Жиынтық кесте деректерін сүзгілеу үшін шектегіштерді пайдалану

Microsoft Excel бағдарламасының бұрынғы нұсқаларында жиынтық кесте есебі деректерді сүзгілеу үшін есеп сүзгілерін пайдалануға болады, бірақ бірнеше элементті сүзгілеген кезде, ағымдағы сүзгілеу күйін көру мүмкін емес. Microsoft Excel 2010 бағдарламасында деректерді сүзгілеуге арналған шектегіш мүмкіндігі бар. Жиынтық кесте деректерін сүзгілеу үшін шектегіштегі түймешіктерді басуға болады. Жылдам сүзгілеуге қосымша, шектегіш, сондай-ақ ағымдағы сүзгілеу күйін көрсетеді, бұл сүзгіленген жиынтық кесте есебінде көрсетілетін нәрсені түсінуді оңайлатады.

Жиынтық кестедегі шектегіш

Элемент таңдалған кезде, сол элемент сүзгіге қосылады да, элементтің деректері есепте көрсетіледі. Мысалы, егер сатушылар өрісінде Есенбаева таңдалса, сол өрістегі тек Есенбаеваны қамтитын деректер экранға шығарылады.

Бұл мақалада

Шектегіштер деген не?

Шектегіштерді пайдалану

Бұрыннан бар Жиынтық кестеде шектегіш жасау

Бөлек шектегіш жасау

Шектегішті пішімдеу

Басқа Жиынтық кестеге қосылу арқылы шектегішті ортақтасу

Шектегішті ажырату немесе жою

Шектегіштер деген не?

Шектегіштер дегеніміз оңай пайдаланылатын сүзгілеу құраластары, құрамында Жиынтық кесте есебіндегі деректерді жылдам сүзгілейтін түймешіктер жиыны бар, сүзгілегіңіз келетін элементтерді табу үшін ашпалы тізімдерді ашудың керегі жоқ.

Дағдылы жиынтық кесте есебінің сүзгісін бірнеше элементте сүзгілеу үшін пайдаланған кезде, сүзгіде тек сүзгіленіп жатқан сол бірнеше элемент қана көрсетіледі де, сүзгілеу мәліметтерін табу үшін ашпалы тізімді ашу керек болады. Дегенмен, шектегіш қолданылған сүзгіні айқын белгілейді де, мәліметтерді қамтамасыз етеді, сонда сүзгіленетін жиынтық кесте есебінде көрсетілген деректерді оңай түсінуге болады.

Шектегіштер әдетте өздері жасалатын Жиынтық кестемен байланыстырылады. Алайда, Қосылған талдаулық өңдеудің (OLAP) Текше функцияларынан сілтеме берілген немесе Жиынтық кестеге кейінірек байланыстыруға болатын бөлек шектегіштерді де жасай аласыз.

Шектегіште әдетте мына элементтер көрсетіледі:



Жиынтық кесте шектегішінің элементтері

1. Шектегіш тақырыбы шектегіштегі элементтердің санатын көрсетеді.

2. Бөлектелмеген сүзгілеу түймешігі элементтің сүзгіге кіргізілмегенін білдіреді.

3. Бөлектелген сүзгілеу түймешігі элементтің сүзгіге кіргізілгенін білдіреді.

4. Сүзгіні жою түймешігі шектегіштегі барлық элементтерді бөлектеу арқылы сүзгіні жояды.

5. Жылжыту жолағы шектегіште қазір көрініп тұрғаннан артық элементтер болған жағдайда айналдыра қарауға мүмкіндік береді.

6. Жиекті жылжыту мен өлшемін өзгерту элементтері шектегіштің өлшемі мен орнын өзгертуге мүмкіндік береді.

Беттің жоғарғы жағы

Шектегіштерді пайдалану

Жиынтық кестені сүзгілеу үшін шектегіштер жасаудың бірнеше жолы бар. Бұрыннан бар Жиынтық кестеде төмендегілерді іске асыруға боладыIn:

  • Жиынтық кестеге байланыстырылған шектегішті жасау

  • Жиынтық кестеге байланыстырылған шектегіштің көшірмесін жасау

  • Басқа Жиынтық кестеге байланыстырылған бұрыннан бар шектегішті пайдалану

Бұрыннан бар Жиынтық кестеде шектегіштер жасауға қосымша немесе оның орнына Қосылған талдаулық өңдеудің (OLAP) Текше функциялары арқылы сілтеме беруге немесе Жиынтық кестеге кейінірек байланыстыруға болатын бөлек шектегіштерді де жасай аласыз.

