Жылдам бастау: Автосүзгі пайдалану арқылы деректерді сүзгіден өткізу

Жұмыс парағындағы ақпаратты сүзгіден өткізу арқылы, мәндерді жалдам таба аласыз. Деректердің бір немесе бірнеше бағанында сүзгі қолдана аласыз. Сүзгі қолданумен, тек көргіңіз келгенді ғана емес, онымен бірге нені алғыңыз келгенді де басқара аласыз. Тізімнен жасаған таңдауларға негізделе сүзгі қолдана аласыз немесе нақты көргіңіз келген деректерге зейін қою үшін арнайы сүзгілер жасай аласыз.

Сүзгі интерфейсінде Іздеу жолағын пайдалану арқылы сүзгіден өткізу кезінде, мәтін және сандарды іздей аласыз.

Деректерді сүзгіден өткізген кезде, егер бір немесе бірнеше бағандағы мәндер сүзгі шарттарына сәйкес болса, бүкіл жолдар жасырын болады. Өңге немесе мәтінге қолданылған түс пішімдеуі бар сандық немесе мәтін мәндерінде немсее ұяшықтар үшін түс арқылы сүзгіден өткізе аласыз.

Қалай?

Белгіше кескіні

Сүзгіден өткізгіңіз келетін деректерді таңдаңыз.    

Excel бағдарламасында сұрыпталатын таңдалған деректер мысалы

  1. Деректер қойындысындағы Сұрыптау & Сүзгі тобында Сүзгі түймешігін басыңыз.

    Деректер қойындысындағы «Сұрыптау» және сүзу тобы

  2. Сүзгі таңдалатын тізімде көрсету үшін, баған тақырыбындағы көрсеткіні Сүзгілеу ашылмалы көрсеткісі басыңыз.

    Жазба    Бағанда деректердің түріне байланысты, Microsoft Excel бағдарламасы Сандық сүзгілер немесе Мәтіндік сүзгілер параметрін тізімде бейнелейді.

Белгіше суреті

Мәндерді таңдау немесе іздеу арқылы сүзу    

Тізімнен мәндер таңдау және іздеу сүзгіден өткізудің жылдам жолы. Сүзгіден өткізу іске қосылған бағандағы көрсеткіні нұқыған кезде, сол бағандағы барлық мәндер тізімде пайда болады.

Деректерді сүзу

1. Іздеуге мәтін немесе сан енгізу үшін Іздеу жолағын пайдаланыңыз

2. Деректердің бағанында табылған мәндерді көрсету үшін құсбелгілерді таңдау және алып тастау

3. Арнайы шарттарға сәйкес келетін мәндерді табу үшін қосымша шартты пайдалану

  1. Мәндер арқылы таңдау үшін, тізімдегі (Барлығын таңдау) құсбелгісін алып тастаңыз. Бұл барлық құсбелгілерден тексеру белгілерін жояды. Одан кейін, тек көргіңіз келген мәндерді таңдаңыз, одан кейін нәтижелерді көру үшін Жарайды түймешігін нұқыңыз.

  2. Бағанда мәтін іздеу үшін, мәтін немесе санды Іздеу жолағына енгізіңіз. Таңдау бойынша, жұлдызша (*) немесе сұрақ белгісі (?) сияқты қойылмалы таңбаларды пайдалана аласыз. Нәтижелерді көру үшін ENTER пернесін басыңыз.

Белгіше суреті

Шарттарды көрсету арқылы деректерді сүзгіден өткізу    

Шарттарды көрстеу арқылы, деректерді қалаған нақты жолмен кішірейтетін өзгертпелі сүзгілер жасай аласыз. Сүзгі құру арқылы жасаңыз. Егер дерекқорда деректер сұралса, бұл сізге таныс көрінеді.

  1. Тізімдегі Сан сүзгілері немесе Мәтін сүзгілері параметріне меңзеңіз. Түрлі шарттарда сүзгіден өткізуге рұқсат беретін мәзір пайда болады.

  2. Шарт таңдаңыз және одан кейін шартты таңдаңыз немесе енгізіңіз. Шартты біріктіру үшін Және түймешігін (бұл деген, екі немесе бірнеше шарт алынуы тиіс) нұқыңыз және бірнеше шарттардың біреуі ғана алынғанын талап ету үшін Немесе түймешігін нұқыңыз.

  3. Сүзгіні қосып, қалаған нәтижеге қол жеткізу үшін, Жарайды түймешігін басыңыз.

Келесі қадамдар

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×