Жылдам мәнерлер жиынтығынан мәнерлер қосу және жою

Microsoft Office Word 2007 бағдарламасы бұрынғыдай өз мәнерлеріңізді жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Office Word 2007 бағдарламасы бірер минуттың ішінде кәсіби және жақсы жасақталған құжат жасауды оңайлататын жылдам мәнерлер ұсынады.

Бұл бөлімде

Пішімдеу мәнерлері туралы

Жылдам мәнерлерді пайдалану

Жылдам мәнерлер жиынтығына мәнер қосу

Жылдам мәнерлер жиынтығынан мәнерді жою

Пішімдеу мәнерлері туралы

Сіз барлық пішімдерді тікелей қолдануға үйреніп кеткен болуыңыз мүмкін. Мысалы, тақырыпты пішімдеу үшін Қалың түймешігі мен Қаріп және Қаріп өлшемі терезелерін қолдануыңызға болады. Немесе, Қаріп және Еже тілқатысу терезелерін пайдалана аласыз, оларда мәтінді жасақтауға және туралау мен аралықтарды белгілеуге көмектесетін параметрлер көбірек болады.

Мұның барлығын осылай істеуіңізге болады. Бірақ мұның жұмысы көп, ал егер сол пішімді тағы бір тақырыпқа немесе тіпті құжатқа қолданғыңыз келсе ше?

Осы кезде мәнерлер қолданылады. Мәнерлер — бір уақытта көп пішімді қолданатын арнайы жинақталған жиындар. Мәнер қайталанып қолданыла береді.

Беттің жоғарғы жағы

Жылдам мәнерлерді пайдалану

Microsoft Office Word 2007 бағдарламасында Мәнерлер тобындағы Басты тобы арқылы белгілі бір мәнерді жылдам әрі оңай қолданып қана қоймай, белгілі бір мақсатқа арналған біртұтас әрі тартымды құжат жасау үшін бірге қолданылатын мәнерлер жиынын таңдауыңызға да болады.

Мысалы, жылдам мәнерлердің бір жиынына бірнеше тақырып деңгейіне, негізгі мәтінге, дәйексөзге және тақырып атауына арналған мәнерлер кіреді. Бір мәнерлер жиынындағы мәнер түстері мен пішімдерінің барлығы тартымды әрі оқуға ыңғайлы құжат жасау үшін бірге қолдануға арналған.

Сізге орындау қажет нәрсе — жасалатын құжат түріне лайық жылдам мәнерді таңдап, содан кейін құжатты жасаған кезде қолайлы жылдам мәнерлер жиынтығындағы мәнерлерді қолдану.

Беттің жоғарғы жағы

Жылдам мәнерлер жиынтығына мәнер қосу

Қаласаңыз, жаңа мәнер жасап, оны жылдам мәнерлер жиынтығына қосуыңызға, не болмаса жылдам мәнерлер жиынтығында көрінбейтін, бірақ жиі қолданылатын бір мәнерді қосуыңызға болады.

Жылдам мәнерлер жиынтығына жаңа мәнер қосу

Жылдам мәнерлер жиынында құжат жасауға қажетті мәнерлердің барлығы болуы ықтимал болса да, қалауыңыз бойынша оған мүлдем жаңа мәнер қоса аласыз.

  1. Жаңа мәнер түрінде жасағыңыз келген мәтінді таңдаңыз.

    Мысалы, «Іскерлік дерек» деген сөз құжатта қызыл түсті 1-тақырып түрінде көрінуі керек болуы мүмкін.

  2. Таңдалған элементтің үстінде пайда болатын шағын құралдар тақтасындағы 1-тақырып пен Қызыл параметрлерін мәтінді пішімдеу үшін таңдаңыз.

  3. Таңдауды тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, меңзерді Мәнерлер параметріне апарыңыз да, Таңдауды жаңа жылдам мәнер түрінде сақтау пәрменін таңдаңыз.

  4. Мәнерге бір атау беріңіз, мысалы, «Іскерлік дерек» деп атаңыз да, OK түймешігін басыңыз. Жасалған мәнер жылдам мәнерлер жиынтығында берген атаумен пайда болып, әрдайым «Іскерлік дерек» деп терген кезіңізде, не болмаса кез келген мәтінді қалың, қызыл түсті және 1-тақырып түрінде пішімдегіңіз келген кезде пайдалануға дайын тұрады.

Мәнерді жылдам мәнерлер жиынтығына жылжыту

Анда-санда жылдам мәнерлер жиынтығынан бір мәнер жойылып кетеді немесе ол мәнерлер тізімінен көрінбейді. Мұндай жағдайда, мәнерді пайдалану мүмкін болу үшін оны жылдам мәнерлер жиынтығына жылжытқан оңай.

  1. Басты қойындысындағы Мәнерлер тілқатысу терезесін ашу түймешігін басыңыз да, Параметрлер тармағын таңдаңыз

    Мәнерлер тілқатысу терезесін іске қосу құралы

    .

  2. Көрсетілетін мәнерлерді таңдау тізімінен Барлық мәнерлер тармағын таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Жылдам мәнерлер жиынтығынан мәнерді жою

  1. Басты қойындысының Мәнерлер тобында жиынтықтан жойылатын мәнерді тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыңыз.

  2. Жылдам мәнерлер жиынтығынан жою пәрменін таңдаңыз.

    Ескерту : Мәнер жылдам мәнерлер жиынтығынан жойылған жағдайда ол Мәнерлер тапсырмалар тақтасындағы тармақтардан жойылмайды. Мәнерлер тапсырмалар тақтасында құжаттағы барлық мәнерлердің тізімі беріледі.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×