Жолдарды автоматты түрде нөмірлеу

Жолдарды автоматты түрде нөмірлеу

Word сияқты басқа Microsoft Office бағдарламаларымен салыстырғанда, Excel бағдарламасында деректерді автоматты түрде нөмірлеуге арналған түймешік берілмеген. Дегенмен, бағанды нөмірлердің қатарымен толтыру үшін толтыру таңбалауышы апару немесе ROW функциясын пайдалану арқылы деректердің жолдарына ретті нөмірлерді оңай қоса аласыз.

Кеңес : Егер деректеріңіз үшін одан да жетілдірілген автонөмірлеу жүйесін іздесеңіз және Access бағдарламасы компьютеріңізде орнатылған болса, Excel деректерін Access дерекқорына импорттауыңызға болады. Access дерекқорында кестеге жаңа жазба енгізгенде автоматты түрде бір мәнді нөмірді шығаратын өрісті жасауыңызға болады. Қосымша ақпарат алу үшін, Excel және Access бағдарламалары арасында деректерді алмастыру (көшіру, импорттау, экспорттау).

Не істегіңіз келеді?

Толтыру таңбалауышын бейнелеу немесе жасыру

Бағанды нөмірлердің қатарымен толтыру

Жолдарды нөмірлеу үшін ROW функциясын пайдалану

Толтыру таңбалауышын бейнелеу немесе жасыру

толтыру таңбалауышы Толтыру таңбалауышы әдепкіде бейнеленеді, бірақ оны қосуыңызға немесе өшіруіңізге болады.

  1. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Excel параметрлері түймешігін нұқыңыз.

  2. Толтыру таңбалауышын бейнелеу немесе жасыру үшін Қосымша санатындағы Өңдеу параметрлері астында Толтыру таңбалауышы мен ұяшықты апарып тастауды қосу параметрі жанына құсбелгі қойыңыз немесе алыңыз.

Ескерту : Толтыру таңбалауышын апарған кезде бар деректерді ауыстыруды болдырмауға көмектесу үшін Ұяшықты қайта жазу алдында ескерту параметрі жанына құсбелгі қойылғанын тексеріңіз. Excel бағдарламасының бос емес ұяшықтарды қайта жазу туралы хабарды бейнелеуін қаламасаңыз, бұл параметр жанынан құсбелгіні алуыңызға болады.

Беттің жоғарғы жағы

Бағанды нөмірлердің қатарымен толтыру

  1. Толтырғыңыз келетін ауқымдағы бірінші ұяшықты таңдаңыз.

  2. Қатардың бастапқы мәнін теріңіз.

  3. Әшекей орнату үшін келесі ұяшықта бір мәнді теріңіз.

    Кеңес : Мысалы, 1, 2, 3, 4, 5... қатарын қаласаңыз, бірінші екі ұяшықта 1 және 2 мәндерін теріңіз. 2, 4, 6, 8... қатарын қаласаңыз, 2 және 4 мәндерін теріңіз.

  4. Бастапқы мәндерді қамтитын ұяшықтарды таңдаңыз.

  5. толтыру таңбалауышы Толтыру таңбалауышы толтырғыңыз келетін ауқым бойымен апарыңыз.

    Ескерту : Толтыру таңбалауышын әр ұяшық бойымен апару кезінде, Excel бағдарламасы ұяшықтарды толтыратын мәннің алдын ала қарауын бейнелейді. Әдепкіде, бұл мәндерді анықтау үшін Excel бағдарламасы сызықтық геометриялық әшекейді пайдаланады. Басқа геометриялық әшекейді қолданғыңыз келсе, толтыру таңбалауышын тінтуірдің оң жақ түймешігін басып тұрып апарыңыз, одан кейін мәтінмәндік мәзірден әшекейді таңдаңыз.

    Үлкею ретімен толтырғыңыз келсе, төмен немесе оң жаққа қарай апарыңыз. Азаю ретімен толтырғыңыз келсе, жоғары немесе сол жаққа қарай апарыңыз.

    Кеңес : Толтыру таңбалауышын көрмесеңіз, оны алдымен бейнелеуіңіз қажет болуы мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін Толтыру таңбалауышын бейнелеу немесе жасыру бөлімін қараңыз.

Ескерту : Жолдарды қосқан, жылжытқан немесе жойған кезде бұл нөмірлер автоматты түрде жаңартылмайды. Тиісті ретте болған екі нөмірді таңдап, толтыру таңбалауышын нөмірленген ауқымның аяғына дейін апару арқылы ретті нөмірлеуді қолмен жаңартуыңызға болады.

Беттің жоғарғы жағы

Жолдарды нөмірлеу үшін ROW функциясын пайдалану

  1. Нөмірлегіңіз келетін ауқымның бірінші ұяшығында =ROW(A1) дегенді теріңіз.

    ROW функциясы сілтеп тұрған жолдың нөмірін береді. Мысалы, =ROW(A1)1 нөмірін береді.

  2. толтыру таңбалауышы Толтыру таңбалауышы толтырғыңыз келетін ауқым бойымен апарыңыз.

    Кеңес : Толтыру таңбалауышын көрмесеңіз, оны алдымен бейнелеуіңіз қажет болуы мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін Толтыру таңбалауышын бейнелеу немесе жасыру бөлімін қараңыз.

Ескерту : 

  • Бұл нөмірлер оларды деректеріңізбен сұрыптаған кезде жаңартылады. Дегенмен, жолдарды қоссаңыз, жылжытсаңыз немесе жойсаңыз рет үзілуі мүмкін. Бірақ, тиісті ретте болған екі нөмірді таңдап, толтыру таңбалауышын нөмірленген ауқымның аяғына дейін апару арқылы ретті нөмірлеуді қолмен жаңартуыңызға болады.

  • Егер ROW функциясын пайдаланып жатсаңыз және жаңа деректер жолдарын қосқан бойдан нөмірлер автоматты түрде кірістірілуін қаласаңыз, сол деректер ауқымын Excel кестесіне айналдырыңыз. Кестенің аяқ жағына қосылатын жолдар ретті түрде нөмірленетін болады. Қосымша ақпарат алу үшін Жұмыс парағында Excel кестесін жасау немесе жою бөлімін қараңыз.

  • Сатып алу тапсырысының нөмірі сияқты ерекше ретті нөмір кодтарын енгізу үшін ROW функциясын TEXT функциясымен бірге пайдалануыңызға болады. Мысалы, нөмірленген тізімді 000-001 мәнімен бастау үшін, =TEXT(ROW(A1),"000-000") өрнегін нөмірлегіңіз келетін ауқымның бірінші ұяшығына енгізіп, толтыру таңбалауышын ауқымның аяғына дейін апаруыңыз керек.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×