft Office Excel 2007 жұмыс кітаптарын (.xslx, .xslb) көзбе-көз белсенді есептер ретінде қолдануды, ортақтастыруды, қорғауды және басқаруды оңайлататын Excel қызметтері бағдарламасына жариялауға болады. Қосымша мәліметтер алу үшін Жұмыс кітабын Excel Services бағдарламасына жариялау мақаласына қараңыз.

Не істеуді қалайсыз?

Excel деректерін тұрақты веб-бетке сақтау жөнінде көбірек білу

Excel деректерін тұрақты веб-бетке сақтау

Автоматты түрде қайта жариялау мүмкіндігін қосып немесе өшіріп қою

Автоматты түрде қайта жариялау қателері мен ескертулері

Веб-бетке сақтау мәселелері

Excel деректерін тұрақты веб-бетке сақтау жөнінде көбірек білу

Excel деректерін тұрақты веб-бетке сақтаған кезіңізде автоматты түрде қайта жариялау мүмкіндігін түсіну, қолдау файлдары қай жерде орналасқанын, еренсілтемелерді қалай белгілейтінін және бастапқы жұмыс кітабын қайта ашудың орнына сақталған веб-бетті қайта ашудың айырмашылықтарын білу маңызды.

Автоматты түрде қайта жариялау мүмкіндігін қолдану

Жұмыс кітабыңызды әр сақтаған кезіңізде оны Веб-бет ретінде жариялау тілқатысу терезесіндегі Кітаптың әр сақталғанында автожариялау параметріне құсбелгі қою арқылы веб-бетке автоматты түрде қайта жариялауға болады (Microsoft Office түймешігі деп аталатын түймешікті Түймешік суреті басыңыз, Басқаша сақтау дегенін нұқыңыз, веб-бет пішімін таңдаңыз (.htm, .html, .mht, .mhtml), ал одан кейін Жариялау түймешігін басыңыз).

Алайда, жұмыс кітабындағы элементтерді автоматты түрде жариялағыңыз келмейтін уақыттар да болады. Мысалы, Сіз:

  • Көпшілік қатынай алатын жерге сақтағыңыз келмейтін құпия мәліметтер енгіздіңіз

  • Желіден немесе Веб серверден уақытша байланысты үздіңіз

  • Сенімсіз біреумен жасалған жұмыс кітабын сақтайсыз (Жұмыс кітабында тіркелгі деректеріңізді қолдану арқылы желіден мәліметтерді жинап, оларды көпшілік қатынай алатын жерге сақтайтын макростар бар болуы мүмкін).

Қажет болса, Автоматты түрде қайта жариялау мүмкіндігін уақытша (ағымдағы ашық және жабық сеанс үшін) немесе біржолата (әр ашу, сақтау және жабу кезінде) өшіріп қоюға болады.

Веб-файлдар мен еренсілтемелерді қолдау жөнінде

Веб-беттерде суреттер мен қолдау файлдары және басқа веб-беттерге cілтейтін гиперсілтеме бар. Қолдау файлдары немесе беттер жылжытылған кезде соларға сілтемелейтін веб-бет дұрыс істемей қалуы мүмкін.

Қолдау файлдары

Excel жұмыс кітабын немесе жұмыс парағын веб-бет ретінде (.htm, .html) сақтаған кезіңізде Excel бағдарламасы таңбалауыштар, өңдік сурет құрамдары және сызбалық сияқты беттің барлық қолдау файлдарын сақтайтын «файлатауы_ файлдары» деп аталатын қолдау қалтасын жасайды. Мысалы, егер файлыңыз Бет1.htm деп аталса, Excel бағдарламасы «Бет1_ файлдар» деп аталатын ішкі қалтаны жасайды. Және де, Excel бағдарламасы қолдау файлдарына сурет001.jpg және сурет002.gif деген сияқты атаулар тағайындайды.

Егер веб-бетті басқа жерге жылжытатын немесе көшіретін болсаңыз, веб-бетіңізге берілген барлық сілтемелерді сақтап қалу үшін қолдау қалтасын да жылжытуыңыз керек. Басқа жерге қайта сақтаған кезіңізде Excel бағдарламасы автоматты түрде қолдау қалтасын да көшіріп береді.

