Жиналыс жұмыс кеңістігі торабын жасау

Жиналыс жұмыс кеңістігі бір немесе одан да көп жиналысқа байланысты барлық ақпаратты және құжаттарды жинайтын веб-торап болып табылады. Егер Сіздің жиналыс құжаттарыңыз  — мысалы күн тәртіптері, қатынасты құжаттар, мақсаттар және тапсырмалар — көбінесе шашыраңқы болса, онда Жиналыс жұмыс кеңістігі торабы Сізге оларды өз орнына жинақтауға көмек береді.

Бұл мақалада

Мен Жиналыс жұмыс кеңістігі торабын қалай қолдана аламын?

Мен жиналыс жұмыс кеңістігі торабын қайда жасай аламын?

Жиналыс жұмыс кеңістігі үлгісін таңдау

Оқиға жасаған кезде жиналыс жұмыс кеңістігі торабын жасау немесе оған сілтеме беру

Оқиға жасамай жиналыс жұмыс кеңістігі торабын жасау

Мен Жиналыс жұмыс кеңістігі торабын қалай қолдана аламын?

Үнемі жиналысы болып тұратын жылдарға созылған жоба басқарсаңыз да немесе кішкентай оқиға жоспарласаңыз да Жиналыс жұмыс кеңістігі торабы жиналысқа қатысушыларға жиналыс туралы ең соңғы ақпарат беретін жер болып табылады.

Жиналыс жұмыс кеңістігі

1. Жиналыс сипаттамасы

2. Бет қойындылары

3. Жиналыс жұмыс кеңістігі торабын теңшеуге арналған мәзір

4. Қатысушылар тізімі

5. Құжат кітапханасы

Жиналыс жұмыс кеңістігі торабын қолданудың бірнеше жолдары төменде берілген:

  • Жиналыс алдында күн тәртібін және талқыланатын құжаттарды жариялаңыз.

  • Жиналыс барысында тапсырмалар қосыңыз, шешімдерді жазыңыз және жиналысқа байланысты құжаттарды қарастырыңыз.

  • Жиналыстан кейін жиналыс хаттамасын жариялаңыз, қосымша ақпаратты қосыңыз және тапсырмалардың орындалуын қадағалаңыз.

Ескерту :  Жиналыс жұмыс кеңістігі торабында қатысушылар тізімге хабарландыру, құжаттар кітапханасы және талқылау тақырыптары сияқты элементтерді электрондық пошта арқылы жіберіп, қоса алмайды. Қатысушылар элементтерді Жиналыс жұмыс кеңістігі торабындағы тізімге тікелей қосуы тиіс.

Беттің жоғарғы жағы

Мен жиналыс жұмыс кеңістігі торабын қайда жасай аламын?

Жиналыс жұмыс кеңістігі торабын Windows SharePoint Services 3.0 бағдарламасындағы күнтізбеге оқиға енгізгенде жасай аласыз, немесе жаңа Жиналыс жұмыс кеңістігі торабын оқиға ашпай жасай аласыз.

Бағдарламаңызға қарай, жиналыс жұмыс кеңістігі торабын Microsoft Office Outlook 2007 сияқты Windows SharePoint Services бағдарламасымен сыйысымды электрондық пошта және күнтізбе бағдарламасы арқылы жасай аласыз. Толығырақ мағлұмат электрондық пошта және күнтізбе бағдарламасындағы анықтама бөлімінде берілген.

Ескертулер : 

  • Жиналыс жұмыс кеңістігі торабын жасау үшін Сізде оны жасауға рұқсат болуы керек. Толығырақ ақпаратты торап иесінен немесе әкімшіден ала аласыз.

  • Әкімшілер және торап иелерінде жиналыс жұмыс кеңістігі тораптарын ашуға керекті рұқсатнама деңгейі болады. Егер Сіз торап әкімшісі немесе иесі болсаңыз, және басқа торап мүшелерінің жиналыс жұмыс кеңістігі тораптарын жасағанын қаласаңыз, онда Сіз мүшелер кіретін топқа торап ашу рұқсатнамасын бере аласыз.

  • Егер Office Outlook 2007 сияқты Windows SharePoint Services бағдарламасымен сыйысымды электрондық пошта және күнтізбе бағдарламасы арқылы қайталанатын жиналыстар сериясын ұйымдастырсаңыз, Сіз ондай сериядан тек бір жиналыс сілтемесін жоя алмайсыз. Тек толық серия сілтемесін ғана жоя аласыз. Сілтемені жойған соң жиналыс жұмыс кеңістігі торабын басқа жиналыс сұрау сілтемесіне қоса алмайсыз. Алайда, бастапқы қайталатын жиналыс сұранысын басқа Жиналыс жұмыс кеңістігі торабына байланыстыра аласыз.

Беттің жоғарғы жағы

Жиналыс жұмыс кеңістігі үлгісін таңдау

Жиналыс жұмыс кеңістігі торабын жасаған кезде Сіз үлгіні таңдайсыз. Үлгі жиналыс жұмыс кеңістігі торабыңызға негізгі құрылыс пен келбет ұсынады.

Үлгі тек қана бастапқы нүкте  — торапты жасап болғаннан кейін элементтерді қоса не өшіре, тораптың келбетін өзгерте аласыз. Келесі үлгілер бар:

  • Негізгі жиналыс жұмыс кеңістігі    Бұл үлгі жиналысты жоспарлау, ұйымдастыру және қадағалау үшін жасақталған. Бұл үлгіде Мақсаттар, Қатысушылар, Күн тәртібі және Құжат кітапханасы бар.

  • Бос Жиналыс жұмыс кеңістігі    Бұл үлгі талаптарыңызға сай теңшеу үшін бос Жиналыс жұмыс кеңістігін жасайды.

