Жиналыс жұмыс кеңістігі туралы кіріспе сөз

Жиналыс жұмыс кеңістігі бір немесе бірнеше жиналыстар туралы ақпарат пен материалдарды орталықтандыратын Веб-торабы болып табылады.

Бұл мақала төмендегі тақырыптарды қамтиды:

Жиналыс жұмыс кеңістіктері туралы

Жиналыс жұмыс кеңістігінің торабын құрастыратын бөлшектер

Жиналыс жұмыс кеңістігіндегі қатысушылар, пайдаланушылар мен торап топтары

Жиналыс жұмыс кеңістіктері туралы

Жиналыс жұмыс кеңістігі бір немесе бірнеше жиналыстар үшін қажетті ақпарат пен материалдарды сақтайтын қор ретінде пайдаланылатын Веб-торап болып табылады. Жиналыс жұмыс кеңістігінің торабын Microsoft Office Outlook бағдарламасында жиналысқа шақыру хабарын жасаған кезде орнатуға болады. Outlook бағдарламасы жиналыс сұрауындағы тақырыпты, қатысушылардың аттарын, күн-айды, уақытты және жиналыс орнын өздіктік түрде жиналыс жұмыс кеңістігіне қосады. Егер кейінірек осы ақпаратқа өзгертулер енгізілсе, Outlook өздіктік түрде жиналыс жұмыс кеңістігіне жаңа ақпарат қосып, оны жаңартады.

Ескерту : Егер бұның орнына жиналыс жұмыс кеңістігінің торабындағы ақпарат жаңартылса, Outlook бағдарламасында жиналыс сұрауы ішіндегі ақпаратты қолмен өзгерту қажет.

Егер Microsoft Exchange тіркелгісімен Outlook бағдарламасын пайдаланып Жиналыстар үшін жұмыс кеңістігін орнатсаңыз, торапқа сілтеме жиналысқа шақырудың негізгі мәтініне автоматты түрде қосылады. Жиналыстар үшін жұмыс кеңістігі торабында күн тәртібін, құжаттарды және басқа жиналысқа қатысты мәліметтерді қарау және олармен жұмыс істеу үшін шақырылғандар сілтемені таңдай алады. Жиналыс кезінде Жиналыстар үшін жұмыс кеңістігі торабын қарауыңызға және оны қатысушылар аттары, қабылданған шешімдер, қатысушыларға тағайындалған тапсырмалар сияқты мәліметтермен жаңартуыңызға болады және жиналыс хаттамасын жариялай аласыз. Бұл мүмкіндіктер болашақта анықтамалық ретінде пайдалану үшін жиналыстың толық жазбасын жасауыңызға көмектеседі.

Егер Windows SharePoint Services 3.0 және аталық SharePoint торабы қатынаулы болса, жиналыс жұмыс кеңістігінің торабын түрлі орындарда орналастырып, жасауға болады. Жаңа жиналыс жұмыс кеңістігі аталық SharePoint торабы ішінде ішкі торабы ретінде жасалады. Мәселен, жиналыс жұмыс кеңістігін келесілерде орналастыруға болады: Outlook сияқты Windows SharePoint Services 3.0-сыйысымды күнтізбе және жоспарлаушы бағдарлама, Интранеттегі Windows SharePoint Services 3.0 немесе Microsoft Office SharePoint Server 2007 торабы, және Microsoft Windows SharePoint Services 2.0 бағдарламасын немесе оның кейінгі нұсқаларын ұстайтын сыртқы торап. Жиналыс жұмыс кеңістігін бар жиналыс жұмыс кеңістігін пайдаланып жасауға болады, бірақ бұл жағдайда жаңа торап бар жиналыс жұмыс кеңістігінің ішкі торабы бола алмайды.

Outlook бағдарламасы да Windows SharePoint Services 3.0 да бірнеше жиналыс үшін, мәселен қайталанатын жиналыс немесе бір-ақ жиналыс жұмыс кеңістігінің торабына сілтемелер арқылы байланыстырылған және өзара байланысты болған бірнеше жиналыс үшін, жиналыс жұмыс кеңістігін жасауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, пайдаланушы өкілетті кісі тағайындап, оған өз үшін жиналыс жұмыс кеңістігін жасау туралы тапсырма беруі мүмкін.

Ескерту : Егер Outlook бағдарламасынан басқа электрондық пошта бағдарламасын пайдалансаңыз, көбірек ақпарат алу үшін оның құжаттарына қараңыз немесе жүйе әкімшіңізбен байланысыңыз.