Жасалатын әр шектегіш белгілі бір Жиынтық кесте өрісінде сүзгілеу үшін жасақталатындықтан, Жиынтық кесте есебін сүзгілеу үшін біреуден артық шектегіш жасау қажет болуы әбден мүмкін.

Шектегішті жасағаннан кейін, ол Жиынтық кестенің тұсындағы жұмыс кестесінде, егер сізде біреуден артық шектегіш болса, қабаттасқан бейнебетте көрінеді. Шектегішті қажетінше жұмыс кестесіндегі басқа орынға жылжытып, өлшемін өзгертуге болады.

Қабаттасқан шектегіштер

Жиынтық кесте деректерін сүзгілеу үшін шектегіштегі бір немесе бірнеше түймешікті басу жеткілікті.

Бөлектелген сүзгісі бар шектегіш

Үйлесімді түр беру үшін шектегіштерді пішімдеу

Бұрыннан бар жиынтық кесте есебінде шектегіш жасаған кезде, жиынтық кестенің мәнері дәл сондай түрді ортақ пайдалану үшін шектегіштің мәнерінде көрінеді. Алайда, шектегіш жасалғаннан кейін жиынтық кестеге енгізілген кез келген пішім өзгерістері шектегіштің пішімінде көрсетілмейді. Сондай-ақ бөлек тұрған шектегіш жасалса, шектегіштің пішімі шектегішпен байланыстырылған жиынтық кестенің пішіміне сәйкес келмеуі мүмкін.

Кәсіби түрдегі есептерді жасау үшін немесе шектегіштің пішімін оған байланыстырылған Жиынтық кесте есебінің пішіміне сәйкес келтіру үшін, үйлесімді түр беру мақсатында шектегіш мәнерлерін қолдануға болады. Шектегіштерге арналған алуан түрлі бастапқы мәнерлердің бірін қолдану арқылы сіз Жиынтық кестеге қолданылған тақырып түстерін барынша сәйкес келтіре аласыз. Безендіру үшін өзгертпелі Жиынтық кесте мәнерлерін жасаған сияқты, тіпті өзіңіздің шектегіш мәнерлеріңізді де жасай аласыз.

Жиынтық кестелердің арасында шектегіштерді ортақтасу

Сіз жұмыс істеп жатқан Іскерлік деректерді талдау (BI) есебі сияқты есепте бірнеше түрлі Жиынтық кесте болса, осы Жиынтық кестелердің кейбіреуіне немесе барлығына бірдей сүзгіні қолданғыңыз келуі мүмкін. Бір Жиынтық кестеде жасалған шектегішті басқа Жиынтық кестелермен ортақтасуға болады. Әр Жиынтық кесте үшін деректерді көшіру міндетті емес!

Шектегішті ортақтасқан кезде, пайдаланғыңыз келген шектегіш орналасқан екінші Жиынтық кестеге қосылым жасайсыз. Ортақ шектегішке енгізілген кез келген өзгерістер осы шектегішке байланыстырылған барлық Жиынтық кестелерде дереу бейнеленеді. Мысалы, егер сіз белгілі бір елге қатысты деректерді сүзгілеу үшін 1-ші Жиынтық кестедегі Ел шектегішін пайдалансаңыз, осы шектегішті пайдаланатын 2-ші Жиынтық кесте де сол елге қатысты деректерді бейнебетке шығарады.

Біреуден артық Жиынтық кестелерге жалғанған және пайдаланылатын шектегіштер ортақ шектегіштер деп аталады. Бір Жиынтық кестеде пайдаланылатын шектегіштер жергілікті шектегіштер деп аталады. Жиынтық кестеде жергілікті шектегіштер де, ортақ шектегіштер де болуы мүмкін.

Беттің жоғарғы жағы

Бұрыннан бар Жиынтық кестеде шектегіш жасау

  1. Қай Жиынтық кесте есебі үшін шектегіш жасағыңыз келсе, соның кез келген жерінен шертіңіз.

    Бұл Жиынтық кестелермен жұмыс істеуді бейнелеп, Параметрлер мен Жасақтама қойындысын қосады.

  2. Параметрлер қойындысындағы Сұрыптау және сүзу тобында Шектегішті кірістіру түймешігін басыңыз.