Мысалы, Сізде http://example.microsoft.com/Бет1.htm деп аталатын веб-бет бар делік. Онда «http://example.microsoft.com/Бет1_файлдар» қолдау қалтасында сақталған таңбалауыштар бар. Таңбалауыштар файлдарының салыстырмалы жолдары /Бет1_ файлдар/сурет001.gif және /Бет1_ файлдар/сурет002.gif болады. егер Бет1.htm файлын http://example.microsoft.com/ сияқты жаңа жерге жылжытсаңыз, қолдау файлдары қалтасын да (Бет1_ файлдар) http://example.microsoft.com/ жеріне жылжытуыңыз керек.

Салыстырмалы және нақпа-нақ еренсілтемелер

Веб-беттер жасаған кезіңізде Excel бағдарламасы байланысты файлдарды және еренсілтемелерді автоматты түрде басқарады, сондықтан беттер ақырғы Веб серверге орналастырған кезде олардың суреттері шығатындай және сілтемелері жұмыс істейтіндей болады.

Таңбалауыштар, шарлау түймешіктері, өңдік сурет құрамдары, сызбалық және жасаған веб-беттеріңізге сілтейтін еренсілтемелер сияқты барлық файлдар веб-серверге орналастырылған немесе сақталған кезде Excel бағдарламасы сілтемелерді байланысты сілтеме ретінде сақтап қалады.

Басқа серверлердегі веб-тораптарға сілтейтін еренсілтемелер (мысалы, Интернетдегі таңдаулы жерлеріңіздің тізімі) нақпа-нақ сілтемелер, яғни тіркелген файл орналасуы ретінде сақталып қалады.

Веб-беттеріңізді басқа жерге сақтаған кезіңізде салыстырмалы сілтемелерге аударылмайтын сілтемелер нақпа-нақ сілтемелер ретінде қалады.

байланысты сілтеме ретінде сақталған элементтерді өшірсеңіз, Excel бағдарламасы тиісті қолдау файлдарын қолдау қалтасынан автоматты түрде өшіреді.

Веб-беттің қолдау файлдарына берілетін тіл ерекшелігі бар атаулар

Файлды веб-бет ретінде сақтауға қолданылған Microsoft Office System нұсқасы қай тілде болса, осы тілдегі суффикс пайда болады. Мысалы, «Бет1» деп аталатын файлды веб-бет ретінде сақтау үшін Microsoft Office System жүйесінің нидерланд тіліндегі нұсқасын қолданасыз делік. Қолдау қалтасының әдепкі аты Бет1_bestanden болады. Келесі бөлімде тілдер мен әдепкі қалта атауларының толық тізімі бар.

Тілдер және әдепкі қалта атаулары

Тіл

Қолдау қалтасының әдепкі атауы

Араб

.files

Баск

_fitxategiak

Португал (Бразилиядағы диалекті)

_arquivos

Болгар

.files

Каталан

_fitxers

Қытай (жеңілдетілген жазу)

.files

Қытай (дәстүрлі жазу)

.files

Хорват

_datoteke

Чех

_soubory

Дат

-filer

Нидерланд

_bestanden

Ағылшын

_files

Эстон

_failid

Фин

_tiedostot

Француз

_fichiers

Неміс

-Dateien

Грек

.files

Иврит

.files

Хинди

.files

Венгр

_elemei

Итальян

-file

Жапон

.files

Корей

.files

Латыш

_fails

Литван

_bylos

Норвег

-filer

Поляк

_pliki

Португал

_ficheiros

Румын

.files

Орыс

.files

Серб (кирилл жазуы)

.files

Серб (латын жазуы)

_fajlovi

Словак

.files

Словен

_datoteke

Испан

_archivos

Швед

-filer

Тай

.files

Түрік

_dosyalar

Украин

.files

Вьетнам

.files

Ескерту : Егер веб-бетіңізді Веб параметрлер тілқатысу терезесіндегі Мүмкіндігінше файлдардың ұзын атауларын пайдалану құсбелгі көзіндегі белгіні алып тастап, қысқа файл атуымен (ол ең көп болғанда 8 таңбадан және үш таңбалы кеңейтімнен құралған болады) сақтасаңыз, қолдау қалтасы «файлдар» деген сөзісіз берілген веб-беттің атауы болады.

