Жиынтық кестедегі деректерді сүзгілеу

Жиынтық кестедегі үлкен көлемді деректің аз бөлігін егжей-тегжейлі талдау үшін бөлу қажет болғанда, деректерді сүзгілей аласыз. Сүзгілеудің бірнеше жолы бар. Деректерді сүзгілеудің жылдам және тиімді жолы үшін бір не бірнеше шектегіш кірістіруден бастаңыз. Шектегіштерде деректерді сүзгілеуге мүмкіндік беретін түймешіктер бар, және олар өрістердің жиынтық кестеде көрсетілетінін не жасырылатынын білдіру үшін деректермен бірге көрсетіліп тұрады.

Жиынтық кесте шектегіші

  1. Таспада Жиынтық кестелермен жұмыс істеу көрсету үшін жиынтық кестенің кез келген жерін басыңыз.

    Жиынтық кестелермен жұмыс істеу

  2. Талдау > Шектегіш кірістіру пәрменін орындаңыз.

    Талдау қойындысындағы Шектегіш кірістіру түймешігі

  3. Шектегіш кірістіру диалогтық терезесінде шектегіштер құрғыңыз келетін өрістердің ұяшықтарына құсбелгі қойыңыз.

  4. OK түймешігін басыңыз.

    Шектегіш кірістіру диалогтық терезесінде құсбелгі қойылған әр өрісүшін шектегіш пайда болады.

  5. Әр шектегіште жиынтық кестеде көрсетілуін қалайтын элементтерді басыңыз.

    Бірнеше элемент таңдау үшін Ctrl пернесін басып тұрып көрсетілуін қалайтын элементтерді басыңыз.

Кеңес :  Шектегіш көрінісін өзгерту үшін Шектегіш құралдары жолағын таспада көрсету үшін шектегішті басыңыз, содан соң, шектегіш мәнерін таңдаңыз не Параметрлер қойындысында параметрлерді өзгертіңіз.

Жиынтық кесте деректерін сүзгілеудің өзге жолдары

Талдау қажет нақты деректі көрсету үшін шектегіштерді қолданудың орнына не соған қосымша келесі сүзгілеу мүмкіндіктерінің бірін қолданыңыз.

Деректі қолмен сүзгілеу

Тек қана белгілі бір мәтінді, мәндерді не күндерді көрсету

Алғашқы не соңғы 10 элементті көрсету

Сүзгілеу параметрлерін қосу не өшіру

Жиынтық кестелер жөнінде қосымша ақпарат

Деректі қолмен сүзгілеу

  1. Жиынтық кестедегі Жол белгілері немесе Баған белгілері параметріндегі Сүзгілеу ашылмалы көрсеткісі көрсеткісін басыңыз.

Жол белгілері сүзгісі

  1. Жол не баған жапсырмалары тізімінде тізімнің жоғарғы жағындағы (Бәрін бөлектеу) ұяшығынан құсбелгіні алып, содан соң, жиынтық кестеде көрсетілуін қалайтын элемент ұяшықтарына құсбелгі қойыңыз.

    Сүзгі жиынтығындағы Бәрін бөлектеу ұяшығы

Қосымша элементтерді тізімде көру үшін терезені үлкейту үшін сүзгі жиынтығының оң төменгі бұрышындағы қосқышты басыңыз.

  1. OK түймешігін басыңыз.

    Сүзгілеу көрсеткісі Қолданылған сүзгі белгішесі белгішесіне қатысты сүзгі қолданылғанын көрсету үшін өзгереді. Оны өзгерту үшін басыңыз не Сүзгіні тазарту <Өріс атауы> басу арқылы сүзгілеңіз.

Кеңес :  Барлық сүзгілерді бірден жою үшін жиынтық кестедегі кез келген жерді басып, Талдау > Тазарту > Сүзгілерді тазарту пәрменін орындаңыз.

Талдау қойындысындағы Тазарту түймешігі

Тек қана белгілі бір мәтінді, мәндерді не күндерді көрсету

  1. Жиынтық кестеде мәтін, мән не күн өрісі жапсырмасын оң басып, Жапсырма сүзгілері, Мән сүзгілері не Күн сүзгілері параметрін таңдаңыз.

  2. Қолданғыңыз келетін салыстыру амалдағышы пәрменін басыңыз.

    Мысалы, белгілі бір таңбадан басталатын мәтін арқылы сүзгілеу үшін Бірге бастау параметрін, ал кез келген жерінде арнайы таңба бар мәтін арқылы сүзгілеу үшін Қамтиды параметрін таңдаңыз.

    Ескерту : Жапсырма сүзгілері параметрі жол жапсырма не баған жапсырма өрістерінде мәтінге негізделген жапсырмалар болмағанда, қол жетімсіз болады.

  3. Келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Жапсырма сүзгісі <Сүзгі атауы> диалогтық терезесінде сүзгілеуде қолданылатын мәтінді енгізіңіз.

      Мысалы, "А" әрпімен басталатын мәтін арқылсүзгілеу үшін А әрпін енгізіңіз, не кез келген жерінде "қоңырау" сөзі бар мәтін арқылы сүзгілеу үшін қоңырау сөзін енгізіңіз.

      Егер жиынтық кесте OLAP емес дерек көзіне негізделген болса, белгілі бір таңбаларды табу үшін келесі әмбебап таңбаларды қолдана аласыз.

