Жылдам бастау: Excel Starter бағдарламасындағы автосүзгі арқылы деректерді сұрыптау

Жұмыс парағындағы ақпарат сұрыпталғанда, деректерді қалауыңызша көріп, мәндерін жылдам тауып алуға болады. Бір не одан көп деректер бағанындағы деректер ауқымын немесе кестесін сұрыптауға болады; мысалы, контактілер тізімін алдымен пошта индексі, сосын тегі бойынша сұрыптауға болады.

Қалай?

Белгіше кескіні

Сұрыпталатын деректерді таңдау.    

A1:L5 (бірнеше жол мен баған) немесе C1:C80 (бір баған) сияқты деректер ауқымын таңдау үшін, тінтуірді немесе пернетақта пәрмендерін пайдаланыңыз. Ауқым бағандарды немесе жолдарды анықтау үшін жасалған тақырыптарды қамтуы мүмкін.

Excel бағдарламасында сұрыпталатын таңдалған деректер мысалы

Белгіше суреті

Жылдам сұрыптау.    

Тінтуірді екі рет нұқу арқылы сұрыптау үшін, Сұрыптау және сүзгілеу пәрменін (Басты қойындысының Өңдеу тобында) таңдап, Сұрыптау түймешіктерінің кез келгенін басыңыз.

Сұрыптау

  1. Сұрыпталатын бағандағы бір ұяшықты таңдаңыз.

  2. Артуы бойынша (А-дан Я-ға немесе ең кіші саннан ең үлкеніне қарай) сұрыптау үшін, жоғарғы түймешікті басыңыз.

  3. Кему ретімен (Я-дан А-ға немесе ең үлкен саннан ең кішісіне қарай) сұрыптау үшін, төменгі түймешікті басыңыз.

Белгіше суреті

Шарттарды көрсету арқылы сұрыптау.    

Күрделірек жағдайларда бағандар мен шарттарды сұрыптау үшін таңдауға болады.

  1. Басты қойындысының Өңдеу тобындағы Таңдамалы сұрыптау түймешігін басыңыз.

    Теңшелетін сұрыптау

    Сұрыптау тілқатысу терезесі пайда болады.

  2. Баған тізімінен сұрыпталатын бірінші бағанды таңдаңыз.

  3. Сұрыптау тізімінен Мәндер, Ұяшық түсі, Қаріп түсі немесе Ұяшық белгішесі параметрін таңдаңыз.

  4. Реті тізімінен сұрыптау әрекетіне қолданылатын ретті — әріптер немесе сандар бойынша арту не кему ретін (яғни, мәтін үшін A-дан Я-ға немесе Я-дан А-ға дейін немесе сандар үшін кішісінен үлкеніне не үлкенінен кішісіне қарай) таңдаңыз.

  5. Түсіне қарай сұрыптау үшін, Астынан немесе Үстінен параметріне түс таңдаңыз.

    Ескертпе.    Мәтін түстері немесе ұяшық өңінің түстері үшін, бағанда пайдаланылатын түстер сұрыптау шарттары ретінде пайдаланылу үшін қол жетімді.

Келесі қадамдар

Сұрыптау – деректерді мәнді жолмен реттеудің бір жолы. Екіншісі – деректерді сүзу. Әдістерін оқып білу үшін, Жылдам бастау: автосүзгі арқылы деректерді сүзу бөлімін қараңыз.

Жұмыс парағыңыз қалауыңызша көрінгенде, оны басып шығарғыңыз келуі мүмкін. Әдістерін оқып білу үшін, Жылдам бастау: жұмыс парағын басып шығару бөлімін қараңыз.

Кеңес.    Office.com бағдарламасы жаңа мазмұнмен, оның ішінде әдістемелік мақалалармен, бейне жазбалармен және оқыту курстарымен жаңартылып отырады. Егер анықтаманы қарап шығу құралының төменгі жағында Дербес деп шығып, интернетке қосылсаңыз, Дербес түймешігін басып, Office.com мазмұнын көрсету пәрменін таңдаңыз. Болмаса, Office.com бойынша Office Starter анықтамасы және кеңес бетіне кіріңіз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×