Сақталған веб-бетті Excel бағдарламасында қайта ашу

Excel жұмыс кітабын веб-бет ретінде сақтаған кезіңізде қорытынды веб-бет файлын Excel бағдарламасында ашуыңызға, оған өзгерістер енгізуіңізге және файлды сақтап қоюыңызға болады. Алайда, файлда азырақ Excel мүмкіндіктері қалып, бастапқы кездегідей оларды өзгерте алмауыңыз мүмкін. Мысалы, диаграмманы веб-бет ретінде сақтаған кезіңізде сол диаграмма бөлек сурет болып, бетте өзгертілмейтіндей болып қалуы мүмкін. Алайда, диаграммасы бар бүкіл жұмыс кітабын сақтаған кезіңізде суреттің орнына диаграмманың өзі сақталып, сол диаграмма Сіз файлды қайта ашқан кезіңізде өзгертілетіндей болады.

Ең лайықты нәтижеге жету үшін Microsoft корпорациясы бастапқы "негізгі" көшірме ретінде жұмыс кітабын (*.xlsx) пайдалануды ұсынады. Оны ашып, өзгертіп, веб-бет ретінде сақтауға болады.

Беттің жоғарғы жағы

Excel деректерін тұрақты веб-бетке сақтау

  1. Microsoft Office түймешігі деп аталатын түймешікті Түймешік суреті басып, Басқаша сақтау пәрменін таңдаңыз.

    Басқаша сақтау тілқатысу терезесі ашылады.

  2. Тізімді жолақта келесінің біреуін орындаңыз:

    • Веб-бетке сақтап, қолдау файлдары мен қалталарды жасау үшін Веб-бет (*.htm; *.html) дегенін таңдаңыз.

    • Қолдау файлдары веб-бетке ендірілген бір файлдық веб-бет ретінде сақтау үшін Веб-бет (*.mht; *.mhl) дегенін таңдаңыз.

  3. Егер сақтағыңыз келетін элементті таңдап қойған болсаңыз, Сақтау пәрменін таңдаңыз, сонда әрекет аяқталады. Болмаса, келесі қадамдардан бастап жалғастырыңыз.

  4. Келесінің біреуін орындаңыз:

    • Жұмыс кітаптағы әр жұмыс парағын шарлауға арналған қойындыларымен бірге бүкіл жұмыс кітабын сақтау үшін Барлық жұмыс кітабын дегенін нұқыңыз.

    • Жұмыс парақтағы ағымдағы таңдауды сақтап қою үшін Таңдау: Парақ дегенін нұқыңыз.

  5. Жариялау түймешігін басыңыз.

    Веб-бет ретінде жариялау тілқатысу терезесі көрсетіледі.

  6. Таңдау терезесіндегі Жарияланатын элемент тармағында келесінің біреуін таңдаңыз:

Элемент

Әрекет

Бүкіл жұмыс кітабы    

Барлық жұмыс кітабын дегенін таңдаңыз. Жұмыс кітабы әр жұмыс парағына шарлау үшін пайдаланушы тарапынан қолданылатын қойындылармен бірге түгелімен сақталады.

Бүкіл жұмыс кітабы    

Парақ_атауындағы элементтер дегенін таңдаңыз. Содан соң, Парақ_атауының барлық мазмұнын дегенін таңдаңыз.

Элементтер    

Парақ_атауындағы элементтер дегенін таңдап, жиынтық кесте есебі немесе диаграмма сияқты сақтағыңыз келетін элементті таңдаңыз. Элементтерге ұяшықтар ауқымдары кірмейді.

Ұяшықтар ауқымы    

Ұяшықтар ауқымы дегенін таңдаңыз, егер таңдау жолағында қажетті ауқым болмаса, жұмыс парағын нұқып (тілқатысу терезесі таңдау жолағына айналады), Excel жұмыс кітабында ұяшықтар ауқымын бөлектеңіз. Содан соң Тілқатысуды кеңейту түймешігін Түймешік кескіні басыңыз.

Диаграммалар    

Парақ_атауындағы элементтер дегенін таңдап, Диаграмма x дегенін таңдаңыз.

Сүзгіленген ауқымдар    

Парақ_атауындағы элементтер дегенін таңдап, сақтағыңыз келетін Автосүзгі элементін таңдаңыз.

