Жиналыс жұмыс кеңістігі торабын теңшеу

Жиналыс жұмыс кеңістігі торабыңызға сату келісімдері немесе шығарылған өнім суреттері сияқты жаңа тізімдер немесе кітапханалар қосуыңыз керек пе? Мүмкін, жиналыс жұмыс кеңістігі торабының ұйымдастырылу жолын өзгерткіңіз келетін шығар? Жиналыстарды жемісті ету үшін, Сіз жиналыс жұмыс кеңістігі торабын бірнеше жолдармен теңшей аласыз.

Жиналыс жұмыс кеңістігі торабының келбетін өзгерту үшін немесе тізімдер немесе кітапханаларды қосу және жою үшін, Сізде жасақтау рұқсаты бар болуы тиіс. Толық ақпарат алу үшін торап иесі немесе әкімшісімен хабарласыңыз.

Ескерту : Жиналыс жұмыс кеңістігі торабындағы тізімдер мен кітапханалар веб-бөліктер ішінде болады, олар Windows SharePoint Services 3.0 бағдарламасындағы веб-бөлік бетінің құрылыс элементтері болып табылады. Тораптардағы веб-бөліктер мен веб-бөліктер беттері туралы анықтама тақырыптарының көпшілігі жиналыс жұмыс кеңістігі торабына да қатысты.

Не істегіңіз келеді?

Жиналыс жұмыс кеңістігі торабына жиі қолданылатын тізімді немесе кітапхананы қосу

Жиналыс жұмыс кеңістігі торабына кез келген тізімді немесе кітапхананы қосу

Жиналыс жұмыс кеңістігі торабында тізім немесе кітапхананың көрінісін жою

Жиналыс жұмыс кеңістігі торабында тізім немесе кітапхананың көрінісін қалпына келтіру

Жиналыс жұмыс кеңістігі торабынан тізімді немесе кітапхананы жою

Жиналыс жұмыс кеңістігі торабының құрылысын өзгерту

Жиналыс жұмыс кеңістігі торабының параметрлерін өзгерту

Тізімдерді немесе кітапханалар элементтерін көптік немесе қайталанатын жиналыстарға ортақ ету

Жиналыс жұмыс кеңістігі торабына жиі қолданылатын тізімді немесе кітапхананы қосу

Жиналыс жұмыс кеңістігі торабы веб-бөліктер беттері деп аталатын веб-беттердің арнайы түрлерін қолдану арқылы жасалады. Жиі қолданылатын тізімдер мен кітапханалар Веб-бөліктерді қосу тапсырмалар бөлігінде шығады, мұнда Сіз веб-бөліктерді жиналыс жұмыс кеңістігі торабына әдепкі параметрлерімен тез қоса аласыз.

Барлық тізімдер мен кітапханаларды қарау үшін немесе арнайы тізімдермен жұмыс істеу үшін Жиналыс жұмыс кеңістігі торабына кез келген тізімді немесе кітапхананы қосу тарауын қараңыз.

  1. Торап әрекеттері «Торап әрекеттері» мәзірі мәзірінде Бетті өңдеу дегенін нұқыңыз.

  2. Веб-бөліктерді қосу тапсырмалар бөлігінде орналасқан Веб-бөліктер астында қосқыңыз келетін тізім немесе кітапхана түрін таңдаңыз.

  3. Веб-бөліктерді қосу тапсырмалар бөлігінің соңында орналасқан Қосу тізімінде тізім немесе кітапхананы жиналыс жұмыс кеңістігі торабының қай жеріне қойғыңыз келетінін таңдаңыз. Мысалы, тізімді оң жақтағы бағанға қойғыңыз келуі мүмкін.

  4. Қосу дегенін нұқыңыз.

  5. Жиналыс жұмыс кеңістігі торабына басқа тізімдер мен кітапханалар қосу үшін 2-ден 4-шіге дейінгі қадамдарды қайталаңыз.

  6. Веб-бөліктер бетінің жоғарғы оң жақ бөлігіндегі Өңдеу күйінен шығу түймешігін басыңыз.

