Жиындар бағанын деректер кестесінде бейнелеу

Microsoft Office Access 2007 бағдарламасында "Жиындар жолы" деп аталатын яғни деректер бағанын қосу барысын жеңілдететін құрал енгізілген. Жиындар жолын басқа орташалар, бағандағы элементтер санын есептеу үшін және бағандағы деректердің максималдық және минималдық мәндерді табу үшін де пайдалануыңызға болады.

Жиындар жолы мүмкіндіктер құрылымы жыинтығын пайдалануды жеңілдетеді және тездетеді  (бірнеше деректердегі мәндерді есептейтін мүмкіндіктер). Access бағдарламасының бұдан алдыңғы нұсқасында ол мүмкіндіктерді сұрауларда немесе Visual Basic for Applications (VBA) кодтарында пайдалануыңыз қажет еді. Сіз ол әдістерді әлі де пайдалануыңызға болады, бірақ Жиындар жолы мүмкіндіктер құрылымын пайдалануды тезрек жолымен қамтамасыз етеді. Бұл мақала мүмкіндіктер құрылымын ұсынады және Жиындар жолында оны қалай пайдалану керектігін түсіндіреді.

Сіз не істеуді қалайсыз?

Қосуды және басқа мүмкіндіктер құрылымдарын түсініп алу

Жиындар жолын пайдаланып мәндерді қосу

Бағандағы мәндер санын санау

Стандартты аутқуы және айырмашылық өрнектер туралы қосымша ақпараттар

Қосуды және басқа мүмкіндіктер құрылымдарын түсініп алу

Мүмкіндіктер құрылымы бағандардағы деректер үстінен есептеу әрекеттерді орындайды да бір нәтиже көрсетеді. Сома немесе орташа сан сияқты бірегей мәндерді есептеу қажет болғанда мүмкіндіктер құрылымын пайдалануыңызға болады. Есіңізде болсын мүмкіндіктер құрылымын деректер бағанымен пайдаланылады. Бұл олсыз да түсінікті болып көріну мүмкін, алайда дерекқорыны жасақтап жатқанда немесе пайдаланып жатқанда, көбініше Сіз тек деректер жолын немесе жеке жазбалармен жұмыс істейсіз (яғни Сіз пайдаланушылар өріске деректерді енгізе алатынына, жүгіргіні оң жаққа немесе сол жаққа қарай жылжыта алатынына, өрісті толтыра алатынына және т.б. көз жеткізіуңіз қажет). Бұған қарама-қарсы мүмкіндіктер құрылымын бағандардағы бір топ жазбалармен жұмыс істеу үшін пайдаланылады.

Мысалы үшін, Access бағдарламасын сату туралы ақпараттарды сақтау және қадағалау үшін пайдаланып тұрсыз делік. Бірінші бағандағы сатылған өнімдердің қосу үшін, екніші бағандағы сату мөлшерінің жиынын табу үшін және үшінші бағанда әрбір өнім үшін орташа сатылу санын табу үшін мүмкіндіктер құрылымын пайдалануыңызға болады.

Бұл кестеде Access бағдарламасында Жиындар жолы үшін арнайы енгізілген мүмкіндіктер құрылымдарының тізімі мен сипаттамалары келтірілген. Есіңізде болсын Access бағдарламасында қосымша мүмкіндікртер құрылымы бар, бірақ олар сұрауларда пайдаланылады. Сонымен бірге, Access жобасымен жұмыс істеп жатқан болсаңыз (Access бағдарламасынынң алдыңғы беті Microsoft SQL Server дерекқорымен байланыстырылған), одан да көп мүмкіндктер құрылымдарын пайдалануыңызға болады. Қосымша мүмкіндіктер туралы қосымша ақпараттарға ие болу үшін, Желіге қосылған SQL Server анықтамасын көріңіз.

Өрнек

Сипаттама

Деректер түрімен (-лерімен) пайдаланыңыз

Жиындар жолында қатынаулы ма?

Орташа

Бағандағы орташа санды есептейді. Баған құрамында сандық, ақша немесе күн-ай/уақыт деректер болуы тиіс. Мүмкіндік бос мәндерді елемейді.

Нөмір, Оңдық, Ақша, Күн-ай/Уақыт

Иә

Есептеу

Бағандағы элементтер санын есептейді.

Күрделі қайталанатын скаляр деректерден басқа бірнеше-мәнді тізімдер бағаны сияқты барлық түрлер. Бірнеше-мәнді тізімдер туралы қосымша ақпараттарға ие болу үшін Бірнеше-мәнді өрістер нұсқауы және Бірнеше мәнді сақтауға мүмкіндік беретін Қондырмалы өрісті қосу немесе өзгерту деген мақалаларды көріңіз.

Иә

Максимал

Элементті ең жоғары мәнімен қайтарады. Мәтін деректер үшін, ең жоғары мән ол ең соңғы әріптік мән болып есептеледі және Access бағдарламасы үлкен-кішілікті елемейді. Мүмкіндік бос мәндерді елемейді.