Сыртқы деректер ауқымы    

Парақ_атауындағы элементтер дегенін таңдап, сақтағыңыз келетін Сұрау элементін таңдаңыз.

Қайта жариялау    

Жарияланған жұмыс парақты немесе элементті қайта жариялау үшін Бұрын жарияланған элементтер дегенін таңдап, қайта жариялағыңыз келетін жұмыс парағын немесе элементті таңдаңыз. Элементті қайта жариялатпау үшін элементті таңдаңыз да, Жою түймешігін басыңыз. Жариялауды жалғастыру үшін тізімнен тағы бір элементті нұқыңыз.

  1. Таңдаудың ортасы бойынша тұраланған тақырып және шолғыштың тақырып терезесіне тақырып қосу үшін Басқаша жариялау тармағында Өзгерту дегенін нұқыңыз. Қалаған тақырыпты теріп, OK түймешігін басыңыз.

  2. Файл атауы жолағының жанында Шолу түймешігін басып, веб-бетіңізді сақтағыңыз келетін дискіні, қалтаны, Веб-қалтаны, Веб серверді, HTTP торабын немесе FTP жерін тауып алып, ОК түймешігін басыңыз.

    Веб-бетті өзгертуге және файлды қолдануға рұқсатыңыз болса, қосуға немесе ауыстыруға қолданыстағы веб-бетті таңдауыңызға да болады.

    Кеңес : Веб-бетіңізді бірінші рет жасаған кезіңізде веб-бетті жергілікті қатты дискіңізде сақтап қойған дұрыс болады. Сонда веб-бетті көпшілік қатынай алатын немесе ортақтастырылған жерге жариялау алдында қажетті өзгерістер мен түзетулер жасауыңызға болады.

  3. Сақтап қойғаныңыздан кейін веб-бетті шолғыштан көру үшін Шолғышта жарияланған веб-бетті ашу құсбелгі көзіне кұсбелгі қойыңыз.

    Ескерту : Бетті сақтамай алдын ала қарап алу үшін Жылдам қатынау тақтасына қосуыңызға болатын Веб-бетті алдын ала қарау пәрменін қолдануыңызға болады.

  4. Егер жұмыс кітабына кейінірек өзгерістер жасайтын болып, жұмыс кітабын әр сақтаған кезде элементтерді автоматты түрде қайта жариялағыңыз келсе, Кітаптың әр сақталғанында автожариялау құсбелгі көзіне құсбелгі қойыңыз.

  5. Қатынасы бар қосымша параметрлерді өзгерту үшін келесінің біреуін не одан көбін орындаңыз:

    • Веб-бет параметрлерін өзгерту үшін Құралдар дегеннің қасындағы көрсеткіні басып, Веб параметрлері дегенін таңдаңыз. Қосымша мәліметтер алу үшін Веб-бет параметрлері мақаласына қараңыз.

    • Сурет қысу параметрлерін өзгерту үшін Құралдар дегеннің қасындағы көрсеткіні басып, Суреттерді қысу дегенін таңдаңыз. Қосымша мәліметтер алу үшін Сурет файлының ауқымын азайту мақаласына қараңыз.

  6. Жариялау түймешігін басыңыз.

  7. Егер қолданыстағы веб-бетті сақтасаңыз, хабар шығады. Келесінің біреуін орындаңыз:

    • Қолданыстағы беттің үстінен көшіру үшін Файлды ауыстыру дегенін нұқыңыз.

    • Деректеріңізді веб-беттің соңына қосу үшін Файлға қосу дегенін нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Автоматты түрде қайта жариялау мүмкіндігін қосып немесе өшіріп қою

Егер Автоматты түрде қайта жариялау мүмкіндігін қосып қойсаңыз, жұмыс кітабын әр сақтаған кезде хабар шығады. Автоматты түрде қайта жариялау мүмкіндігін уақытша немесе біржолата өшіріп қоюға немесе қалдыруға болады. Хабардың қалай көрсетілетінін қадағалауыңызға да болады.

Ескерту : Жұмыс кітабында Автоматты түрде қайта жариялау мүмкіндігі қосылған екенін оны сақтаған кезіңізде күй тақтасында Келесі бетке жариялауда: файл_атауы дегенін көріп біле аласыз.