Кеңес : Егер қаласаңыз, Сіз әлементтерді торап бетіне Веб-бөліктерді қосу тапсырмалар бөлігінен сүйреп әкеле аласыз.

Беттің жоғарғы жағы

Жиналыс жұмыс кеңістігі торабына кез келген тізімді немесе кітапхананы қосу

Келесі іс рәсімін өзгертпелі тізімдермен қатар жүйеде бар тізімдерден немесе кітапханалардан таңдау үшін немесе жасаған бойда тізімнің немесе жинақтың атауын, сипаттамасын және кейбір параметрлерін анықтау үшін қолданыңыз.

  1. Торап әрекеттері «Торап әрекеттері» мәзірі мәзірінде Бетті өңдеу дегенін нұқыңыз.

  2. Веб-бөліктерді қосу тапсырмалар бөлігінің төменгі жағында Барлық тізімдерді көрсету дегенін нұқыңыз.

  3. Жиналыс жұмыс кеңістігі торабына қосқыңыз келетін тізімді немесе кітапхананы таңдаңыз.

  4. Атауын және сипаттамасын енгізіп, басқа да керекті параметрлерді анықтаңыз. Кейбір параметрлер тізімдер мен кітапханаларда ерекшеленеді.

  5. Жасау дегенін нұқыңыз. Зерттеуді жасаған кезіңізде зерттеу сұрақтарын енгізу туралы ескертпе аласыз және оны бітіргенге дейін Келесі түймешігін басыңыз.

  6. Жиналыс жұмыс кеңістігі торабына қайтып оралу үшін жоғарғы шарлау аумағында оның атауын нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Жиналыс жұмыс кеңістігі торабында тізім немесе кітапхананың көрінісін жою

Жиналыс жұмыс кеңістігі торабында Сіз тізім немесе кітапхананың көрінісін жоя аласыз, сол кезде тізім немесе кітапхана торап бетінде көрсетілмейді. Келесі іс рәсімі көмегімен тізім не кітапханадан тұратын веб-бөлікті жоя аласыз, алайда іс жүзінде ол тізімді не кітапхананы, не оның мазмұнын жоймайды. Сіз артынан тізім не кітапхананы қайтадан қалпына келтіре аласыз.

  1. Торап әрекеттері «Торап әрекеттері» мәзірі мәзірінде Бетті өңдеу дегенін таңдаңыз.

  2. Веб-бөліктер бетінде көріністен жойғыңыз келетін тізім не кітапхана атауының қасындағы көрсеткіні нұқыңыз. Түймешік суреті

  3. Шыққан Веб-бөлік мәзірі ішінде Жою дегенін нұқыңыз.

  4. Егер веб-бөлікті жою туралы хабарлама шықса OK түймешігін басыңыз.

  5. Веб-бөліктер бетінің жоғарғы оң жақ бөлігіндегі Өңдеу күйінен шығу түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Жиналыс жұмыс кеңістігі торабында тізім немесе кітапхананың көрінісін қалпына келтіру

Егер тізімді немесе кітапхананы ұстайтын веб-бөлікті жойған болсаңыз, бұл іс рәсімі жиналыс жұмыс кеңістігі торабында тізім не кітапхана көрінісін және оның мазмұнын қалпына келтіру үшін қолданылады.

  1. Торап әрекеттері «Торап әрекеттері» мәзірі мәзірінде Бетті өңдеу дегенін таңдаңыз.

  2. Веб-бөліктер бетінің құрылыс аумағында, тізімді немесе кітапхананы қалпына келтіргіңіз келетін бөлімде немесе аймақта  — Сол жақ, Орта, немесе Оң жақ — Веб-бөлік қосу дегенін нұқыңыз.

    Құрастырушы тәртібіндегі веб-бөлік

  3. Веб-бөліктерді қосу тілқатысу терезесінде, Тізімдер мен кітапханалар астында торапта қайтадан көрсетілгенін қалайтын тізімнің немесе кітапхананың құсбелгі көзіне құсбелгі қойыңыз.

