Жиынтық кесте есебінде деректерді таңдау

Пішімдеуді қолдану, деректерді көшіру немесе жиынтық кесте есебіне өзгерістер енгізу үшін, пәрмендерді немесе тінтуірді пайдаланып, жеке ұяшықтарды не деректер аумағын таңдауға болады. Тінтуір меңзері таңдау әрекетіңізге байланысты өзгереді:

  • Ұяшықтарды таңдау үшін, Microsoft Office Excel бағдарламасының кәдімгі тінтуір меңзерін пайдаланыңыз Excel таңдау жүгіргісі .

  • Деректер аумағын таңдау үшін, тінтуір меңзерін өрістер мен белгілердің жоғарғы немесе сол жағында орналастырыңыз, сонда тінтуір меңзері төмен көрсеткіге Down arrow немесе оң жақ көрсеткіге Көрсеткі өзгереді.

Ескерту : Егер тінтуір көрсеткісінің кескіні өзгермесе, Параметрлер қойындысындағы Әрекеттер тобынан Бөлектеу пәрменін таңдап, Бөлектеуге рұқсат беру Button image түймешігінің таңдалғанын тексеріңіз.

Не істегіңіз келеді?

Жеке ұяшықтарды таңдау

Толық есепті таңдау

Өрістегі барлық элементті таңдау

Элемент белгілерін, деректерді немесе екеуін де таңдау

Бір элементтің барлық данасын таңдау

Элементтің бір данасын таңдау

Бірнеше элементтерді таңдау

Аралық жиындар мен жиындарды таңдау

Жеке ұяшықтарды таңдау

  1. Таңдағыңыз келетін бірінші ұяшықты көрсетіңіз, тінтуір меңзері Excel таңдау жүгіргісі болып өзгергенін тексеріңіз.

  2. Бір ұяшықты таңдау үшін, оны нұқыңыз немесе бірнеше ұяшықтарды таңдау үшін, оны нұқып апарыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Толық есепті таңдау

  1. Жиынтық кесте есебін нұқыңыз.

  2. Параметрлер қойындысындағы Әрекеттер тобынан Бөлектеу пәрменін таңдап, Толық жиынтық кесте түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Өрістегі барлық элементті таңдау

Тінтуір меңзері төмен көрсеткіге Down arrow өзгеретіндей етіп, өрістің жоғарғы жиегін апарыңыз да, оны нұқыңыз.

Мысалы, Шығыс және Батыс элементтерін таңдау үшін, Аймақ өрісінің жоғарғы бөлігіне апарыңыз да, оны бір рет нұқыңыз.

Example of selecting all items in a PivotTable field

Беттің жоғарғы жағы

Элемент белгілерін, деректерді немесе екеуін де таңдау

  1. Элементтерді таңдаңыз.

  2. Параметрлер қойындысындағы Әрекеттер тобынан Бөлектеу пәрменін таңдап, таңдағыңыз келгенін нұқыңыз:

    Екеуін де таңдау үшін, Белгілер мен мәндер Button image түймешігін.

    Элементтерге арналған тек мәндерді таңдау үшін, Мәндер Button image түймешігін.

    Тек қана элемент белгілерін таңдау үшін, Белгілер Button image түймешігін.

Беттің жоғарғы жағы

Бір элементтің барлық данасын таңдау

Тінтуір меңзері төмен көрсеткіге Down arrow өзгеретіндей етіп, баған өрісі элементінің жоғарғы жиегіне апарыңыз не тінтуір меңзері оң жақ көрсеткіге Көрсеткі өзгеретіндей жол өрісі элементінің сол жақ жиегіне апарыңыз да, оны нұқыңыз.

Мысалы, Гольф элементінің екі жолын да таңдау үшін, Гольф дегеннің сол жақ жиегін нұқыңыз.

Example of selecting all instances of a PivotTable item

Беттің жоғарғы жағы

Элементтің бір данасын таңдау

  1. Тінтуір меңзері төмен көрсеткіге Down arrow өзгеретіндей етіп, баған өрісі элементінің жоғарғы жиегіне апарыңыз не тінтуір меңзері оң жақ көрсеткіге Көрсеткі өзгеретіндей етіп, жол өрісі элементінің сол жақ жиегіне апарыңыз.

  2. Бір рет нұқыңыз да, қос нұқымды болдырмайтындай етіп, нұқымдар арасында іркіліп тағы нұқыңыз.

Мысалы, I тоқс бөліміндегі Гольф жолын таңдау үшін, Гольф дегеннің сол жақ жиегін нұқып, сәл уақыт өткізіп тағы бір рет нұқыңыз.

Example of selecting one instance of an item in a PivotTable report

Егер жиынтық кесте есебінде бірнеше жол тақырыптары болса, тек қана қалаған элементтерді таңдағанша қайталап нұқыңыз. Мысалы, төрт жол тақырыптарының ең алыс ішкі элементінің бір данасын таңдау үшін, төрт рет нұқу қажет болар еді.

Беттің жоғарғы жағы

Бірнеше элементтерді таңдау

  1. Тінтуір меңзері төмен көрсеткіге Down arrow өзгеретіндей етіп, баған өрісі элементінің жоғарғы жиегіне апарыңыз не тінтуір меңзері оң жақ көрсеткіге Көрсеткі өзгеретіндей етіп, жол өрісі элементінің сол жақ жиегіне апарыңыз.

  2. Қалаған бір элементті таңдау үшін, қажетінше бірнеше рет нұқыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін, Элементтің бір данасын таңдау бөлімін қараңыз.

  3. Сол өріс ішіндегі қосымша элементті таңдау үшін, SHIFT пернесін басып тұрып немесе CTRL пернесін басып тұрып, элементті нұқыңыз.

  4. Элементті таңдауды болдырмау үшін, CTRL пернесін басып тұрып, элементті нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Аралық жиындар мен жиындарды таңдау

  1. Тінтуір меңзері төмен көрсеткіге Down arrow өзгеретіндей етіп, баған тақырыбындағы аралық жиын мен жиындардың жоғарғы жиегіне апарыңыз не тінтуір меңзері оң жақ көрсеткіге Көрсеткі өзгеретіндей етіп, баған тақырыбындағы аралық жиын мен жиындардың сол жақ жиегіне апарыңыз.

  2. Белгілерге арналған барлық жиындарды таңдау үшін, бір рет нұқыңыз, ал тек ағымдағы аралық жиындар мен жиындарды таңдау үшін, тағы да нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×