  • Шешім жиналыс жұмыс кеңістігі    Бұл үлгі құжаттарды қарастыруға және жиналыс уақытындағы шешімдерді жазуға арналған. Бұл үлгіде Мақсаттар, Қатысушылар, Күн тәртібі, Құжат кітапханасы, Тапсырмалар және Шешімдер бар.

  • Әлеуметтік Жиналыс жұмыс кеңістігі    Бұл үлгі компания пикнигі немесе клуб сауық-тойы сияқты әлеуметтік оқиғаларды жоспарлауға көмектеседі. Сіз оған салмақты келбет бере аласыз, немесе көңіл қосып жарқын қыла аласыз. Бұл үлгіде Қатысушылар, Нұсқаулар, Сурет/Мекемі ені, Әкелінетін заттар, Талқылаулар және Фотосуреттер (Суреттер кітапханасы) бар.

  • Көп-бетті жиналыс жұмыс кеңістігі    Бұл үлгі көп-бетті жиналыстарды жоспарлау, ұйымдастыру және қадағалау туралы негізгі ақпарат береді. Онда Мақсаттар, Қатысушылар және Күн тәртібі бар. Сонымен қатар, онда талаптарыңызға сай теңшеу үшін екі бос бет беріледі.

Кеңес : Үлгілер жұмысты бастап бергенімен, Жиналыс жұмыс кеңістігін теңшеу арқылы ондағы параметрлерді қоса не өзгерте аласыз.

Беттің жоғарғы жағы

Оқиға жасаған кезде жиналыс жұмыс кеңістігі торабын жасау немесе оған сілтеме беру

Бұл іс рәсімі күнтізбеге оқиға қосқан кезде жиналыс жұмыс кеңістігі торабын жасауға мүмкіндік береді.

  1. Егер күнтізбе ашық болмаса, жедел іске қосу тақтасында оның атауын басыңыз.

    Егер күнтізбеңіздің атауы шықпаса, Барлық торап мазмұнын көру дегенін нұқып, содан кейін күнтізбе атауын нұқыңыз.

  2. Жаңа мәзірінде Жаңа мәзірі Жаңа тармақ түймешігін нұқыңыз.

  3. Орналасқан жері, басталу және біту күндері сияқты оқиға туралы ақпаратты толтырыңыз.

    Қайталатын оқиғаға байланысты жиналыс жұмыс кеңістігі торабын қолдану үшін мысалы аптаның бір күні өтіп тұратын оқиға, Қайталану дегеннің қасында тұрған Қайталанатын оқиға ету құсбелгі көзіне құсбелгі қойыңыз, содан кейін керекті параметрлерді таңдайсыз.

  4. Беттің соңында Жиналыс жұмыс кеңістігін қатысушыларды, күн тәртібін, құжаттарды, жиналыс хаттамаларын және оқиғаға байланысты басқа бөлшектерді ұйымдастыру үшін қолдану параметріне құсбелгі қойыңыз.

  5. OK түймешігін басыңыз.

  6. Жаңа немесе бар жиналыс жұмыс кеңістігі бетіндегі Жасау немесе байланыстыру бөлімінде келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Егер жиналыс жұмыс кеңістігі торабы Сізде жоқ болса:

      1. Жаңа жиналыс жұмыс кеңістігін жасау дегенін нұқыңыз және қажетті ақпаратты енгізіңіз. Осы ақпарат ішінде тораптың веб мекенжайының тақырыбы мен соңғы бөлігі бар болу керек.

      2. OK түймешігін басып, содан кейін шыққан Үлгі таңдау бетінде қажетті үлгіні таңдаңыз.

    • Егер байланыстырғыңыз келетін жиналыс жұмыс кеңістігі торабы Сізде бар болса, Бар жиналыс жұмыс кеңістігімен байланыстыру дегенін басып, содан кейін ашылатын тізімнен жиналыс жұмыс кеңістігі торабын таңдаңыз.

  7. OK түймешігін басыңыз.

Кеңес : Қажет болса Сіз жиналыс жұмыс кеңістігі торабын теңшей аласыз, немесе тізімдерге Күн тәртібі элементтері сияқты жиналыс туралы ақпарат қоса аласыз.

Беттің жоғарғы жағы

Оқиға жасамай жиналыс жұмыс кеңістігі торабын жасау

  1. Жиналыс жұмыс кеңістігі торабын қосқыңыз келетін веб-торапқа барыңыз.

    Тораптың толық мазмұнын көру түймешігін нұқып, одан кейін жалпы торап мазмұны бетіндегі Жасау түймешігін нұқыңыз.

    Кеңес : Көп жағдайда, сіз бұл адымды аяқтау үшін орнына Торап әрекеттері мәзірін «Торап әрекеттері» мәзірі пайдалана аласыз.

  2. Веб-беттер тізімінде Тораптар мен жұмыс кеңістіктері дегенін нұқыңыз.

  3. Атауы немесе веб-тораптың соңғы бөлігі сияқты ашқыңыз келетін жиналыс жұмыс кеңістігі торабы туралы ақпаратты енгізіңіз.

  4. Үлгі таңдау бөлімінде Үлгіні таңдау астында орналасқан Жиналыстар қойындысын нұқыңыз.

  5. Қолданғыңыз келетін жиналыс жұмыс кеңістігі үлгісін таңдаңыз.

  6. Жасау түймешігін басыңыз.

Кеңес : Қажет болғанда жиналыс жұмыс кеңістігі торабын теңшеуіңізге болады, немесе тізімдерге Күн тәртібі элементтері сияқты жиналыс туралы ақпарат қоса аласыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×