Пайдаланушы өзінің электрондық пошта мекенжайымен бірге бір сенімді үйшікте болған жарамды электрондық пошта мекенжайына ие болған кез келген кісіні осы сенімді үйшікте жасалған жиналыс жұмыс кеңістігіне шақыруы мүмкін. Сыртқы тораптарда жасалған жиналыс жұмыс кеңістігіне жарамды электрондық пошта мекенжайына ие болған кез келген кісі қатынаса алады.

Microsoft Windows Live Messenger немесе Microsoft Office Communicator сияқты Windows SharePoint Services 3.0 бағдарламасымен сыйысымды дереу хабарлармен алмасу бағдарламасы пайдаланылатын жағдайда, жиналыс жұмыс кеңістігінің «Қатысушылар» тізімі арқылы осы бағдарламасын пайдаланып, басқа қатысушылармен хабарласу мүмкін. Желіге қосылған күйде болған қатысушыны жиналыс жұмыс кеңістігіне кіріп, бірге жұмыс істеуге шақыру мүмкін.

Беттің жоғарғы жағы

Жиналыс жұмыс кеңістігінің торабын құрастыратын бөлшектер

Жиналыс жұмыс кеңістігінің торабы ақпарат сақтайтын бір немесе бірнеше беттен құрастырылған және осы беттер Веб-бөлшектері деп аталады. Мәселен, жиналыс туралы егжей-тегжейлі ақпарат және жиналысты жоспарлау, өткізу және оның шешімдерін қадағалау жұмысында жиі пайдаланылатын ақпарат тізімдері Веб-бөлшектер болып табылады. Әдетте, тізімдердің тақырыптары ішінде «Мақсаттар», «Күн тәртібі», «Қатысушылар», «Шешімдер» және «Тапсырмалар» дегендер бар. Тізімдерге қоса, құжаттар жинағы мен суреттер жинағын да қосуға болады. Олардың ішінде шақырылған қонақтар жиналысқа қатысты материалдарды сақтай алады. Өзіндік бетінде әдепкіде көрсетілетін тізімдер мен жинақтар жиналыс жұмыс кеңістігін жасау барысында таңдалынған үлгіге байланысты.

Егер жиналыс жұмыс кеңістігінде қажетті ақпараттың бәрі жоқ болса, пайдаланушы оны баптап, өз қажеттеріне сәйкес келтіруі мүмкін. Жиналыс жұмыс кеңістігі туралы анықтама осы сайтта және Windows SharePoint Services бағдарламасының анықтамасында бар.

Беттің жоғарғы жағы

Жиналыс жұмыс кеңістігіндегі қатысушылар, пайдаланушылар мен торап топтары

Outlook бағдарламасы «Қатысушылар» тізімін жаңартқанымен, ол өздіктік түрде қатысушыларға жиналыс жұмыс кеңістігіне қатынасу рұқсаттарын тағайындамайды. Рұқсаттардың өздіктік түрде берілуі не берілмеуі жиналыс жұмыс кеңістігінің түріне байланысты.

Жаңа жиналыс жұмыс кеңістігінін торабы жаратылса және ішінде тораппен байланыстыратын сілтемесі бар жиналыс сұрауы жіберілсе, қатысушылар өздіктік түрде «Салымшы» торап тобына тағайындалады және олар торапқа жиналыс жұмыс кеңістігін оқу және оған жазу құқықтарына ие болған пайдаланушылар ретіндe қосылады. Жиналыс ұйымдастырушысы «Әкімші» торап тобына тағайындалады. Егер қатысушыға өздіктік түрде рұқсаттар беру кезінде мәселе туындаса, қатысушыны жиналыс жұмыс кеңістігінің қай жеріне қосуға болады деген нұсқауларды көрсететін хабар пайда болады.

Егер жиналыс сұрауы жіберілген соң бар жиналыс жұмыс кеңістігімен байланыстыратын сілтемелер жасалынса, келесілердің әрқайсысы да шын болған жағдайда қатысушылардың барлығы торапқа қатынас құқықтарына өздіктік түрде ие болады:

  • Жиналыс жұмыс кеңістігі ау баста аталық веб-торапынан ерекшеленетін рұқсаттарымен жасалған.

  • Жиналыс жұмыс кеңістігі рұқсаттар баптауларын аталық SharePoint торапынан мұраланған және қатысушылар аталық торапына қатынасу құқықтарына ие.

Көбірек ақпарат алу үшін жиналыс жұмыс кеңістігінің торабындағы анықтамаға қараңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×