Нөмір, Оңдық, Ақша, Күн-ай/Уақыт

Иә

Минималды

Элементті ең төмен мәнімен бейнелейді. Мәтін деректер үшін, ең төмен мән ол бірінші әріптік мән болып есептеледі және Access бағдарламасы үлкен-кішілікті елемейді. Мүмкіндік бос мәндерді елемейді.

Нөмір, Оңдық, Ақша, Күн-ай/Уақыт

Иә

Стандартты ауытқуы

Мәндер мен орташа сан арасындағы айырмашылықты өлшейді. Қосымша ақпараттар үшін, төмендегі Жиындар жолын пайдаланып мәндерді қосу мақаласын көріңіз.

Нөмір, Оңдық, Ақша

Иә

Сома

Элементтерді бағанға қосыңыз. Тек қана сандық және ақша деректерімен істейді.

Нөмір, Оңдық, Ақша

Иә

Айырмашылық

Бағандағы барлық мәндердің статистикалық айрмашылықты есептейді. Бұл мүмкіндік тек қана сандық және ақша деректеріне қолдануыңыз мүмкін. Егер кестеде жолдардың саны екіден кем болса, Access бағдарламасы бос мән қайтарады. Айырмашылық өрнектері туралы қосымша ақпараттарға ие болу үшін, төмендегі Жиындар жолын пайдаланып мәндерді қосу деген мақаланы көріңіз.

Нөмір, Оңдық, Ақша

Иә

Келесі бөлім бұл мүмкіндікті Жиындар жолында қалай пайдалану керектігін түсіндіреді.

Беттің жоғарғы жағы

Жиындар жолын пайдаланып мәндерді қосу

Бағандардағы деректерді жедел түрде қосу немесе өзге мүмкіндіктер құрылымын пайдалану қажет болса, кестеге, сұрау нәтижелері жиынтығына немесе бөлінген пішінге (құрамында деректер кестесі бар пішінге) Жиындар жолын қосуыңызға болады . Жиындар жолдарын пайдаланатын болсаңыз, уақытты үнемді пайдаланған боласыз, себебі сұрауға мүмкіндікті қосу немесе VBA кодын қажет етілмейді.

Жұмыс істеп жатқанда келесі ережелерді есіңізді тұтыңыз:

  • Жиындар жолымен қамтамасыз етілетін мүмкіндіктер бағандардағы деректердің деректер түрі параметрлері түрліше болуы мүмкін. Мысалы үшін, Access бағдарламасында өрістер үшін тек қана Мәтін түріне орнатылған (себебі олардың үстінен математикалық әрекеттерді орындауға болмайды) Санау мүмікндігі бар.

  • Жиындар жолындағы бірінші өріс құрамында өрнек таңдап оны өзгерткенге дейін Жиын сөзі бейнеленіп тұрады.

  • Жиындар жолын есепхаттарда пайдалануға болмайды. Мүмкіндіктер құрылымын есепхаттарда пайдалануға болады, алайда ол үшін өзге әдістерді пайдалану қажет. Мүмкіндіктер құрылымы туралы қосымша ақпараттарға ие болу үшін, Топтастырылған немесе жинақталған есепхат жасау деген мақаланы көріңіз.

  • Жасақтама көрінісінде ашылған кестелер мен сұрауларға Жиындар жолын қосуыңызға болады. Пішін көрінісінде ашылған бөлінген пішіндерге де Жиындар жолын қолдануыңызға болады.

  • Әдепкі бойынша, Access бағдарламасы Жиындар жолын сүзгіштер мен сұрыптау әркеттерінен алып тастайды.

Келесі бөлім деректер кестесі мен бөлінген пішіндерде Жиындар жолын қалай пайдалану керектігін түсіндіреді.

Жиындар жолын қосу

  1. Кесте немесе сұрауды Жасақтама көрінісінде ашыңыз немесе бөлінген пішінді Пішін көрінісінде ашыңыз. Оны істеу үшін, Шарлау аумағында, кестеде, сұрауда немесе пішінде тінтуірдің оң жақ түймешігін нұқыңыз да, мәтінмәндік мәзірде ҚҰрастырушы көрінісі немесе Пішін көрінісі параметрін таңдаңыз.

  2. Өзіндік қойындысының Жазбалар тобында Барлығы түймешігін нұқыңыз.

    Access таспасының суреті

    Деректер кестеңізде немесе бөлінген пішінде жұлдызша жолының алдынан жаңа Жиын жолы пайда болады.

    Жаңа бос Жиындар жолы

    Ескерту : Access бағдарламасының бұрынғы нұсқасында жасалып содан кейін жаңа .accdb пішімге түрлендірілген бөлінген пішінде жұмыс істеп жатқан болсаңыз, деректер кестесінде жұлдызша жолы көрінбейді. Не болса да, бұл айырмашылық Жиындар жолына ешқандай әсер етпейді.

  3. Жиын жолында қосылатын өрісті нұқыңыз да, тізімнен ҚОСУ параметрін таңдаңыз.

    Жиындар жолы үшін ҚОСУ мүмкіндігін таңдау

    Осы өрнек туралы қосымша ақпараттарға ие болу үшін, төбедегі Мүмкіндіктер құрылымын түсініп алу деген мақаланы көріңіз.