    Excel таспа кескіні

  3. Шектегіштерді кірістіру тілқатысу терезесінде қай Жиынтық кесте үшін шектегіш жасағыңыз келсе, соның өрістеріне құсбелгі қойыңыз.

  4. Жарайды түймешігін басыңыз.

    Шектегіш сіз бөлектеген әр өрісте көрсетіледі.

  5. Әр шектегіште сүзгіден өткізгіңіз келген элементтерді таңдаңыз.

    Біреуден артық элементті таңдау үшін CTRL пернесін басып ұстап тұрып, сүзгілегіңіз келген элементтерді шертіңіз.

Беттің жоғарғы жағы

Бөлек шектегіш жасау

  1. Кірістіру қойындысындағы Сүзгі тобында Шектегіш тармағын таңдаңыз.

    Excel таспа кескіні

  2. Бұрыннан бар қосылымдар тілқатысу терезесіндегі Көрсету жолағында төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Барлық қосылымдарды көрсету үшін Барлық қосылымдар түймешігін басыңыз. Бұл әдепкі ретінде таңдалады.

    • Тек соңғы пайдаланылған қосылымдарды бейнелеу үшін Осы жұмыс кітабындағы қосылымдар түймешігін басыңыз.

      Бұл тізім бұрыннан айқындалған, Деректерді қосу шеберінің Дерек көзін таңдау тілқатысу терезесін пайдалану арқылы жасалған немесе осы тілқатысу терезесінен осының алдында қосылым ретінде таңдаған қосылымдардан жасалады.

    • Тек өз компьютеріңізде бар қосылымдарды бейнелеу үшін Осы компьютердегі қосылым файлдары түймешігін басыңыз.

      Бұл тізім әдетте Менің құжаттарым қалтасында сақталатын Менің дерек көздерім қалтасында жасалады.

    • Желіден қатынауға болатын қосылым файлында бар қосылымдарды ғана бейнелеу үшін Желідегі қосылым файлдары түймешігін басыңыз.

      Бұл тізім Microsoft Office SharePoint Server 2007 немесе Microsoft SharePoint Server 2010 веб-торабындағы Деректер қосылымы кітапханасынан (DCL) жасалады. DCL дегеніміз - SharePoint Foundation веб-торабындағы құжаттар кітапханасы, онда Office деректерінің қосылым (ODC) файлдары (.odc) бар. Әдетте DCL кітапханасын веб-торап әкімшісі баптайды, ол сондай-ақ осы DCL кітапханасындағы ODC файлдарын Сыртқы қосылымдар тілқатысу терезесінде көрсету үшін SharePoint веб-торабын теңшей алады.

  3. Кеңес    Егер қажетті қосылым көрінбей тұрса, қосылым жасауыңызға болады. Қосылғыңыз келетін дерек көзін таңдау мақсатында Деректерді қосу шеберін іске қосу үшін Қосымша шолу түймешігін басып, Дерек көзін таңдау тілқатысу терезесіндегі Жаңа дерек көзі түймешігін басыңыз.

  4. Ескерім    Егер Желідегі қосылым файлдары немесеОсы компьютердегі қосылым файлдары санаттарының қосылымдары таңдалса, қосылым файлы жұмыс кітабының жаңа қосылымы ретінде жұмыс кітабына көшіріледі де, жаңа қосылым ақпараты ретінде қолданылады.

  5. Өрістерді таңдау тілқатысу терезесінде шектегіш жасалатын өрістерге құсбелгі қойыңыз.

  6. Жарайды түймешігін басыңыз.

    Шектегіш сіз бөлектеген әр өрісте жасалады.

Беттің жоғарғы жағы

Шектегішті пішімдеу

  1. Пішімдегіңіз келген шектегішті таңдаңыз.

    Бұл Шектегішпен жұмыс істеу параметрін бейнелеп, Параметрлер қойындысын қосады.

  2. Параметрлер қойындысындағы Шектегіш мәнерлері тобынан қалаған мәнерді таңдаңыз.

    Қолданыстағы барлық мәнерлерді көру үшін Қосымша түймешігін Түймешік суреті басыңыз.

    Excel таспа кескіні

Беттің жоғарғы жағы

Басқа Жиынтық кестеге қосылу арқылы шектегішті ортақтасу

Шектегішті басқа Жиынтық кестеге қосу арқылы сол Жиынтық кестемен оны ортақтасуға болады. Сондай-ақ басқа Жиынтық кестедегі шектегішті сол Жиынтық кестеге қосу арқылы кірістіруге болады.