  4. Қосу дегенін нұқыңыз.

  5. Веб-бөліктер бетінің жоғарғы оң жақ бөлігіндегі Өңдеу күйінен шығу түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Жиналыс жұмыс кеңістігі торабынан тізімді немесе кітапхананы жою

Бұл іс рәсімі жиналыс жұмыс кеңістігі торабынан тізімді немесе кітапхананы және оның мазмұнын жояды. Сіз артынан дәл осы түрдегі жаңа тізім немесе кітапхана жасай аласыз, алайда бастапқы тізімнің немесе кітапхананың мазмұны қатынаулы болмайды.

  1. Тізім немесе кітапхана ұстайтын бетті ашыңыз, содан кейін тізім немесе кітапхана атауын нұқып, оны ашыңыз.

    Егер тізім немесе кітапхана ашық болса, онда 2-қадамға көшіңіз.

  2. Параметрлер дегенін нұқып, содан кейін Тізім параметрлері дегенін немесе жойғыңыз келетін кітапхана түрінің параметрлерін басыңыз. Мысалы, құжат кітапханасында Құжат кітапханасының параметрлері дегенін нұқыңыз.

  3. Рұқсаттар мен басқару бөлімінде Бұл тізімді жою немесе Осы құжат кітапханасын жою сияқты Кітапхананың осы түрін жою дегенін нұқыңыз.

  4. Жиналыс жұмыс кеңістігі торабына қайтып оралу үшін жоғарғы шарлау аумағында оның атауын нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Жиналыс жұмыс кеңістігі торабының құрылысын өзгерту

Өңдеу күйінде тізімдер мен кітапханаларды Веб-бөліктер бетінде басқа жерге немесе аймаққа сүйреу арқылы олардың орналасу ретін өзгерте аласыз.

Сонымен қатар, Сіз белгілі бір веб-бөліктердің келбетін немесе істеу тәртібін өзгерте аласыз, мысалы адамдар олардың мөлшерін өзгерте алады немесе айналасына жақтау қоя алады.

  1. Торап әрекеттері «Торап әрекеттері» мәзірі мәзірінде Бетті өңдеу дегенін таңдаңыз.

  2. Веб-бөліктер бетінде көрсеткіні төрт-жақты көрсеткі шыққанға дейін тізім немесе кітапхана атауына меңзеңіз.

  3. Тізім немесе кітапхананы нұқып, сосын торап құрылысында орнын өзгерту үшін сүйреңіз.

  4. Келбет не құрылысқа өзгерістер енгізу үшін немесе тізім не кітапханаға басқа да қосымша өзгерістер жасау үшін тізім не кітапхана атауының оң жағындағы көрсеткіні нұқыңыз, сонда Веб-бөлік мәзірі Түймешік суреті шығады .

  5. Ортақ веб-бөлікті өзгерту дегенін нұқыңыз.

  6. Тізім көріністері тапсырмалар терезесінде, қажетті өзгерістерді енгізіңіз.

  7. Келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Қолдану түймешігін басқанда өзгерістер жеке-жеке көрінеді. Жұмысыңызды бітіргеннен кейін веб-бөлік бетінің жоғарғы оң жағында Өңдеу күйінен шығу түймешігін басыңыз.

    • Өзгерістерді растау және жиналыс жұмыс кеңістігі торабына қайтып оралу үшін OK түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Жиналыс жұмыс кеңістігі торабының параметрлерін өзгерту

Егер Сізде торап параметрлерін өзгертуге рұқсат бар болса, егер Сіз жиналыс ұйымдастырушысы болсаңыз, не болмаса егер Сіз торапқа ие ретінде енгізілген болсаңыз, Сіз жиналыс жұмыс кеңістігі торабының параметрлерін өзгерте аласыз. Мысалы, Сіз торап тақырыбын өзгерте немесе құжат кітапханасымен қолданылатын үлгілерді белгілей аласыз. Бұл үрдіс басқа тораптардың параметрлерін өзгертуге ұқсайды.

Торап әрекеттері мәзірінде «Торап әрекеттері» мәзірі Торап параметрлері түймешігін нұқыңыз.

