Жұмысты тез бастау: жұмыс парағын пішімдеу

Жұмыс парағының бейнелену сапасын әр түрлі пішімдеу түрлерін қолдану арқылы жақсартуға болады. Мысалы, жұмыс парағындағы ұяшықтарды анықтау үшін жиектерді және көлеңкелеуді қолдануға болады.

Қалай?

Белгіше кескіні

Ұяшық жиектерін қолдану

  1. Жиек қосқыңыз келетін ұяшықты немесе ұяшықтар ауқымын таңдаңыз.

    Кеңес.    Бүкіл жұмыс парағын тез бөлектеу үшін Бәрін бөлектеу түймешігін басыңыз.

    Бәрін бөлектеу түймешігі

  2. Басты қойындысындағы Қаріп тобында Жиектер Түймешік суреті жанындағы көрсеткіні нұқып, содан кейін қажет жиек мәнерін таңдаңыз.

    Басты қойындысындағы Қаріп тобы

Кеңес    Жиектер түймешігі жақында пайдаланылған жиек мәнерін көрсетеді. Сол мәнерді қолдану үшін Жиектер түймешігін (көрсеткіні емес) басыңыз.

Белгіше суреті

Мәтіннің түсін және туралауын өзгерту

  1. Пішімдеу керек мәтін бар (немесе болатын) ұяшықты немесе ұяшықтар ауқымын таңдаңыз. Сондай-ақ, ұяшықтағы бір немесе бірнеше мәтін бөліктерін таңдап, бұл бөліктерге әр түрлі мәтін түстерін қолдануға болады.

  2. Таңдалған ұяшықтарда мәтіннің түсін өзгерту үшін Басты қойындысындағы Қаріп тобында Қаріп түсі Түймешік суреті жанындағы көрсеткіні нұқып, содан кейін Тақырып түстері немесе Стандартты түстер астында пайдалану керек түсті нұқыңыз.

    Ескерім.    Бар тақырып түстерінен және стандартты түстерден басқа түсті қолдану үшін Қосымша түстер пәрменін таңдаңыз, содан кейін Стандартты қойындысында немесе Түстер тілқатысу терезесінің Таңдамалы қойындысында пайдалану керек түсті нұқыңыз.

  3. Таңдалған ұяшықтарда мәтіннің туралауын өзгерту үшін Басты қойындысындағы Туралау тобында керек туралау параметрін таңдаңыз.

    Басты қойындысындағы Туралау тобы

    Мысалы, ұяшық мазмұнының көлденең туралауын өзгерту үшін Мәтінді сол жақ жиегі бойынша туралау Түймешік кескін , Ортасы бойынша туралау Түймешік кескіні немесе Мәтінді оң жақ жиегі бойынша туралау Түймешік кескіні түймешігін басыңыз.

Белгіше суреті

Ұяшықты көлеңкелеуді қолдану

  1. Ұяшықты көлеңкелеуді қолдану керек ұяшықты немесе ұяшықтар ауқымын таңдаңыз.

  2. Басты қойындысындағы Қаріп тобында Бояу түрі Түймешік суреті жанындағы көрсеткіні басып, Тақырып түстері немесе Стандартты түстер астында керек түсті таңдаңыз.

Келесі қадамдар

Жұмыс парағын пішімдеу туралы қосымша ақпаратты төмендегі тақырыптардан қараңыз:

Кеңес.    Office.com нұсқасы, жұмысқа кіріскенде ақпараты, кеңестер мақалалары, бейнелер және оқу курстары сияқты Анықтама мазмұынмен үздіксіз жаңартылады. Анықтама терезесі асты Дербес болса және Интернетпен байланысқан болсаңыз, Дербес түймешігін басып, Мазмұнды көрсету Office.com пәрменін таңдаңыз. Сондай-ақ Excel бағдарламасының анықтамасы мен нұсқауының өзіндік беті бөлімін Office.com торабынан қарауға болады.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×