Автоматты түрде қайта жариялау мүмкіндігін уақытша өшіріп қою

Хабар шыққан кезде, келесіні орындаңыз:

  1. Осы кітап ашық тұрған уақытқа автоматты қайта жариялауды ажырату параметрін таңдаңыз.

  2. ОК түймешігін басыңыз.

    Автоматты түрде қайта жариялау мүмкіндігі жұмыс кітабының ағымдағы сеансына ғана немесе ол жабылғанынша өшірулі болады. Жұмыс кітабын келесі жолы ашқан кезіңізде Автоматты түрде қайта жариялау мүмкіндігі қосылады.

Автоматты түрде қайта жариялау мүмкіндігін біржолата өшіріп қою

  1. Автоматты түрде қайта жариялануға қойылған жұмыс кітабын ашыңыз.

  2. Microsoft Office түймешігі деп аталатын түймешікті Түймешік суреті басыңыз, Басқаша сақтау дегенін ашыңыз. Содан соң, веб-бет пішімін (.htm, .html, .mht, .mhtml) таңдап, Жариялау түймешігін басыңыз.

  3. Таңдау тізімінде Бұрын жарияланған элементтер дегенін таңдаңыз.

  4. Автоматты түрде қайта жарияланатынын тоқтатқыңыз келетін элементті таңдап, Жою түймешігін басыңыз. Осы әрекетті автоматты түрде қайта жарияландырғыңыз келмейтін әр элементке қайталаңыз.

  5. Жабу түймешігін басыңыз.

  6. Өзгерісті жұмыс кітабыңызға сақтап қою үшін Microsoft Office түймешігі деп аталатын түймешікті Түймешік суреті басыңыз да, Сақтау пәрменін таңдаңыз.

Автоматты түрде қайта жариялаумен жалғастырыңыз

Хабар шыққан кезде, келесіні орындаңыз:

  • Жұмыс кітабын әр сақтаған сайын көрсетілетін хабарда Автоматты қайта жариялауды қосу дегенін нұқыңыз.

Автоматты түрде қайта жариялау хабарының басқару бейнебеті

Егер жұмыс кітабын әр сақтаған кезде хабардың шыққанын қаламасаңыз, Бұл хабарды бұдан әрі көрсетпеу құсбелгі көзіне құсбелгі қойыңыз. Алайда, есіңізде болсын, бұл теңшеу автоматты түрде қайта жариялауға қойылған барлық Excel жұмыс кітаптарына қолданылады.

Беттің жоғарғы жағы

Автоматты түрде қайта жариялау қателері мен ескертулері

АвтоҚайтаЖариялау мүмкіндігін қолдаған кезіңізде келесі қателік немесе ескерту хабарларын алуыңыз мүмкін.

ЕСКЕРТУ: Сыртқы сілтемелер келесі жердегі мәндерге аударылды: <файл атауы/жолы>

Қайта жариялайтын жұмыс кітабыңызда басқа жұмыс кітаптарға, беттерге немесе құжаттарға қойылған сілтемелер бар, мысалы: Кітап2.xls кітабының А1 ұяшығындағы мәнді алатын Кітап1.xls кітабындағы сілтеме. Сыртқы сілтемелерге ақырғы жарияланатын веб-бетте қолдау көрсетілмегендіктен, сілтеме веб-бетте соңғы алынған мәнге аударылады. Алайда, жұмыс кітаптағы сілтеме өзгеріссіз қалады.

ЕСКЕРТУ: Жасырын өрнектер келесі жерде енді қорғалмайды: <файл атауы/жолы>

Жасырын өрнектер жарияланған веб-беттерде көрінкі болады. Егер жасырын өрнектерді веб-бетте көрсеткіңіз келмесе, оларды сақтау және қайта жариялау алдында жойыңыз.

ЕСКЕРТУ: Көрсетілетуіне байланысты дәлдік опциясына келесі жерде қолдау көрсетілмейді: <file name/path>

Бұл жұмыс кітап Excel параметрлері тілқатысу терезесінде орналасқан Өрнектер санатындағы Есептеу параметрлері бөлімінде берілген Бейнебеттегідей дәлдік параметрін қолданады (Microsoft Office түймешігі деп аталатын түймешікті Түймешік суреті басып, Excel параметрлері пәрменін таңдаңыз). Бұл ұяшықтарда сақталған мәндер дәлдігі енді 15 емес, бірақ ұяшықта көрсетілген мәнге дәл екенін білдіреді. Бейнебеттегідей дәлдік параметріне веб-беттерде қолдау көрсетілмегендіктен, осы жұмыс кітабынан жарияланған веб-бетте Сіз өзгертетін немесе енгізетін формулалардың нәтижелеріне немесе мәндерге енді Бейнебеттегідей дәлдік параметрі қолданылмайды.