Шектегішті басқа Жиынтық кестеде пайдалануға болатын ету

  1. Басқа Жиынтық кестеде ортақтасқыңыз келген шектегішті таңдаңыз.

    Бұл Шектегішпен жұмыс істеу параметрін бейнелеп, Параметрлер қойындысын қосады.

  2. Параметрлер қойындысындағы Шектегіш тобынан Жиынтық кесте қосылымдары түймешігін басыңыз.

    Excel таспа кескіні

  3. Жиынтық кесте қосылымдары тілқатысу терезесінде қай Жиынтық кестеде шектегішті пайдалануға болатын еткіңіз келсе, соған құсбелгі қойыңыз.

Басқа Жиынтық кестедегі шектегішті пайдалану

  1. Ортақтасқыңыз келген шектегіші бар Жиынтық кестеге қосылым жасау үшін төмендегіні іске асырыңыз:

    1. Деректер қойындысындағы Сыртқы деректер тобында Бұрыннан бар қосылымдар түймешігін басыңыз.

      Excel таспа кескіні

    2. Бұрыннан бар қосылымдар тілқатысу терезесіндегі Көрсету жолағында Барлық қосылымдар таңдалғанын тексеріңіз:

      Кеңес    Егер қажетті қосылым көрінбей тұрса, қосылым жасауыңызға болады. Қосылғыңыз келетін дерек көзін таңдау мақсатында Деректерді қосу шеберін іске қосу үшін Қосымша шолу түймешігін басып, Дерек көзін таңдау тілқатысу терезесіндегі Жаңа дерек көзі түймешігін басыңыз.

    3. Қалаған қосылымды таңдаңыз да, Ашу пәрменін таңдаңыз.

    4. Деректерді импорттау тілқатысу терезесіндегі Кітапта деректерді ұсыну әдісін таңдаңыз тізімінен Жиынтық кесте есебі тармағын таңдаңыз.

  2. Қай Жиынтық кесте есебі үшін басқа Жиынтық кестеден шектегішті кірістіргіңіз келсе, соның кез келген жерінен шертіңіз.

    Бұл Жиынтық кестелермен жұмыс істеуді бейнелеп, Параметрлер мен Жасақтама қойындысын қосады.

  3. Параметрлер қойындысындағы Сұрыптау және сүзу тобында Шектегіш кірістіру көрсеткісін шертіңіз де, Шектегіш қосылымдары параметрін таңдаңыз.

    Excel таспа кескіні

  4. Шектегіш қосылымдары тілқатысу терезесінде пайдаланғыңыз келген шектегішке құсбелгі қойыңыз.

  5. Жарайды түймешігін басыңыз.

    Шектегіш сіз бөлектеген әр құсбелгі көзі үшін көрсетіледі.

  6. Әр шектегіште сүзгіден өткізгіңіз келген элементтерді таңдаңыз.

    Біреуден артық элементті таңдау үшін CTRL пернесін басып ұстап тұрып, сүзгілегіңіз келген элементтерді шертіңіз.

    Ескерім    Шектегішті ортақтасатын барлық Жиынтық кестелерде дереу бірдей сүзгілеу күйі көрсетіледі.

Беттің жоғарғы жағы

Шектегішті ажырату немесе жою

Егер шектегішті енді қажет болмаса, оны Жиынтық кесте есебінен ажыратуға немесе жоюға болады.

Шектегішті ажырату

  1. Қай Жиынтық кесте есебі үшін шектегішті ажыратқыңыз келсе, соның кез келген жерінен шертіңіз.

    Бұл Жиынтық кестелермен жұмыс істеуді бейнелеп, Параметрлер мен Жасақтама қойындысын қосады.

  2. Параметрлер қойындысындағы Сұрыптау және сүзу тобында Шектегіш кірістіру көрсеткісін шертіңіз де, Шектегіш қосылымдары параметрін таңдаңыз.

    Excel таспа кескіні

  3. Шектегіш қосылымдары тілқатысу терезесінде қай Жиынтық кесте үшін шектегішті ажыратқыңыз келсе, соның өрістеріне құсбелгі қойыңыз.

Шектегішті жою

Келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

  • Шектегішті таңдап, DELETE пернесін басыңыз.

  • Шектегішті тінтуірдің оң жақ түймешігімен басыңыз да, <Шектегіштің аты> жою пәрменін таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×