Қолдану

Табу үшін

?(сұрау белгісі)

Кез келген жалғыз таңба
Мысалы, а?tы "айы" және "аты" сөздерін табады

* (жұлдызша)

Кез келген сандық таңба
Мысалы, *түстік "солтүстік" және "оңтүстік" сөздерін табады

~ (ирек), содан кейін, ?, * немесе ~

Сұрау белгісі, жұлдызша не ирек
Мысалы, қа06~? "қа06?" табады

  • Мән сүзгісі <Өріс атауы> диалогтық терезесіне сүзгілеуде қолданылатын мәнді енгізіңіз.

  • Дерек сүзгісі <Өріс атауы> диалогтық терезесіне сүзгілеуде қолданылатын күнді енгізіңіз.

    Егер жиынтық кесте OLAP дерек көзіне негізделсе, мерзім сүзгілері уақыттың OLAP текше өріс иерархиясы деректер түрін қажет етеді. Егер мерзім мәтін өрісіне мәтін түрінде енгізілген болса, онда мерзім сүзгісі қол жетімсіз болады.

Кеңес : Жапсырма, күн не мән сүзгісін жою үшін жол не баған жапсырмасындағы көрсеткіні Қолданылған сүзгі белгішесі басыңыз, Жапсырма сүзгісі, Күн сүзгісі не Мән сүзгісі параметрін таңдап, содан соң, Сүзгіні тазарту пәрменін басыңыз.

Алғашқы не соңғы 10 элементті көрсету

Сондай-ақ, сүзгілерді нақты жағдайларға сай келетін алғашқы не соңғы 10 мәнді не деректі көрсететіндей етіп қолдана аласыз.

  1. Жиынтық кесте есебінде Сүзгілеу ашылмалы көрсеткісі Жол жапсырмалары не Баған жапсырмалары жолағының көрсеткісін басып, Мән сүзгілері параметрін таңдаңыз да, Алғашқы 10 түймешігін басыңыз.

  2. Алғашқы 10 сүзгі <Өріс атауы> терезесінде келесі әрекеттерді орындаңыз.

    1. Алғашқы үяшықта Алғашқы не Соңғы параметрін таңдаңыз.

    2. Екінші ұяшықта санды енгізіңіз.

    3. Үшінші ұяшықта сүзгілегіңіз келетін параметрді таңдаңыз.

      • Элементтер саны бойынша сүзгілеу үшін Элементтер параметрін таңдаңыз.

      • Пайыз бойынша сүзгілеу үшін Percent параметрін таңдаңыз.

      • Қосынды бойынша сүзгілеу үшін Қосынды параметрін таңдаңыз.

    4. Төртінші ұяшықта қажетті өрісті таңдаңыз.

Сүзгілеу параметрлерін қосу не өшіру

Бір өрісте бірнеше сүзгілер қолдану қажет болса, не жиынтық кестеде сүзгілеу түймешіктерінің көрсетілуін қаламасаңыз, сүзгілеу параметрлерін қосу не өшіру жолдары төменде көрсетілген.

  1. Таспады Жиынтық кестелермен жұмыс істеу қойындысын көрсету үшін жиынтық кестедегі кез келген жерді басыңыз.

Жиынтық кестелермен жұмыс істеу

  1. Параметрлер қойындысының Жиынтық кесте тобында Параметрлер түймешігін басыңыз.

Талдау қойындысындағы Параметрлер түмешігі

  1. Жиынтық кесте параметрлері диалогтық терезесінде Жалпы жиындар & Сүзгілер қойындысын басыңыз.

  2. Сүзгілер жолағының астында келесі әрекеттерді орындаңыз:

    • Өрісте бірнеше сүзгілерді қолдану не қолданбау үшін Өріс үшін бірнеше сүзгіге рұқсат беру ұяшығына құсбелгі қойыңыз не құсбелгіні алыңыз.

    • Сүзгіленген элементтерді жалпы жиындарда қамту не қамтымау үшін Сүзгімен бөлектелген элементтерді жиындарға қосу ұяшығына құсбелгі қойыңыз не алыңыз, содан соң Жалпы жиындарды * белгісімен таңбалау ұяшығына құсбелгі қойыңыз не алыңыз. Егер құсбелгі қойылған болса, жұлдызша (*) түріндегі көрсеткіш жалпы жиында өрістен тыс пайда болып, жалпы жиындардың өшірулі екенін білдіреді. Бұл параметр тек OLAP дерек көзіне қосылған және MDX өрнек тілін қолдайтын жиынтық кестеде қол жетімді болады. Ол жиынтық кестедегі барлық өрістерге әсерін тигізеді.

    • Сүзгіленген элементтерді ат тағайындалған орнатылдарға арналған жалпы жиындарда қамту не қамтымау үшін Жалпы жиында сүзгіленген элементтерді қамту ұяшығына құсбелгі қойыңыз не алыңыз. Бүл параметр тек OLAP дерек көзіне қосылған жиынтық кестеде қол жетімді болады.

    • Сүзгіленген элементтерді аралық жиындарда қамту не қамтымау үшін Сүзгілеген бет элементтері аралық жиыны ұяшығына құсбелгі қойыңыз не алыңыз..

  3. Өріс атаулары мен сүзгілердің тізімдерін көрсету не жасыру үшін Көрсету қойындысын басып, Өріс атаулары мен сүзгілердің тізімдерін көрсету ұяшығына құсбелгі қойыңыз не алыңыз..

Жиынтық кестелер жөнінде қосымша ақпарат

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×