ЕСКЕРТУ: 1904 күн-ай жүйесі 1900 күн-ай жүйесіне келесі жерде аударылды: <файл атауы/жолы>

Бұл жұмыс кітап Excel параметрлері тілқатысу терезесінде орналасқан Қосымша санатындағы Осы жұмыс кітабын есептеген кезде бөлімінде берілген 1904 күн жүйесі параметрін қолданады. (Microsoft Office түймешігі деп аталатын түймешікті Түймешік суреті басыңыз да, Excel параметрлері пәрменін нұқыңыз). Macintosh үйлесімділігіне жалпы қолданылатын бұл параметр Microsoft Excel бағдарламасында барлық күн-айлары есептелетін басталатын күн-айды, яғни 1-ші қаңтар 1900 жылды 2-ші қаңтар 1904 жылға, өзгертеді. Веб-беттер 1904 күн-ай жүйесін қолдамайтын болғандықтан, күн-айларыңыз веб-бетте 1900 күн-ай жүйесіне аударылып, шамамен төрт жылдық айырмашылықты көрсетуі мүмкін.

ҚАТЕ: Келесіге қатынау мүмкін емес: <файл атауы/жолы>

Қайта жариялап жатқан элементтеріңіз алғашқы жарияланған жерге сақталмайды.

  • Жариялап жатқан веб-торабыңыздың немесе серверіңіздің дұрыс жұмыс істеп тұрғанын тексеріңіз.

  • Алғашқы жариялаған жеріңіз атауларын өзгерткенін не өзгертпегенін немесе жылжытылғанын не жылжытылмағанын тексеріңіз.

  • Элементтеріңізді алғашқы рет жариялаған жерге тиісті рұқсаттарыңыздың бар екеніне көз жеткізіңіз.

ҚАТЕ: Келесі жерде қорғалған деректер бар: <файл атауы/жолы>

Қорғалған деректер веб-бетке сақталмайды. Жұмыс кітабын қайта жариялау үшін алдымен деректердің қорғанысын алып тастап, барлық құпия сөздерді жоюыңыз керек. Қажет болса, құпиялық мәліметтерді жарияланбайтын жұмыс кітабыңызға жылжытып қойғаныңыз жөн болады.

ҚАТЕ: Бұл файлдың пішімі дұрыс емес: <файл атауы/жолы>

Автоматты түрде қайта жариялау мүмкіндігін Microsoft Excel деректерін веб-бет пішімінде (.htm, .html, .mht, mhtml) емес файлға жариялауға қолдана алмайсыз. HTML пішіміндегі бетке жариялап жатқаныңызға көз жеткізіңіз.

ҚАТЕЛІК: Алғашқы жарияланған деректер келесі жерден өшірілді: <файл атауы/жолы>

Автоматты түрде қайта жариялау мүмкіндігі қосылған жұмыс кітабында элементтер енді жоқ.

ҚАТЕ: Келесіні жариялауға жад жеткіліксіз: <файл атауы/жолы>

  • Жүйеңізде керекті жадты босату үшін жұмыс үстеліңіздегі қажетсіз бағдарламаларды немесе терезелерді жабыңыз.

  • Жариялайын деп жатқан жердегі бос дискі жадысын тексеріп, веб-бетіңізге жететініне көз жеткізіңіз.

  • Жариялап жатқан жеріңізге берілген бос орынның шектеуінен асып кетпегеніңізге көз жеткізіңіз.

  • Парақтарды, нысандарды немесе қандай да болсын қажетсіз элементтерді жою арқылы файлдың өлшемін азайтуға тырысыңыз.

  • Компьютеріңіздің дискісіндегі бос орынды анықтаңыз. Қатты дискіңізде қажетсіз файлдарды жойыңыз.