Ескерту : Өзіндегі Торап әрекеттері мәзірі өзгертілген торапта Торап параметрлері түймешігін нұқып, одан кейін көргіңіз келетін параметрлерді нұқыңыз.

  1. Сізге керекті параметрлерді өзгерту немесе қарау.

  2. Өзгертілетін параметрлеріне қарай, жұмыс біткенде басылатыін OK, Қолдану немесе Дайын түймешіктерін көре аласыз.

  3. Жиналыс жұмыс кеңістігі торабына қайтып оралу үшін жоғарғы шарлау аумағында оның атауын нұқыңыз.

    Ескертулер : 

    • Егер жиналысты электрондық пошта бағдарламасынан белгілесеңіз, онда жиналыс жұмыс кеңістігі торабынан жиналыс күнін, уақытын немесе болатын жерін өзгерте алмайсыз. Сіз жиналысты жоспарлау үшін қолданған бағдарламасын пайдалануыңыз тиіс.

    • Әкімші өзгертуіңізге болатын параметрлерге қосымша шектеулер орнатқан болуы мүмкін. Толық ақпарат алу үшін әкімшімен хабарласыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Тізімдерді немесе кітапханалар элементтерін көптік немесе қайталанатын жиналыстарға ортақ ету

Бұл іс рәсімі жиналыс жұмыс кеңістігі торабындағы қатар болатын жиналыстарға қатынасты  — қайталанатын жиналыс немесе бір қайталанатын жиналыс қатарына енбейтін бірнеше байланысты жиналыстар.

Бір жиналыста немесе барлық жиналыстарда көрсетілетін тізімдерді салыстыру

1. Бұл жиналыс күні үшін өзіндік бет және қосымша бет көрсетіледі.

2. Бұл жиналыс күні үшін тек қана өзіндік бет көрсетіледі.

3. Тапсырмалар веб-бөлігі қос жиналыс күндеріне арналған өзіндік бетте шығады, алайда тізім немесе кітапханадағы элементтер әр күнге арнаулы болады.

Жиналыс жұмыс кеңістігі торабының бас бетіндегі тізімдер мен кітапханалар және де өзіндік бетке қосылатын жаңа тізімдер мен кітапханалар әр жиналыс үшін көрсетіледі.

Әдепкіде, тізімдер мен кітапханаларға қосылған элементтер тек сол элементтер қосылған жиналысты қарағанда ғана шығады. Егер элементтердің барлық жиналыс үшін шыққанын қаласаңыз, онда Сіз келесі іс рәсімін қолданып, элементтерді барлық жиналыстарға ортақ етуіңізге болады.

Торап әрекеттері мәзірінде «Торап әрекеттері» мәзірі Торап параметрлері түймешігін нұқыңыз.

Ескерту : Өзіндегі Торап әрекеттері мәзірі өзгертілген торапта Торап параметрлері түймешігін нұқып, одан кейін көргіңіз келетін параметрлерді нұқыңыз.

  1. Торап әкімшілігі бөлімінде Торап кітапханалары мен тізімдері дегенін басыңыз.

  2. Барлық жиналыстарға ортақ қылғыңыз келетін тізім немесе кітапханасына арналған «Тізімді немесе кітапхананы» теңшеу сілтемесін басыңыз.

  3. Жалпы параметрлер бөлімінде Қосымша параметрлер дегенін нұқыңыз.

  4. Тізім элементтерін барлық жиналыстарға ортақ ету (Қатарлы элементтер) пәрменің қасында Иә түймешігін басыңыз. Бұл параметрді көру үшін беттің төменгі жағына түсу қажет болуы мүмкін.

Ескерту : Мазмұнды ұйымдастыру үшін жиналыс жұмыс кеңістігі торабына беттер қоса аласыз. Бет қосқан кезде ол беттің барлық жиналыстарға немесе тек қана таңдалған жиналысқа шығуын таңдауыңыз керек. Беттің параметрлерін реттеу арқылы беттің келбетін өзгерте аласыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×