Жол шегіністері мен аралықты реттеу

Жол шегіністері мен аралықтарға өзгерістер енгізілетін немесе бірнеше өзгерістерді бір уақытта енгізетін кезде «Абзац» диалогтық терезені ашып, Шегіністер мен аралықтар қойындысын басыңыз.

  1. Реттелетін мәтінді таңдаңыз.

  2. Басты немесе Бет орналасуы қойындысындағы «Абзац» диалогтық терезесін ашу түймешігін басыңыз.

  3. Қажет болса, Шегіністер мен аралықтар қойындысын басыңыз.

  4. Параметрлерді таңдап, OK түймешігін басыңыз.

Диалогтық терезе параметрлері

Диалогтық терезе келесі параметрлерден тұрады. Диалогтық терезенің төменгі бөлігінде параметрлерді қолданбас бұрын олардың көрінісін Алдын ала көру мүмкіндігімен көруге болады.

Жалпы    

Туралау

Сол жақ шеті бойынша параметрін мәтінді сол жақ шеті бойынша реттеу үшін таңдаңыз, оң жақ шеті тураланбайды (немесе пернетақта тіркесімін пайдаланыңыз, CTRL+L).

Ортасы бойынша параметрін мәтінді ортасы бойынша туралау үшін таңдаңыз, ал екі шеті тураланбайды (CTRL+E).

Оң жақ шеті бойынша параметрін мәтінді оң жақ шеті бойынша туралау үшін таңдаңыз, сол ақ шеті тураланбайды (CTRL+R).

Ені бойынша параметрін мәтінді сөздің арасына бос орын қоса отырып екі шеті бойынша туралайды (CTRL+J).

Құрылым деңгейі

Абзац «Құрылым» көрінісінде пайда болатын деңгей. Қосымша ақпарат алу үшін Құрылым көрінісінде құжат құрылымын жасау бөлімін қараңыз.

Тақырыптары әдепкіше тасаланған құжатты ашатын болсаңыз, Әдепкіше тасаланған параметрін таңдаңыз. Қосымша ақпарат алу үшін Құжат бөліктерін шығарып алу немесе тасалау бөлімін қараңыз.

Жол шегінісі

Сол

Таңдалған өлшем бойынша абзацтың сол жақ шетін жылжытады.

Оң

Таңдалған өлшем бойынша абзацтың оң жақ шетін жылжытады.

Арнайы

Абзацтың бірінші жолын шегіндіру үшін Бірінші жол > Мына өлшемге параметрін таңдаңыз. Сызғыш арқылы бірінші жолдың шегінісін жылдам жасау үшін Бірін жолдың шегінісін жасау бөлімін қараңыз.

Абзац шегінісін жасау үшін Шығыңқы > Мына өлшемге параметрін таңдаңыз. Сызғыш арқылы абзац шегінісін жылдам жасау үшін Абзац шегінісін жасау бөлімін қараңыз.

Шағылысу шегіністері

Осы параметрді таңдаған кезде Сол және ОңІшкі және Сыртқы болады. Бұл кітапты басып шығаруға арналған.

Аралық    

Алдында

Абзацтың алдындағы аралықтың өлшемін реттейді.

Кейін

Абзацтан кейінгі аралықтың өлшемін реттейді.

Жол аралығы

Бір аралықты мәтін жасау үшін Бір параметрін таңдаңыз. Бүкіл құжатқа бір аралықты жылдам қалдыру үшін Құжаттағы бір аралықты жолдар бөлімін қараңыз.

Мәтін аралығын бір жарым есе ету үшін 1,5 жолдар параметрін таңдаңыз.

Екі аралықты мәтін жасау үшін Екі параметрін таңдаңыз. Бүкіл құжатқа екі аралықты қалдыру үшін Құжаттағы екі аралықты жолдар бөлімін қараңыз.

Жолдағы ең үлкен қаріпті немесе сызбаны сәйкестендіруге қажетті аралықтың ең кіші көлемін орнату үшін Кемінде > Мәні параметрін таңдаңыз.

Нүктелермен берілген, бекітіліген жол аралығын орнату үшін Нақты > Мәні параметрін таңдаңыз. Мысалы, мәтін 10-қаріп өлшемінде болса, жол аралығы ретінде 12-қаріп өлшемін көрсетуге болады.

Жол аралығын 1-ден артық сандармен көбейтіліп берілген ретінде орнату үшін Көбейту > Мәні параметрін таңдаңыз. Мысалы, жол аралығын 1,15 мәніне қою аралықты 15 пайызға көбейтеді, ал жол аралығын 3 мәніне қою аралықты 300 пайызға көбейтеді (үш еселеу).

Қоспау …

Абзацтардың арасына қосымша аралық қоспайтын болсаңыз, Абзацтардың арасына аралық қоспау параметрін таңдаңыз.

Параметрді әдепкіше сақтайтын болсаңыз, Әдепкіше орнату түймешігін басыңыз.

Қойыншалар … түймешігін басу қойыншаларды дәл орнатуға болатын «Қойыншалар» диалогтық терезесін ашады.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×