  • Жүйеңіздегі Жедел жадтайтын құрылғы (ЖЖҚ) жадысын тексеріп, оның дұрыс жұмыс істеп тұрғанына және Microsoft Office немесе Office Excel бағдарламаңыздың нұсқасына қажетті бос орынның бар екеніне көз жеткізіңіз.

Беттің жоғарғы жағы

Веб-бетке сақтау мәселелері

Жұмыс кітабын веб-бетке сақтаған кезіңізде келесі мәселелер туындауы мүмкін:

Мәселе: Шартты пішімдерді көрмей тұрмын

Бір файлдық веб-бет (.mht, .mhtml) беттері шартты пішімдеуге қолдау көрсетпейді; оның орнына веб-бет (.htm, .html) файл пішімін қолданыңыз. Деректер жолақтарына, түс шкалаларына және белгішелер жиынтықтарына сол пішімдердің ешқайсысында қолдау көрсетілмейді.

Мәселе: Деректерді веб-бетке сақтаған кезімде ұяшықтағы мәтін кесіліп қалады

Егер ұяшықтағы мәтіннің кесіліп қалғанын немесе толық көрсетілмей қалғанын байқасаңыз, келесіні орындап көріңіз:

Автоматты түрде тасымалданған мәтіні бар ұяшықтарды өзгерту     Деректерді веб-бет ретінде сақтауыңыздың алдында тасымалданған мәтіні бар ұяшықтарды пішімдеген болуыңыз мүмкін. Сақтаған кезде мәтін кесіліп қалмасын десеңіз, оны қысқартып, оған бірнеше ұяшық қолданып немесе жұмыс парағыңыздағы бағанды кеңейтіп, деректерді сақтап қоюыңызға болады.

Қажетті мәтіні бар бағанды кеңейту     Егер ұяшықтағы мәтін басқа ұяшықпен қабаттасып қалса, сол қабаттасып қалған бөлігі сақталмайды. Мәтіні бар бағанды кеңейтіп, оны басқа ұяшықтармен қабаттаспайтындай етіп қойыңыз.

Мәтінді қайта туралау     Егер ұяшықта кесіліп қалған мәтінді көрсеңіз, ол мәтін сақталған кезде ұяшықтан ұзын болған және оң жақ шетпен немесе ортаға тураланған. Бастапқы жұмыс кітабын өңдеп, мәтінді сол жақ шетін (шегіну) қайта туралаңыз.

Мәселе: Деректерді веб-бет ретінде сақтаған кезімде бұрылған мәтін дұрыс шықпайды

Excel деректерін веб-бет ретінде сақтаған кезіңізде бұрылған немесе тік мәтінді қолдануыңызға болмайды. Бұрылған және тік мәтін көлденең мәтінге аударылады.

Мәселе: Қолданыстағы веб-бетке сақтайтын элементтерім әрқашанда беттің төменгі жағында шығады

Excel деректерін қолданыстағы веб-бетке сақтаған кезіңізде Excel бағдарламасы деректерді әрқашанда беттің төменгі жағына жалғайды.

Excel деректерін веб-беттің басқа жеріне жылжыту үшін веб-бетті Microsoft Office SharePoint Designer сияқты құрастыру бағдарламасында ашып, элементтерді қайта орналастыруыңызға болады.

Мәселе: Мен веб-бетімді басқа жерге жылжытқанымнан кейін кейбір сілтемелер үзіліп қалды

Веб-бетті сақтаған кезіңізде Excel бағдарламасы әдепкі күйінде таңбалауыштар, өңдік сурет құрамдары және сызбалық сияқты барлық қолдау файлдарын қолдау ішкі қалтасына сақтайды. Егер веб-бетіңізді басқа жерге жылжытсаңыз немесе көшірсеңіз, қолдау файлдарында барлық сілтемелерді сақтап қалу үшін қолдау қалтасын да жылжытуыңыз керек.

Мәселе: веб-бетімде қызыл X көрінеді

Қызыл Х жетіспей тұрған сызбалықты білдіреді. Егер веб-бетіңізді қолдау файлдарысыз жаңа жерге жылжытсаңыз немесе көшірсеңіз, фотосуреттер, таңбалауыштар және өңдік сурет құрамдары сияқты сызбалыққа сілтейтін сілтемелер үзіліп кетуі мүмкін.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×