Жиындар жолын жою

  • Өзіндік қойындысының Жазбалар тобында Барлығы түймешігін нұқыңыз.

    Access таспасының суреті

Ескерту : Жиындар жолын қиып алуға немесе жоюға болмайды, Сіз оны тек қана қосасыз немесе жоясыз. Алайда, Жиындар жолын көшіріп, оны Microsoft Office Excel 2007 жұмыс кітабы немесеMicrosoft Office Word 2007 құжаты сияқты басқа файлдарда қоюыңызға болады. Келесі қадамдар Жиындар жолын қалай көшіру керектігін түсіндіреді.

Жиындар жолын басқа файлға көшіру

  1. Бүкіл жолды бөлектеу үшін, жол таңдауышты нұқыңыз (Жиын жолының оң немесе сол аяғында орналасқан ұя ).

  2. Өзіндік қойындысының Аралық сақтағыш тобында Көшіру түймешігін нұқыңыз.

    Access таспасының суреті

    -немесе-

    CTRL+ С пернелерін бірге басыңыз.

  3. Деректер қойылатын мақсатты файлды таңдаңыз.

  4. Қойылатын кестенің, сұрау нәтижелері жиынтығының немесе пішіндің соңғы жолын таңдаңыз.

  5. Өзіндік қойындысының Аралық сақтағыш тобында Кірістіру түймешігін нұқыңыз.

    Access таспасының суреті

Беттің жоғарғы жағы

Бағандағы мәндер санын санау

Санау мүмкіндігі бағандағы элементтердің санын есептеу үшін пайдаланылады. Санау мүмкіндігі тек бірегей деректер бағанының қарсысында орындалады және бір мән қайтарады. Бұл мүмкіндік барлық деректер түрлерімен істейді.

Бағандағы элементтер санын санау

  1. Кестені, сұрау нәтижелері жиынтығы немесе пішінді ашу

  2. Өзіндік қойындысының Жазбалар тобында Барлығы түймешігін нұқыңыз.

    Access таспасының суреті

    Деректер кестеңізде жұлдызша жолының алдынан жаңа Жиындар жолы пайда болады.

  3. Жиын жолында саналатын өрісті нұқыңыз да, тізімнен САНАУ параметрін таңдаңыз. Осы өрнек туралы қосымша ақпараттарға ие болу үшін, төбедегі Қосу және өзге мүмкіндіктер құрылымын түсініп алу деген мақаланы көріңіз.

    Ескерту : Access бағдарламасы Сіз өзгерту енгізбегеніңізге дейін өрнектің мәнін есептемейді. Оны орындау үшін, өзге өріске жаңа мән енгізуіңізге болады немесе деректерді қайтадан сұрау үшін, F9 пернесін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Стандартты аутқуы және айырмашылық өрнектер туралы қосымша ақпараттар

Стандартты ауытқуы және Айырмашылық мүмкіндіктері статистикалық мәндерді есептейді. Анықтап айтатын болсақ, стандартты таралуда мәндер өздерінің орташа сан айналсында (қисық сызық) бөлініп кеткен жерлерді санайды.

Мысалы үішн, Сіз кездейсоқ бір машинадан шыққан 10 құралды жинадыңыз делік және оларды сыну күшін сынап тұрсыз делік  (машинаны және сапа бақылау өлшемдерін тексеретін барыс). Орташа сыну күшін санайтын болсаңыз, құралдардың көбісі орташа санға жақын көрсеткіштерге ие болатынын көре аласыз, яғни кей біреулерінің сыну күші жоғары болады, кей біреулерінің сыну күші төмен болады. Алайда, егер Сіз тек орташа сыну күшін есептейтін болсаңыз, шыққан мән Сізідң сапа бақылау барысы қалай істейтінін айтып бермейді, себебі бірнеше өте күшті және өте күшсіз құралдар орташа санды бұрмалап жіберу мүмкін.

Айырмашылық және Стандартты ауытқуы мүмкіндіктері осы кемшілікті тұралайды, яғни олар орташа санға сіз қаншалық ұзақ немесе жақын екеніңізді көрсетіп тұрады. Сыну күші үшін, егер әрбір мүмкіндік кішкентай сан көрсететін болса, ол Сіздің өндіру барысыңыздың сапасы дұрыс екенін дәлелі, себебі бірнеше ғана құралдардың сыну күшіне жоғары немесе төмен болады.

Айрмашылық және стандартты ауытқуы туралы сөз жүргізетін болсақ, айтылатын сөздер бұл мақалаға сыймай кетеді. Осы екі тақаырып туралы қосымша ақпараттарға ие болу үшін, кез келген статистикалар нөмірі веб-тораптарында кеңес сұрауыңызға болады. Айырмашылық және Стандартты ауытқуы мүмкініктерді пайдаланатын кезде, келесі ережелер есіңізде болсын:

  • Өрнектер бос мәндерді қабылдамайды.

  • Айырмашылықмүмкіндігі келесі өрнектерді пайдаланады:
    Формула

  • Стандартты ауытқуымүмкіндігі келесі өрнектерді пайдаланады:
    Өрнек

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×